Рахат табиғаты — адами психикалық эволюциясы

Рахат өмір дегенді анықтап алудың бірінші өлшемі мынау: бұл — адамның табиғатпен үндесіп, жарасып тіршілік қылуы. Осы түйінді формальды түрде ғана алатын болсақ, сауал туады: адамның тіршілік жағдайларымен сәйкес, үндесе өмір сүруі деген не? Ол қандай жағдайлар? Адам тіршілігі біздің алдымызға сауалдар қояды. Адам осы дүниеге өз еркінен тыс келеді, дүниені еркінен тыс тастап кетеді. Адам инстинкт берілген, ортаға үйренуге арналған механизмдер «қондырылған», табиғатпен біртұтас, соның аясында өмір сүретін жануарлардай емес, керісінше, онда мұндай инстинкттік (түйсіктік) механизм жоқ. Ол өз өмірін сүруге тиіс, ол әзір өмірді сүре салмайды. Ол табиғат аясында жүр, бірақ ол табиғатты трансценденттіреді. Оның өз санасы бар, өзін айрықша тіршілік иесі деп түйсінуі оны төзгісіз жалғыздықты, иесіз қалғандықты, шарасыздықты сезінуге мәжбүрлетеді. Оның дүниеге келуінің өзі проблема туғызады. Ол туған сәтте өмір оған сауал қояды, ол соған жауап беруге, өмірінің әр сәтімен жауап беруге тиіс. Өзінің ақылымен, өзінің тәнімен емес — ол өзі ойлап және армандай білетін, ұйықтайтын және тамақ жейтін, жылайтын және күлетін бүтін адам ретінде жауап беруге тиіс. Оның алдына өмір қоятын сауал қандай? Мұны былай сомдауға болатын шығар: ерекше болмыс тәжірибесі туындатқан қасірет шегу, томаға ­ тұйықтық ұялу дегендерді қалай жеңуге болады? Өз­өзіңмен, басқа адамдармен, табиғатпен қалайша бірлік табуға болады? Адам қандай болса да бір жауап табуға тиіс, тіпті, ақылсыздықтың өзі де жауаптың бір түрі — шындықтан бас тарту, өзіңнің ерекше екеніңнің қасіретін бастан кешпес үшін жұмыртқа қабығындай құндақта өмір сүру жолымен жауап беру. Сауал қашан да біреу ғана, жауаптың әрқилы болуы мүмкін, бірақ олар өз нәті бойынша екіге бөлінеді. Оның бірі айрықшалық пен бірлікке келу мәселесін өз санасының оянуына, оның тууына дейінгі жағдайдан кері кету — регрессия арқылы шешу. Екінші жауап — толық туу, өз санасын, ақыл­ ойын, сүю қабілетін өз эгоцентризмінің шегінен шығуға дейін жаңа гармонияға (үйлесімге), дүниемен қайта бірігуге дейін дамыту. Туу дегенде біз, әдетте, бала боп біткеннен соң, шамамен тоғыз айдан соңғы физиологиялық туу актісін айтамыз. Мұндай туудың маңыздылығын асыра бағалауға болмайды. Бір апта өмір сүрген сәби ересек еркек немесе әйелден гөрі ана құрсағындағы тұқымға көбірек ұқсайды. Мұның ғажаптығы кіндіктің кесілгендігінде, сәбидің түңғыш қызметке — тыныс алуға кіріскендігінде ғана. Осы кезден бастап әуелгі байланыстарды қандай болса да үзу мүмкіндігі айқын қызмет ­ қимылдың көлеміне байланысты. Туу — дербес акті емес, процесс. Өмірдің мақсаты толық туу, ал адамның көпшілігі туып үлгермей өлетіні — трагедия.

Өмір сүру — минут сайын туу. Туу аяқталғанда өлім келеді. Физиологиялық тұрғыдан алғанда біздің клеткалық жүйеміз үнемі қайта туу процесінде болады, ал психологиялық жағынан біздің көпшілігіміз белгілі бір сәтте тууды тоқтатамыз. Кейбіреулер о баста өлі туғандар: олар физиологиялық жағынан тірі, ал жан дүниесімен олар құрсаққа, топыраққа, өлім түнегіне оралуға ұмтылады. Оларда ес жоқ немесе есі кіресілі­ шығасылы. Көптеген адамдар өмір жолымен әрі қарай жүреді. Алайда, олар кіндікті үзілді­ кесілді тастай алмайды, олар анасына, әкесіне, отбасына, нәсіліне, мемлекетіне, өз дәрежесіне, ақшасына, тәңірлеріне, т.б симбиотикалық тұрғыдан байлаулы. Олар ешуақытта өзімен өзі бола алмайды, сондықтан да ешуақытта толық туа алмайды. Тіршілік ету проблемасына регрессивті жауап беру талпынысы әртүрлі формада болуы мүмкін. Олардың бәріне ортақ нәрсе — шарасыздық пен азапқа жол шегу. Адам болмастан бұрынғы, пейіштегі табиғатпен етенеліктен бір рет ажыраған соң, ешуақытта кейін қайта алмайды — оның қайтар жолында қолына отты қанжар ұстаған екі періште түр. Мұңдай кері оралу өлгенде немесе ақылынан адасқанда ғана болуы мүмкін, тірі және ақыл­ес түзу тұрғанда бүл мүмкін емес. Осындай регрессивтік бірлікті жұрт әр деңгейден — патология мен иррационалдықтың деңгейлерінен іздеуі мүмкін. Адам ана құрсағына, жер ана құшағына, өлімге қайтып оралу құлшынысына ессіз берілуі мүмкін. Егер мұндай құлшыныс бет қаратпастай болса, оны тежер қарсы күш болмаса, мұның соңы өзін өзі өлтіру немесе есінен адасу болады. Бірлікті регрессивті түрде іздеудің қаупі азырағы және патологиялық формасы — ана төсіне немесе қолына, әке бұйрығына үйірсектік. Осындай үйірсектіктер мен мақсаттар арасындағы айырмашылық тұлғалар типтері арасындағы айырмашылыққа сәйкес келеді. Ана кеудесінен ұзай алмайтын адам — мәңгі емізулі бала, ол өзін сүйгенде, еркелеткенде, қорғағанда, өзіне жұрт таңғалғанда рахатқа батады, т.с.с., ал өзін аялаған шешесінен айырылу қаупі төнгенде оның бойын кісі төзгісіз үрей мен қорқыныш билеп алады. Әке бұйрығына бас ұратын адам да едәуір бастамашыл, жігерлі болуы мүмкін, бірақ ол үшін бір нәрсенің болуы шарт: өзіне бұйрық беретін беделді біреу, баға беретін және жазалайтын билік керек оған. Регрессивтік бағыттың өзге бір формасы — айрықшалықтың сынағынан өту үшін барлығын күйретіп, қирату құлшынысына түсетін деструктивтілік — бұзуға құмарлық. Мұның айналадағының бәрін жалмау, өзіне сіңіру, әлем мен оның әр бөлшегіне тамақ деп қарау түрінде бой көрсетуі мүмкін. Немесе бұл өзінің қара басынан өзгенің бәрін құртуға ұмтылу. Айрықша болып жаратылу азабынан құтылудың тағы бір формасы бар: ол — оз Эпосын әбден шыныққан, өмірі күйремейтін «зат» ретінде көкке көтеру. Бүл жерде адам өзін өзінің меншігі, күші, абыройы, интеллекттісі деп сезінеді.

Читайте также:  Дубайдағы төтенше жағдайды анықтау үшін үш ай уақыт кетеді

Регрессивтік бірліктен шығу нарциссизмнен біртіндеп құтылумен қатар жүреді. Жаңа туған сәбиде сезініп ­ түйсіну мағынасындағы сыртқы шындықты қабылдау туралы ой да жоқ; ол әлі ана емшегімен бірге, ол субъект ­ объект деп бөле білу алдындағы жағдайда. Белгілі бір уақыт өткен соң, дифференциациялауға деген қабілет кезкелген сәбиде дами бастайды, бірақ ол мейлінше айқын, «Мен» «Мен емес»­ тің айырмасын аңғару тұрғысында болады. Алайда, аффективтілік мағынасында толық ержету (есею) бәрін білемін, бәрінен құдіреттімін деп келетін нарцистік позициядан құтылуды талап етеді. Осы нарцистік ұстаным балалар мен жүйкесі жұқа (невротик) адамдарда айқын байқалады, айырмашылығы сол — балалар оны саналы түрде, ал соңғылар санасынан тыс істейді. Бала шынайы өмірді сол күйінде емес, өзі қалаған кейпінде қабылдайды. Ол арманмен өмір сүреді, оның көзімен қарағандағы өмір сол арманға сәйкес болады. Егер қалағаны болмаса, ол ызаланады, бұл — оның дүниені оз қалауына сай етіп күштеп (әкесі мен шешесінің арқасында) өзгерткісі келетінінің көрінісі. Бала қалыпты дамыған жағдайда осы ұстаным одан гөрі есті нәрсеге айналады: ол шынайылықты сезініп, оның заңдарын, сол арқылы қажеттілікті қабыл алады. Жүйкесі жұқа (невротик) тұлғаға келсек, ол шынайылықты нарцисстік тұрғыдан түсінуін сақтайды да, ақылға келе қоймайды. Невротик шынайы өмірді өз идеясының аясына қуып тыққысы келеді, ал соның болмайтынын түсінген кезде ол шындыққа зорлық жасап, оны өз көңілінің қалауына ыңғайлағысы келеді (яғни, мүмкін еместі істегісі келеді) немесе шарасыздық күйіне түседі, себебі мүмкін еместі жүзеге асыруға жол жоқ. Мұндай тұлғада болатын еркіндік ұғымы, оның өзі ұқса да, ұқпаса да, нарцистік құдіреттілік ұғымы ғана, ал дамыған тұлғаның еркіндігі дегеніміз оның шынайы өмір (реальность) мен оның заңдарын мойындауы, соларға сәйкес, қажеттілікке орай қызмет ету, өз ақылы мен сезімінің күшімен дүниені игеріп, өзін дүниемен пайдалы деңгейде сәйкес ұстау. Әртүрлі мақсаттар мен оларға жету жолдары әу баста ойлаудың әртүрлі жүйесі болып қалыптаспайды. Бұл тіршілік етудің әртүрлі тәсілдері, бүтін адамның өмірдің өзі қойған сауалдарға берер әрқилы жауаптары. Мұндай жауаптарды біз әртүрлі діни жүйелерден таба аламыз. Алғашқы дәуірлік каннибализмнен дзен­буддизмге дейінгі діндер тарихында адам баласы тіршілік ету туралы сауалға бар болғаны бірнеше жауап қана ұсынды, және де әр адам, сонысын өзі де түсінбегенімен өз өмірі арқылы сондай жауаптардың бірін өсіреді. Біздің батыс мәдениетінде әркім жауапты христиандық, иудейлік дін рухында, болмаса, сауатты атеист ретінде беріп жүрмін деп ойлайды. Мұны ізденімпаздықпен тіршілік кешу өзіңе, өзге адамдарға, бар нәрсенің бәріне назар тігу, мұнда жауапты толық адам береді — барлығының және бәрінің, олардың өз мәні өзі екенінің шындығын ашады. Осы нағыз жауап беру актісінде дүниені сол қалпында көрудің, оның менің әлемім ретіндегі көру тәжірибесінің, яғни менің шығармашыл ұстампаздығыммен жаралған және қайта құлпырған әлем деп танудың шығармашылық белгісі бар. Ол «әлдебір жердегі» жат әлем болудан қалып, менің әлеміме айналады. Қыс аяғында, рахат кешу дегеніміз өзіңнің дербес Экоңның шекарасынан шығу, құнығудан бас тартып, Эконы күзету мен асқақтату ниетін тыю. Өзіңнің өзің екеніңді иемдену, сақтау, қорғау, пайдалануда емес, болу актісінде сынау керек.

Мен жоғарыда индивидтің дамуы мен діндер тарихы арасындағы параллельдерді көрсетуге тырыстым. Бұл еңбекте психоанализдің дзен­буддизмге қатыстылығы туралы айтылып отырғандықтан, кем дегенде, діни дамудың кейбір психологиялық аспектілерін қарастыру керек. Мен адам өзінің тіршілік етіп отырғандығының фактісінің өзімен­ақ сауал қоятынын, оның ішкі қарама­қайшылықтар қойып отырған сауал екенін айттым. Адам табиғат аясында болады және сол табиғатты өзін өзі сезіну арқылы трансценденттендіреді. «Діндар» деп қойылған сауалға ден қойып, оған жауап беруді «мейлінше жауапты іс» деп санайтын, онда да тек қана ойларымен емес, күллі тіршілігімен жауап беруге тиіс кезкелген адамды айтуға болады. Дәл осындай жауапты беруге ұмтылатын, үйрететін, өзгелерге жеткізуге тырысатын жүйелердің бәрі » діндер» болып табылады. Екінші жағынан, экзистенциалды сауалдарды естімейтін кезкелген адам мен кезкелген мәдениет (иррелигиозды) дінсіз, діннен тыс. Экзистенциалды кереңдіктің бізден — жиырмасыншы ғасыр адамдарынан артық мысалы жоқ. Біз меншіктің, беделдің, өндірістің, көңіл көтерудің қамын ойлап жүріп, осы сауалды айналып өтуге, тіпті өзіміздің (Меннің) тірі екенімізді ұмытуға тырысамыз. Егер толық бүтін адам тіршілік кешу сауалына кереңдік танытса, оның бұған жауабы болмаса, оның Құдай туралы қаншалықты жиі ойлайтынында немесе шіркеуге баратынында, діни идеяларға қалай сенетіндігін де тұрған маңыз ­ мағына жоқ. Онда ол өзіне бөлінген уақытты өткереді де, өзі шығаратын миллиондаған заттарға ұқсап өмір сүріп, солар сияқты өледі. Ол Құдай берген болуды сынақтан өткізу орнына, Құдай туралы ойлайды. Діндерден экзистенциалды сауалға әлдебір жауап іздеуге талпынудан өзге, олардың бәріне тән, ортақ бірдеңе іздеудің қажеті жоқ. Сөз діннің мазмұны туралы болғанда ондай бірліктің ізін де аңғара алмайсыз. Керісінше, біз индивид туралы толғанғанда айтып өткен бір­біріне қарсы екі жауап бар. Бір жауап — адам болғанға дейінгі күйге, сана астарына негізделген тіршілікке қайтып оралу, ақыл­естен құтылып, жануарға айналу, сол арқылы табиғатпен бірігіп кету. Бұл ұмтылыстың көріністері әрқилы. Оның бір полюсінен біз германдық, өздерін аюға балайтын «берсерктер» (сөзбе­сөз: «аюдың көйлектері») құпия қоғамында болатын құбылыстарды аңғарамыз, онда бозбала «өте ызалы және қорқынышты ашу шақыру арқылы жыртқыш аңға айналып, өзінің адамдығын өзгертуге тиіс» болған. Адам болғанға дейінгі табиғатпен бірлік алғашқы қауымдық құрылыс қауымдарымен шектеліп қалмайтынын «аю көйлектілер» мен Гитлердің «сүр көйлектілері» арасынан параллель жүргізу арқылы аңғаруға болады. Ұлтшыл ­ социалистік партияны қолдаушылардың елеулі бөлігі зайырлы, мансапшыл, аяушылықты білмейтін және (билікке ұмтылған саясатшысымақтар, юнкерлер, генералдар, кәсіпкерлер мен бюрократтар болғанымен, оның ядросы Гитлер, Гиммлер, Геббельс үшеуінің триумвираты (үштігі) 1 ді, ал олардың болмыс­бітімін «киелі» ашу­ыза мен күйретуге сеніп, аз уақытқа болса да өз дінін көрсететін алғашқы қауымдық «аю көйлектілерден» аумайтын. Осы бір жиырмасыншы ғасырдың «аю көйлектілері» еврейлерде делінетін «ғұрыптық кісі өлтіру» туралы қайта тірілтіп, сол арқылы өздерінің өте тереңде жатқан арман ­ мақсатын ғұрыптық кісі өлтірулерді соларға айтады. Олар ғұрып рәсім ретінде әуелі еврейлерді, өзге халықтарды, содан соң немістердің өздерін өлтірді, өз әйелдері мен балаларын, жаппай қирату ғұрпының өздерін өлтірді. Адам болғанға дейінгі табиғатпен кірігіп кетуге бағытталған, аса архаикалық емес дін формаларының өзге түрлері де көп.

Читайте также:  Қалдан батыр

Олар өздерін тотемдік жануарларға балайтын тайпалардың кельттерінде, ағаштарға, көлдерге, үңгірлерге, т.б. табынатын діни жүйелерде, сананы өшіріп, ақыл мен ар­ұяттан арылуға бағытталған оргияшыл кельттерде бой көрсетіп қалады. Бұл діндердің барлығында адамның табиғаттың адам болғанға дейінгі бөлшегіне айналуға көмектесетіннің бәрі қасиетті саналады. Осы жолмен мақсатқа қарай жақындаған, өзгелерден озған адам «киелі» деп есептеледі (мысалы: шамандар). Діннің басқа полюсінде экзистенциалды сауалдың жауабы — адамға кейінгінің ішінен толық туу, адамға тән қабілеттер — ақыл­ес пен махаббатты дамыту деп саналатын барлық ілімдер түр. Бұл — адам мен табиғаттың, адам мен адамның арасынан жаңа гармония, үйлесім ­ жарастық іздеу. Осындай ізденіс ­ талпыныстарды салыстырмалы түрде ергежейлі қауымдардың индивидтерінен де аңғаруға болғанымен, күллі адамзат үшін ұлы енші болу Христ туғанға дейінгі, шамамен, 2000 жылдан біздің дәуіріміздің басына дейін жетіп жатыр. Қиыр Шығыстағы даосизм мен буддизм, Эхнатонның Египеттегі діни революциясы, Персиядағы Заратуштра діні, Палестинадағы Моисей діні9 адамзат жасаған бұрылыстардан хабардар етеді. Осы діндердің барлығындағы бірлікті іздеу — индивидке дейінгі санадан бұрынғы жұмақ гармониясына оралу арқылы табиғатпен регрессивті түрде біте қайнасып кету емес. Бүл жаңа дәрежедегі, адам өзінің айрықша жаралғанын сынап, өзін өзінен және әлемнен алшақтатудан өтіп, сол арқылы толық тұлғаға айналғаннан кейін ғана жетуге болатын бірігу. Жаңа бірігу — адамды оның шынайы дүниені тікелей, интуитивті түрде қабылдауынан бөліп тастамайтын адам ақыл­есінің толыққанды дамуының алғышарты. Осы жаңа мақсаттың артта емес, алда жатқан символдары коп: Дао, Нирвана, Нұрға бөлену, Рахат, Құдай. Бүл символдардың айырмашылықтары осы символдар пайда болған сәттегі олар пайда болған елдердегі әлеуметтік және мәдени айырмашылықтардан туындаған. Батыс дәстүрінде мұндай «мақсат» үшін жоғарғы билеушінің, тайпаның ұлы көсемінің бейнесінің символы таңдалып алынған. Ең алдымен, сананың ісі мен санадан тыс терминдері бірнеше түрлі мағынада қолданылатынын есепке алу керек. Солардың бірінде «саналы түрде» мен «санадан тыс» индивидтің ішіндегі субъективтік ахуалға қатысты, функционалдық мағынада айтылады. Ол осы немесе өзге психикалық мазмұнды сезінеді дегенде, біз оның өз аффектілерінде, қалауларында, пікірлерінде, т.б. өзіне өзі есеп беретінін айтамыз. Сол мағынадағы санадан тыс нәрсе — Тұлға өзінің ішкі тәжірибесі туралы өзіне өзі есеп бермейтін жағдайлар қатарына жатады. Егер тұлға кез келген тәжірибе туралы оның ішінде сенсорлық тәжірибе де бар, өзіне мүлде есеп бермейтін болса, ол санасы жоқ болған болар еді. Қандай да болмасын, әлдебір аффектілерді, т.б. санасымен түйсінетін тұлға саналы, бірақ, бұл әңгіме әзірге аффектілер жайлы болып отырған кезде ғана. Әлдебір аффектілердің санадан тыстығы олардың сезінуге болмайтындығының көрінісі. «Санадан тыс» деген ұғым әлдебір импульстердің, қорқыныштың, т.с.с. жоқтығына емес, сол әсерленулер туралы есеп берудің жоқтығына ғана қатысты екенін ескерген жон. «Саналы» және «санадан тыс» терминдерінің функционалдық мағынасынан мүлде өзге, мазмұнның тоникасы мен локализациялануына қатысты түрі де бар. Мұндағы «сана» дегеніміз тұлғаның өзіндік мәнісі бар бөлшегі, ал «санадан тыс» ұғымы өзгеше бір мазмұны бар басқа бөлшегін білдіреді. Фрейд үшін санадан тыс дегеніміз, мәтінде, иррационалдықтың тұрағы.

Читайте также:  Беремжанов Газымбек биография

Юнгте бәрі керісінше: санадан тыста даналықтың терең бастаулары жатыр да, ал сана тұлғаның интеллектуалдық бөлшегі болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда санадан тыс ұғым жоғарғы жақта қоятын орын табылмаған нәрсенің бәрі жинала беретін үй астындағы жертөле сияқты. Фрейдте бұл жертөле негізінен адамның барлық кемшіліктері сақталатын жер де, Юнга бойынша, мұнда көбіне адамның даналығы жатады. Г.С.Салливан атап көрсеткендей, «санадан тысты» әлдебір орын мағынасында пайдалану психикалық фактілердің қанағаттанғысыз және мазмұнға кедей бейнесі болып табылады. Менің бұған қосарым — осындай, функциональды деуден гөрі, субстанциялық деуге болатын нәрсені таңдап алу осы заманғы батыс мәдениетіндегі жалпы тенденцияға лайық: күллі нәрсені, барлығын болудың емес, иемденудің заттанған терминдері мағынасында қабылдау. Көптеген кісілердің «санадан тыс» дегеннің орнына «сана астарындағы» деген сөзді қолдануы тегін емес. Мұның себебі анық: «сана астарындағы» сөзі локализацияға жақсырақ сәйкес келеді. Мен бірдеңеге қатысты «мен санасызбын» деп айта аламын, бірақ осы себеппен «сана астарындамын» деп айта алмас едім. «Сана» кейде өзіңді шатастыруға әкеп соғатын тағы бір мағынада қолданады. Сана интелектуалдық рефлексия дегенмен бірдей, ал санадан тыс ұғымы рефлективтік емес тәжірибе ретінде қарастырылады. Әрине, егер әдепкі екі мағынасынан айырмашылығы айқын көзге ұрып тұрса, «сана» және «санадан тыс» терминдерін бастапқы мағынада қолдануға еш қарсылық жоқ. Әйтсе де, бұл бізге аса сәтті нәрсе болып көрінбейді: интеллектуалдық рефлексия, әрине, саналы нәрсе, ал сезінуге болатынның бәрі бірдей интеллектінің рефлексиясы бола бермейді. Мәселен: мынаған қарап отырып мен ол туралы өзіме есеп беремін және оған қалай қарайтынымды да сезінемін; бірақ тек оны өзімнен субъект ­ объектілік тұрғыдан бөліп алған жағдайда ғана оны сезіну интеллектуалдық рефлексияға пара ­ пар. Бұл менің тыныс алу туралы түйсінуім мен менің тыныс алу туралы ойлауымның екеуін салыстырғандағы айырмашылық сияқты нәрсе. Іс жүзінде мен өзімнің тыныс алуым туралы ойлай бастасам болды, мен ол туралы өзіме ем бермеймін. Менің дүние ­ әлемге қатысты барлық ойларым ( іс­қимыл, ой ­түйсік) туралы да осыны айтуға болады. Ол жайлы бірер сөз кейінірек. Санадан тыс пен саналыны тұлғаның «бөлшегі» немесе физикалық мазмұны ретінде емес, өзіңе есеп беру немесе бермеу күйі ретінде қарастыру туралы айтқаннан соң, тәжірибе туралы өзіңе есеп беруге не кедергі болатыны туралы мәселені де қарастыруға тиіспіз. Өзгеше айтсақ, оның неге саналыға айналмайтындығы туралы мәселені зерделеу керек. Алайда, бұл сауалдан бұрын өзге бір сауалға жауап іздеу керек. Психоаналитикалық контексте саналы ұғымы санадан тыс ұғымынан гөрі басым құндылықтарға толы деген жорамал бар. Сана ауқымын кеңейтуге ұмтылу бізге неге керек? Сана, дербес алғанда, айрықша құндылыққа ие емес. Адам санасындағының басым бөлігі — фикция, алдамшы, сандырақ. Бұл негізінен адамдардың ақиқатты көруге қабілетсіздігінен емес, олардың әлеуметтік функцияларына байланысты нәрсе. Адамзат тарихының басым бөлігі (кейбір алғашқы қауымдық коғамдарды есепке алмағанда) болмашы ғана азшылықтың өз ағайындарының көпшілігін басқарып, пайдалануымен өтті. Бүл үшін әлгі азшылық күш қолданды, бірақ, тек күш қолдану жеткіліксіз еді. Көпшілік (қалың тобыр) өзін пайдалануға өз еркімен көнуге тиіс еді, ал бүл сол көптің санасы азшылықтың билік жүргізуін ақтап аларлық және соның дұрыстығын түсіндіріп берерлік әрқилы өтірікке, алдау­арбауға, фикцияға толы болса ғана жүзеге асатын нәрсе еді. Бірақ бүл адамдар санасының өздері туралы, өзге адамдар, қоғам туралы түйсінуінің жалған (фикция) болуының жалғыз ғана себебі емес. Өзінің тарихи даму жолында әрбір қоғам, өзін аман сақтап қалуға ұмтыла отырып, өзі қалыптастырған пішінге енеді, сол себепті де, өзін сақтап қалу барлық адамдарға ортақ, мейлінше ауқымдырақ мақсаттарды назардан тыс қалдыру, ұмыту арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтік және әмбебап мұраттар арасындағы осындай қарама­қайшылық та (барлық әлеуметтік шкала бойынша) әртүрлі фикциялар мен иллюзияларды (алдамшы елестерді) тудырады, ал олардың мақсаты — жалпы адамдық мақсаттар мен аталмыш қоғамның мақсаттары арасындағы дихотомияны терістеу мен рационалдандыру. Сондықтан да біз сана мазмұнының басым бөлігі жалған көріністер мен галлюцинациялардан тұрады дей аламыз, ал шынайылық ақиқат санада жоқ. Сананың өзі аса бір қалаулы нәрсе емес. Тек жасырулы шындық (яғни, санадан тыс нәрсе) ашылып, жасырын күйден арылғанда (яғни, санаға айналғанда) ғана құндылығы бар бірдеңе пайда болады. Біз бүл мәселеге әлі де ораламыз. Ал қазір біздің санамыздың басым бөлігі «жалған сана» екенін, және де, оны алдамшы меню шынайы емес ұғымдармен толтыратын басты нәрсе — оғаш екендігін атап айтқым келеді.

Оставить комментарий