Загрузка…

«ҰРАНЫМ, АЛАШ!..» ЖӘНЕ «АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ» ХАҚЫНДА

«Ұраным – Алаш!..» – ғалым Тұрсын Жұртбайдың ұлт болашағы үшін бастарын бәйгіге тіккен алаш зиялыларының және олардың өз идеяларының негізінде дүниеге келген «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің үстінен ресми билік басындағы өктем саяси жүйенің 1927-1932 және 1937-1938 жылдары жүргізген тергеу ісі құжаттары негізінде жазылған көлемді (үш томдық) зерттеу еңбегі. «Тұлғасыз ұлт – тұлдыр ұлт. … Туған ұлтының, дүниедегi орыны үшiн күресе бiлетiн, ақыл-санасының, iшкi қайратының мүмкiндiгiн барынша көрсететiн, сыртқы және iшкi ықпалға көнбейтiн, тәуелсiз ой қорытып, шешiм қабылдайтын қайраткерлердің тәрбиеленіп шығуы заңды әрi тарихи қажеттiлiк» — деп жазады алаш идеясының мәйегінен бала жасынан нәр алған ғалым Тұрсын Жұртбай аталған еңбекте. Тұрсын Құдакелдіұлы қазақ тарихының ақтаңдақ беттеріне айналған алаш тақырыбына қатысты кейбір деректермен мектеп қабырғасында жүргенде-ақ таныса бастаған. Әр жылдары білім алған ұстаздары Жәңгір Исайынова, Сағынтай Керімқұлов, Рымғали Нұрғалиев, Мұхтар Мағауин, Қайыржан Бекхожин шәкіртінің өмірлік ұстанымының қалыптасуына ықпал етті. Ұлттық кітапхананың қолжазбалар мен сирек кітаптар қорындағы «Айқап», «Қазақ», «Сарыарқа», «Алаш», «Ақ жол», «Қазақ тілі», «Сана», «Әйел теңдігі» және басқа да мерзімді басылымдармен танысып тарихтың тылсымына үңілуге бағыт-бағдар берді. Рымғали Нұрғалиев Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ», Жүсіпбек Аймауытовтың «Жан жүйесі», Мағжан Жұмабаевтың «Өлеңдері» сияқты еңбектерімен танысуына мүмкіндік жасады. Кеңестік тоталитарлық жүйенің сеңі сөгілген ХХ ғасырдың сексенінші жылдарының екінші жартысынан Алаш қайраткерлерін ақтау мәселесі көтерілгенде Жазушылар одағының жанынан Құқық комиссиясы құрылып, жазушы Тұрсын Жұртбаев төрағалыққа бекітілді. Сөйтіп, алаш арыстарын ақтау ісіне бел шеше кірісті. Профессор Тұрсын Құдакелдіұлы бұл жайлы «1988 жылы көкек айында «Алашорданың» 14 мүшесінің азаматтығы ақталып, О.Сүлейменовтің атынан Г.В.Колбинге Қ.Кенжебаев дайындаған бір жарым беттік хат жолданды. Сол кезде Өзбекәлі Жәнібеков хатшы болып келе қалды да, 4 қарашада бас прокурордың ресми қарсылығы жасалып, академик Ж.Әбділдин бастатқан үкімет комиссиясы құрылып, іс қайырымен аяқталды» — деп еске алады. Құқықтық комиссияның төрағасы, «Жұлдыз» журналының сын бөлімінің меңгерушісі, жазушы Т.Жұртбайдың Жоғарғы соттың мүшесі К.Кенжебаевқа берген әдеби сараптамалық қорытындысы бойынша «Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. Астана.11-12 қараша, 2011 жыл «Алашорда» қайраткерлерінің шығармалары мен ғылыми еңбектерінде кеңес өкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізілмегені расталды. Соның нәтижесінде Қазақ КСР-нің Қылмыстық және праволық Кодексінiң 375-бабын басшылыққа ала отырып Жоғарғы сот: «Шешiм: СССР Халық Комиссарлар Советiнiң жанындағы ОГПУ-дің (Біріккен Мемлекеттік Саяси басқарманың — Т.Ж.) ІҮ коллегиясының 1930 жылғы 4 сәуірдегі және 1931 жылғы 13 қаңтардағы Байтұрсынов Ахмет, Дулатов Міржақып, Аймауытов Жүсiпбек, Есполов Мирза-Ғазы, Ғаббасов Халел, Әдiлев Дiнмұхамед, Бiрiмжанов Ғазымбек, Юсупов Ахмед-Сафа, Жұмабаев Мағжан, Омаров Елдес, Битiлеуов Дамолла, Болғанбаев Хайретдин, Байтасов Абдолла, Жәленов Кәрiм т.б жөнiндегi қаулысының күшi жойылсын, олардың iс-қимылдарынан қылмыстық әрекеттер табылмағандықтан да тергеу барысы тоқтатылсын. Қазақ ССР прокурорының наразылығы қанағаттандырылсын. Қазақ ССР-нiң Жоғарғы соты — Т.К. Аймұхамбетов. Коллегия мүшелерi — Е.Л. Грабарник, Қ.Т.Кенжебаев», — деген шешім шығарды. Ғалым-жазушы 1988-1991 және 1997 жылдары Мемлекеттік қауіпсіздік (қазіргі Ұлттық қауіпсіздік) комитетінің мұрағатындағы жүзден астам «мемлекеттік аса құпия құжаттармен», тергеудің сұрақ-жауаптарымен, «айыпкерлердің» көрсетінділерімен, айыптау қорытындыларымен танысып шығуға мүмкіндік алды. Алаш қозғалысына қатысты тарихи деректерді он бес жылдан астам уақыт шұқшия зерттеу нәтижесінде бұрын ғылыми ортаға белгісіз болып келген «үштіктің» сотындағы айыптаулардың жалғандығын әшкерелейтін тың деректерді, сондай-ақ, тұтқынға алынғандарды тінту кезінде тәргіленген хаттар мен құжаттарды ғылыми айналымға түсірді. «Ұраным, Алаш!…» атты көлемді зерттеуге арқау болған контрреволюциялық-террорлық, басмашылық ұйымның (жетекшісі Дінмұхамед Әділев); Кеңес өкіметіне қарсы құрылған Орынбордағы астыртын ұйымның (жетекшісі Ахмет Байтұрсынов); шетел интервенциясының күшіне сүйенген Ташкенттегі контрреволюциялық ұйымның (жетекшісі Мұхамеджан Тынышбаев пен Х.Досмұхамедов) «қылмысты істеріне» қатысты тарихи деректер Қауіпсіздік комитетінің архивінен алынған. Зерттеуші кітабында мұрағат деректерімен ғана шектелмей сол жылдардағы мерзімді баспасөзді де, жауапты мемлекеттік қызметтер атқарған адамдардың жарияланған мақалалары мен сөйлеген сөздерін де салыстыра пайдаланады. Деректерді өзара байланыстыра отырып, өктем саяси жүйенің қылмыстарын батыл әшкерелейді. Қазақстанды уысында ұстауды мақсат еткен Ф.Голощекиннің тергеу үрдісін бақылап отырғанын, одан алынған мәліметтерді тергеу қорытындысы шықпай тұрып-ақ баяндамаларына пайдаланғанын нақпа-нақ, шынайы деректермен дәлелдеп береді. Тергеу жауаптарының мазмұны, тұтқындалған адамдардың еркіндікте жүрген кезіндегі өзара қарым-қатынасы, деңгей-дәрежесі, идеясы, мақсаты, күрес жолы, сенімі мен пайымдары да шынайы талданады. Гүлнар Міржақыпқызы Дулатова, Шолпан Ахметқызы Байтұрсынова, Бектұр Жүсіпбекұлы Аймауытов, Муза «Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. Астана.11-12 қараша, 2011 жыл (Мәруа, Мағырипа) Жүсіпбекқызы Аймауытова, Қарашаш Халелқызы Досмұхамедова сияқты асылдың сынығы зиялылар ұрпақтарының естеліктері, алаш ардагерлерінің тағдырына қатысты бұрын-соңды белгісіз боп келген мол деректер салыстырыла талданып тың пайымдаулар ұсынады. Автор «әр түрлi жағдайда хатқа түсiрiлген жауаптардың арасынан ақиқатты аршып алу өте қиынға түсті» — деп жазады «Ұраным, Алаш!..» зерттеуінің беташар томында. Сондықтан да еңбекте тек желiсi анық, басы ашық деректердi ғана назарға алғанын оқырманға ескертіп өтеді. Зерттеуде барлығы 14 томнан тұратын, әрқайсысы бір-бірімен сабақтас 3 тергеу ісінің сұрақ-жауап құжаттары сот хаттамасындағы тіркелген реті бойынша берілген. Сол арқылы тергеу ісі қашан және қалай басталды, кімге қандай айып тағылып, қай күні ұсталды, сұрақ-жауаптар қалай жүргізілді және 72 адамның (бір адам қашып кетіп, мерт болған) айыбы бір-бірімен қалай байланыстырылды, тергеу барысында кім өзін-өзі қалай ұстады немесе алдыңғы жауаптарына қарама- қайшы қандай көрсетінді жасады, қандай арандатулар мен қысым жүргізілді, жалған үкім қалай шығарылды — деген сияқты көптеген ашық та астарлы сұрақтарға жауап бере отырып, жазалау саясатына негізделген кеңестік тергеу жүйесінің ішкі құрылымын ашып берген. Тарихи және құжаттық талдаулар зерттеудің «Жегі» атты жеке бөліміне топтастырылған. Онда тергеу барысында бәріне ортақ берілген басты бір сұрақ тақырып етіп алынған да, соған орай жинақталған тарихи құжаттар мен хаттамалар, көрсетінділер мен көшірмелер, іске қатысты мерзімді басылымдардағы жарияланымдарға мәселенің саяси астарын түсіндіретін сипаттамалар берілді. Тергеу барысында берілген жауаптар «Қайрақ» атты екінші бөлімде саяси күрес және жер мәселесі — Әлихан Бөкейханов, «Алашорда» мен Кеңес өкіметінің арасындағы тарихи оқиғалар — Ахмет Байтұрсынов, тәркілеу мен «Алаш жасағы» — Халел Ғаббасов, «1921-1922 жылдары Ташкентте құрылған астыртын контрреволюциялық ұйым» туралы іс — Дінше Әділев, 1917-1919 жылдар арасындағы «Алаш» әскері туралы мағлұматтар — Міржақып Дулатов, 1921-1922 жылдардағы ашаршылық жайы — Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Орта Азиядағы астыртын ұйым мәселелері мен Батыс және Шығыс «Алашорда» әскери кеңесінің оқиғалары — Халел Досмұхамедов пен Мұхамеджан Тынышбаев, әдебиет пен мәдениет саласындағы айыптаулар — Мағжан Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов сынды жеке тұлғалардың тергеу ісіне үйлестіріле өрбиді. Тараудың басында тергеу барысынан жалпылама мағлұмат, айыптау актісі, айыпкердің алғашқы жауабы толық берілсе, содан кейін айыпкерлерді тергеу кезіндегі оған қарсы жазылған көрсетінділер, тыңшылардың мәліметтері жарыстырыла ұсынылды. Ол айғақтар мен көрсетінділер Қазақстанның ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы тарихын шынайы деректер негізінде зерттеген мұрағаттанушылардың, зерттеушілердің жарияланымдарымен, деректерімен салыстырыла отырып талданады. «Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. Астана.11-12 қараша, 2011 жыл Коммунистік партияның қатарына өтіп, ұлтқа қызмет етудің басқа жолын таңдаған зиялылар туралы ойын тарихи деректерге сүйене отырып «Сұлтанбек Қожанов, Тұрар Рысқұлов, Смағұл Садуақасов сынды коммунистік партияның қатарында болған қазақ зиялылары туралы «олардың араларына И.Сталиннің өзі сына қақты, Ф.Голощекин өзінің республикадағы беделін нығайту үшін осы үш азаматты бір-біріне қарсы қойған сияқты. … Саяси сахнаға О.Исаев, Ұ.Құлымбетов, І.Қабылов, Е.Ерназаров сияқты қолжаулықтар шықты» — деп түйіндеген. Ғалым қазақ қайраткерлерiнiң 1905-1920 жылдардағы мемлекеттiк және қоғамдық-саяси өмірдегі қызметін жалпы қоғамдық ой мен ұлттық сананың даму тарихы тұрғысынан алғанда ұлт-азаттық қозғалыстың, «тәуелсiз мемлекет құруға ұмтылған ұлттық күрестiң алғашқы сатысы едi» деген баға береді. ХХ ғасырдың басындағы ұлт зиялыларының арпалысы сонау патшалық кезеңнен мемлекеттік тәуелсіздік үшін күрескен ұлт азаттық күрестің заңды жалғасы екені анық. Большевиктер партиясының қатарына өтіп, ұлтқа қызмет етудің басқа жолын таңдаған зиялылар туралы: «…1919-1929 жылдар арасында өзiнiң дербес ұлттық-саяси ойлау жүйесi толық қалыптасқан қазақ ұлт зиялыларының екінші толқыны ұлт тізгінін қолына алды. Олар қандайда бір қоғамдық құрылымда болмасын, ұлттық тәуелсiздiк жолындағы қозғалыстың қашан түпкі мақсатқа жеткенінше толас таппайтынын аңғартты. Сол екiншi тегеуiрiндi толқынның қайраткерлiгiнiң нәтижесінде қазақтың қоғамдық-әлеуметтiк ойлау жүйесi өркениеттің даму сатысының жаңа деңгейіне көтерiлдi. 1919-1927 жылдар арасындағы Қазақстандағы саяси күрес тәжiрибесi оларды шынықтырып, буынын бекiттi». Ұлт қайраткерлерінің жаңа толқынының арасында өз идеяларына берік С.Садуақасов, С.Қожанов, Ы.Мұстанбаев сынды азаматтар болғаны рас. Дегенмен жағымпаздық, жалтақтық, тоталитарлық жүйе басында отырған харизматикалық тұлғаның ығына жығыла сөйлеу, баспасөзде өз еркінен тыс тапсырыспен мақала жазу, орнығып келе жатқан қоғамдық-саяси жүйенің кемшілігін жасырып-жабу сияқты келеңсіздіктер осы кезден орын алды. Жауапты қоғамдық-мемлекеттік қызмет атқарған азаматтардың басым көпшілігі сол жүйеге қызмет етті. Большевиктер партиясының қатарында болған қызметкерлердің басқа амалын қалдырмады, негізсіз айыптады, қорқытты, үркітті, бірін-біріне айдап салды, түрмеге жапты, атты. Смағұл Садуақасовтың сөзімен айтқанда «бізде қалыптасқан жағдай осындай, басыңнан асып секіре алмайсың». Сондықтанда екiншi толқын қайраткерлiгiнiң нәтижесінде қазақтың қоғамдық-әлеуметтiк ойлау жүйесi өркениеттің даму сатысының жаңа деңгейіне көтерiле алған жоқ. Автор Алаш идеясының рухы Әуезовтей ұлы тұлғалардың арқасында Қазақстан өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін алғанша жалғасқанын дәделдеп берген. Алаш идеясының өшпегенін және өшпейтінін «Талқы» атты үшінші кітапта М.Әуезовтің тағдырын мысалға ала отырып, өткен ғасырдың сексенінші «Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. Астана.11-12 қараша, 2011 жыл жылдарына дейінгі кеңестік қуғын-сүргін саясатын әшкерелеген. Еңбектің соңында 1917 жылдың шілде-тамыз айларында Жалпықазақтық І құрылтайында бағдары анықталған, 1921-1922 жылдары тиянақталған Біртұтас алаш идеясының тұжырымдамасы ұсынылған. Алаштың ұлттық идеясы: — жер, жер және жер, қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы, ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құру. Өзінің алдына қойған ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу барысында деректік материалдарды жинаумен және өңдеумен қатар айналысқан ғалым «Алаш қозғалысы» атты үш томдық деректер жинағын шығарды. Аталған (үш томдық) еңбектің басым бөлігі ғалымның жеке қорындағы Қауіпсіздік комитетінің мұрағаты деректерінен тұрады. Басылым тарих ғылымдарының докторы Х.Тұрсынның, тарих ғылымдарының кандидаты Д.Сүлейменованың бұрын ғылыми айналымға түсе қоймаған жеке мұрағатындағы деректерімен толықтырылды. Барлығы 381 құжат ғылыми айналымға шығарылды, бірінші томда — 105, екінші томда — 203, үшінші томда — 73 құжат және басылымға енген деректерге ғылыми талдау жасалып, түсінік берілген. Тұрсын Жұртбайдың алаш арыстарының тарихы мен тағдырын арқау еткен «Ұраным – Алаш!» атты үш томдық зерттеуі — еркін ойлы, көркем саралау, ұзақ жылдар бойғы ізденісінің жемісі. Жазушы-ғалымның «Ұраным – Алаш!» іргелі зерттеуі мен «Алаш қозғалысы» атты үш томдық деректер жинағы ғылыми көпшіліктің, жалпы зиялы оқырман қауымның назарын аударары сөзсіз.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar