Рационалистер және мифология

Біз мифтің оның өзінің және гомерлік құдайлардың ілкі нағыз мәнін жоғалтуға алып келген, қиратылу және айтылуының ұзақ процесінің даму барысын көрсетуді мақсат етпейміз. Егер Геродотқа сенер болсақ тіпті, Солонның өзі­ақ «тәңір иелер қызғаншақ және тұрақсыз» деп айтқан екен. Қалай болғанда да, Милеттің алғашқы философтары құдайлардың гомерлік суреттеулерінен ешқандай ақиқат құдайы болымды көрмеген. Фалес дүниедегі барлық нәрсені құдайы болым жайлаған» дегенде, ол тәңір иелерді жекелеген ғаламдық сфераларға орналастырған Гомердің тұжырымдамасына қарсы шыққандар болса, құдайлары да, мифі де жоқ Жаһан туралы ортақ тұжырымдаманы ұсынған. Ксенофон (565 і шамасында өлген) жөнінде айтар болсақ, ол гомерлік пікірге ашықтан ­ ашық қарсы шықты. Ол тәңір иенің Гомерде суреттелгеніндей іс­әрекет етеді дегенге сенуден бас тартты. Ол, Гомер мен Гесиод ұсынған, тәңір иелердің өлімсіздігін жоққа шығарып: Гомер мен Гесиодтікі бойынша, тәңір иелер, адамдар арасында онсыз ептеп есептелінетін ұрлық, өзара алдау сияқты әрекеттер жасап жүреді.

Ең алдымен, ол тәңір иелердің антропоморфизмін сынайды: «Егер бұқалар, аттар және арыстандар қолға ие болып және, адамдар сықылды, сурет салып, әр түрлі туындылар жасай алған болса, онда, аттар өздерінің тәңір иелерінің пішінін атқа ұқсас, бұқалар — бұқаға ұқсас етіп салып, өз тәңір иелеріне өздерінікі сияқты кескін берген болар еді» (В 15 ) 202. Ксенофон бойынша, «барлық тәңір иелер мен адамдардың үстінде тұрған құдай бар; оның сырт келбеті және ойлау қабілетінің кәдуілгі өлімдердің сырт келбеті мен ойлау қабілетіне ешқандай ұқсастығы жоқ». «Классикалық» мифологияға қатысты осындай сыни пікірлерден құдайы болым тұжырымдамасын ақындардың антропоморфизмінен босатып алуға деген талпынысты байқауға болады. Пиондар сияқты терең діндар автордың өзі, сенуі мүмкін емес мифтерді қабылдамайды. Эврипидтегі құдай тұжырымдамасы тұтастай Ксенофон сынының ықпалымен қалыптасқан. Фукидид өмір сүрген тұста mythologes деген анықтауыш «дәлелдері жоқ, ойдан шығарылған» деген, ақиқат пен бойлымға қарама ­ қарсылықты білдірген203. Платон («Республика», 28 және келесі.) ақындарды, олардың Тәңір иелерді бейнелеу үрдісі үшін айыптағанда, оз сөздерін, сірә, ырқына көндірілген аудиторияға арнап айтқан сияқты.

Читайте также:  Тіл мен мәдениет

Александриялық роторларда мифологиялық дәстүрді сынау ұсақ ­ түйекшілдікке дейін жеткен. Төменде көретініміздей, христиандық апологеттер, Інжілден тарихи элементтерді алып тастау қажет болған кезде, осы авторларды Юлий Феон (шамамен тарихи әңгіменің Милет мектебіне қатысты материалдар мен библиографияны айтамын). Бұл әрекет «мүмкін емес», өйткені, Медеяның ұлдарын сол, олардың әкесі Ясон тұрған қалада (Коринф) өлтіре алмайтын еді. Оның үстіне, істелінген қылмыстың әлегі шындыққа келмейді: Медея өзінің қылмысының іздерін жасыруға тырысар еді, және, дуашы ретінде, семсерден гөрі уды пайдаланған болар еді. Ең соңында: оның істегенін ақтап алу ең жоғарғы дәрежеде шындыққа жатпайды: өзінің күйеуіне деген ашу (долдану) мынадай қылмысқа — сонымен бірге өзінің де балалары (болып табылатындарды өлтіруге итермелей алмас еді. ). Осындай әрекеттер арқылы ол, ең алдымен, әйелдер еркектерге қарағанда сезімге бой алдырғыш болғандықтан, өзіне үлкен зиян, жапа шегу әкелді .

Оставить комментарий