Құрбандық механизм және адамдану

Сонымен, біздің қоғам символикалық тұрғыда өте дегдар және дамыған болғасын ол өзіне әдетте адамдар арасында тиым салынған миметикалық қастасуды мүмкін және жемісті қыла алады. Р.Ж.: Дәл солай. Миметикалық қастасуға әдетте адамдар арасында тиым салынған; алғашқықауымдық тиымдар, біз көргендей, бұл қастасумен мәңгі байланыста. Демек, әлеуметтік адамдық формалар хайуандікіне қарама қарсы. Миметикалық қастасу тура туындамайды, бірақ олар құтқарушы құрбандық арқылы жанама туындайды. Біз мұны біліп үлгірдік, бірақ біз осы уақытқа шейін адамдық қоғамда оны хайуандардікімен ұштастырып көрген емеспіз. Егер біз жаңа тана келтірген пайымды қарастырсақ және егер біз мұның бәрін миметикалық процесске және құтқарушы құрбандық механизміне қарсы қойсақ, ол біздің өте қауіпті авантюраға ұрынғанымыз. Ж.­М.У.: Іс жүзінде, біз бұл авантюраны бастап қойдық; өйткені, біз аңшылық немесе негіз қалаушы құрбан функциясындағы инцестке тиым сияқты ең басты адамзат институцияларын зерделеуге тырысудамыз. Ал енді бұл арада адам және хайуан арасындағы айырмашылық ойынға кіреді. Р.Ж.: Бұрынғы зерделеулер негізінде хайуандықтың өзіне сүйеніп және адамзат табиғатының жалған ерекшеліктеріне назар аудармай адамдану процессін шынында да табанды түрде пайымдауға мүмкін болды. Енді приматтар деңгейінде көпекөрінеу болған миметикалық қастасу жиілеуінің хайуандар билігін жойып, құтқарушы құрбандық арқылы мәдениеттің одан төрі дамыған және одан гөрі адамиланған формасын тудыруға тиіс екенін көрсету керек. Дәл миметикалық қастасулардың әлеуметтіліктің хайуандық формасына тірелетін тура шешімдерге кедергі жасау үшін жеткілікті түрде жиіленген сәтінде бірінші дағдарыста немесе дағдарыстар сериясында мәдениеттің «шегерілген», символикалық және адамдық формалары іске қосылуға тиіс. Заттардың дәл осылайша болғанын болжау үшін миметикалық құдіреттің тек қана адамдану барысында емес, ол тіпті іске қосылмай тұрып және бұл іске қосылуы орныға алатын тәсілмен күшеюге тиіс екенін көрсету жеткілікті. Егер адам миы үшін және бір уақытта адамдану барысындағы ми үшін Жак Моно ұсынған көзқарасты қабылдасақ, бұл тұрғыда көрсетілген нәрсе бар екенін мойындауға болады. Адам миінің үздік қабілеттерін, меніңше, симуляция қызметінің мықты дамуы және жиі қолданылуы сипаттайды. Олар когнитивты функциялардың ең терең деңгейінде орналасқан, бұл тіл орналасқан тереңдік, бірақ тілдің өзі оны толық түсіндіре алмайды. Имитацияның күші мен жиілеуінің homo sapiensKe апаратын бүкіл ұрпақтардағы ми көлемінің өсуіне байланысты екенін ойлайтын уақыт жетті. Адамдарға ең жақын приматтардың миі өзге хайуанға қарағанда көлемдірек. Дәл осы өсудегі құдірет адамдану құбылысына жол береді және бұл керісінше емес, тіпті егер адамдану процессі кейін бұл өсуді жеделдетсе де және адам миының теңдесі жоқ құдіретін анықтауға ғажайып түрде сеп жасаса да. Адам сексуалдылығындағы миметикалық ниеттердің маңызды рөлі, мысалы, қозу, вуайеризм, хайуандық нұсқасындағы аракідік сексуалдылықтан үзіліссіз адам сексуалдылығына көшу мимесистің жиілеуінен туындаған деген ойға жетелейді. Біз тез арада адам ынтасының табиғи конструкцияларға әлгілерді белсендіру, қоздыру және тәртіпсіздендіру үшін дарыған мимесис екенін көреміз. Бұл миметизммен мәнді байланыс адам сексуалдылығына хайуандық сексуалдылықтан бетер конфликтті сипат береді және омы адамдар арасындағы қатынастың үйлесімділігіне, немесе тіпті сексуалды партнерлар арасындағы тұрақтылыққа өз­өздігінен ықпал ету қабілетінен айырады. Біз адам қоғамдарының билеуші хайуан билігін болдырмайтынын және оның не себептен екенін көреміз: адамдардағы миметикалық қастасулар жындану немесе өлтірумен оңай аяқтала салады. Бірақ бұл адамдағы зорлықтың күшеюі оның табиғатын білмейтінімізге және оған қараңғы және мылқау инстинкттерді телуден гөрі қызық пайымдарға мегзейді: ол мидің көбеюіне байланысты миметизмнің өскеніне ұқсас. Қайтарусыз миметикалық қастасу дегеніміз, біз жоғарыда айтқандай, барлық объекті нақты мақсаттың жоғалуы қоғамдастық мүшелерін бір­біріне қарсы қоятын иемдену мимесисінен барлықты құрбанға қарсы біріктіруші және оларды бітістіруші антагонист мимесисіне көшу. Миметикалық құдірет табалдырығының сыртыңда хайуандық қоғамдар беймүмкін болады. Бұл табалдырық құрбандық механизмінің пайда болуымен сәйкес; бұл адамдану табалдырығы. Ж.­М.У.: Құтқарушы құрбандық механизмі қосылады да, және оған негізделген, ол дәнекер болған мәдени формалар хайуандық формаларды ауыстырады. Мұндай проблемалар барлық деңгейлерде көтеріледі және бір механизмнің нұсқалары, хайуандар жағдайында, әрине, қарабайырлау, оларды шешуге қабілетті болуға тиіс. Р.Ж.: Құрбандық механизмді алдымен қасындағы мен қарабайырлығы сонша, тіпті біз оларды формалары қайталауға беймүмкін ретінде көруіміз керек, бірақ мәселе онда емес. Бұл механизмді мүмкін және статистикалық түрде қажетті қылатын дәйектер, әрине, толығынан бар. Және бұл механизм қарсыластарға барлық деңгейде тиымдар және таза адамдық ритуалдар арқылы жасалатын құбылыстарға ұқсас емдік және профилактикалық әсер етеді. Осы уақытқа дейін мидің тез өсуіне және барлық өзге құбылыстардың биологиялық және мәдени араласуды талап еткені айқын еді, бірақ бізде бұл қызық машинаны іске қосып, оны жұмыс істетуге ешбір қозғаушы күш болмаған. Дәл осы моторды бізге құтқарушы құрбандық береді. Біз адамдануды бір бірінен алапат, бірақ жемісті дағдарыстармен бөлектенген әрдайым өсу үстіндегі миметикалық жеделденуді қолға үйрететін баспалдақтар сериясы ретінде түсінгеніміз жөн, өйткені, олар негіз қалаушы механизмді тағы да іске қосады және іште барған сайын қатаң тиымдарды ал сыртта тиімдірек ритуалды арналандыруды орнатады. Және сонда адам балалық шағының «қорғансызға» айналғанын және ми көбейген сайын осы өзгеріс барысында нәсілдің таза және қарабайыр жойылуына әкелмей созыла бергенін байқауға болады. Сонымен қатар, op баспалдақта артық дамыған институттардың өздерінің антропоидті адамдандыра берген спиральге ұқсас қозғалысында жаңа дағдарыс туғызатын жаңа миметикалық жылжуға ықпал еткенін байқауға болды. Г.Л.: Құтқарушы құрбандық механизмі арқасында бірте мекендейтін топтардың сыртта зорлықшыл тірлік шектен тыс дамыған сәтте қалай салыстырмалы түрде зорлықсыз мекенге айналғанын түсінуге болады. Адамдану барысындағы приматтың Әрқашанда аңшылық пен соғысқа жақсы үйретілген, аса сексуалды және таспен қаруланған хайуанның мәдениетбектену арқылы оның биологиялық, және мәдени эволюциялық шешуші сәттерінде әрқашанда төнетін өз­өзін өлтіру қаупін қалай өзгерте білгенін болжауға болады. Р.Ж.: Демек, «Тотем мен тиымда» дұрыс интуитивті ой нобайы бар, ол — адамдықты ұжымдық адам өлтірумен шектеу. Алайда мұнымен істес болмаған бірде­бір негізгі миф жоқ, бірақ тек қана Фрейдтің өз данышпандығы өзінің және біздің дәуірдің қауқарсыздығына қарамастан бұл хабарларды толығынан қияли емес деп қабылдамай қазіргі антропологиядан гөрі отан байыптырақ қарау керек екенін түсінді. Әйтсе де Фрейд өзінің теориясын суға батырған мифологиялық элементтерден құтыла алмады. Оның «қатаң әкесі» — зорлықтың соңғы тәңірі және ол бүгін өзі негізін қалаған психоаналитикалық дінмен бірге өлетін болғасын, біз қазір сөйлегеніміздей сөйлей аламыз. Ж.­М.У.: Сіз Фрейд талпыныстарын тағы мойындап, және Фрейд қағидаларының беймүкіндігіне қарамастан «Тотем мен тиымға» құрмет көрсетіп отырсыз. Біріктіруші зорлық тек қана діншілдіктің бастауы емес, ол адамдықтың бастау. Фрейдтің жалқы және беймүмкін драмасы миллиондаған жыл қайталана беретін процесстердің өзгеріске түскен аллегориясы. Р.Ж.: Сонымен қатар, ол этологтар мен этнологтар арасындағы дауды шешу. Алдымен хайуандық кейін адамнан бұрынғы, сосын толық адами барлық әлеуметтік формалар арасында үзік сәттер де, мұрагерлік те бар. Миметизм және құтқарушы құрбандық проблематикасы арқасында мимесиске негізделген әлеуметтік формалардың әрқашанда тіпті хайуанда да бар болатыны түсінікті және құтқарушы құрбандық негізделген жаңа және күрделі формалар шығу үшін олар миметикалық дағдарыста ойрандалу керек. Таза хайуандық және дамушы адамдық арасында шынайы үзіліс бар және ол олар қанша болымсыз болса да, тиымдар мен ритуалдарға негізделген ұйымдарды орнатуға жалғыз қабілетті ұжымдық өлтірудің үзілісі. Сонымен, адамзат мәдениетінің генезисін, оны таза адамдық өзгешеліктен айырмай табиғатқа енгізіп, табиғи механизммен салыстыруға болады. Әрине, мәселесі мұнда қойылған құбылыстарға жету мүмкін емес. Біз ритуалға қатысты тура немесе жанама түрде ұстаған нәрсенің бәрі адамданған әлемге толығынан тән. Сөйтіп бізде миллиондаған жылдарға тұратын жыртылған парақтар бар. Мен құтқарушы құрбандық тетігін адамдану барысының басына қойтаңда мені мүмкіндік шекарасын аттадың деп кінәлар. Бірақ бұл демарш мүлде кездейсоқ емес. Бізде адам ритуалдарына қатысты көптеген үйлесімді көрсеткіштер бар; егер енді біз этологтар хайуандық ритуалдар деп атайтын нәрсеге қарасақ, мұнда да жақсы ойластырылған демаршқа жетелейтін дәйектерді көреміз. Белгілі түрлерде тек қана сексуалды азғыруда емес, бір немесе өз жыныстағы партнермен басымды қатынас орнатуда да маңызды стереотипті тәртіп нұсқалары бар. Әлгі үйлену ритуалдары парадоксалды түрде дәл осы агрессивті тәртіпке ұқсайды. Әлгілер оларды миметикалық түрде қайталайды; шақыру шабуылдаушы кімді дос қылғысы келсе соған бағытталған шабуыл формасына енеді, бірақ соңғы сәтте әлгі шабуылдаушы мақсатынан, оны үшіншіге немесе тіпті тірі емес объектке ауыстыру үшін бетін бұрады. Бәске шақырылған мақұлық еріксіз миметикалық түрде жауап береді. Ол өзі сес көрсетеді, бірақ бұл сесін ол не кез келген жағдайға дайын шақырушыға, немесе онымен бірігіп, керісінше, өтірік қауіпті үшіншіге бағыттайды; нәтижесінде, ол осы қиялдағы қарсыласқа қарсы өзінің партнерларымен бір себептеседі. Осылайша шақырылған одақ дәл осы «себептесуден» туындайды. Бұл хайуандық тәртіптердің адам ритуалдарын рәсімдерін, кәде­үрдістерін еске түсіретіні тек қана қайталанушы сипатымен емес; олар діни ритуалдың екі негізгі сәтін суреттейді, «миметикалық дағдарыс», ішкі араздық сәтін және құтқарушы құрбандыққа қарсы бітісу сәтін. Бірақ мұнда дегенмен құрбандық шалу жоқ. Құрбанның орны белгіленген, құрбандық функция суреттелген, бірақ хайуандық ритуалдар ешқашанда құрбанды өлтіруге апармайды. Бұл хайуандық ритуалдарда хайуандық әлеуметтіліктен құрбандық діншілдігіне негізделген адамдыққа ауысу үшін керек нәрсенің бәрі бар. Мұнда суреттелген құрбандық механизмді іске қосу үшін миметизмнің және одан шығатын қастасулардың жеделдеуін қамтамасыз етсеңіз жеткілікті. Жанжалдың алапат асқынуына орны белгіленген «құтқарушы құрбандық» механизмінің күшеюі сәйкес болуға тиіс. Бірінші сәттің шектен тыс асқынуына екінші сәттің пәрменденуі, өлімге дейін жалғасатын үшіншіге қарсы зорлық жауап береді. Адам және хайуандар арасындағы мәнді айырмашылық әрқашанда барлық әлеуметтік топты жиятын адамзаттың басты ритуалдарына ұқсас болу үшін екіншілер, менің білуімше, партнерлердің жеткілікті санын қажет етпейді. Әйтсе де хайуандар тәртібінің біз айтқан жағдайындағы ритуалдың атауы жөнінде дау көтеру үшін бұл нағыз құнды себеп. Мимесис жеделдеген сайын дау­дамай және ол тудыратын кейінгі шешімдер «жұқпалыға» айналуда. Демек, мимстикалық қастандық шегіне жеткенде барған сайын коп қатысушылар керек және олар тиым мен ритуалдың қосарлы императивіне бағынып, киеліленген құрбан айналасында бірігеді. Адам қоғамдастығы осы ұйым және ол соның Функциясы ретінде ғана тірлік етеді. Г.Л.: Демек, адам ритуалдарында біз әлгі хайуандық ритуалдардың өзгеріске түскенін көреміз; әлгілерден әрқашанда бір элементтер табады, бірақ біз алдымен оларды біріктіретін және адамдану барысына қосатын себептер жөнінде ойланғанымыз жон.

Читайте также:  БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ТЕТІГІ РЕТІНДЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫН БАСҚАРУ

Оставить комментарий