Құрбандық шалу және құрбандық тетігі

Құрбандық мазмұнысыз — рәсімдер бар ма? Р. Ж: Бар. Ритуалдың мазмұны әрқашанда құрбандық шалуға тең ритуалды мүгедектік немесе экзорсизмдермен шектеле алады. Бірақ, сонымен қатар, ешқандай, тіпті, символикалық болсын, құрбандық мазмұнысыз ритуалдық немес постритуалдық формалар бар. Меніңше, біз бұл сауалды кейінге қалдыруға тиіспіз, кері жағдайда біз шексіз аутқуларда адасып қалып, өз айғақтарымыздың сабағын жоғалтамыз. Ол оның шегіне шейін жеткенде ғана міндетті, сондықтан мен сіздің сауалдарыңызға олар туындаған мөлшерінде жауап беруге міндетті емеспін. Сіз қоюға ниеттенген сауал негіз қалаушы, өйткені ол құрбандық шалудың одан өсіп өнген және тек соның арқасында тірлік ететін мәдени институттарда жоқ болу проблемасымен ұштасады. Біз оған ертең ораламыз. Ж.­М.У.: Әйтсе де, біз өзіміздің малымызға… құрбандық малдарына оралайықшы. Р.Ж.: Егер құрбандық шалу рәсімге кірсе, олар діни қоғамдарға сахнаға осы ритуалдар арқылы қойылған миметикалық дағдарыстың нәтижесі ретінде көрінуге тиіс. Көптеген ритуалдарда қоғамдастық линч жасау әдетіне таңғажайып ұқсас құрбандық өлтіруге ұжымдық қатысуында қолданады. Тіпті құрбандық шалу жалғыз абызға ғана жүктелгенде де, ол ереже іспетті барлық қатысушы атынан жасалады. Бұл құрбандық әрекетінде орнығатын қоғамдастық бірлігі және бұл бірлік жіктелу пароксизмінен кектік репрессиялардың шексіз айналымына кесілген қоғамдастық миметикалық керістер арқылы таланып болған сәтте пайда болады. Әрбіреудің әрбіреуге қарсылығы барлықтың біреуге қарсылығына айналады. Жеке таластардың хаоткалық көпшеленуі жалғыз конфликттің қарабайырлығына айналады: бір жағынан бүкіл қоғамдастық, өзгесінен — құрбандық. Бұл құрбандық шалу шешімін ұғыну қиын емес; қоғамдастық өз­өзін қорғау түгіл кек алуға қабілетсіз құрбандық есебінен бірігеді; оның мұңы жаңа проблемалар және жаңа дағдарыс тудырмайды, өйткені ол барлықты өзіне қарсы біріктіреді. Құрбандық шалу — тағы бір зорлық, ол өзге зорлықтарға қосылатын зорлық, бірақ ол ең соңғы зорлық, зорлықтың соңғы сөзі. Егер кейбір құрбандық шалудағы құрбандыққа бағытталған қастандықты қарастырсақ, онда барлық миметикалық дағдарыс үшін жауапкершіліктің барлығы тек соған ғана, жалғыз соған жүктелетінін көреміз. Өлтірілуден бұрын ол жәбірлену және қорлық қорлау объектісіне айналады. Осыдан мына сауал, нағыз сауал туындайды: құрбандыққа қарсы мұндай бірлік сонша әралуан ритуалдарда қалай мүмкін болады, ұжымды құрбанға қарсы біріктіретін қандай күш? Г. Л.: Фрейд «Тотем және табу» жұмысында құрбанға мы’и.шушы алғашқықауымдық орданы әкесі дейді. Оның айтуынша, барлық ритуалдар адамзатты тудырған жалғыз әлемге кесілуді есте сақтаған. Г.Ж.: Бұл тұрғыда Фрейд айтқан барлық нәрселерді мұқият зерттеу қажеті. Өйткені, ол әлі онша ескі емес этнологиялық бақылаулар негізінде құрбандық шалу моделі ретіндегі шынайы ұжымдық адам өлтіру қажеттілігін түсінген жалғыз тұлға. Бірақ оның жауабы қанағатсыз. Мәңгілікке созылған оның адам өлтіруінен ритуалды қайталауларды түсіну беймүмкін. Сонымен бірге, ол ілгі өлімді ритуалды тәртіптің алдына қойтаңда тиісті орынға қоймайды. Отан мұндай негіз беретін ритуалдар сирек және бұл жөнді тәртібі бұзылған ритуалдар. Жөнді тәртіп дегеніміз біз суреттеуге тырысқан нәрсе. Миметикалық дағдарыс бірінші орында түр және ұжымдық өлтіру онда бір уақытта пароксизм мен мазмұнды құрайды. Адамдар тарихтан бұрын адам өлтірген «күнәсін» еске алу үшін жиналып, барлық құрбандарды өлтірген деген идея қиял мен ертегінің үлесі. Ал, керісінше, ондай емес нәрсе адамдардың өз құрбандарын өлтіретіні бірінші еріксіз адам өлтірудің қоғамдастықты іс жүзінде біріктіріп, шынайы миметикалық дағдарысқа үкім кескенінен. Онда адамдардың ритуалдарға жүгінетіні, дағдарыстың шын қаупінен қорыққандықтан екені; онда дағдарыс тек өз­өзі үшін өндірілмей, проблеманы шешу үшін қолданар еді; әңгіме тек барлық өткен, қазіргі және болашақ дағдарыстың жалғыз қанататты шешімі ретінде түсінілген тек осы шешімге келу туралы болар еді. Біз тап болған парадокс шешілер еді. Тиымдар мен ритуалдар арасындағы жорта кереғарлық болмас еді; тиымдар оларды қоздыратын тәртіпке тиым салып, дағдарыстан сақтануға тырысар еді және егер дағдарыс қайтадан пайда болса, немесе кенеттен пайда болу қаупін тудырса, онда ритуалдар оны жөнді бағытқа жіберіп, оның шешімін табуға талпынар еді, яғни, еріксіз ден саналатын құрбандық есебінен қоғамдастықты бітістіруге. Расындада ешбір жеке құрбандық миметикалық дағдарыс үшін жауап бере алмайды. Тек қана еріксіз таңдалған құрбандық (аманат) дағдарысты шеше алады, өйткені, зорлықтың барлық көріністері, миметикалық болғасын, барлық жерде бір және қоғамдастық түкпірінде бірдей таралған. Ешкім дағдарыстың шығу тегін анықтай алмайды, жауапкершілікті жүктей алмайды. Және бұл аманат­құрбандық (victime emissaire) өзі шығып, қоғамдастықты бітістіреді, өйткені үдеген миметизмге байланысты дағдарыстың шиеленісуінің өзі қажетті түрде оны қоздыруға тиіс. Ж.­М.У.: Меніңше, дәл осы нәрсені ұстану қиындау сияқты. Сіз қоғамдастық түкпіріндегі миметикалық дағдарыс, немесе талас­тартыстаты анархия кездейсоқ шешілумен бітуге тиіс дейсіз. Мұндай шешілу оның хұқығы тана емес, міндеті. Демек, мұнда шешімнің табиғи механизміне ұқсас бірдеңе болуға тиіс. Меніңше, бұл сіздің теорияңыздың ең қиын жері сияқты, сондықтан оны анықтай түссек қайтеді? Р.Ж.: Әңгіме миметикалық тартыс пен оның шарықтау шегінде пайда болатын зорлық логикасының ақырына шейін баруда. Қастасулар жауыққан сайын қарсыластар оларды тудырған объекттерді ұмытуға дайын, өйткені барған сайын олар бір­біріне құмартуда. Сөйте бере қастасу өзінің барлық сыртқы объекітерінен тазарып, таза немесе абырой, атақ үшін қастасуға айналады. Әрбір қарсылас өзгесі үшін аяулыға немесе жеккөрінішті кедергі­ моделге айналады. Оны бір уақытта тас­талқанын шығарып, жұтып жіберу керек. Мимесис асқына күшейеді, бірақ енді ол объект деңгейінде жүзеге аса алмайды, өйткені объект енді жоқ. Енді біз двойниктер ретінде белгілеген антагонисттер қалады, себебі енді оларды анатогонизмге қатысты ешнәрсе бөлмейді. Енді объект жоқ болғасын біз анықтаған мағынадағы иемдену мимесисі де жоқ. Енді анатогонисттердің өздерінен өзге мимесисты қолдануға мүмкін территория жоқ. Егер иемдену мимесисі барлығы иемденуге тырысқан бір объектке бір немесе бірнеше индивидтарды жиылуға мәжбүр қылып жіктеуші болса, онда антагонизм мимесисі бір немесе бірнеше индивидтарды олар жоюға ниеттенген бір қарсыласқа жиылуға мәжбүр қылып, бұлтартпас түрде жинақтаушы болады. Иемдену мимесисі жұқпалы және бір объект айналасында индивидтар шептене көбейтен сайын бұл процесспен қамтылмаған қоғамдастық мүшелері олардың үлгісіне еруге тырысады; антагонизм мимесисімен де солай, өйткені, әңгіме бір күшке байланысты. Демек объект жоқ болған және мимискалық жынды сүрейлік жеделдеудің жоғары деңгейге жеткен сәттен бастап, бұл мимесистың қар үйіндісі сияқты, ұлғаюын күтуге болады. Миметикалық тартылыс күшінің шептену санының дамуына байланысты көбейетінін еске алсақ, барлық қоғамдастық тұтастай бір индивидқа қарсы жиылатын сот туындайды. Сөйтіп, антагонистік мимесис ортақ, жауға қарсы нақты одақты тудырады, және дағдарыстың шешілуі, қоғамдастықтың бітісуі осыған тәуелді. Біз ең кемінде белгілі жағдайларда қандай мардымсыз себептің миметикалық қастандықты өзгеге емес дәл осы аманатқа бағыттайтынын білмейміз; қалай болғанда да дәл осы аманаттолыгынан жалқы, ерекше ретінде қабылданады және бұл тек қана барлықты оның айналасына жинаған жек көруші пұтқа табынушылықтан емес, сонымен бірге және әсіресе осы жаппай шептенуден кейінгі бітісу эффектісінен. Қоғамдастық осы еріксіз аманатқа қатысты өзінің ашуын қанағаттандырғанда өзінің барлық қатерлерінің жалғыз себебін тапқандай сенімде болады. Содан соң ол жаулардан айырылғандай, осыдан бір сот бұрын өзі шектен тыс ашу шақырған адамдардың қастандығынан тазарғандай болады. Тыныштыққа оралу қоғамдастықты қоздырған миметикалық келеңсіздіктер үшін осы аманаттың жауапкершілігін айғақтау сияқты. Қоғамдастық өзін өзінің аманатының алдында мүлде пассивты сезінеді, ал соңғы болса, керісінше, бұл жағдайдағы жалғыз жауапты әрекетшіл күш ретінде көрінеді. Егер біз аманат пен қоғамдастық арасындағы шынайы қатынастың орын ауыстыруы дағдарыстың шешілуінде орнығатынын түсінсек, бұл құрбандықтың неге киелі болып қабылданатынын да түсінеміз. Ол бұрын қалай тәртіпсіздік, бүлік үшін қалай жауапты ретінде қабылданса, тыныштықты қайтарғаны үшін де жауапты ретінде қабылданады. Ол тіпті өзінің өлімін реттеуші ретінде де қабылданады. Ж.­М.У.: Сіз айтқан нәрсені тұжырымдауға тырысайық. Объектті игеру мимесисі өзінің жіктеу және конфликт жөніндегі жұмысын бітіргесін, ол керісінше, бәрін бірге жинап қоғамдастықты біріктіруге талпынатын антагонистік мимесиске айналады. Барлық әлемдегі ритуалдар структурасында әңгіме дағдарыс пен мимесистің өз табиғатына байланысты эволюцияның кездейсоқ емес, қажетті түрі туралы. Бұл шешім ылғи да. осылай болуға тиіс пе? Р.Ж.: Бұл белгісіз, бірақ олай емес деп ойлауға болады. Адамдар қоғамдастығының көбісі ешқашанда мен жаңа ғана суреттеген механизммен бітпейтін зорлық ықпалынан азады. Бірақ діни жүйелерді бақылау нәтижесінде біз былай деуге мәжбүрміз: 1) миметикалық дағдарыс үнемі қайта өндіріледі; 2) барлықтың бір аманатқа қарсы жиылуы мәдени тұрғыда жөнді шешім, оны нағыз үлгілі шешім деп айтуға болады, өйткені, тек қана сонан барлық мәдени ережелер туады. Ж.­М.У.: Барлық? Р.Ж.: Алғашқы қауымдық ережелерді, тиымдар мен ритуалдарды және бұл ережелердің сиқырлы ғажайып күшін түсіну үшін мынаны болжау керек: жалғыз тана құрбанға қарсы кенеттен қабылданған шешімнің ғажайып азаттық әперу әсері болса, демек, одан бұрын өте ұзақ және өте қатыгез миметикалық дағдарыс болған. Пайда болуы және жоқ болуы ұжымдық өлтіру арқылы әйгіленетін өте жоғары дәрежеде зиянды және сосын жақсы ықпалды болмыстың бұл тәжірибесі саната сол қалпында қонуға тиіс. Бұл сұмдық азаптанған қоғамдастық заматта барлық антагонизмнан тазарып шытып, толық азаттанады. Енді қоғамдастықтың отан белгілі мағынада кез болған бір уақытта қауіпті және жарылқаушы көрінетін белгілі бір жан сыйлаған бұл ғажап бітісудің арқасында тұтастай бейбітшілікке құлап, тұтастай оны қолдауға көшетінін ұғыну қиын емес. Демек, ендігі өзінің барлық болашақ әрекеттерін ол осы жанның жалауына бағындырады, тіпті, әлгі жан отан өз ережелерін қалдырып кеткендей. Ғайыптан пайда болған демалыс кезеңіне ләззаттанған қоғамдастық өзін құрбанға еруші санағанда дағдарыстың және оның шешілуінің осы тың тәжірибесіне ереді. Демек, енді онда екі басты императивтер пайда болуға тиіс: 1) дағдарыс әрекеттерін өндірмеу, миметизмнің кез келген түрінен бас тарту, бұрынғы анағанистермен қатынас жасаудан тартыну және қастасуға себеп болған барлық объекттерге қатысты иемдену ниетіне жол бермеу. Бұл тиым императивы. 2) Керісінше, дағдарысты болдырмаған ғажап оқиғаны қайталай беру, тәжірибенің алғашқы түріне бәрінен зор ұқсас барлық жағдайларда нағыз құрбанның орнына жаңа құрбандықтар шалу. Бұл ритуалдың императиві. Адамдар өзінің бітісуінің механизмін түсінбейді; оның тиімділігінің құпиясы олардан жасырын, міне, сондықтан олар бәрін ғажап дәлдікпен қайталауға тырысады. Олар механизмнің туысқан ағайынның бір бірін өлтіру пароксизміне іске қосылатынын анық көреді. Бір адамдай болып қабылданған шешім және әлгі пароксизм діни ой оны бөлуге болмайтынын көріп оны жіктеуден көбінесе бас тартатын барлық жүйесі бір тұтастықты құрайды. Көптеген ритуалдардың басты кезеңін құрайтын өшпенді жынды­сүрейліктің, мәдени немқұрайлықтың себебін дәл осы арадан іздеу керек. Рәсімдер яғни, Ритуалдар Леви­Строс айтқан немқұрайлық үшін немқұрайлықты мүлде мақсат тұтпай, дағдарыстан тек айырмашылық орнату құралын көреді. Сондықтан Леви­ Строс сияқты ритуалдарды жындысүрейлікке апарудың еш негізі жоқ. Дәл осы шексіз тәртіпсіздіктен адамзат мәдениетінде тәртіп пайды болады, өйткені, шексіз тәртіпсіздік кез келген объекттің конфликтте жоқ болуы, және дәл осылай ғана иемдену мимесисі, талас­ тартыстағы мимесис антагонистикалық және антагонисттерді біріктіруші мимесиске айналады. Леви­Строс ритуалдарды структуралистік құрылымдық есігінен шығарып тастағанда, қателеседі. Нашар оқушы тәртіп пен тәртіпсіздік жөнінде мұғалімнен жақсы білмей ме? Мысалы, ауыспалы рәсімдерде ажыратылмаған нәрсе алды алынған нәрсені, қазіргі шақта уатылып үлгірген арнайылықты жоғалтумен біртұтас нәрсе. Және дәл осы жоғалған нәрсені ритуал баса назар аударып, өткірлігін арттырады; оның оны мүмкіндігінше толық қылатыны Леви­Строс айтқандай, «дәнекерсіз нәрсеге сағыныштан» емес оқушы­абыздың өзінің жаңа тұлғасын табу барысында өзінің ақырғы ажыратуын жеңілдетуінде. Мысалы, шоқыну ритуалдары одан жақсырақ ажыратылып шытатын ажыратусыздықта шомылу. Әлемнің барлық діндерінің ең кішіпейіл ізбасушылары осыны білген; кейде үйренушінің суға батып кетуі мүмкін, бірақ шоқыну ритуалының мақсаты оны суға батырып өлтіруде емес. Ж.­М.У.: Сіз ритуалды яғни, рәсімді мистикалық анықтау қаупіне ұрынған жоқсыз ба? Р.Ж.: Тіпті де олай емес, өйткені, меніңше, инициатикалық сыннан өту миметикалық дағдарысқа белгілі арнайы мақсатта арнайы әр беру. Үйренуші оның пайдасы үшін құрбандық шалудың құтқарушы эффектісі жұмыс істеу үшін ең үрейлі дағдарыстан өтуге тиіс. Міне, сондықтан инициатикалық ритуалдар тірі тұрғанда кейде үйренушілерден айырылады және тіпті ритуалдар өз күшінен айырылғанда үйренушілер шынымен өлуі мүмкін деп күдіктенген болады. Г.Л.: Сіздің анықтамаңыз миметикалық тиымдарға қарсы және миметикалық дағдарысқа түсу арасындағы конфликт ишарасын, әрине, шешеді. Онда дағдарыс өз­өзі үшін емес құрбандық механизмді іске қосу үшін тірлік етеді. Және егер миметикалық теория мүлтіксіз болса, ритуалдардың тәртіпсіздіктің пароксизмі осы әрекет үшін қажет деп ойлауына негіз бар. Демек, ритуалдар мен тиымдардың мақсаты бір — ол ұжымдық механизмнан туындайтын тәртіп пен бейбітшілік; әлгінің екеуі де осы бейбітшілікті орнықтыруға тырысады, бірақ отан екі түрлі тәсілмен кіріседі. Р.Ж.: Тиымдар дағдарысқа қатысты немесе солай деп көрінетін нәрселердің бәріне тиым салып, мақсатқа тура барады, ритуалдар ұжымдық механизмді қайта іске қосып, сол арқылы әлгі мақсатқа жетеміз дейді. Онда дағдарыс оларға шын қауіп төндіргенде адамдардың неге ритуалдарға жүгінетіні түсінікті; ауруды емдеу үшін ауырудың парадоксы бұл нұсқадағы жалғыз нәрсе емес. Мәселе оны құрбандық шешіміне бағыттау үшін нашар миметизмнің құдыретін күшейтуде. Демек ауыспалы деп аталатын және өзге ритуалдар арасында айырмашылық жоқ. Бар нәрсені орнықтыруға қызмет ететін нұсқа сонымен бірге өзгеріс нұсқасы болады, ол қалай болғаңда да бір нәтижеге апарады. Ақыр аятыңда таты да бейбіт және тәртіпті шешімге келу үшін дағдарысты дағдарысқа ұшыратуға болады. Қазіргі ойдың өз механизмдарымен біріге алмауы оларға әлем әлем боп тұрғанда тірлік етуге кедергі ете алмайды. Әйтсе де, белгілі мағынада оның әлгі механизмдермен бірігуге қабілетті болмауы қазіргі ойдың абыройы, ол структурализм әлі бөлінуге қауқарсыз нәрселердің зердеуи ашылауын дайындалды. Іске занды кезек беруден бұл бас тарту кез келген бұлдыр мистикалық синкретизмнен жақсы. Өйткені соңғы нәрсе зорлық тәңірлерінің тура мұрагерлері — «адам табиғаты» немесе бұлдыр пантеизм ныспысымен белгілі сакралдылықтың механизміне оңай бағынады. Мен Леви­Стростың бұл позиция алдындағы қорқынышын түсінемін.

Читайте также:  Шыңғыс хан мемлекетіндегі құқықтық жүйе

Оставить комментарий