Реалистер ұлттық қауіпсіздік туралы

Реалистік парадигманың ондаған жылдар бойы үстем болуы Каррдың «Ұлтшылдық және одан кейін» деген еңбегінде білдірілген ұлтшылдықтан кейінгі қауіпсіздік туралы пайда болған түсініктерді айтарлықтай дәрежеде тұншықтырды: тағдырдың тәлкегі шығар, реалистердің дүние құрылысына көзқарасын қуаттау үшін оның ертеректе жазылған «Жиырма жылдық дағдарыс» атты еңбегі жиі тілге тиек болды. Реалистер қауіпсіздіктің маңызын күш ұғымы тұрғысынан қарастырды. Теориялық тұрғыдан күш ұғымы сыртқы қауіпке қарсы мемлекеттің қауіпсіздігі ұғымының синониміне айналып кетті, ол қауіпсіздікке барған сайын ұлғая беретін әскери мүмкіндіктер арқасында қол жеткізіледі­міс. Қауіпсіздіктің мемлекеттік­орталықтық анықтамасына осынау ден қою реалистердің гипотезасына негізделген болатын; ол гипотезаға сәйкес, ішкі «тәртіп» пен сыртқы «анархия» арасындағы анық белгіленген шекара «табиғи ахуал» екен, ондай ахуалда ­соғыс әрқашан нақты мүмкіндік ретінде төніп тұрады­мыс (Waltz, 1979. P. 102). Басқалардың агрессиялық амбицияларын ауыздықтауға жәрдемдесетін халықаралық беделдің жеткіліксіздігінен мемлекеттер қауіпсіздікке қол жеткізудің тек төл мүмкіндіктеріне ғана сүйене алады­мыс. Реалистер мойындағанындай, мұндай «өзіне өзі көмектесу» жүйесі әдетте «қауіпсіздік дилеммасына» әкеп тірейтін еді: бір мемлекет позициясы моральдық нормаларға сәйкес келетін қауіпсіздікті нығайту деп қарастырылатын нәрсе, басқаның көзқарасы тұрғысынан қатер төндіретін әскери дайындық болып көрінетін (Smoke, 1975). Мемлекеттердің мұндай құлқы тұрақсыздандыратын жанталаса қарулануға жетелей алады, ол жүйенің және оған кіретін мемлекеттердің ортақ қауіпсіздігін төмендете де алады.

Реалистер үшін дүниедегі тұрақтылық тек орын алып отырған күштер балансымен анықталады. Халықаралық жүйенің табиғаты және мемлекеттердің қауіпсіздікті іздестіруін бейнелейтін олардың тәртібі туралы осынау жорамалдар астам державалардың соғыстан кейінгі кезеңдегі саясатын реалистердің талдауымен жақсы қойындасатын АҚШ пен КСРО­дағы жанталаса қарулануды олар қауіпсіздік дилеммасының классикалық оқиғасы ретінде сипаттайды және тіпті қатаң биполярлылық күштер балансын жасайды, ол Кеннет Уолцтың және басқа реалистердің пікірі бойынша, қауіпсіздік кепілі болып табылады (Waltz, 1964). Осыған қарамастан, қырғи қабақ соғыстың шиеленісуі «зорлық­ зомбылықтың жаңа технологиясының пайда болуына» және ұлттық қауіпсіздік өрісінің ­халықаралық қатынастардағы «жаңа маманданудың» пайда болуына алып келді, ол содан кейін қауіпсіздік проблемаларын тек әскери шеңберде ғана қарастыратын болды деген қорытынды жасалады(Веск and Berkowitz, 1966. P. 122). Ядролық қару­жарақ және мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігі проблемасы жөнінде АҚШ­ та және НАТО­ның басқа елдерінде таралған стратегиялық ой жүйесінің арқасында дүниеге реалистік көзқарас үстем көзқарасқа айналды. Ұлттық қауіпсіздікті түсіну ядролық соғысты қабылдауға болмайтындығы ядролық тежеу мен ядролық күштер балансын қауіпсіздіктің синонимі етеді деген топшылауға негізделді.

Читайте также:  ДІНИ ЭПОСТАРДЫҢ ТАҚЫРЫБЫ МЕН ИДЕЯСЫ

Қырғи қабақ соғыс идеологиясы реализм теориясына сәйкес келіп тұрғанда, халықаралық қауіпсіздікті ұлы державалар арасындағы стратегиялық қатынастармен салыстыру тіпті қырғи қабақ соғыс кезеңінде де сынға ұшырамай қалмады (Wolfers, 1952). Хедли Булл (Bull, 1965) пікірі бойынша, қауіпсіздік туралы толғамдардағы этноцентризм кеңес ­американ қатынастарына ден қояды және демек, сол мемлекеттердің қауіпсіздігі жалпы алғанда халықаралық жүйенің қауіпсіздігіне теңестіріле бастады. Қауіпсіздіктің әскери ­саяси мәселелеріне мұншама шұқшиюдың салдарынан мемлекеттер арасындағы экономикалық қатынастармен айналысатын теоретиктердің еңбектері «төмен саясат» өрісіне қатысты деп қарастырылатын болды. Қырғи қабақ соғыс аяқталмай жатып­ақ биполярлық жүйе бұзыла бастаса да, ал экономика мәселелері 1970­жылдардағы «мұнай есеңгіреуінен» кейін ұлттық қауіпсіздік өрісіне ойысса да, қауіпсіздіктің мазмұны туралы айтыс­ тартыс тек 1980­жылдардың басынан жүргізіле бастады. Қырғи қабақ соғыстың жаңа толқыны ядролық соғыстың ықтималдығы жөнінде ой тудырды және жанталаса қарулануды күшейту қауіпсіздікті арттырумен сәйкесетіндігіне күмән туғызды.

Кеңінен тежеу туралы пікірталас негізінен АҚШ­тың Батыс Еуропа елдеріне уәде еткен қауіпсіздікке кепіл болу қабілеті туралы мәселеден әріге бармады. 1980­жылдарга дейін ұлттық қауіпсіздікті қолдап отыру мақсатында ядролық қару­жарақты орналастыру қауіпсіздікке құлай сенбеу түйсігін тудырды: парадокс, бірақ ұлттық қауіпсіздік туралы толғамдар шырқау шыңына Рейган әкімшілігінің Стратегиялық қорғаныс инициативасы мемлекеттің өз шекарасының шегінде азаматтарға қауіпсіздік кепілдігін беруге қабілетсіз екендігін анық көрсеткен кезеңде көтерілді. Осылайша, реализм теориясы мен мемлекеттің әскери қауіпсіздігі ядролық тежеу саясатының аманатына айналған азаматтарға төнген қатердің синониміне айналды. 1980­жылдардың аяғына қарай астам державалардың арасындағы жанжал бәсеңдеу сатысына көшкен, ал дүние жаңа халықаралық тәртіп табалдырығында тұрған кезде, қауіпсіздік тақырыбын оған Карр сонау 1945 жылы­ақ көрегендікпен көтерген мәселелерді енгізу арқылы кеңейту қажеттігі пайда болды. Бүгінде халықаралық қатынастар өрісі абдырап қалды: реализм парадигмасына толып жатқан теориялық қыр көрсету қауіпсіздік ұғымының жаңа анықтамалары және оған қол жеткізу тәсілдері ескілерден гөрі ғалымдар тарапынан әлдеқайда күшті дауға ұшырайтынын көрсетеді.

Читайте также:  Мемлекеттегі заң шығарушы, атқарушы және федерациялық билік

Қауіпсіздік проблемасы жөніндегі пікірталастар қауіпсіздікті дәстүрлі түсінуге тұғыр болған теориялық негіздерді ғана емес, аталмыш саланың жалпы эпистемологиялық негіздерін де ой елегінен өткізуде кейбір іргелі өзгерістерге алып келді. Қауіпсіздік мәселелерінің осы заманғы талдауы Батыс саясаткерлері мен ғалымдары, бұрынғы КСРО­дағы «жаңаша ойлау», Оңтүстік елдерінің ғалымдары алға тартқан көптеген бөліктерден тұрады. Ұлттық қауіпсіздік туралы ерте реализм теориясын бүгінгі реалистер мен реалистік бағыттың сыншылары қайта қарады. Астам державалардың бірінің жанталаса қаруланудан кенеттен бас тартуынан тіпті стратегиялық қоғамдастықта ядролық тежеудің орындылығы мен моральдылығы туралы, астам державалар арасындағы достық қатынастардың мүмкіндігі және соғыстың пайдасыздығы туралы айтыс басталды (Booth, 1993). Егер бұрын қырғи қабақ соғыс кезеңіне тән нәрсе астам державалар қауіпсіздігінің әскери өлшеміне баса ден қойылса, қазір қауіпсіздіктің анықтамасы кеңейтілген ­ оған экономикалық және экологиялық элементтер енгізілген. Оңтүстік мемлекеттерінің экономикалық тұрақсыздығы және Солтүстік мемлекеттерінің өз қауіпсіздігін оның «осалдығы» аясында қарастыруы жаңа дүниежүзілік тәртіп туралы айтыс­тартыс және олардың экономикалық, әскери және экологиялық қауіпсіздік салаларындағы өзара тәуелділік, АҚШ үстемдігінің құлдырауымен байланыстырылатын әлем экономикасы тұрақсыздығының кемуі мәселелеріне баса ден қоюын тудырды.

Бәлкім, қауіпсіздікке қайта баға беру ғылымның теориялық негіздері туралы мәселені көтеретін халықаралық қатынастардағы «үшінші дау­дамай» кезеңінде болып отырғандығы, жай ғана дөп келу болмас (Lapid, 1989). Осынау сыншыл көзқарастар осы заманғы дүниеге қауіпсіздік проблемаларын түсінбеу тән екендігін, реализмнің негізгі қағидаларын түбегейлі қайта қарау қажет екендігін көрсетеді; қауіпсіздігіне толып жатқан қатер төніп тұрған төтенше өзара тәуелді бүгінгі дүниеде, реализм сыншылары қауіпсіздіктің тек қана әскери­саяси өлшемдеріне ден қоятын мемлекеттік ­ орталықтық талдау ендігі жерде қойылатын талаптарға сай емес дегенді кесіп айтады.

Оставить комментарий