Репертуар және режиссура туралы

Қазақ театрының 30­шы жылдардағы шығармашылық қалыптасуы мен дамуы репертуар мен режиссура өнерінің ықпалына тікелей байланысты болды. Бұл кезеңдегі ұлттық сахна өнерінің өрістеп ілгері жылжуына Мұхтар Әуезовтің бел шешіп кірісуі оның тың ізденістеріне, кәсіби бағыт­бағдар алуына кепіл болды. ұлы драматург осы тұста театрдың әдебиет бөлімін басқарып, оның шығармашылық жұмысының жандануына мол ықпал етті. Ол тұңғыш құрылған ұлттық театрдың балаң шағының әдеттен тыс созылыңқырап кету себебін өзінше зерттеп, мұның сырын репертуар мен режиссураның әлсіздігінен, сахна мәдениетінің жетіспеуінен көрген М.Әуезов театрдың қазақ драматургиясымен шектеліп қалмауына баса көңіл аударды. Ұлттық шеңбермен шектеліп қалған сахна өнерінің шығармашылық өрісінің тар, көркемдік мазмұнының таяз болатынын талай ескерткен­ді. Ол ілгері кеткен елдердің шығармашылық тәжірибесіне сүйеніп, классика мен орыс драматургиясының озық үлгілерінің театр репертуарына еніп, сахнаға қойылуына айрықша ден қояды. Таңдаған пьесаларды аударуға жетекші драматургтерді жұмылдырып, өзі бас болып, көптеген күрделі пьесаларды қазақшаға аударады. Ғ.Мүсірепов өзінің бір сөзінде: «Бұрын Мұхтар бәрімізге театр, спектакльдер жайында мақала жазыңдар деп үгіттеуші еді, енді пьесаларды қазақшалаңдар деп мазалайтын болды», ­ дегені бар еді. Сол пьесалардың сахнаға қойылуы театрдың шығармалық болмысын кеңейтіп, бұрын­соңды таныс емес, жалпы адамдық ортаға тән әлеуметтік құбылыстарды суреттеуге, күрделі ізденістерге мүмкіндік туғызды. М.Әуезов ұлттық сахна өнерін дамытудың тағы бір аса қажетті көзі режиссурада екенін ескертіп, театрға кәсіби дайындықтан өткен тәжірибелі мамандар шақыруды да мықтап қолына алады. Осындай тыңғылықты жүргізілген ұйымдастырушылық жұмыстардың нәтижесінен театрға Мәскеу, Санкт­Петербург, т.б. қалаларда білім алып, күрделі шығармалық баспалдақтардан өткен М.Г.Насонов, И.Г.Боров, М.В.Соколовский, М.А.Соколовтардың бірі бас режиссер, енді бірі спектакльдер қойып, қазақ актерлеріне роль мен қойылым үстінде жаңаша жұмыс істеудің жүйелі жолдарын үйретеді. Бұлар ұлт тілін білмегендіктен актерлермен жұмыс тұсында М.Әуезов үнемі көмекке келіп отырған.

Ол драматургиялық шығармаларды жан­жақты талдап, оның көркем­идеялық мазмұнымен бірге, жеке кейіпкерлердің характер ерекшеліктерін, сахнада мән берілетін тұстарын актерлердің санасына құйып отырған. Әсіресе, әлемдік һәм орыс классиктерін сахнаға қоюда М.Әуезовтің шығармашылық ықпалы ұшан­теңіз болды. Драматург койылатын пьесалардың сахналық тарихы жайында мазмұндық лекция­сабақтармен бірге, режиссерлік шешім­байламдардың көркемдік мұрат­мақсатын, жеке кейіпкерлерге берілетін түсіндірмелерді (трактовка), қысқасы, қойылатын спектакльдерге қатысты ойларын егжей­тегжейіне дейін түсіндіріп отырған. Осындай талдаулар үстінде ол режиссер ойын өзінше жалғастырып әрі толықтырып отырған. Бұл үрдісте М.Әуезовтің режиссерге де көмегі аз тимеген. Ол қоюшыға оқиға мен кейіпкерлер тірлігінің қат­қабат мінез­құлқынан, тартыс әрекетінен анықтамалар келтіріп халықтың рухани күш­қуаты жайында түсіндірмелер беретін. Мұндай кеңестерді режиссермен бірге, актерлерге де, суретшілерге де үнемі айтып отырған. Қоюшы мен орындаушылардың дарынын, ізденістерін қолдап, құрметтей отырып, М.Әуезов шеберлік өнері мәселелерінің бәріне де араласып, атсалысатын. Ол дайындалып жатқан қойылымдарды үзбей көріп, оның көркемдік тамырын тап басып, әр сахна лүпілін айнытпай танитын да, қажет жерінде сауатты кеңесін де ұмытпайды. «Репетиция үрдісіндегі актер мен режиссердің өнерін осылай білгірлікпен танып бағалай білу М.Әуезовке ғана тән құбылыс. Орыс театрына А.Островский, М.Горький, А.Чехов қандай еңбек сіңірсе, М.Әуезов те қазақ театрына сондай еңбек сіңірген адам» [11, 3]. 30­шы жылдардағы ұлттық театрдың шығармашылық ізденісі мен табысының ұлы драматург есімімен байланысты болуы осыдан. Оның үйретулерінен кейін қазақ актерлері арнайы мектептен өткендей, шығармашылық өсіп­жетілудің тың деңгейіне көтерілгендей сезінетінін театрдың негізін қалаушылар талай еске алған­ды. 30­шы жылдардағы театр өнерінің дамуына Республика үкіметі де пәрменді қолқабыс тигізіп, оны жандандыруға бағытталған бірнеше қаулы­қарарлар қабылдайды. Солардың ішінде 1933 жылдың 8 қыркүйегіндегі «Ұлттық өнерді дамытудың шаралары» деген шешімге байланысты облыс орталықтарында театр труппалары мен студиялар ашу мәселелері қолға алынады. Бүгінгі Семей, Шымкент, Жамбыл, Атыраудағы облыстық театрлар осы 30­шы жылдардың орта шенінде ашылып, елімізде театр өнері дамудың жаңа белесіне көтерілді. Алматыда драма театрының жанынан актерлердің шеберлігін шыңдайтын студия ашылып, кәсіби мамандық деңгейін көтеруге ерекше көңіл бөлінеді. Мұнда әсіресе, актерлердің музыкалық білімін көтеріп, әншілік қабілетінің дұрыс қалыптасуына барынша ден қояды.

Читайте также:  Бүгінгі заман мифтері

Актер шеберлігі, сахналық сөз техникасы, музыка теориясы, дауыс жаттықтыру, әдебиет тарихы, т.б. сабақтар арнайы кесте бойынша жүргізілген. Бұл жолғы музыкалық дайындықтың орны бөлек. Бұрынғы актерлік шеберліктерінің үстіне, асқан шығармалық шабытпен музыка өнерін меңгерген, ән мен биге бейімі бар топ Құрманбек Жандарбеков, Қанабек Байсейітов, Күләш Байсейітова, Үрия Тұрдықұлова, биші Шара Жиенқұлова тағы басқа жас таланттар Жұмат Шаниннің жетекшілігімен 1934 жылы 13 қаңтарда «Айман ­ Шолпан» музыкалық комедиясымен қазақтың тұңғыш музыкалық театр шымылдығын ашты. Осылайша қазақтың драма театрының ішінен өз алдына отау тігіп, ұлттық музыкалық сахна өнерінің дүниеге келуі халқымыздың рухани тарихындағы ерекше мәдени құбылыс болды. Халық ағарту комиссариаты жоғарыдағы аталған қаулы­қарарларын жүзеге асыру мәселелерін одан әрі жалғастырып, Мәскеу, Санкт­Петербург, т.б. қалаларда білім алып, күрделі шығармалық баспалдақтардан өткен М.Г.Насонов, И.Г.Боров, М.В.Соколовский, М.А.Соколовтардың бірі бас режиссер, енді бірі спектакльдер қойып, қазақ актерлеріне роль мен қойылым үстінде жаңаша жұмыс істеудің жүйелі жолдарын үйретеді. Бұлар ұлт тілін білмегендіктен актерлермен жұмыс тұсында М.Әуезов үнемі көмекке келіп отырған. Ол драматургиялық шығармаларды жан­жақты талдап, оның көркем­идеялық мазмұнымен бірге, жеке кейіпкерлердің характер ерекшеліктерін, сахнада мән берілетін тұстарын актерлердің санасына құйып отырған. Әсіресе, әлемдік һәм орыс классиктерін сахнаға қоюда М.Әуезовтің шығармашылық ықпалы ұшан­теңіз болды. Драматург койылатын пьесалардың сахналық тарихы жайында мазмұндық лекция­сабақтармен бірге, режиссерлік шешім­байламдардың көркемдік мұрат­мақсатын, жеке кейіпкерлерге берілетін түсіндірмелерді (трактовка), қысқасы, койылатын спектакльдерге қатысты ойларын егжей­тегжейіне дейін түсіндіріп отырған. Осындай талдаулар үстінде ол режиссер ойын өзінше жалғастырып әрі толықтырып отырған. Бүл үрдісте М.Әуезовтің режиссерге де көмегі аз тимеген. Ол қоюшыға оқиға мен кейіпкерлер тірлігінің қат­қабат мінез­құлқынан, тартыс әрекетінен анықтамалар келтіріп халықтың рухани күш­қуаты жайында түсіндірмелер беретін. Мұндай кеңестерді режиссермен бірге, актерлерге де, суретшілерге де үнемі айтып отырған.

Читайте также:  АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ

Қоюшы мен орындаушылардың дарынын, ізденістерін қолдап, құрметтей отырып, М.Әуезов шеберлік өнері мәселелерінің бәріне де араласып, атсалысатын. Ол дайындалып жатқан қойылымдарды үзбей көріп, оның көркемдік тамырын тап басып, әр сахна лүпілін айнытпай танитын да, қажет жерінде сауатты кеңесін де ұмытпайды. «Репетиция үрдісіндегі актер мен режиссердің өнерін осылай білгірлікпен танып бағалай білу М.Әуезовке ғана тән құбылыс. Орыс театрына А.Островский, М.Горький, А.Чехов қандай еңбек сіңірсе, М.Әуезов те қазақ театрына сондай еңбек сіңірген адам» [11, 3]. 30­шы жылдардағы ұлттық театрдың шығармашылық ізденісі мен табысының ұлы драматург есімімен байланысты болуы осыдан. Оның үйретулерінен кейін қазақ актерлері арнайы мектептен өткендей, шығармашылық өсіп­жетілудің тың деңгейіне көтерілгендей сезінетінін театрдың негізін қалаушылар талай еске алған­ды. Қазақ театрының классикалық аударма пьесаларды қоюдағы алғашқы сахналық тәжірибелері сәтсіздікпен аяқталды. 1927 жылдың ішінде А.Пушкиннің «Тас мейман», «Сараң сері», У.Шекспирдің «Гамлет» қойылымдары аяқталмай тоқтатылып қалды. Өйткені ­ театрдың мұндай күрделі дүниелерді меңгеруге шығармалық шама­шарқы жетпеді. Сол сияқты 1928 жылы Серке Қожамқұловтың режиссурасымен қойылған Гогольдің «Үйленуі» де сәтсіз шықты. Гоголь заманының дәуір тынысы, тұрмыс­салттық шындығы көркемдік шамамен ғана суреттелген. Орындаушылар мен қоюшыға әйгілі комедияның сахналық болмысын анықтап, көркемдік шешімін табу қиын еді. Классикалық репертуарды меңгерудегі алғашқы талпыныс шығармалық ұжымға орыстың театр мәдениетінің аса қажеттілігін толық аңғартты. Актерлер қауымы орыс театрының сахналық тәжірибесін меңгерудің маңызына іс жүзінде көз жеткізді. Мұны орыс театрының режиссері М.А.Соколов қойған Д.Фурмановтың «Бүліншілік» романы негізіндегі сахналық жүйеден (сахналық жүйесін түсіріп әрі аударған Қ.Байсейітов) көруге болады. Бір маусым бұрын орыс театрының сахнасына қойылған бұл спектакльде қазақ актерлері де ойнаған. Мына қойылым оларға жеңілдеу, бұрынғы репетицияларға қатысып, қандай тапсырмалар қойылып, қандай түсініктемелер берілгенін көрген актерлерге бұл жолғы ізденістері әлдеқайда сәтті болды.

Орыс актерлері мен М.А.Соколовтың жұмысына сүйенген театр еліміздің мәдени һәм қоғамдық өміріндегі көркемдік құбылысқа айналған спектакль болып шықты. Мұнда төңкерісшіл күштердің жеңісі, жас кеңес елінің дұшпандарына тойтарыс беруі шынайы бейнелеу тапқан. Қойылымның орталық кейіпкері табанды төңкерісшіл­коммунист, батыл да байсалды Фурмановтың бейнесін жасаған Қ.Жандарбеков. Оның комиссары дүниенің астаң­кестеңін шығарған бүлікшілерге өзінің партиялық сенімімен барады. Есіріп алған бүлікшілердің алдында ол асқан сабырлылық, алғыр ойлылық танытады. Әбден басынып алған бүлікшілер Фурманов пен оның штабын талқандап, күлін көкке ұшыруға дайын. Күшке сүйеніп, қызыл кеңірдек болған топ оның сөзін еріксіз тыңдайды. Көрікті де жас Фурманов ­ Жандарбековтың батыл да жинақы, дәлелді сөзінің ығына амалсыз жығылған бүлікшілер енді оны қостайтындарын білдіреді. Фурманов пен бірге әрекетке араласатын Шағабутдинов Қ.Байсейітовтың орындауында комиссарға қарағанда жігерлі, қызуқанды жан болып көрінген. Әсіресе, Шағабутдиновтың ешкімге ерік бермей, асқан ептілікпен арбаның үстіне ырғып шығып, бас киімін сығымдап ұстап, жалынды сөздің жалынан ұстау сахнасы келісті шыққан. Үйдің астыңғы қатарында жаза күтіп отырған Фурманов пен оның қаруластарының сахнасы терең драматургиялық тартыста шешілген. Фурманов хабар жазып, штабқа жетеді деген үмітін жасырады. Мұнда Шагабутдинов қана өзін­өзі ұстай алмай мазасыздық үстінде. Өзі мен достарының тағдыры мазалаған ол торға түскен жолбарыстай бірде есікке, бірде терезеге алаңдап, дамылсыз өзімен­өзі арпалысуда. Қойылымның кейбір көріністері шынайы шығып, оның тұтас көркемдік сипатына кепіл болған. Осы тұрғыдан қарағанда спектакльдің соңғы сахнасы өте әсерлі шыққан. Қызыл Армия бөлімшелерінің қалаға таяп қалғанын хабарлағанда бүлікшілер басшыларының қатты абыржуы, біреулері жағасындағы лауазымдық белгілерін дереу жұлып жатса, енді біреулері үстіндегі әскери костюмдерін жай киімге ауыстырып, қашуға ыңғайлана бастауы трагикомедиялық бояу тапқан. Осы көріністің атмосферасынан бүлікшілердің жеңіліс табатыны айқындала түседі.

Читайте также:  2003 ЖЫЛЫ ИРАКҚА АҚШ ӘСКЕРІНІҢ БАСЫП КІРУ СЕБЕПТЕРІ

Ал, соңғы көріністе Фурмановтың қасынан Қызыл Армияның тұрақты бөлімшелеріне айналған бұрынғы бүлікшілер полкының өтіп, төңкеріс қолбасшысының нұсқауымен төңкерістік міндетті атқаруға бара жатуы, төңкерісшіл күштердің жеңісі оптимистік үлгіде большевик партиясы идеясының үстемдік етуі болып көрінген. Спектакль бірнеше маусым көрсетіліп келді. Мұндай сәтті шығарманың маңызды көркем­ идеялық мазмұндылығымен бірге, қойылымдағы оқиғаның Верный (Алматы) қаласында өтуі көпшілік есінде қалып, қызықтыра түсуі де оның табысты өтуіне ықпал еткен. Бұл қойылымның тәжірибесі орыс театр мәдениетімен жақын танысудың қажеттілігін дәлелдеп шықты. Бірақ тәжірибелі Соколовтың бір ғана қойылымы қомақты көркемдік нәтижеге жеткізе қоймайтыны өзінен­өзі белгілі. Мұнан кейін театр қайтадан кәсіби режиссерсіз қалды. Тек 1932 жылдың басында орыс театрының басқа режиссері Я.П.Танеевты шақырып, ол М.Я.Тритердің «Сүңгуір қайығын» сахналайды. Режиссердің ой­ тұжырымына қарай суретші С.Столяров қазақ сахнасына тұңғыш рет көркемдеудің шарттылық үлгісін енгізген. Сахнадағы екі қабат станоктың бірде кафе­бар, бірде кеменің палубасы, бірде теңізшілер бөлмесі болып ауысып отыруы актерлерді қызықтырып, әрекеттің толассыз дамуына мүмкіндік туғызған. Соған қарай оқиға орындары да жылдам ауысып, мизансценалары айқын да сан қилы болып шыққан. Бұл қойылым басқалардан ұғымды үлгісімен, актерлердің үйлесімді пішінімен де жаңашыл түрге түскен. Спектакльдің декорациялық көркемдеуімен бірте режиссер роль үстіндегі жұмысқа да жаңаша келіп, этюд әдісі арқылы актер техникасының өзіндік сырына барынша көңіл аударған. Бұл сол уақыттағы шеберлік шыңдаудың төте де тиімді жолы болатын. Мұндағы азамат соғысы тұсындағы орыс зиялыларының төңкеріске, кеңес үкіметіне қарама­қайшы көзқарасы ­ қойылымның идеялық тартыс желісі. Біріне­бірі қарсы келген ағайынды Алениндер, Игорь роліндегі ­ Қ.Бадыров, Александр ­ Қ.Жандарбеков орындауларында осы идеялық қайшылық барынша айқын ашылған. «Сүңгуір қайықты» қою үрдісінде актерлердің сахналық мәдениеті жаңа бір деңгейге көтеріліп, дайындықтың тың әдіс­амалдарын меңгеруге бет алды. Актерлер толық сахна кеңістігінде, түрлі дыбыс­шу, сан қилы жарықпен көмкерілген көріністерде әрекет желісіне нұқсан келтірмей ойнай беру үрдісіне де жаттыға бастайды. Бұған М.Г.Насоновтың кәсіби режиссурасымен бірге актерлік шеберліктен жүргізген сабақтарының мол ықпалы тигені ақиқат.

Оставить комментарий