РЕСЕЙ МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ САЯСИ-ӘСКЕРИ ЫҚПАЛДАСУЫ

Орталық Азия жер бетіндегі ең ірі құрлық — Еуразияда орналасқан және геосаяси жағынан маңызды рөлге ие. КСРО-ның ыдырауы және 15 жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы Еу- разия құрлығындағы геосаяси трансформацияға әкелді. Бүгінгі таңда Орталық Азия ұлы дер- жавалар мен халықаралық ұйымдардың назарын өзіне аударып, қатысушыларының құрамына байланысты әртүрлі күштердің бәсекелестік әрекет ету аренасына айналды. Жаһандану процесі қарқындап, әлемде энергоресурстар үшін күрес шиеленіскен қазіргі таңда орталық азиялық өңірдің рөлі мен маңызының айтарлықтай артқанын бірнеше жылдар бойы көптеген елдердің сарапшылары айтып келеді. Осы орайда Орталық Азиядағы геосаяси белсенділігі артып отырған мемлекеттерінің бірі – Ресей болып табылады. Геосаяси, экономикалық, және әскери мүдделер тұрғысында бұл өңірдегі ресейлік саясатының басты бағыттары келесідей факторларға негізделеді: • Ресей Орталық Азияны оңтүстіктегі шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бу- ферлік зона ретінде қарастырады; • Өзінің энергетикалық жоспарын жүзеге асыру шеңберінде Каспий аймағында ықпалын сақтау; • Орталық Азияда өз құзіретін өсіру арқылы АҚШ және Қытай секілді ойыншылардың өңірдегі доминантты рөлге ие болуына тосқауыл жасау; • Орталық Азия мемлекеттерінің Ресеймен байланысын интеграциялық үдерістер аясында жүргізу [1, 48-53]. Ресейдің Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға белсене қатысуы өңір мемлекеттері үшін де маңызды болып отыр. Орталық Азия мемлекеттеріне төнетін қауіптер қатарына Ауғанстан мәселесі жатқызылады, себебі Ауғанстандағы әлсіз билік, қираған экономика, жемқорлық пен орталыққа бағынбайтын қылмыстық топтар әсерінің көршілес мемлекеттерге жайылу қаупі тұр. Келесі қауіптер қатарына КСРО-ның күйреуінен кейін қордаланған әлеуметтік-экономикалық мәселелер, түрлі діни-экстремистік ұйымдардың әрекеттері мен ықпалының кеңею үдерістердің тұрақты сақталуы мен келешекте тіптен қақтығыстарға соқтыруы мүмкін Орталық Азия мемлекеттері арасындағы шекара, аумақ және табиғи ресурстар мәселелеріне байланысты қайшылықтар мен даулар кешені сақталып отыр. Ресейдің Орталық Азиядағы саясатының даму барасын сараптауға тәуелсіздіктен бері қазіргі күнге дейін қабылданған елдің сыртқы саяси концепциялары, екіжақты және көпжақты құжаттары мүмкіндік береді. Құжаттарға сәйкес Ресей саясатының өзгермелі де алға жылжыған қалпын байқауға болады. 1992 жылғы РФ сыртқы саяси концепциясында [2] Орталық Азиядағы ерекше мүдделер туралы қарастырылмады. Құжатта Ресейдің геосаяси жағдайы көптеген бағыттарда белсенді әрі прагматикалық саясат жүргізуді талап ететіндігі мен Ресейдің Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) және жақын шетел мемлекеттерімен қатынас мәселесі ресейлік реформалар- мен, дағдарысты жеңу келешегі мен Ресейдің қалыпты өмір сүруін қалыптастыра білуімен тіке- лей байланыстылығы көрсетіледі. Алайда құжатта Тәжікстандағы азамат соғысынан туындаған аймақтағы діни фундамента- лизм қаупінің орнағаны көрсетілді. Өңірдегі саясат 1995 жылғы «ТМД мүше мемлекеттеріне қатысты Ресей Федерациясының стратегиялық бағыты туралы» [3] РФ Президентінің қаулысы анықтаған ортақ стратегия ая- сында жүзеге асырылып келеді. Бұл құжатта ТМД аумағында Ресейдің экономика, қорғаныс, қауіпсіздік, ресейлік азаматтардың құқығын қорғау салаларындағы өмірлік маңызды мүдделері 380 381 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы № 1 (80) 2011 шоғырланған делінеді. Саясаттың негізгі мақсаты ретінде «экономикалық және саяси жағынан интеграцияланған мемлекеттер бірлестігін құру» жарияланды. Ресей бұл мақсатқа ұлттық экономикалық жүйелерді жақындату, бірыңғай кедендік одақты бірте-бірте кеңейту, болашақта капиталдық ортақ нарығын құру арқылы қол жеткізбек. Ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру мен ТМД мемлекеттерінің Қорғаныс одағына бірігу ниетін қолдау да қарастырылған. Сонымен қатар Орталық Азияға байланысты Ресей саясаты 2000 жылғы Ресей Федерациясының сыртқы саяси концепциясында [4] көрсетілген. Бұл құжатта ОА өңіріндегі АҚШ рөлінің күшеюі, орталық азиялық бағыттағы саясаттың тек кешенді тұрғыдан, яғни Ұжымдық қауіпсіздік келісімінің ұйымы (ҰҚКҰ), ЕурАзЭҚ және Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) мүмкіндіктерін қосқанда сәтті болады делінген. Сонымен қатар Қазақстан Ресейдің басты стратегиялық серіктесі ретінде анықталды. Себебі, Қазақстан өңірдегі интеграциялық үдерістер саласында жетекші рөл атқарып отыр. Ресей Федерациясының Президенті болып Д. Медведев сайланғаннан кейін, ол 2008 жылы өзінің жаңа сыртқы саяси концепциясын [5] ұсынды. Бұл концепцияда да Орталық Азияға қатысты саясатты ТМД мемлекеттеріне байланысты бөлімде және ҰҚКҰ аясындағы саясат- ты анықтау барысында көруге болады. Осыдан Ресей саясатындағы ОА мемлекеттері ТМД- нан бөлінбейді, ТМД-ға байланысты саясат неғұрлым өзекті болса, ОА-ға байланысты сая- сат соғұрлым өзекті болып табылады. Аталған құжатта ТМД мемлекеттерімен екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты нығайту приоритеттік бағыт болып белгіленді. Ауғаныстаннан ке- летін нашақорлық, лаңкестік қауіптерді жою мен Орталық Азияда жағдайдың тұрақсыздануының алдын алу – Ресейдің алғашқы кезектегі міндеттер болып анықталды. Көпжақты ынтымақтастық Ресей мен Орталық Азия мемлекеттері арасында ТМД, ШЫҰ және ҰҚКҚ аясында жүргізіледі. Сондықтан аталған ұйым шеңберінде қабылданған келісімдерді қарастыру барысында ынтымақтастықтың бағыттары мен басымдылықтарын анықтауға болады. 1991 жыл 8 желтоқсанда қабылданған Тәуелсіз мемлекеттер достастығы келісімі [6, 101] мен 1991 жылғы 21 желтоқсандағы қосымша хаттамада [7, 13-14] КСРО-ның халықаралық құқықтың субъектісі ретінде өмір сүруін тоқтататындығы көрсетіліп, мемлекеттердің ТМД-ны құратындығы бекітілген. Келісімде тараптардың адам құқығы мәселесіне аса назар аударуға ұмытылысы байқалады. Сонымен қатар жаңа тәуелсіз мемлекеттер өздерінің арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара ықпалдастықты саяси, экономикалық, гуманитарлық, мәдени, ғылым, қоршаған ортаны қорғау және т.б. салалардағы келісімдермен бекітуге уағдаласты. ТМД-ның Жарғысында [8, 105] Достастықтың мақсаттары мен қағидалары көрсетіліп, мүше болу талаптары қарастырылады. Ұжымдық қауіпсіздік және әскери-саяси ынтымақтастықты қамтамасыз ету жолдары және қақтығыстарды жою, дауларды шешу шаралары назардан тыс қалмаған. Достастыққа мүше мемлекеттер аумағында экономикалық, әлеуметтік және құқықтық саладағы ынтымақтастықты дамыту бөлек тарауда қарастырылады. Жарғыда сонымен қатар ұйымның органдары белгіленіп, өкілеттіліктері мен міндеттері анықталған. Ресейдің Орталық Азия мемлекеттерімен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығы ТМД форматында басталған болатын. Қауіпсіздікті қамтудың алғашқы тетігін құрудағы алғашқы ұмтылыс Тәжікстандағы азамат соғысы кезеңінде ТМД-ның Ұжымдық бітімгершілік күштерін құруда байқалды. Оның құрамына ресейлік 201-і мотоатқыштар дивизиясы мен Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстанның бір-бір еркін батальоннан кірді. Бітімгершілік күштер жағдайдың тұрақтандыру мен қақтығыстың Орталық Азия көрші мемлекеттерінің аумағына таралуының ал- дын алуда үлкен үлес қосты. 1995 жылы құрылған ТМД атом қаруынан қорғанудың біріккен жүйесі көпжақты ықпалдастықтың бір қыры болды. Оның аясында жыл сайын ТМД елдерінің ұлттық қарулы күштерінің қатысуымен «Жауынгерлік ынтымақтастық» жаттығулары өткізіліп тұрады. Алайда Ельцин басшылығы жүргізген «ұлттық республикалар ауырлығынан құтылу» саясаты Кремльдің Орталық Азия мемлекеттерімен қауіпсіздік саласындағы көпжақты ынтымақтастыққа деген қызығушылығын төмендетті. Ал ТМД аясындағы ынтымақтастық протоколдық кездесулер мен жария ниетті ғана көрсететін ресми сипатқа ие болды. 90-ы жылдарға тән түсініксіздіктен кейін Ресейдің ТМД мемлекеттеріне қатысты ұмтылыстарын күшейту тұсы 1999 жылы Мем- лекет басылары кеңесінің «ТМД мүшелерінің лаңкестікпен күресте ынтымақтастық туралы» келісім болды. Аталған келісім қарулы күштер ықпалдастығының құқықтық негізін қалағанымен, айтарлықтай лаңкестіктің алдын алуда да, толық қанды ынтымақтастыққа да жол аша алмады. Бұл мәміленің негізгі нәтижесі 2000 жылы ТМД-ның лаңкестікке қарсы орталығының ашылуына әкелді. Орталықтың мақсаттарына келесілер кірді: — халықаралық лаңкестікпен күресте ынтымақтастықтың бағыттары туралы ұсыныстар даяр- лау; — арнайы және құқық қорғау органдарының ықпалдастығының кеңесулерін қамтамасыз ету; — лаңкестікке қарсы жаттығуларды дайындау және өткізуге қатысу; — жедел іздестіру шараларын өткізуде ықпалдастық; — арнайы ақпараттар банкін құру. Аймақтағы қалыптасқан жағдайға байланысты 2001 жылы Бішкекте Орталықтың Орталық Азия бойынша бөлімшесі ашылды. Жыл сайын Орталықтың белсенді қатысуымен Орталық Азия аумағында «Оңтүстік – Антитеррор» атты жаттығулары өткізілуде. Қорытындыласақ, көптеген кездесулер мен ондағы жариялаулардың нәтижесінде тартымды су- рет қалыптасқанымен, ТМД форматында құрылған атқарушы құрылымдар өз міндеттерін орындай алмай отыр. Ельцин кезеңінің қалдықтарының сақталуы мен ұлттық және өңірлік қауіпсіздікке төнуші қатерлерді бағалаудағы түрлі әдістер оған негізгі себептер болып отыр. ТМД аясындағы жалғыз сәтті іс Лаңкестікке қарсы орталықтың Орталық Азиядағы бөлімшесінің әрекеттері мен тәжірибесі болып табылады. Бірақ қауіпсіздік саласындағы көпжақты ынтымақтастықтың негізі ҰҚКҰ мен ШЫҰ өңірлік ұйымдарының назарында болатыны байқалады. Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік жүйесінің бастауы болып саналатын 1992 жылы 15 мамырда қабылданған Ұжымдық қауіпсіздік келісімі [7, 15-17] сол кезеңнің маңызы жөнінен алдыңғы қатарлы оқиға болып саналады. Қатысушы мемлекеттердің бір-біріне қарсы бағытталған әскери одақтарға мүше болмау міндеткерлігін алуы және үшінші бір мемлекеттің немесе мемлекет- тер тобының біреуіне қарсы шапқыншылығы барлығына қарсы бағытталған басқыншылық ретін- де қабылданып, бір-біріне өзара көмек көрсетуі келісімнің негізін құрады. Ұлттық мүдделеріне қатысты қауіпсіздік мәселелерін бірге талқыға салу, бір немесе бірнеше қатысушы мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен мемлекеттік егемендігіне қауіп төнген жағдайда қалыптасқан қатерге қарсы бірлесе әрекет ету мәселесі де көрсетілді. 1992 жылы Ташкентте жасалған Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ТМД шеңберіндегі ша- ралармен сәйкес әрекетсіз және жариялау сипатында болғандықтан, бірқатар мүшелердің бас тар- туына соқтырды (Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия). Келісімнің қайта жаңғыруы 2002 жылы Ресейдің бастамасымен ҰҚК-н ұйымға айнал- дыру ұсынысынан басталды. 2004 жылы ұйымға Өзбекстанның қосылуы орталық азиялық құраушысының күшеюіне жол ашты. Сонымен қатар ҰҚК аясында Орталық Азияда жалпы саны 1.5 мың адамы бар, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан әскери құрамаларынан тұратын Ұжымдық жедел жасақтама күштерін (ҰЖЖК) құру шешімі қабылданды [9, 6]. 2003 жылы Қырғызстандағы «Кант» авиабазасында аталған біріккен күштердің құрамына кіретін ресейлік ӘӘК-нің авиациялық топтары орналастырылды. 2004 жылы Мәскеудің ұсынысымен ұйым ҰЖЖК санын 4 мыңға көбейтуге бел буды. Осы жылдан бастап ҰҚКҰ аясында жыл сайын «Рубеж» әскери жаттығуларын өткізу дағдыға айналды [10]. 2003 жылдан бастап ҰҚКҰ аясында тұрақты түрде есірткіге қарсы «Канал» операциясы өткізіліп, 2003-2006 жылдар аралығында 48 тонна есірткі тәркіленген. Ұйымға қатысушылардың арасында тығыз ынтымақтастық орнатуда бағытталған маңызды шешімдер 2007 жылы Душанбеде өткен Мемлекет басылары кеңесінде қабылданды. Ресейдің ұсынысымен құжаттардың екі бумасына қол қойылды: ұйым аясындағы бітімгершілік күштердің механизмін нормативтік және ұйымдастыру жағынан рәсімдеу және әскери-экономикалық ынтымақтастық комитеті әрекеттерінің нормативтік- құқықтық базасын кемелдендіру. Қазіргі таңдағы ҰҚКҰ-ның посткеңестік елдер үшін маңызға ие болуы оның әскери құрамасы бар жалғыз арнайы өңірлік қауіпсіздік институты болуында жатыр. Сонымен қатар ҰҚКҰ қатерлерге қарсы тұруда керекті ұйымдастыру, нормативтік және саяси құралдарына ие болып қана қоймай, экономика, мәдениет өлшемдеріне де назар салады [11, 11]. Осындай қалыпта ұйым мүшелеріне тартымды болып табылады, әсіресе оның көмегімен Орталық Азиядағы өз позиция- сын нығайтуға ұмтылушы Ресейдің ынтасы ерекше. Алайда тиімділігін көрсете білген ҰҚКҰ-ның мәселелері де аз емес. Біріншіден, ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуші ұйым ретінде ҰҚКҰ саяси компонент- 382 383 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы № 1 (80) 2011 терді дамытуға көңіл бөлуге, қатысушы мемлекеттердің аумағындағы қақтығыстармен жұмыс істеуге қақтығыс алдан алу мониторингімен айналысуға, алдын алу шаралары мен санкцияларды дамытуға, келіссөз процестері мен қақтығыстан кейінгі реттеуді ұйымдастыруға міндетті. Алай- да бақыланғандай, 2005 жылғы Қырғызстан мен Өзбекстандағы оқиғаларда ұйымның әрекетсіз бақылаушы ролі бұл міндеттемелердің орындалмағанын көрсетті. Екіншіден, ҰЖЖК кіретін ресейлік бөлімшелерден басқалары ұрысқа дайындық деңгейі қажеттіден төмен. Қазірде бұл күштер әскериден көрі психологиялық ұстап тұрудың кепілі болып отыр. 2007 жылы қабылданған ұжымдық бітімгершілік күштер туралы шарт жүзеге асып үлгерген жоқ. 2001 жылы 15 маусымда қабылданған Шанхай ынтымақтастығы ұйымын құру туралы де- кларациясы [7, 149-151] Шанхай бестігінің бес жылдық нәтижелі жұмысынан кейін қатысушы мемлекеттердің сапалық жаңа деңгейдегі ынтымақтастыққа өту үшін ШЫҰ-н құру қабылданды. Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты ретінде мүше мемлекеттер арасында сенім, достық және тату көршілікті нығайту, аймақтағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету және қорғау ретінде анықталды. Құжатта ұйымның ешқандай мемлекетке не өңірге қарсы бағытталмағаны көрсетіле келе, кез келген формада шет мемлекеттермен диалог құруға ашықтығы жазылған. Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесіне ден қоюшы келесі бір ұйым — ШЫҰ. Халықаралық лаңкестікке қарсы күресуде арнайы органдар арасында тығыз ықпалдастықты жүзеге асыру үшін 2004 жылы Ташкентте аталған ұйымның Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымы ашылды (АТҚҚ). Ұйым аясында 2003 жылы «Взаимодействие – 2003» жаттығуы, 2004 және 2005 жылда- ры Қытайда семинарлар, 2007 жылы Ресейде «Мирная миссия – 2007» атта кең ауқымды әскери жаттығу өткізілді. Әсіресе бұл шаралардың Ресей үшін маңызы зор. Ресейдің ШЫҰ-на дамудың әскери-саяси бағытын беруге ұмтылысы байқалады. Бұл, бір жағынан, Орталық Азиядағы позициясын нығайтса, екінші жағынан, Қытайдың және басқа мемлекеттердің әскери әлеуетін тарта отырып, өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатын бейнелейді. Алайда Ресейдің ШЫҰ аясындағы орталық азиялық мемлекеттермен қатынасының келешегі бірқатар маңызды жағдайларға байланысты белгісіз болып отыр. Біріншіден, Ресейдің ШЫҰ-ның әскери құрылымын күшейту ұсынысына орталық азиялық мемлекеттерінің көзқарастары біртекті емес. ШЫҰ-на мүшелік АҚШ және НАТО-мен ынтымақтастыққа тосқауыл бола алмады. Мұндай позиция Орталық Азия мемлекеттерінің өз мүдделерін жүзеге асыруда Ресей, Қытай және Батыс арасында дипломатиялық айлалары үшін кең алаң ретінде қажет. Екіншіден, ШЫҰ-на мүше барлық Орталық азиялық мемлекеттер ҰҚКҰ-на да мүше болғандықтан Ресеймен әскери саладағы ынтымақтастықта бірқатар қайталаулар орын алады. Сонымен қатар Ресей мен өңір мемлекеттері арасында сенімділіктің негізі бар ҰҚКҰ аясын- да нақты мәселелерге шешімдерді Қытайсыз қабылдау неғұрлым тиімді және келешекті болып көрінеді. Үшіншіден, ШЫҰ шеңберіндегі көшбасшы рөлі Ресейге емес, Қытайға тиесілі болуы себепті Пекин алдыңғы шепті Мәскеуге оңайлықпен бере қоюы екіталай. Қытай ынтымақтастықтың сауда- экономикалық құраушысына басымдылық бере отырып, Ұйымның негізінде әскери мегаблоктың құрудың кез келген идеясын қарсы тұруда. ШЫҰ асындағы әскери ынтымақтастықты дамыту мәселесінің тұрақты концептуалды негізі жоқ (блок кімге, неге қарсы бағытталуы тиіс). Жас ұйым ретінде ШЫҰ уақыт сынағынан өтуі тиіс болар. Оның болашағы негізінен Ұйым әрекеттерінің саяси-насихаттық емес, сараптамалық құраушысын күшейту қабілетіне байланы- сты. Осыған байланысты ШЫҰ Ресей үшін де жаңа қатерлерге жаңа да әдеттен тыс шешімдерді іздестіруде аса маңызды болып табылады. Ресей мен ОА мемлекеттері қатынастарының құқықтық негізін құрайтын құжаттар саяси және экономикалық ынтымақтастықтың жылдан-жылға серіктестік және стратегиялық сипатқа ие бола бастағанын көрсетеді. Қарым-қатынастардың негізі болып табылатын бұл келісімдер өңірдегі қауіпсіздік пен қорғаныс екенін ашып көрсетеді және өзара көмек туралы келісімдер бірте-бірте экономика саласындағы байланыстардың тереңдеуіне жол ашты. Әсіресе Ресейдің ОА мемлекет- теріндегі экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларына белсенді араласуын байқатады. Ресейдің Орталық Азия мемлекеттерімен қауіпсіздік саласындағы көпжақты ынтымақтастығының даму қарқыны мен сипатына қарап бірнеше қорытындыға келуге болады. 90-жылдардың басы, ортасы, тіпті соңына қарағанда да Мәскеудің орталық азиялық елдерге қатысты ретсіз де түсініксіз қадамдарына қарсы айтылған сындарға қарамастан, Ресейдің бұл өңірдегі белгілі бір деңгейдегі ықпалының сақталуы өңірдегі қайшылық ошақтарының өрбуіне жол бермеді. Билік басына В. Путин бастаған жаңа биліктің келуімен Ресейдің орталық азиялық өңірдегі саясатының белсендірілуі айқын байқалады. Өңір Ресейдің өмірлік маңызды кеңістігі ретінде қабылданғандықтан мұндағы буфер- лік қызметтің бәсеңдемеуі мен басқа мемлекеттердің позицияларының күшеюіне жол бермеу мақсаттары алға қойылып отыр. Сонымен қатар қазіргі таңда ресейлік басшылық орталық азиялық мемлекеттермен жақындасуда сәтті әрі тиянақты тактиканы таңдап алған: әскери ынтымақтастыққа мәжбүрлеу, соның ішінде көпжақты форматта. Аталған әдіс Ресейдің қазіргі кезеңдегі саяси және экономикалық мүмкіндіктеріне сәйкес келеді. Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруда Ресейдің қатысуына жағымды ықпал етуші механизмдер ҰҚКҰ мен ШЫҰ болып отыр. Ал Мәскеу ШЫҰ-н Вашингтонның қатысуынсыз Пекинмен ынтымақтаса өңірлік қауіпсіздік жүйесін құрудағы неғұрлым ыңғайлы құрал ретінде қарастырады. Жалпы алғанда Ресей мен Орталық Азия мемлекеттерінің саяси-әскери ықпалдасуы Таяу Шығыс, Орталық Азиядағы саяси тұрақтылықтың бірден- бір кепілі.

Читайте также:  Атырау облысының тұрақты даму мәселелері

Оставить комментарий