РЕСЕЙ ЖӘНЕ ЕУРОПА ТУРАЛЫ

Батыс пен Шығыс, Еуропа мен Азия біздің ақыл-ойымызда әлдебір қарама-қарсылық, кереғарлық секілді көрінеді. Батыс, Еуропа прогрестің, тынымсыз жетілудің, үздіксіз ілгерілеудің үйегі; Шығыс, Азия — осы заман адамдарына соншалық жексұрын тоқырау мен надандықтың үйегі. Бұл ешкім күмән келтірмейтін тарихи-географиялық аксиома, және осы заманғы ғылымның жолын қалтқысыз ұстанған орыс атаулы тоқырау мен надандық өрісіне жатқызып жіберілуі мүмкіндігін ойласа, бойын үрей билейді. Өйткені, егер Батысты таңдамасаң, Шығысты қалағаның; Еуропаны таңдамасаң, Азияны қалағаның — бұл арада орташа қалау жоқ; Еуропа-Азия, Батыс-Шығыс деген жоқ, болған күннің өзінде, орташа жағдай кімге дәрі.

Тоқырау мен надандықтың қоспасы атаулы зиянды да тажалды. Сонымен, дауысымыз жеткенше айғай салайық: біздің өлке — еуропалық, еуропалық, еуропалық өлке, прогресс бізге өмірімізден де қымбат, тоқырау ажалдан да жиіркенішті, прогресшіл, еуропалық, жалпыадамзаттық өркенияттан өзге құтқарылу жоқ, одан тыс тіпті ешқандай өркенияттың болуы мүмкін емес, өйткені одан тыс прогресс жоқ. Басқаша сөйлеу — ең зиянды күпірлік, ол күнәһарды өртеп жібермегеннің өзінде, бері салғанда, ойлай білетіндер қоғамынан аластатылуға тиіс, соның астам менсінбеуіне лайық күпірлік. Және осының бәрі — үстірт екені соншалық, тіпті жоққа шығарудың өзі барып тұрған сандырақ. Мен әлгінде ғана айтқанмын: дүниені бөліктерге бөлу, оның жалғыз критериумын құрлық пен теңіз арасындағы қарама-қарсылық құрайды, ол физикалық табиғат беретін, барлық басқа айырмашылықтарды (топографиялық, климаттық, ботаникалық, зоологиялық, этнографиялық және басқа айырмашылықтарды) қамтымайтын, тіпті оларды қаперге де алмайтын критериум, демек, осының жалғыз өзімен-ақ дүниенің бөліктері олардың біреуін басқасына қарама-қарсы қоюға боларлық қасиеттерді білдірмейді, білдіре де алмайды, еуропалық, азиялық, африкалық тұрпат дегенің біз бүтінге оның бөлшектерінің қасиеттерін телитін метафора ғана.

Тағы бір мысал келтірелік. Өзінің кеңістігінің коп бөлігінде адамзат қоғамының дамуына аса қолайсыз болып келетін Африканың өзінде — Мысыр және жалпы Жерорта теңізінің жағалауы шындап келгенде мәдениетке ең жоғары дәрежеде қабілетті өңірлер. Мен сондай-ақ Еуропаға тіпті дүниенің бір бөлігі деген мәніс беріле де алмайтынын, ол тек Азияның бір бөлігі екенін, онда да оның басқа бөліктері өзара қаншалық өзгешеленсе, соншалық қана өзгешеленетін бөлігі екенін, сондықтан ол логиканың барлық ережелерінен аттап өтпей, өзінің әртекті бүтініне қарсы қойыла алмайды деген болатынмын (мәселен, кейбір ерекшеліктері бар деген негізбен, Василий аралының бүкіл Петербургке қарама-қарсы қойыла алмайтыны секілді, ол тек әрқайсысының Василий аралынан кем емес елеулі ерекшеліктері бар Петербург не¬месе Выборг жағына, Адмиралтейск бөлігіне, Коломнаға және тағы басқаларына қарсы қойыла алады).

Бұған қосарымыз: өңірлердің өзінде табылмайтын қарама-қарсылықтарды олардың халқынан да таба алмайсың; өйткені, бүкіл дерлік Еуропаны арий тайпалары мекендегенімен, дәл сол тайпалар, шамалы кем мөлшерде, Азияның айтарлықтай бөлігіне қоныстанған. Дәл сол секілді прогресшілдіктегі жалған артықшылық та тіпті де Еуропаның әлдебір ерекшелігін құрамайды. Гәп мынада, дүниенің барлық бөліктерінде адамзат қоғамдарының азаматтық дамуына ерекше жарамды, біршама жарамды және мүлдем жарамсыз өңірлер бар, бұл жағынан алғанда еуропалық түбек жап-жақсы, байлық бұйырған, дегенмен қалған Азия да құралақан емес, онда өзінің батыстағы түбегіне қарағанда мәдениет үшін жарамды жерлер әлдеқайда көп, бұл жағынан ол салыстырмалы (бүкіл кеңістікке шаққанда) мағынада ғана кемшін соғар. Азаматтық пен мәдениет өркендей алатын барлық жерде олардың, нақ Еуропадағы секілді, прогресті сипаты болды. Прогресшіл Еуропаға ең кереғар деп қарсы койылатын Қытайды — тоқырау мен надандықтың ең кеселді түрін алып қаралық.

Бұл елде •ЮО миллионға жуық халық азаматтық жағдайда өмір сүреді. Егер де қытай еңбек өнімділігінің мөлшері жөнінде дәл цифрлар болса, Қытай саудасы түгел дерлік ішкі сипатта болғанына қарамастан, ағылшын және американ өнеркәсібі мен саудасының цифрі, бәлкім, шаң қауып қалар. Қытай өнеркәсібінің көптеген салалары, мәселен, бояулар, маталарды бояу, фарфор, көптеген жібек маталар, сырлайтын бұйымдар, т. т. еуропалық мануфактура үшін әлі күнге қол жетпейтін мінсіздік деңгейінде. Қытай егіншілігі, соз жоқ, жер шарында бірінші орын алады. Либихтің сөзіне сенсек, бұл пірден бір ұтымды егіншілік, өйткені орақ кезінде алғанының бәрін тек сол ғана топыраққа қайтарады және де бұл орайда шетелден тыңайтқыш тасымайды, тыңайтқыштың өзі де, дау жоқ, талан-тараж деп саналуға тиіс. Қытай бағбандығы да әлемдегі алғашқы орындардың бірінде. Қытай бағбандары, ағылшын фермерлері ірі қара мал тұқымымен не істесе, өсімдіктермен дәл соны істейді, яғни өсімдікке неғұрлым тиімді немесе белгілі бір мақсат үшін сүйкімді деп саналатын пошым береді, бойының өсуіне мүмкіндік бермей, ағыл-тегіл гүлдеп, жеміс беруге мәжбүр етеді.

Читайте также:  Үйлену оңай... немесе елімізде ажырасушылар саны неге көп?

Қытайлар бау өсіруде, тіпті бұл халық жалпы көңіл бола қоймайтын нәзіктікте де, тамаша нәтижелерге қол жеткізді. Олардың жер бедеріне қарай жасаған бақтары саяхатшылардың сөзіне сенсек, ғажайып пен алуандықтың асқары. Қытай фармациясы, тегінде аса қымбат заттарға ие болуы керек, тек еуропалық ғылымның менмендігі ме, немесе оғаш салақтығы ма, әйтеуір күні бүгінге дейін соны пайдалана алған жоқ. Қолдан балық өсіру Қытайға баяғыдан белгілі әрі орасан коп мөлшерде өндіреді. Қытайдың каналдарына пара-пар келетін орасан зор нәрсені басқа елдердің көрсете алуы екіталай. Қытай өмірі ыңғайлылығы бойынша коп жағынан, әсіресе — егер оны қазіргі кезбен емес, осы жүзжылдықтың алғашқы ширегімен салыстырсақ, еуропалықтардікінен кем түспейді. Оқ дәрі, кітап басу, компас, жазу қағазы қытайларға баяғыдан белгілі, және, тегінде, Еуропаға да солардан жеткізілген болуы керек.

Қытайларда орасан зор әдебиет, өзіндік философия, рас, космологиялық тұрғыдан жетіле қоймаған, бірақ мәжуси халық үшін анық та асқақ этика жүйесі бар. Кометалар Ежелгі гректердің зәре-құтын қашыратын замандарда, қытай астрономдары, дейді Гумбольдт сол аспан денелерін ғылыми тұрғыдан бақылайтын болған. Ғылым мен білім әлемнің ешбір жерінде дәл Қытайдағыдай ерекше құрмет пен ықпалға ие емес. Шынымен-ақ көне гректер мен римдіктердің өркениятына көп жағынан шаңын да көрсетпейтін, ал өзге бір мәселелерде қазір де еуропалықтар үшін үлгі бола алатын осынау азаматтықтың, өнеркәсіптік және бірқатар жағдайларда тіпті ғылыми дамудың жоғары дәрежесі Юпитердің басынан өсіп шыққан Минерва секілді, алғашқы қытайдың басынан бар болмысымен шығып, ал содан кейінгі төрт немесе бес мың жыл бойғы оз тіршілігінде бұл халық ескіні шайнай беріп, ілгері жылжымағаны ма? Азия материгінің қиыр шығысында қол жеткізілген бұл табыстар өзінің қиыр батысындағы — еуропалық түбектегі ұрпақтардың бірте-бірте жинақтала берген ақыли және физикалық, дербес те өзіндік еңбегінің нәтижесі секілді болмағаны ма? Бұл прогресс болмаса, онда не? Рас, бұл прогресс баяғыда тоқтаған, тіпті, қытай азаматтығының көптеген тамаша белгілері (мәселен, ғылым мен білімге берілетін ықпал) түкке тұрғысыз формализмге айналды, тіршілік рухының өзі Қытайды тастап кетті, ол өзі өмір сүрген ғасырлар салмағымен әреңәрең тыныс алуда. Бірақ бұл бүкіл адамзаттың ортақ тағдыры емес пе, мұндай құбылыс Шығысқа ғана тән бе? Ежелгі гректер мен римдіктер прогресшіл батыстық, былайша айтқанда, еуропалық халық саналмай ма, және гректік Византия империясы дәл Қытай секілді құбылыс емес пе? Ол өзінің римдік, батыстық әпкесінен ірге ажыратқан соң мың жылдан астам уақыт өмір сүрді; эллин халқы тындырған соңғы ұлы іс провославиелік христиан догматикасын орнықтырғаннан кейін оның ғұмыры қандай прогреспен аталып өтіп еді? Қаусаған, дәурені өткен, жазылған ісін тындырып біткен, сөйтіп сахна төрінен тайып тұруға тиіс болған халыққа, оның, ол қай жерде — Шығыста немесе Батыста тұрғанына мүлдем қарамастан, ештеңе көмектесе алмайды.

Читайте также:  Жоспар жасау жұмысының ағымы

Барша тіршілік иесіне, жануарлардың немесе өсімдіктердің бөлінбейтін жеке, сондай-ақ тұтас түрлеріне, тұқымдарына, отрядтарына тек белгілі бір ғұмыр мөлшері беріледі, сол таусылған соң олар өлуге тиісті. Геология мен палеонтология тіршілік иелерінің әртүрлі түрлері, тұқымдары, отрядтары үшін қалай дүниеге келу, кемеліне жету, бірте-бірте шөгу және, ақыр соңында мүлде құрып кету кезеңдері болғанын көрсетеді. Мұның қалай және не себепті солай жасалатынын — санқилы түсіндіруге тырысқанымен, ешкім білмейді. Шындап келгенде тұтастай түрлердің, тұқымдардың және тіпті отрядтардың да қартаюы, қаусауы — жекелеген индивидумдардың ажалынан, нақты себебін ешкім білмейтін және түсінбейтін ажалынан артық таңданарлық нәрсе емес. Халықтар жөнінде тарих соны айтады: олар да дүниеге келеді, дамудың әрқилы деңгейіне жетеді, қартаяды, қаусайды, өледі – және тек сыртқы себептердің салдарынан ғана өлмейді. Жекелеген кісілер секілді, сыртқы себептер наукастанып, әлсіреген тәннің ажалын көбіне-көп жақындата түседі, ол тән күші тасып тұрғанда, жас шағында немесе кемеліне келген кезде соның зиянды зардаптарына барынша қарсы тұра алар еді.

Сыртқы себептер сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлардың да, саяси организмдердің де өлгеннен кейін шіруіне көмектеседі. Бірақ кейде, өте сирек болса да, зиянды сыртқы ықпалдың күші жеткіліксіз бола ма, әлде организм соған ойдағыдай қарсы тұра ма, әйтеуір, ол жаратылыстық ажал дейтіннен немесе қаусаған кәріліктен өледі. Қытай нақ сондай сирек жағдай. Олар басқаның ғұмырын кешуде, оларды ажал ұмытып кетті делінетін қариялар секілді, оның тәнінің біртектілігі мен тығыздығы соншалық оқшаулық пен тыныштықта өскіндерін көбейтіп жібергені соншалық, орасан зор қарсылық күшін жиып алған. Нәрлі, соны тіршілік олардың бойында баяғыда ұйықтап қалған, бірақ жануарларға тән итжандылық, немесе, дәлірек айтсақ, өсімдіктердегідей елеусіз тіршілік — қала берген. Мұндай организмдерде жастық жалыны өшіп, прогресс қуаты сарқылса, таң қаларлық нәрсе ме? Сол қариялар бір кездері тындырған еңбек нәтижелерінің айдан анық айғағына қарамастан, олар әрқашан осындай болған деп топшылауға не құқық бермек? Нақ сондай қаусаған ахуалда дәл қазір Үндістан түр, шет жұрттық шапқыншылықтар және жалпы солардың сыртқы ықпалы түбіне жетіп, олардың өлі денесінің құрамдас бөліктерін ірітіп-шірітіп біткенше, Мысыр мен Византия да ұзақ уақыт бойы сол ахуалда болған. Бұл елдер азды-көпті халықтардың жол айрығында тұрды, және де Қытай секілді орасан зор жинақы, тығыз бұқараны құраған жоқ, сондықтан процесс тезірек жүріп, қаусаған жұрттың орнын жаңа, тың халық басып отырды.

Батыста Шығысқа қарағанда тарихқа біршама прогресшіл сипат беретін болса, батыс халықтарына тарихи даму монополиясын беретін әлдебір ерекше рухани қасиет емес, бір тайпаларды екіншілері алмастырып отырған осынау сабақтастық қана. Демек, прогресс Батыстың, яғни Еуропаның ерекше артықшылығы емес, ал тоқырау — Шығыстың, яғни Азияның ерекше ен-таңбасы емес; мұның екеуі де тек халық басындағы жастың сипатты нышандары ғана, оның қайда тұрғандығының, оның азаматтығының қай жерде дамығандығының, оның қандай тайпаға жататындығының бәрібір. Демек, Азия мен Еуропа, Шығыс пен Батыс шынында да дербес, ерекше анық бүтін болса да, сонда да Шығыс пен Азияға жататындық қандай да бір кемістік таңбасы деп санала алмас еді. Бүкіл бұрынғы тарих әзірлеген, жалпы адамзаттық деп қабылданатын герман-романдық немесе еуропалық мәдениет пошымдарынан тыс қандай да бір дербес өркеният, ой қабылданбайтын екінші әрі аса маңызды себеп, дедім мен, тарихи процестің ең ортақ бастауын дұрыс түсінбеуде және прогресс деп аталатын тарихи құбылыс туралы бұлдыр да бұлыңғыр түсінікте. Қандай да бір ғылым жеткен мінсіздік дәрежесі, соның аясына кіретін нәрселерді немесе құбылыстарды түсіну дәрежесі айна-қатесіз ғылым жүйесі деп аталатын нәрседе көрініс табады.

Читайте также:  Дәстүр және дәстүршілдік

Жүйе дегенде мен бұл арада тіпті де баяндау жүйесін айтып отырған жоқпын, өйткені ол бар болғаны ғылым фактыларын есте жақсы сақтаудың яки оларды ақылға айқынырақ тоқудың мнемоникалық құралы ғана. Осы мағынада қабылданатын жүйелеу қазіргі кезде тым құрметтеле қоймайтыны әбден әділетті, өйткені жиі-жиі зиян үшін пайдаланылды және көбіне-көп схоластикалық педантизмнің сарқыншағы бола отырып, ол өзінің шексіз бөлшектелуі мен тармақталуы арқылы істі коп ретте тек қиындата түсті. Бұл жүйе ғылыми ғимаратты салып жатқан кездегі сатылық ағаш қана, онсыз ғимаратты сала алмайсың, бірақ ол ғимараттың өзін көлегейлемеуі үшін қажет нәрселерден ғана тұрғызылуы керек. Мен ғылымның ішкі жүйесі, яғни белгілі бір ғылым аясына жататын нәрселерді немесе құбылыстарды олардың өзара тектестігі мен бір-біріне нақты қатынасы бойынша тиісінше орналастыру, топтастыру туралы айтып отырмын. Мұны мысалмен түсіндірейін. Кез-келген ғылым секілді астрономияны оның ақиқаттары оңай түсінілетін яки миға мықтырақ қонатын болуы үшін әйтеуір бір әдісті қолдана отырып әбден әрқилы түсіндіруге болады; бірақ мен бұл жерде астрономияның сыртқы жүйесін құрайтын осынау баяндау тәртібін айтып отырған жоқпын, мен ғылым объектілерінің өзінің, яғни (осы жағдайда) аспан денелерінің орналасуын айтып отырмын, оларды, әрине, қалай қаласаң, солай орналастыра алмайсың, олар өздерінің арасындағы шын қатынастарға қарай орналастырылуға тиіс.

Осы жүйенің мінсіздік дәрежесі өзі арқылы ғылымның өзі жеткен мінсіздік дәрежесін бейнелейтін болады. Әу баста Күн, планеталар және Ай Жерді айналып жүреді деп түсінген; бұл түсінік былайша өзгерген: Күнге жақын планеталар Күннің төңірегінде айналады, сонымен бірге Жердің төңірегінде де айналады немесе тек Күнге жақын планеталар ғана емес, жалпы планеталардың барлығы да дәл осылайша айналады деген. Осы түсініктердің біріншісі эпициклдар жүйесімен күрделілендірілді. Кейінірек планеталардың да, Жердің де Күннің төңірегінде айналып жүретініне көз жетті, бірақ олардың жүретін жолын концентрациялық шеңбер деп елестетті. Бұл түсінік тағы өзгертіліп, Күнді әрбір планета үшін өзіндік пошымы бар эллипсистер түйісетін жерден керетін болдық; ақыр соңында, бұл эллипсистер жай сызықпен емес, шамалы толқынданған ирек сызықпен бейнеленетін болды. Ғылымдағы, бақылау тәсілдеріндегі, құбылыстарды физикалық тұрғыдан түсіндірудегі, есептеу әдістеріндегі жетілдіру атаулы астрономиялық жүйеде бейнеленді. Ғылым атаулының бәрінде де дәл солай болады, демек қандай да бір ғылым өзінің аясына жататын нәрселердің немесе құбылыстардың ақиқат, яки, әдетте айтыла беретініндей жаратылыстық жүйесін анықтай бастағанда, тек, сол сәттен бастап қана оны ғылым атауына лайықты деп санай бастайды, дегенмен бұл, расын айтсақ, негізсіз, өйткені ғылымға оның жасына, ол жеткен даму сатысына қарап анықтама беруге болмайды. Адам — сәби болсын, ересек болсын — бәрі адам екені секілді, ғылымда — бәрі ғылым; тек оның пәні азды-көпті дәйек-дерексіз бірдеңе емес, өмірдегі нақты, шын құбылыстар немесе дүниелер шеңбері болсын.

Оставить комментарий