Ресейдің Хиуаны бағындыруы

«Орыс әскерлері Сырдария бойын, Жетісуды,;Ташкентті, Самархандты бағындырды. Енді отаршылық картасында бояу тимеген ақтаңдақ боп бар болғаны тебінгідей ғана Хиуа хандығы қалды. Оған Россия да, Англия да бірдей көз сүзуші еді. Жан­жағын шөл қоршап жатқандықтан, талай жиһангерлер алыстан айналып өткен бұл өлкені. орыс әскері бәрібір бағындырмай тынбасқа бел буды. Оған керекті жағдайдың бәрі туған сияқты. Орыс қару­жарағы Орта Азияға дендеп кіріп, Таяу Шығыстағы Британ жолын бөгей алатындай болды. Каспийдің шығыс жағалауы да біржола Россия ықпалына өтті. Оған 1870 жылғы Маңғыстау қазақтары көтерілісінің қанға бөктірілуі түпкілікті әсер етті. «…Сөйтіп, патша әскері өз жолындағы бұратана халықтарды да біржолата бұғалықтап алғанды. Енді Хиуаға кірер қақпаның бәрі айқара ашылған­ды. (Ә. К. 63­бет). •1872 жылдың аяғында патша өкіметі Хиуаға жорыққа дайындықты аяқтап қалған кез еді. Оған үш әскери округ қатысуға тиіс болатын. Олар: Орынбор, Түркістан Және Кавказ округтері еді. Кавказ әскери округі екі ірі отрядтан жасақталды. Маңғышлақ отрядын басқару Ломакинге, Красноводск отрядын басқару Маркозовқа тапсырылды. Маңғыстау приставы Н. Ломакин, Хиуаға 1873 жылдың сәуір айында Кендірлі түбегінен аттануды жоспарлап, қарулы отрядпен елден көліктік, азықтық мал жинауға кірісті. Әр үй түтін басына екіден­үштен түйе, бес­оннан қой­ешкі беруге тиіс болды. Осының алдында ғана қоянсоқтыға ұшыраған халық патша қылығынан шошынып, тоз­тоз боп беті ауған жаққа көше бастады. Жорыққа кемінде 3000 түйе керек еді. «Ломакин Бесоқтыдан уақытша бекініс салып, елден түйе жинауға кірісті. Түйесі көбірек жер Бозашы түбегі және Кендірліден Шағадамға дейінгі аралықтағы түрікмендер отыратын аймақ болатын. Бозашы адайларының Үстіртке көшер жолын Қаратау» жағынан кеспек болып Тарталы құдығы жағына бір жүздік солдат жіберді де, өзі бір жүздік атты казак, бір рота әскер, екі зеңбірек сүйретіп, Бозашы ауылдарын аралады. Қаратау, Форт жағынан 500 түйе, Бозашыдан 800 түйе жиналды Бірқатар малды ауылдар Ломакиннің есебін шатастырып, Өліқолтық жағына өтіп кетті. Патша солдаттарының елге шығуы жұртты дүрліктіріп жіберді. Туров Ермәмбет би бастаған 500 жігіт ауылы Үстіртке шығар жолда патша солдаттарымен соқтығысып қалды. Олар қылыш, найза, айбалта, қорағашпен­ақ төрт взвод солдатқа қарсы шапты. Солдаттар оларды қақ маңдайдан атқылады. Хорунжий Кособрюхов бастаған 16 адам жараланды. Осы әрі қысқа, әрі арпалысқан айқаста адайлардан 40 адам өлді, жүз қаралы адам жараланды. Ұрыс даласында 100 ат, 20 түйе, 59 қылыш, найза, бip мылтық, он мыңдай қой қалдырып, адайлар кері шегінуге мәжбүр болды. Е.Тұровқа көмекке асыққа С.Томпиев бастаған топ Ломакин отрядының бір бөлімшесіне тап болып, кескілескен айқаста жеңіліске ұшырады. С.Томпиев ауыр жараланып, кейін сол жарадан қайтыс болды. Сол 1873 жылдың 20 қаңтарында бір топ қазақтар Мәстек (Бозашы) жерінде, түнде солдаттардан өздерінің ат, түйелерін айырып алып қалды. Мұндай қақтығыстар Бозашы аймағының әр жерінде де болып жатты». (М. Т. 110 бет). «Адай» руларының билеріне Ломакин мынадай талап қойды. «Жары мен Жеменей руларының адамдары Мәстекте тартып алып кеткен көліктерді қайтарсын. Сонымен қатар, 7 тақта адай (олар Райымберді, Сабытай, Әлмембет, Шылым, Жомарт, Тіней мен Жаманадай болатын) жаз жайлауға көшірілмесін. Рұхсатсыз көшіп кеткен жағдайда оларды жоғары өткізбеуге Орал әскери губернаторының келісімі сұралсын». (М. Т. 112­бет). Ломакиннің мұндағы мақсаты — тартып алса да, сатып алса да. елдегі түйеден айрылып қалмау еді. Бесоқтыдағы қорғаныс Пунктінің бастығы майор Новородкий 200 атты казакпен түн ортасында Қайдақ шығанағының маңындағы Боғда, Мәлібек, Түркібай, Өтес құдықтарының басындағы ауылдарға тартты. Ол осы сапарында, яғни 1973 жылдың 12­14 сәуір күндерінің ішінде елді бөрліктіріп жүріп, 2750 қой, 423 түйе, 161 ат қолға түсірді. . Мұндай шапқыншылық Маңғыстау мен Үстірттің кез­келген жерінде болып жатты. Маркозов Атректен арғы түрікмендерден 2600 түйе айдап әкелді. Ол 26 наурызда генерал майор Веревкинмен Айбүгірде кездесу үшін Красноводскіден жолға шықты. Ломакин де Айбүгірден ана екеуімен бір күнде кездесуі керек еді. Бірақ бұл 15­16 күндей кеш қалып шықты. Себебі, жиналған түйе 3000 емес, не бәрі 1500 болды. Оның үстіне Айбүгір шығанағына жақын жерде, Мандалы, Итібай құдықтарының маңында генерал Скоблев бастаған әскерлер авангардына көшіп жүрген адайлар қарсы шапқан. Осы ұрыста (кейін орыс Армиясының белгілі қолбасшысы болған) Скоблев және екі офицері жараланады. Көп ұзамай­ақ, келіп жеткен Дағыстан полктері адайларды қуып шығады. Олардың барлық түйелерін, 10 атын, 15 киіз үйін, 800 пұт күрішін, барлық жүгерісін, т. б. азық­түліктерін тартып алды». (М. Т. 114­бет). Бұл жүргендер Досан жауынгерлерінің бір тобы болатын. Елді осылайша ойрандап, көліктік, азықтық мал жинап алған Н. Ломакин алдын­ала жасаған жоспар бойынша Кавказдан «Тамара» және «Иран» деп аталатын кемелермен келген әскерді Борсымұрын шығанағында күтіп алады да, 1873 жылдың 14 сәуірінде осы Жерден Хиуаға аттанады. Отрядтың аттанысын жазушы Ә. Кекілбаев былай суреттейді: «…Сол кезде Кендірлі аймағының қасына тігілген шатырларды бекіткен темір қазақтар күні кешеге дейін ұшырасушы еді.;. 14 көкек күні жорыққа арнап мінажат жасалды. Құла түзде орыс гимні күңіренді. Екі иығына екі кісі мінгендей еңгезердей әдемі қазақ Ермәмбетов Қабақ қолына ту ұстап, көш басына шықты. Бұдан екі жыл бұрын адайлардың қолынан өлген пристав Рукинге арнап ас берген бұл қазақты отрядтағылар төбесіне көтеретін. Отрядтың екінші жол көрсетушісі — тығыншықтай тапал қазақ Қосым Мырзабаев. Шеру тартқан орыс қолының басында—егде жастардағы солдатқа тән қарапайым да, қатал Ломакин. Оның оң қолы — байсалды да, іскер жас полковник Гродеков, кейін Хиуаны алған кезде мыңдаған жәуміт түрікмендерді тізіп қойып атып, аты шыққандардың бірі». Осы жорыққа бас штабтың арнаулы өкілі, әрі жылнамашысы болып қатысқан М.Алиханов — Аварский деген кісінің «Хиуа жорығы» деп аталатын кітабында (бұл кітаптың бір данасы Алматыдағы А.С.Пушкин атындағы көпшілік кітапхананың сирек кездесетін қолжазбалар мен кітаптар қорында сақтаулы тұр) былай деп жазыпты: «Парыз» шағын кәсіпорны салған Маңғыстау ауданының Қаратөбе жеріндегі Досан батырдың күмбез — ғимараты. 3. Форт­Шевченко қаласының 150 жылдық тойыңда Маңғыстау ауданының әкімі Қыдырбақыт Сейілханов суретші Келінберді Сарбасов салған Досан батырдың суретін аталмыш қаладағы өлкетану музейіне тарту етті. Мына суретте сол бір тарихи оқиға бейнеленген. Шетпе кентіндегі Досан батырдың ескерткіші. Ескеркішті жасаған мүсінші Көшер Байғазиев. Абыл ақын мен Досан батырға күмбез — ғимарат салушы шебер (солдан оңға қарай) Бейсенбай Өтеуліұлы Көреғулов Қаражүсіп ұрпағы және күмбез —ғимараттың жобасын сызып, оның жүзеге асуын қамтамасыз ­ еткен «Парыз» шағын кәсіпорнының бастығы Сайын Назарбекұлы Тоқтамыс. Досанның ата тегі. Досанның ұрпақтары. Өзбекстан Мемлекеттік архивінде сақталған 1870 — 1873 ж.ж. Маңғыстау қазақтарының патша отарлаушыларына қарсы көтерілісі жайлы құжаттардың беттері.

Читайте также:  Ғұндар туралы слайд

Оставить комментарий