Ресейдің отаршылық саясаты және қазақ халқы өміріндегі рухани өзгерістер.
Қазақ даласы ежелден Ресеймен көрші болғандықтан екі мемлекеттің өзара саяси экономикалық, мәдени қарымқатынасы ерте басталды. Міне, осы қарымқатынастың қандай дәрежеде болып, қалай тарихи сипат алғанын, сондайақ бұл жағдайлар қазақ халқының рухани өміріне қаншалықты дәрежеде әсер еткенін зерттеп білудің тарихи маңызы зор. Бұл мәселе кеңестік тарихнамада кең тұрғыда қамтылып, зерттелді. Бірақ, бұл еңбектер бүгінгі күннің талабына толық жауап бере алмай отыр. Ресейдің қазақ жеріндегі атқарған «миссиясына» орыс тарихнамасы, оның батыстағы еуроцентристік пікірлестері «өркениеттілік», «ағартушылық» сипатта бағалады. Ал кеңестік тарихнама ғылымы болса, осы саясиидеялық пиғылды одан әрі жанжақты дамытып жұртшылықтың ойсанасына сіңіруге тырысып бақты. Тіпті кейінгі жылдары орын алып отырған демократияны пайдаланып, сондай бағытты қолдап, кейбір шовинистер бірқатар мақалалар жариялады. Мәселен, Г.Старченков Патшалық Ресейдің қоныстандыру саясатын, XX ғасырдың 3040 жылдарындағы репрессия, сондайақ, тың және тыңайған жерлерді игеру мәселесін Қазақстандықтар үшін «алтын ғасыр» болды дейді 135 . Біздің ойымызша, бұл пікір отарлау дәуірінен бастау алған, кеңестік кезеңде өрістей түскен, сол пікірді бүгінгі демократияны пайдаланып бекіте түсуге ұмтылған нағыз жан дәрмендік екені сөзсіз. Олай болса, бұл мәселе хақында болашақ ұрпаққа дұрыс бағдар беру қажетақ. Ресейдің шығыс елдерімен байланысқа белсене көшуі XVXVI ғасырлардан басталады. Орыс елшілігі қазақтар арасына алғаш ресми сапармен XVI ғасырдың бірінші жартысында келсе, осы ғасырдың екінші жартысынан бастап мұндай қарымқатынас жиілей түсті. Мәселен, 1569 және 1573 жылдары қазақ даласына келген Семен Мальцев пен Третьяк Чебуков қазақ халқының өмірімен, тұрмыстіршілігімен, жер жағдайымен жете танысып, дипломатиялық қарымқатынас орнату жөнінде келіссөз жүргізді. Орыс отаршылары қазақ даласына 1580жылдардан бастапақ ене бастады. Өйткені өзара қырқыс салдарынан Мәскеу княздігінен жеңіліс тапқан Ермак ығысып, жан сауғалай, орыс қаруының күшімен жаулап алған ІбірСібір жұртының негізінен қыпшақ, арғын, найман, жалайырлардан тұратын 136 халқын құлдыққа салмақшы болды. Ермактың басшылығымен келген орыстың алғашқы отаршылдары арада төрт жыл өткенде Жайықтың бойымен жоғары өрлеп, оның Шаған өзенімен қиылысқан жеріндегі қазақтардың қонысын өртеп, малдарын тартып алып, өздерін жанжаққа қуып, бекініс салуға кіріседі. Сөйтіп, бұл арада казакорыстар «Яицкий городок», қазақтар «Теке» деп атаған қала пайда болады 137 . Осы кезде этнос болып қалыптасқан башқұрт, бұлғар, өзбек, қарақалпақ, қазақ халықтарының құрамына ғалым Р.Кузеевтің деректері бойынша 100ден аса біртекті ру тайпалар енгенді. Олардың бір шеті сол ІбірСібір жұртынан басталатын. Ал, Көшім ханның өзін орыс тарихшылары А.И.Левшин, П.Невольсин қазақ деп таниды. Көшімнің ұлы Қанай Сауранда патша болды. Көшімді Ермак қуалап, ол болса Қорғалжын көлі мен Нұра өзенінің бойындағы қалың елді паналаған. Осылайша, қазақ даласының Ресейлік отарлық бұғауға ілігуі осы кездерден бастау алған. Сібірді жаулап алушылар осынау байтақ өлкеге адам айтып жеткізе алмайтын қайғы қасірет алып келді. «Егер Сібірді бағындырушы жорықшылар көсемінің (Ермакты айтып отыр О.Ө.), оның көптеген қандыбалақтарының басын жұтса, кейін тізе бүккен «сібірліктердің қаны судай ақты. Айталық, 1555 жылы Сібір патшасы Едігенің салық төлейтін 30700 адамы болса, ал XVII ғасырдың басында Батыс Сібір өлкесіндегі жеті үйезде олар 3600 адамға да жетпейтін еді» 138 деп жазады профессор Н.Фирсов. Яғни, жергілікті халыққа санаулы жылдар ішінде осындай сұрапыл қырғын ала келген бұл сұмдық отарлау саясатының алғашқы қадамы еді. Бұл пікірді 1992 жылы дүние жүзі қазақтарының құрылтай жиналысында академик М.Қозыбаев айтқан болатын. Біз осы ойды орынды айтылған пікір деп есептейміз. XVII ғасырда Ресей империясы күшейіп, қанатын кеңге жайды. Енді өздеріндегі барға қанағат етпей көршілес елдерге көз аларту сияқты дертпен ауыра бастады. Көршілес қазақ елінің халқын, байлығын игерудің келешекте зор маңызды екенін түсінді. Қазақ даласымен көршілес жатқан Ресей тарихына XVІІІ ғасыр жаңа бір кезең алып келгені белгілі. І Петрдің Ресейді нығайтуға бағытталған реформалары мемлекеттің беделі мен күшқуатының өсуіне ықпал етті. Бұл мезгілде Ресейдің сыртқы саясатында Қазақстан айрықша орын алды. Өйткені І Петрдің қазақ даласын «шығысқа шығаратын қақпаның кілті» деп есептегені белгілі. XVIIXVIII ғасырларда қазақ еліне жоңғарлардың шапқыншылығы аса қауіп төндірді. Ел басына күн туып, қазақ «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» ұшырады. Зерттеуші ғалым В.А.Моисеевтің «Как бы ни были тяжелы последствия джунгарских вторжений в Казахстан, результаты наших многолетних исследований свидетельствуют, что никогда угрозы физического уничтожения казахского народа джунгарами и феодалами не было» 139 — деген пікірі ешқандай негізге сыймайды. Өйткені, Абылай ханның айтуы бойынша, «XVIII ғасыр басындағы 40 жыл ішінде халықтың үштен екідейі қырылды» 140 десе, қазақ зиялыларының өкілі Шәкәрімнің «ҚалқаманМамыр» поэмасында «үш есенің екеуін қырып салды» 141 дейді. Халықтың басына төнген осындай қатерден құтылу мақсатындағы Абылай ханның дипломатиялық ісқимылдары оның білгір басшы, ел қорғаны, әлемдік тарихтың төрінен орын алатын қайраткер екенін көрсетеді. 1731 жылғы Кіші жүз ханы Әбілқайырдың Ресей боданына өтуіне ықпал еткен жағдайдың түптөркінін осы мәселемен байланыстырған жөн. Бұл мәселеге кеңірек қарауға міндеттіміз. Қазақ елін отарлау, яғни өз иелігіне айналдыру үшін екі жақтағы екі империя (Ресей мен Қытай) ұзақ жылдар дайындалды… 1. Ресей өкіметі Сібір мен Қазақстанға түгелдей казачествоны, яғни «тісіне дейін қаруланған» бұзықтарказактар отрядын айдап салды. Олардан оқдәрі мен қаружарақты аямады. Сондықтан «Ресейдің Қазақстанды отарлау тарихын казачество тарихынан» бөліп қарауға болмайды 142 . 2. Қытай басшылары өз вассалы Жоңғар елін жақсы қаруландырып Қазақстанға ұзақ жылдар бойы айдап салумен болды. Ал Ресей патшасы жоңғарлардың Қазақстанға жасаған әрбір жорығына іштері жылыды… Қазақ тарихының осы дәуірін бүгінгі көзқараспен сараласақ жаңаша қисындауға болады. Айталық, қазақ мемлекетін ыдыратуға әкеп соқтырған Жоңғар шапқыншылығы және оның арқа сүйеген Қытай империясы деген көзқарас бұл күнде өзгерді. Шындығында, Қазақ мемлекетінің әлсіреуі мен ыдырауына Ресей тарапынан жасалған әрекеттің есебі жоқ. Олар әрқашан Жоңғар елімен астыртын одақтас, тығыз байланыста болды. Бұл мәселені мынандай тарихи нақты мәліметтер дәлелдейді: Жоңғар мемлекетінің бір бөлігі қалмақтарды қазақ еліне қарсы қою үшін Ресей патшасы қолынан келгенінің бәрін жасады. Жайықтың арғы жағын қазақтардан тартып алып, өз территориясын күннен күнге ұлғайтып жатса да, қалмақтарға ең шұрайлы жерлерді бөліп беруді ұмытпады… Сондайақ, оларды барлық қаружарақпен қамтамасыз етіп казак отрядтарымен бірге қазақ еліне дүркіндүркін шабуыл жасап, мазасыздандырып отырды. Жайықтың оң жағын түгелдей иеленген Ресей империясы казак отрядтарын қазақ еліне жіберуден танған жоқ. XVIII ғасыр басындағы Кіші жүз қазақтары мен Ресей арасындағы қақтығыстарды қарасақ былай жіктеледі. Осынау біздің еліміздің тарихындағы аса қиын кезеңді М.Әбдіров: «С конца XVII — начала XVIII в. начинается ожесточения и кровополитная, длившаяся 150 лет, казахско казачья война» 143 — деп бейнелейді. Батыс Қазақстан өлкесіне шекаралас Ресей империясына иек артып отырған казак отрядымен қазақтардың соғыспаған күні болмады. Сол қақтығыстардың ішінде орыс казактарының қазақтарға тұтқиылдан жасаған шабуылдары мен жүгенсіздіктерін қағазға түртіп, есепке алу жағы көп ескерілмеген, керісінше қазақтардың оларға жасаған жорығын қадағалап, бақылап қағазға түсіріп отырды. Себебі, оны Ресей елінің басшылары мұқият қадағалауға құлықты болды. Пікіріміз дәлелді болу үшін бірер мысалға көктей шолу жасайық. 1709 жылы қазақ жігіттері Сызраньға бара жатқан казактар керуенін талаған. 1711 жылы қазақтардың 16 мың әскері Текеге астық алып бара жатқан казактардың керуенін талқандап, 300 жауынгерін тұтқынға алып Хиуаға апарып құлдыққа сатқан. 1713 жылы 800 жігіттен тұратын қазақ жасағы казактардың Самараға балық алып бара жатқан керуеніне шабуыл жасап, жауынгерлерін түгел қырып салған. 17141715 және 1716 жылдары қазақ жігіттері (араларында қарақалпақтар да бар) әлденеше рет казак отрядтарына соққы берген. 1718 жылы қазақтар мен қарақалпақтардың 20 мың әскері Теке қаласын қоршайды. Ресеймен, яғни Самара жолымен қатынасын үзген бұл қала бір айдай қоршауда тұрады. 1719 жылы шілде айында Кіші жүз ханы Әбілқайыр 20 мың әскермен келіп Теке қаласын қоршайды. Осынау көп адам қырылған шайқаста Теке қаласы қазақтар қолына өтуден әрең қалды. Себебі, күз түсімен Әбілқайыр қаланы қалдырып Еділ қалмақтарына яғни казак отрядтарының одақтастарына шабуыл жасайды. 1720 жылдың қыркүйек айында қазақ әскерімен орысказактарының арасында Самара өзенінің бойында қанды шайқас болды. Тұтқынға түскен 50 қазақ жігітін өлтіріп, «ерлік жасағаны үшін» атаман Никита Бородин Ресей патшасы IПетрдің мақтау грамотасымен марапатталды. 1721 жылы казактар мен қалмақтардың атаман Балмашнов басқарған тобы Ойыл өзеніне дейін шабуыл жасап, көп тұтқындармен мал айдап кеткен. 1722 жылдың қаңтар айында 300 қол қазақ сарбаздары қарымта қайтару үшін казак орыстардың Шаған жанындағы қысқы станциясына шабуыл жасап, 70 казакорысты айдап әкетеді. Ақпан айында казакорыстардың Теке қаласы жанындағы жылқы табынын айдап кетіп, оларды түгелдей жаяу қалдырады. 17231724 жылдары Теке қаласына Кіші жүз ханы Әбілқайыр бірнеше қайтара шүйілді. Сол кезде казактар мен қалмақтардың отрядтарымен қазақ әскері Утва, Самара, Шаған өзендері бойында талай рет бетпебет келіп, қырғын шайқастар болды. Иван Тимофеев, Иван Логинов, Никита Бородин бастаған казак отрядтары көп шығынға ұшырады. Орыс казактардан 170 адам қаза тапты, көп адам жаралы болды, бірнеше жауынгері тұтқындалып, 1725 жылы тұтқындар алмастырылды. 1734 жылдан бастап Ресей өкіметі Жайықтың оң жағына қазақтардың өтуіне ресми тыйым салды, ал, 1742 жылы 19 қазанда Орынбор генералгубернаторы И.Неплюевтің жарлығы бойынша қазақтар Жайық өзенінің сол жағына да жақындамауға тиісті болды… Енді сол жылдардағы Жоңғарқазақ қақтығыстарына зер салайық: 1701 жылы Еділ қалмақтарының бір бөлігі шамамен 15 мыңдай адамы Жоңғарияға көшеді. Бұл мемлекеттің анағұрлым күшеюіне себеп болды. 17091711 жылдары Жоңғарлар Қазақстанға іріірі жорықтар жасады. 1710 жылы Қарақұмда қазақтың үш жүзінің билері бас қосып, Жоңғар шапқыншылығын тойтарудың жоспарын жасайды. Қазақ жасағының бас қолбасшысы етіп Бөгенбай батыр бекітіледі. Осы кезден бастап жоңғарлар жеңіліске ұшырай бастайды. 17131714 жылдары олар қазақ әскерінен бірнеше рет ойсырай жеңіліс табады. 1715 жылы қазақтар Жоңғарияға кіріп, оларды аяусыз талқандап, көп олжамен оралады. 1716 жылы қазақ қолы Жоңғарияға жаңадан шабуылдар ұйымдастырады. Бұл рет Қайып пен Әбілқайырдың өзара келіспеушілігінен соғыс қимылдарын дұрыс жүргізе алмай, кейін шегінуге мәжбүр болады. Сол жылы қазақ елінің басшылары Сібір губернаторы М.П.Гагаринмен келіссөз жүргізіп жоңғарларға қарсы бірігіп соғысудың жоспарын жасайды. Ресейдің Жоңғар мемлекетімен жасырын одақтас екенін білмеген қазақтар олардың екі жүзді саясатын көпке дейін түсінбейді. Ақыры Ресейден ешқандай көмек болмайды. Оның есесіне келесі 1717 жылы әскерін мықтап күшейткен Жоңғарлар Орта жүз бен Ұлы жүз жеріне бірнеше дүркін шабуыл жасады. Қайып хан 1718 жылы Ресейдің жасырын саясатын білместен көмек сұрап Тобольскідегі Сібір басшысына әлденеше рет өз елшілерін жіберді. Ресей өкіметі әрқашан бос уәдемен үміттендіріп, керісінше осындай қиынқыстау ауыр кезеңде қазақ еліне казак, қалмақ кейде башқұрттарды қаруландырып, айдап салып отырды. 17181722 жылдар аралығында қазақ жеріне Жоңғар шапқыншылығы толастады. Оған себеп Қытай империясымен болған даужанжалдары мүмкіндік бермеді. Оның есесіне 1720 жылы қазақтар Жоңғарияға еніп көп шығынға ұшыратты. Сол кездегі Ресейдің Жоңғариядағы елшісі И.Д.Чередов 1720 жылы: «подбегала казачья орда и взяла тысяча с три людей его же контайшиных» 144 — деп жазды. Цин империясымен қайтадан мәмлеге келген жоңғар қонтайшылары бар күшін жинап, қыруар әскермен 1723 жылы Қазақстан мен Орта Азияға жойқын шабуыл жасады. Жергілікті халық соғыс зардабы мен аштықтан қырғынға ұшырады. Ұзаққа созылған ұдайы шапқыншылық, айнала қамаған дұшпандарының соққысынан титықтаған қазақ еліне оңай болған жоқ. Сондықтан есін жиып, әскерін жасақтап, қарымтасын қайтарамын дегенше екі үш жыл өтіп кетті. 1726 жылы күллі қазақ елінің әскери күші біріктіріліп, бас қолбасшылыққа Әбілқайыр ханды бекітті. 1727 жылы Бұланты өзенінің бойында мұздай қаруланған Жоңғар қонтайшыларының жер қайысқан қолын Әбілқайыр хан бастаған қазақ жасағы күйрете жеңді. Сол жер жеңіс құрметіне «Қалмақ қырылған» аталып кетті. Екі жылдан соң Аңырақайда (Балқаштың оңтүстігінде 120 шақырым жер, қазіргі Алматы мен Жамбыл облысы шекарасында) қазақтың қалың қолы жоңғарларды ойсырата жеңіп, қынадай қырып салды. Міне, осыдан кейін қазақ жоңғар соғысы уақытша дамылдады. Бұл дәуірдегі қазақ елінің ішкісыртқы қалыптасқан саясиэкономикалық халахуалын ой сүзгісінен өткізіп, терең зерделеп, ғылыми соны таным тұрғысынан сараптай келіп, көрнекті жазушы, мемлекет және қоғам кайраткері Әбіш Кекілбайұлы мынадай тұжырым жасады: «…Сонау Тәуекел ханның тұсындаақ қазақтар тек қана өз күшіне сеніп қоймай, көршілермен ықпалдастыққа да назар аудару керек екендігін жақсы түсінгенді… Сол 1690 жылдардан бастап Тәуке өлгенге дейін қазақ хандығы Ресеймен ықпалдастық саясат орнатуға тырысты. Өйткен себебі, біріншіден, жоңғар хандығына тойтарыс беру керек болды. Ол Жоңғардың өзінен қорыққандық емес еді. Жоңғардың ар жағында Цин империясы батысқа бағыттап келе жатты. Шығыстан ең үлкен экспанция төніп тұрды. Соны пайымдаған қазақ билеушілері бірде жеңіп, бірде жеңіліп жүретін қазақжоңғар соғысында бәрібір табан тірейтін тірек болуы керек екендігін түсінді. Екіншіден, батыстағы Ресейдің қытай экспонционизміне қарсы Жоңғарияны пайдаланып отырғандығы, сол үшін де оған қару беріп отырғандығы белгілі болды. Сол кездегі жоңғар елшіліктерінің берген жауабына қарағанда «Оларда 500 түйеге артатын зеңбірек, елу мортир басқа да он шақты артиллерия түрлерінің барлығы анықталды». Ал Ренат деген жалғыз швед азғантай уақытта заводы, металлургиясы жоқ елде осынша артиллерия құралдарын бір өзі жасап шыға алмасы айтпаса да түсінікті. Ол жай әншейін көз алдарқату. Ал шын мәнінде жоңғарды Россия ол кезде мықтап қаруландыра бастады. Өйткені, Россия ол кезде Цин империясының Орталық Азияны иемденіп кетуіне бірден бір қарсы ел еді. Себебі, қытай империясы Орта Азияны алатын болса, Россияның Еділ бойындағы шекарасына жетіп жығылар еді. Өзінің болашағын ойлайтын кез келген ел мұның алдын алуға, жауды алыстан тоқтатуға тырысады» 145 . Әбілқайыр ханның ұстанған түпкі саяси мақсатын Қошке Кемеңгерұлы 1924 жылы Мәскеуден шыққан «Қазақ тарихынан» атты кітабында былайша түсіндіреді: 1) Күшті Ресейге арқа тіреп Хиуалықты, Қарақалпақты бағындырамын, үш жүзге үлкен хан боламын; 2) Тақты мұралы қыламын; 3) Қолаяқты жинап алған соң, Ресейден бөлініп кетемін, деп ойлады. Соңғы пікірімен толқыған халықты иландырды… 1740 жылы үкіметтен Әбілқайыр сұраған: 1) зеңбіректі жеткізу қиын деп берілмеді; 2) ел арасына сауда таратуға деген керуен жіберілмеді; 3) баласы аманаттан босатылмады; 4) Сібір бойына қазақты отырықшылыққа үйретуге салынсын деген қаласы «қазақ бір жерде басын қосып тұра алмайды» деп салынбады. Ханның да, халықтың да түпкі мақсаты орындалмады. Сонымен екеуі де наразылық көтере бастады. 1741 жылы Петербургқа барған Әбілқайыр елшілері: Байбек пен Қотыр батыр «Түркияға бағынамыз» деп, соңғының елшісіне жолыққан. 1747 жылы Әбілқайыр шабуылды күшейтіп, ашық қарсы бола бастады. Шабуылдың күшейгендігінен Неплюев: «Қазақтың бірекі ауылын шауып, баласын қырып, басқаларға қорқу салып, үлгі көрсету керек», — деді. Міне, мәдени елдің үлгісі! Шет жұмыстарды басқаратын коллегия: «Қазақты көрші елдерге талатып, шекарадан қуу керек, қазақтың бағынғанының керегі жоқ» деген пікірге де келеді. Бірақ бұл пікірлер іске аспады… Қарақалпақты қаратуға шыққан бетінде Әбілқайырды Барақ өлтірді. Сонымен Әбілқайырдың үкіметке қарсы наразылығы аяқталмай қалды» 146 . Кеңес өкіметінің 19301937 жылдардағы қуғынсүргін зұлматының құрбаны әмбебап ғалым Телжан Шонанұлының 1926 жылы Қызылорда қаласында басылған «Қазақ жер мәселелерінің тарихы» атты іргелі еңбегінде Әбілқайыр ханның Ресей патшасына жіберген елшілеріне жоғары мәртебелі Анна Ивановнаның жауап ретінде тапсырған грамотасынан тура аудармасын берген. Міне, сол грамотаның аталған еңбекте келтірген мәтіні: «Ресейдің қол астына алу туралы бастығы Әбілқайыр ханға һәм барлық қырғызқайсақтың аламанына берілген жарлық хат. Құдайдың жарылқасыны арқасында біз, ең нұрлы, ең қуатты ұлық ханы Анна Иванқызы барлық Ресейдің патшасымын һәм жекежалғыз билеушісімін және тағы басқа дәрежелер иесімін. Қырғызқайсақ ордасының бастығы Әбілқайыр ханға һәм барлық қайсақ аламанына патша қазіретіміздің жарылқасыны жаусын. Сен Әбілқайыр ханның елшілері Қомтайұлы Құттымбет пен Қойданқұлұлы Сейітқұл арқылы барлық жерің, еліңмен біздің қол астымызға кіріп, Ресейдің қарашаларымен һәм башқұрттармен тату тұрамын деп жазған тілегіңізді біз көрдік. Әбілқайыр ханның елшілері, сені қайсақ аламанымен бірге біздің қол астымызға мына шарттармен кіргің келеді деп баяндады: Әуелі, сіз біздің патша қазіретімізге шын көңілмен қызмет қылып, башқұрттарша салық төлегіңіз келеді. Екінші, Ресейдің қарашалары тарапынан сізге ешбір соққы һәм талантараж болмаса екен дейсіз. Үшінші, сіз қайсақтарға бір жау тие қалса, біздің патша қазіретіміз, сіздерді Ресейдің басқа қарашаларымен тең көріп, қорғаса екен дейсіз. Төртінші, башқұрттар һәм Ресейдің басқа қарашалары алып кеткен жесірлеріміз қайтарылса екен дейсіз. Және біз де тұтқынға алған орыстарды қайтарып, башқұрт һәм қалмақтармен тату тұрамыз деп уәде бересіз. Біз ұлық ханым қазіретіміз, басты Әбілқайыр ханға һәм барлық қырғызқайсақ аламанына жарылқасынымызды тигізіп, жоғарыда жазылған шарттарыңызды тілегіңіз бойынша қабыл алып, сіздерді қол астымызға кіргізуге бұйрық еттік. Соның үшін, сіз Әбілқайыр хан һәм барлық қайсақ аламаны біздің патша қазіретімізге һәм біздің орынбасарларымызға шын көңілмен қызмет етуге тиіссіңдер. Бір жерге қызметке бар деген патша қазіретімізден жарлық бола қалса, Ресейдің барлық қарашалары мен башқұрт һәм қалмақтарымен қатар тартынбай көрсеткен жерге барасыңдар. Жайықтың атты казактарына, башқұрттарға, қалмақтарға һәм басқа қарашаларымызға тимей, оларға қарсы жорыққа аттанбай, зәбірлемей, тыныштату тұрасыңдар. Сіздің ордаңызға арнап шыққан, болмаса сіздің ордаңыз арқылы өтіп бара жатқан саудагерлердің керуеніне жол тоқтату қылмай, зәбірлемей, қауіпті жерлерден өтерде қорғап, жәрдем бересіңдер. Сен Әбілқайыр ханның елшілері біздің дидар шартымызды көрді. Мәскеуде тұрғанда оларға нәпақа беріліп тұрып, қайтарында біздің тарапымыздан алапа берілді. Енді олар, сен Әбілқайыр ханға қайтарылды һәм олардың жолына көлік һәм нәпақа берілді және сен, Әбілқайыр хан, біздің патша қазіретіміздің жарылқасынына дәмелен. 1731 жылы ақпанның 19ы күні біздің патша болғанымыздың екінші жылы Мәскеуде берілді» 147 . Міне, отызыншы жылдардағы қуғынсүргін зобалаңға ұшырап, атылып кеткен авторымен тағдырлас жоғарыдағы тарихидеректемелік зерттеудегі Әбілқайырдың Ресей патшасына қойған шарттарын орындаған жағдайда соңына ерген халқымен өз еркімен қосылуға құлықты екендігі баяндалған. Алайда Әбілқайыр ханның үміт еткен талаптілектері қағаз жүзінде, дипломатиялық келіссөз бойынша уәде берілгенімен Ресей патшалығы тарапынан іс жүзінде мүлдем орындалмады. Түпкі көздеген саяси есебі бар Әбілқайыр хан Ресей патшалығының пиғылын байқаған соң ілкі пікірінен қайтып, тығырықтан шығудың жолын іздей бастайды. Міне, осыны сезген Ресей билеушілері Әбілқайырдың өз қандастарын айдап салып, Барақтың қолымен өлтіртіп тынады. Бұрынғы салтанат құрған кеңестану ғылымы «1731 жылы Әбілқайыр хан бастаған Кіші жүздің халқы Ресей империясына өз еріктерімен қосылды» деген қисынды санамызға шымшымдап сіңіріп келді. Бұл патша әкімшілігінің басқыншылық саясатын ақтап алу үшін жасалған астары қырық қатпар әдіс айласы еді. Бұл туралы: «Барлық Кіші жүзден 28 адам қол қойған да аз ғана. Орта жүзден 28 адамның қол қойғаны, Кіші жүздегі ең көп болған он екі ата Байұлынан тек төрт рудың он адамының қол қойғаны, қалған сегіз рудан бір адамның болмағаны, Кіші жүзде көптік жағынан екінші орын алған Әлімұлынан тек екі адамның болғаны, қалың қара қазақтың патша өкіметіне бағынуға риза болмағандығын көрсетеді. Ант қағазға Әбілқайырмен бірге қол қойған бүтін Кіші жүзбен бір бөлек Орта жүз деп айту қате. Ант беруші Қошқарұлы Жәнібек, Бөкенбай секілді батырлар, осылардың соңына ерген аз ғана елдің өкілдері. Он сегізінші, он тоғызыншы ғасырдағы Кіші жүздің ішіндегі түрлі қимылдар жоғарғы сөздерге ыспат…» — деп жазды профессор Халел Досмұхамедұлы 148 . Кемелденген социализмді бастан кешіп, халық санасын кеңестік идеологияның догмасымен уландырып, тарихи оқиғаға нақты негізделген жоғарыдағы әдебиеттерге тыйым салынып, ғылыми айналыстан шығарып тастаудың нәтижесінде қордаланған рухани желінің тіні үзіліп, бұрмалауға жол ашып берді. Міне, осы кеңестік идеологияның қазанында қайнаған кейбір білікті зиялылардың өздері Қазақстанның тәуелсіздігін алғаннан соңғы кезеңде Әбілқайыр ханның тарихи атқарған миссиясына шек келтіріп, жеке тұлға ретінде беделін төмендетуге тырысты. Алайда бұл қате пікірдің өріс алуына сол дәуірдегі Қазақстанның ішкі сыртқы халахуалын ғылыми талдап, соны дерекпен, уәжді байыптама жасаған Әбіш Кекілбайұлының, басқа да ғалымдар мен қаламгерлердің жазған еңбектері тосқауыл болғанын атап өту абзал. Осыған орай тағы да дәйексөзге кезек берелік:»… Әбілқайыр да билік үшін күресті деген қазақы ұғым. Ол да қазақтың мемлекеттілігі үшін күресті. Сондай мемлекеттілікті қамтамасыз ететін бас тақ үшін күресті. Болат өлгеннен кейін оның орнына ұзақ уақытқа дейін ешкім тағайындалмады. Әбілмәмбет ешқандай ерлігімен көзге түскен жоқ. Сәмеке қартайып келе жатты. Мұндай кезде бас тақты иесіз қалдыруға болмайтын еді.