Өркениеттер қалай пайда болған?

Отырықшылыққа көшкеннен кейін бірлесіп өмір сүретін адамдардың саны күрт өсіп өркениеттер пайда бола бастады. Егін егіп, қолға мал үйреткен соң азық-түлік те молайды. Бұл бір жерде жүздеген, мыңдаған адамның бірге тұрып, қалалардың дамуына мүмкіндік берді. Б.з.д. 4 мыңжылдықтың аяғында жер шарының шығысы — Месопотамия, Иран, Қытай, Үнді, Мысырда алғашқы өркениеттер пайда бола бастады. Егіншілік пен мал шаруашылығы артық өнім бере алмайтын батыс, солтүстік өңірлердің адамдары кен қазып, темір өндірді. Қырымда, Қара теңіздің бойында гректер көптеген қала салды.

Б.з.д. 4 мыңжылдықта Евфрат өзенінің төменгі сағасына шумерлер қоныстанып, ондағы батпақты жерлерді кептіріп, құрғақжерлерге арықтар жүргізді. Осылайша, VII ғасыр бойы гүлденіп, адамзатқа мол мәдени мұра қалдырған мемлекет құрды. Бұдан басқа, Инд өзенінің аңғарында пайда болған Үнді өркениеті (б.з.д 3300 — 1500 жылдары), Грек және Рим өркениеттері (б.з.д. 1400 жыл), Шаң патшалығы (б.з.д. 1650 жыл), Ольмек өркениетін (б.з.д.1200) айтуға болады. Б.з. 700 жылдары негізі қаланған Араб халифаты ғылым мен білімнің өркендеуіне айрықша үлес қосты. Ежелгі Грекиядағы Спарта мемлекеті ешбір елге ұқсамайтын бірегей тіршілігімен әйгілі. Құлдарды есепке алмағанда спарталықтар бай-кедейге бөлінбеген. Спарталықтар мал бағу, егін егу, қолөнер бұйымдарын жасау тәрізді қара жұмысты құлдарға істетіп, өздері дене шынықтырумен айналысып, соғысқа дайындалған.

Оставить комментарий