Құрлықтық моллюскілер (ұлулар)

Моллюскілердің көбі (ұлулар) — теңіз тұрғындары. Араларында тұщы суды мекендейтіндері де жоқ емес. Ондай моллюскілер керемет жүзеді. Ал енді біреулері сазбалшық пен құмда жорғалап жүреді немесе інге тығылады. Кейбір моллюскілер өзде рін жартасқа, басқа бақалшыққа немесе ағашқа, өсімдіктерге бекітіп, қозғалыссыз тұрады.

Минералдығы төмен сулар мен тұщы суларда өмір сүретін моллюскілердің аздаған қосжақтаулы түрлерін қоспағанда, суда тіршілік етпейтіндері — бауыраяқтылар. Кейбір ұлулар салыс-тырмалы түрде құрлықтық жануарлар сияқты дамыған. Олардың ылғалырақ ортада өмір сүруіне едәуір шёктеулер бар. Көпшілік мол-люскілер сияқты олардың денелері жұмсақ, соған сәйкес терілері су өткізгіш. Құрлықтық моллюскілердің бірнеше түрі бар. Ахатина тұқымдастарына жататын қарапайым африкалық ұлулар тез өседі әрі ақылды келеді. Есту, дыбыс шығару қабі-леттері жоқ, жарықты аса ұнатпайды. Олар өлекселермен, басқа ұлулармен (жүзім ұлуымен) қоректенгенмен, бір-біріне тиіспейді. Үйде өмір сүре алады. ¥лулардың алдыңғы желбезекті, артқы желбезекті және өкпелі үш класс тармағы бар. Өкпелілерге тоған ұлуы, янтарка, шарғы тәріздес ұлулар жатады. Көздерінің орналасуына қарай екіге бөлінеді. ¥лулардың бас бөлігінде 2 ұзынша, 2 қысқа сабақ-шалары болады. Бір ұлулардың көздері ұзын сабақшалардың ұшар басында, келесілерінің көздері қысқа сабақшалардың табанында орналасқан. Қарапайым құрлықтық моллюскілерге зебра, альбинос, булимулус, ағылшын бақша ұлуы, жасыл ағаш ұлуы, «ниндзя», т.б. кіреді. ¥лулардың көпшілігі — ауыл шаруашылығының зиянкестері. Деген-мен, көптеген ұлуларды адам тамақ ретінде пайдаланады.

Читайте также:  ИСПОЛЬЗОВАНИЕ НЕТРАДИЦИОННЫХ СРЕДСТВ ПРИ КОНСЕРВИРОВАНИИ ЗЕЛЕНЫХ КОРМОВ

Оставить комментарий