РУХОЛЛА ӘЛИ МУСАВИ ӘЛ ХОМЕЙНИДІҢ ИСЛАМ ЖОЛЫНДАҒЫ КҮРЕСІ

Рухолла Али Мусави Әл Хомейни 1902 жылғы 24 қыркүйекте Иранның таулы аймағында Тегеран қаласының оңтүстігінде үш жүз шақырымдай жерде орналасқан Хомейн қалашығында дүниеге келді. Оның ата тегінің жәй әулеттен емес екендігін аңғартатын дәйекті дәлелдердің өзі нағыз ирандық шииттерден екенін және пайғамбарымыздың (САС) ұрпақтарына тікелей қатысы бар екенін, жетінші қасиетті имам Муса Каземнен сейід Мустафа Мусавидің тарайтынын айтады. Ұлы тұлғаның есімінің алдында әрдайым аталып жүретін Рухолла атауы «Алланың рухы» деген мағынаны береді. Хомейни тегінің берілуі 1935 жылы Пехлеви әулетінің билеушісі Реза шахтың еуропалықтарға жақын Персия атауын Иран атауымен барлық ресми құжаттарда енгізілуін және төл құжаттарда тегінің жазылуының талаптар қоюуымен тұспа тұс келді. Алғашқыда әкесінің атымен Мустафави тегін алса кейінен шығыстағы ұлы тұлғалардың туып өскен қаланың атауымен аталу үрдісі бойынша Хомейни есімімен әлемге әйгілі болды. Ұлы имамның атасы 1868 жылы дүниеден өткен Ахмед «хинди» деген лақаб атпен танымал болды, өйткені ол Кашмирде дүниеге келген болатын. Атасы шииттер үшін қасиетті саналатын Ирактағы Неджаф шаһарында діни білім жетілдіріп, Хомейни қалашығына тұрақтап, жергілікті шонжар Юсуфханың апасымен отасады. Имамның әкесі сейід Мустафа Мусави 1868 жылы дүниеге келген. Неджаф шаһарында жоғарғы діни оқу орнын бітіріп, мұжтахид дипломын иеленіп, мұсылмандық құқықпен шұғылданды. Неджафтағы діни оқуға дейін Исфахан қаласындағы Хусейн Хонсари есімді ірі діни тұлғадан діни тәлім тәрбие алды. Мустафа Мусави Хусейін Хонсаридің қызымен отбасын құрып, үш қыз, үш ұлдың әкесі атанды. Рухоллаға бес айлық кезінде қайғылы жағдай болып әкесінен айырлады. Ол өз тағдырын пайғамбарымыздың жетімдігімен тағдырластырады. Рухолла бала жасынан өте дарындылығымен ата-әке жолын жалғастырып, бауырларынан араб тілін мен каллиграфиясын, діни терминдер мен парсы әдебиетін жетік меңгерді. Қоғамдағы келеңсіз оқиғалардың салдарынан жан ұясы тұрақты мекенжайда орыныға алмады. Рухолла жасы он беске келгенде анасы мен апайы өмірдің тауқыметіне төтеп бере алмай, бірінен кейін бірі өмірден өтті. Өмірінің ең ауыр кезеңдерін бауырларымен бөлісіп, тағдырының тауқыметіне төтеп беруге жұмыла жүріп 1920 жылы Ирактағы әйгілі діндар Хайери Яздидің діни мектебінде білім алудың сәтіне ие болды. Аятолла Хайери Яздидің сан жылдардағы талмас еңбегінің арқасында Құм шаһарын шииттік мұсылмандардың діни орталығына айландырды. Құм қаласында ирандық шиитер үшін маңызы зор алтыншы имам Джафар Сыдықтың ілімін жандандыру мақсатымен жетінші имамның қыздары Фатима Масуменің және сегізінші имамның апаларының зиараттарын қайта қалпына келтіруде ұлы аятолла Хайери Язди және серіктестері талмай еңбек етті Сол кезеңдердегі Ирандағы саяси дағдарыстардың нәтижесінде елдегі әлеуметтік әл ақуалдың адам төзгісіз жағдайлары имам Хомейнейдің жанын жаралады. Фейзие семинариясының оқытушы ұстаздары жас шәкірттің талантты жігерін, білімге деген құштарлығын бижай қалдыра алмады. 1929 жылы осы семинарияның ұстаздарының бірі Мухаммед Сақафи Техрани мырзаның қызымен шаңырақ құрады. Жан жарынан жеті перзент сүйеді оның екеуі нәресте кезінде шетінейді. Ұлдары сейід Мустафа, сейід Ахмед және үш қызы. Рухоллах Мусавидің еңбектері бағаланды ол 27 жасында мұжтахеттік деңгейге көтерілді. Оның еңбектері араб тілдерінде жарыққа шықты. Құран аяттарындағы күрделі шумақтарды тәфсірлеуге, мистикалық діни сұрақтардың жауабын табуға күш жігерін салды. Фарсы тілінде мистикалық өлеңдер жазды. Ресейдегі кеңестік төңкерістен кейін Иран да көптеген келеңсіз оқиғалардың алаңына айналады, кеңестік үкімет аумақтан әскери зерттеу бөлімшесін шығарды. Бұл ағылшындар үшін ең қолайлы да оңтайлы жағдай еді. Ағылшындар парсы мұнай компаниясының мүддесін қорғау мақсатында Қаджар жанұясының жас бійлеушісі Ахмед шахты ықпалдарына көндірді. Елді басқару мақсатында елде ішаралық қақтығыстардың қалыптасуына жол беріп, Реза хан есімді жас, өр мінезді әскери офицерге мемлекетті басқаруға жол ашты. 1925 жылы парламенттің келісімімен Қаджарлар династиясын құлатты, таққа талантты, өжет, қатал әскери қолбашы Реза шах отырды. Ол патшалықтың атын әлемге таныту мақсатында Сасанидтік дәуірдегі Пехлеви тегін жамылды. Билікті мықтап қолға алу мақсатында діни өкілдердің мүддесін қорғаған сыңай танытып, шииттік қауымдастықтың жерлерін де тартып алды. Шахтың батыс елдерінің билік жүргізу тәсілін қолдауы және елді діннен алшақтатуды қолдай отырып, сол уақыттағы Түркия билеушісі Ататүрікке еліктеу еді. Иранның Пехлеви әулетінің билігінде шииттік діни ғұламалардың ролы маңызға ие бола алмады, бірақ сол уақытта имам Хомейни өзінің бүгінгі таңдағы исламдық мемлекеттің дәнегін сепкен болатын.Хомейнидің үйінен жақын маңында тұратын аятолла Нури есімді шәкірті ұлы тұлғаның бойындағы исламға деген сүйіспеншілікті дарыта отырып былай деп еске алады: «Хомейни қоғамда исламның ролін көтеру және азаматтардың бойына сіңдіру деген. Ұлы жетекшінің келешекке деген сенімі өте нық болатын» /1, 48/. 1937 жылы Имам Хомейнидің ұстазы аятолла Хаери Яздиді Реза шахтың өлтіртуі Хомейнидің оған деген өшпенділігін күшейте түсті. Имам Хомейни Реза шах Пехлевидің ақсүйектік саясатын сынға алып, тарихи дәлелдемелер келтіріп, оған жағымпаз діндарларды сынады. Ол өзінің еңбектерінде елді он екінші имам Махдидің келуіне дейін мұсылмандық құқықтанушы билігіне беру керек деген ұстанымды отызбес жыл бойы ұстанды, бүгінде ол Иран елінің ұранына айналуда. Реза шах гитлерлік Германиямен одақтасу негізінде ежелгі иранның арийлік нәсілдің ортақ тамырлығын алға тартқан болатын. Гитлерлік Германияның Кеңестік одаққа басқыншылық шабуылынан кейін Черчиль Сталинге Иранда бірлескен әскери компаниясын құруды ұсынған болатын. Ұсыныс қолдау тауып 1941 жылы Кеңес әскерлері солтүстіктен, ағылшын әскерлері оңтүстіктен еніп, Иран шахын өзінің 22 жасар ұлы Мұхаммед Реза шахтың мүддесі үшін тақтан бас тартуға мәжбүрледі. Реза шахты оңтүстік Африкаға жер аударды,ол онда үш жылдан соң қайғыдан көз жұмды. Мұхаммед Реза шах әкесі сияқты өктем билікке жаны құмар болатын. 1942 жылдары КСРО-ға Иран арқылы батыс елдерінің жүк артқан кемелері ене бастады. Бұл Иранға АҚШ- ың көз тігіуінің алғашқы жобасы болатын. Жоба үш үлкен ұлы держава арасындағы Иранның жер қойнауындағы байлықты бөлісу саясатына жол ашты. 1943 жылы тарихта әйгілі Тегеран конференциясында АҚШ, Англия, КСРО Иранның аумақтық тұтастығын сақтау құқығына және әлеуметтік көмектер беруге қол қойылды /1, 252/. Имам Хомейнидің өмірінде өшпес із қалдырған оқиғалардың бірі 1943 жылы Мұхаммед Боруджердидің Мешхед қаласындағы сегізінші имам Резаның мазарына зиярат жасау сапарындағы сөйлеген сөздері еді. Шииттік діндарлар үшін аятолла Хаериге тең келетін ғұлама діндар Мұхаммед Боруджерди болғандықтан оны ирандық шииттер үшін киелі саналатын 1944 жылы Құм қаласына қоныстандырды да оған Ұлы аятолла лауазымы беріліп «Әлемдегі шииттердің көсемі» деп танытты. Аятолла Мұхаммед Боруджердидің ізбасар шәкірттерінің, мектеп медреселерінің саны артып, бүгінгі Иран Ислам елінің негізін қалауға ықпал етті. Бірақ Боруджерди саясатпен айналыспады, тек діни ғылыми еңбектер жазып келешекке даңғыл сара жол салды. Ол өзінің бір сөзінде былай деген еді: «Мен мектебімнің келешегі үшін сендерді өсіруім керек, ал келешекте уақыты жеткенде күреске шығыңдар» /1, 57/. Иранның шет мемлекеттердің жартылай отарына айналуы, сыртқы саяси ықпалдың күшейуі елдегі ішкі жағдайдың тұрақтамауына алып келді. Елдің бірлігін қаламаған отаршыл мемлекеттерге керегі де осы болатын. Елде көптеген мемлекеттік, оппозитциялық партиялар мен әскериленген діни күштер пайда болды. Коммунистік халықтық партия (Туде) күшейді. Имам Хомейни Мұхаммед Реза шахтың елді басқарудағы көрегенсіздігін сынап, елдің келешегін өзгертуге (1943- 1961) жылдары теория жүзінде діни еңбектермен ислам елінің түбірінің негізін қалады.1943 жылы жарық көрген «Сырлардың ашылуы» атты еңбегі шииттік иран әлемінде оның даңқын асқақтатты. 1944-1961 жылдары елде сяси, діни, ұлттық партиялар арасында қақтығыстар етек алды. Хомейни 50-жылдардың аяғында аятолла лауазымын алса 1961- жылы ұлы аятолла лауазымын иеленді. 1951-1953 жылдары елдің байлығын ұлттандыру мақсаттында «Ұлттық шеп» құрылып жеңіске жетті. ЦРУ(ОББ) мен Моссад барлау күштері доктор Мосаддықты биліктен тайдыруды жоспарлап, 1955жылы биліктен құлатты Мұхаммед Реза билік басына қайта келді. Американдықтар елдің барлық саласында ықпалын күшейтіп, елдің ішкі саясатына араласып, солшылдар қозғалысын басуға шахты жігерлендірді, ал діни өкілдер тарапынан қауіптің келетінін байқамады. Елдің барлық тыныс тіршілігі 1957 жылы құрылған САВАК жасырын комитеттің қолында болды. Оның жоғары дәрежеде даярланған мамандары Израилдегі жасырын әскери оқу орындарынан өтті. Оны басқару тікелей израилдік кеңесшілердің қолында болды. Елдегі өндірістік сауда орындарының жеке қожайындары яхуди дініндегі өкілдердің меншігінде болды. Имам Хомейни бұл жайында да қатты сындар айтып, шахтың үрейін тудырды. Шах 1959 жылы өзінің жеке басының қамы үшін Америкамен әскери шарт жасасты. 1962 жылы Ұлы аятолла Боруджери өмірден өтті, ол көзі тірісінде шахпен арақатынасты қалыпта ұстауға күш салды, бірақ соңғы уақытта шыдам шегінің таусылғанын аңғартып кетті. Демек, аятолла Хомеини көп жылдан бері көкейінде жүрген сұрақтардың шешімін шығаратын уақыттың жеткенін байқады.Ол өзінің діни ортада және жастар мен студенттер пікірінде жетекшілік лауазымының барын паш етті. 1963 жылғы Мұхаммед Реза шахтың «Ақ төңкеріс» реформасының алты тарауында елдегі көкейтесті мәселелерді қамтыды. Феодалдық жүйені жою, жер реформасын қайта құру, жеке кәсіпорындарды жекешелендіру, сайлау құқықтарын беру, сауатсыздықпен күресу, орман- шабындықтарды ұлттандыру. Бұл шахтың кезектегі тағы бір құйтырқы амалдарының бірі болатынын Имам Хомейни уақытынан бұрын аңғарған болатын. Реза шахтың жасап жатқан жақсылықтарының астарында елдегі сионистік өкілдердің мүддесі болатын. Елде шах билігіне қарсы наразылық шерулер легі етек ала бастады. Хомейнидің азаттық жолындағы діни серіктестерінің саны ұлғайып қоғамда жетекшілік сипатқа ие бола бастады. «Менің діни ар алдындағы борышым мұсылман әлемінің және Құран мен исламның тағдыры қатер үстінде екендігін айту. Халқымның саяси және елдің эканомикасы сионистік алпауыттың азуында кетері хақ. Егерде мұсылман халқы үнсіздікте жатар болса, сионистер еліміздің жағдайын құрдымға жіберіп, мұсылмандық ұлтты жойып жібереді. Қатерді жоймайынша халық қарап отырмауы тиіс, кімде кім қол қусырып отырар болса, Хақ тағаланың һақарына ұшырайды…» /1, 64/.) 1963 жылы жаңа жылдың қарсаңында аятолла Құмдағы діни өкілдерге шах режимінің құрбандарын еске алуға ұсыныс тастады. Иранның жер- жерлеріне азаттық жолында құрбан болғандарды еске алу хабарын жеткізді. Халықты қанаған үкіметке қарсы ереуілдер елді мекендерде наразылық шерулермен қанатын құлашынан жаза бастады. Шах үкіметі наразылық шерулерді аямастан басып тастап отырды. 1964 жылы 14 қазанда Вена конвенциясына сәйкес американдық әскерилер мен әскери емес мамандардың Иран территориясына орнығуы шеңберінде заң қабылданды. Осы жылы Иран капитуляциялық келісім туралы заң қабылданды. Осыған байланысты аятолла Хомейни өзінің наразылығын былай білдірді: «Үкімет пен мәжіліс мұсылмандар жабайы деп мойындайтын құжатты АҚШ қолына тапсырды. Сол арқылы ислам мен ұлттың барлық мақтанышын қара қаламмен сызды» /2/ Шах үкіметінің бұл әрекеті заңға қайшы болды, өйткені ол конвенцияда тек дипломатиялық өкілеттіке қатысты тараулар болатын. Мұхаммед Реза шах бұл әрекетінің соңында нендей жағдайдың тұрғанын тез аңғарып, Құм қаласына келісім мақсатында өкілдерін жіберді. 1964 жылы 25 қазанда аятолла Хомейни келісімнен бас тартып, Құм қаласында діни өкілдер мен халықты бірлік пен күреске шақырды. 1964 жылы 4 қарашада таңсәріде әскери девирсанттар Құм қаласын қоршап Хомейниді, артынан баласын Мұстафаны тұтқындады. Хомейниді және баласын Түркияның Бурса қаласына жер аударды. Хомейнидің азаттық жолындағы күресіне шах үкіметінің қарсы әрекеті нәтиже бермеді. Он бір айлық жабық өмірде отанына деген үндеулер мен жолдаулар легі үзілмеді. Иранда 1965 жылы 22 қаңтарда преьмер- министр Мансурға қастандық жасалды. 1965 жылы 13 қазанда Түркия үкіметі аятолла Хомейниді Түркияда ұстап тұруға қауқарсыздық танытып, баласы Мустафа екеуін Ирактың діни қаласы және шииттердің бірінші имамы Алидің қабірі орналасқан Неджаф қаласына жер аударылды. Шииттердің ұлы көсемі Хомейнидің Иракқа келуі оның азаттық жолындағы күресін жалғастыруға үлкен мүмкіншіліктер тудырды. Ирактағы он үш жылдық өмірінде Ирандағы барлық оқиғалардың тыныс тіршілігімен танысып, елін алыстан басқарып, қозғалыстың рухани құдіретті демеушісі болды. Ирак-Иран арасындағы шекара жайындағы және Шатт-әл-Араб өзеніне талас Имам Хомейнидің осы елдегі жағдайын қиындаты. 1969 жылы Хомейнидің мәртебесі өсіп, шет мемлекеттерге атағы жайылып, әлемдік деңгейде таныла бастады. «Исламдық құқықтық басқару» (Велайяте Факих) атты лекциялық жиынтығы Иранда жарық көріп, таратылды /4, 88/, 1970 жылы Иранға американдық капиталистердің Рокфеллер басқарған делегация өкілдері мұнайдан түсетін пайданың пайызын көтеру және саяси ықпалды күшейту мақсатында келген болатын. Мұхаммед Реза өзінің даңқын асқақтату және Иранда монархиялық биліктің 2500 жылдығын тойлау ниетімен ел байлығын есепсіз жеке басының мүддесіне жаратты. 1971 жылы жоғарғы оқу орындарында 11-нен 18-ші қазанға дейін демалыс жарияланды. Ақпарат құралдарында САВАК пен мұсылмандық қарулы күштер арасында қақтығыстар болғанын хабарланды. Аятолла Хомейнидің Ирактағы өмірі саяси қақтығыстарға толып, елде тұрақтатпау мәселесі туындап, Ирактан кетуге бет алғанда, жағдай өзгерді. 1973 жылы араб елдерінің Израилдің одақтастары АҚШ-қа және Голландияға қарсы мұнайды жөнелтуді тоқтату наразылығы ықпал етті. Нәтижесінде европа елдерінде экономикалық құлдырау орын алды, көптеген елдер мұнай өндірісін ұлттандыру мүмкіншілігін иеленіп, ОПЕК- те өзінің ұстанымдарын нығайтып, бағаны әлемдік нарықта белгілеу мүмкіндігіне қол жеткізді. Шах пенен халықтың сүйікті ұлы тұлғасының арасындағы қақтығыстар иран халқына ой салып, шалғайдағы көсемнің әрбір сөздерін жандарына жебеу етіп, жылдар өткен сайын беделі арта түсті. Мұхаммед Реза шах 1976 жылы ирандағы мұсылмандық хиджра шәмси күнтізбесін Ахеменидтер патшалық билігінен бастау алатын жыл санауына өзгерті. Имам Хомейни шахтың бұл әрекетін исламға опасыздық жасау деп атап өтті /1, 93/. 1976 жылы Ираннан келіп жатқан әріптестеріне елінің болашағын өзгертуге жанқиярлықпен талмай еңбек етуге шақырды. Аятолла Хомейни елдегі саяси жағдайдағы ұстанымын нығайту мақсатында басқадай оппозициялық күштермен ортақ келісімдерге келді. Шах үкіметі АҚШ–тағы 1976 жылғы президенттік сайлауға каржылай көмек берді. АҚШ тағы сайлауда республикандықтар жеңеді деген үмітте болатын, бірақ демократтар өкіметі Джимми Картер жеңіске жетті. Демократтар Ирандағы жағдайдың тұрақтылануын қамтамасыз етуді назарға алмаған еді. Бағдаттағы Иран елшісі Хомейнидің қол қусырып отырмағандығын шахқа жеткізгенде, шах Хомейниді тұншықтыруды о бастан айтқан болатын. 1977 жылы 23 қазанда САВАК ұйымының өкілдері имам Хомейниді соққыға жығып, үлкен ұлы Мұстафаны у беріп өлтірді. Имам Хомейнидің өміріндегі ауыр қаза оның шахқа деген өшпенділігін жасатпады, керсінше ұлының өлімін шииттік шәһиттердің қатарына қосты.

Читайте также:  ОККАЗИОНАЛИЗМЫ В ЯЗЫКЕ СОВРЕМЕННОЙ ПЕЧАТИ

Оставить комментарий