Құрылымдар бірлігі туралы

Ендігі жерде көркем шығарманың бірлігіне оралайық. Бұл бірлік — сөзсіз жаратушының дүние сезінуімен қалыптастырылған көркем құрылымның бірлігі. Ол әлем құбылыстарының үлгілерін жаратуға әрекет жасайды. Көркем шығарма біртұтас, ол бізді ұсынылып отырған адамдар қарым­қатынастарына кіргізеді және біздің бөлек қылықтың дұрыстығын емес, осы бүкіл жүйенің дұрыстығын (немесе дұрыс еместігін) көретіндігімізге байланысты бізді өткеннен де тасаламайды. Мысалға, біз (соны оқып жатсақ та) Одиссейдің келгенін және осы жігіттерден кек алатынын біле отырып, Пенелопаның табынушы жігіттерін сыйлық жасауға итермелейтінін жөне олардан сол сыйлықтарды қабылдайтынын байқамаймыз. Сонда өнердің өзі үзілмелі болған жағдайда біздің өнерді қабылдауымыздың үздіксіздігі немен түсіндіріледі? Софокл Эсхилді терістейді, Толстой Шекспирді терістейді. Толстой өлген жылы айтылған Лениннің сөздері бойынша, — халықтың басым көпшілігі үшін сол кезде Толстой түсініксіз болды. Бірақ қазір Толстой түсінікті. «Анна Каренинаны» барлығы оқиды. Толстойдың ең түсініксіз нәрселері қазірде оқылмайтын халық әңгімелері болып шықты. Эйхенбаум маған әңгімелеп берген еді. Толстойдың «Ромео мен Джульетта» трагедиясының өз нұсқасы бар. Ол Шекспирге кекесінді ескертулер жасап оқи отырып, Ромеоның «өмірдің бүкіл философиясы да Джульеттаның орнын баса алмайды» деп айтқан жеріне келеді. Мұнда Толстой дәптердің шет жақтарына бір ескерту жазады, сызып тастайды, басқасын жазады, сосын тағы да сызып тастайды. Ақыр аяғында ірі етіп, ері ашуланып, «сірә, кездейсоқ сәттілік» деп жазады. Ол осы сөздердің шындығын жеңе алмады. Бірақ ол белгілі бір дүниетанымға негізделген өзінің белгілі бір дүниетанымын қабылдады және оны бүкіл адамзат мәдениетіне қолданғысы келді, ал сондықтан да ол өнердің басты бөлігін жоққа шығарып отырған. Мұны мен Толстойдың өнерді қадағалаудағы дарынды көрсетілген идеясын, оның жоққа шығару әдістері мен көзқарасына қарсылығымды білдіру мақсатында жазып отырмын. Осында бұл әдістердің өзгеретінін және Толстой өзінің Шопен мен Бетховенді пір тұтатыны жөнінде бірнеше рет жазғанын айтып өту керек. Гольденвейзер Толстойдың оған жастық шағында Шопеннің түсініксіз болғаны жөнінде айтқанын жазып алған. Адам өзі үшін жаратылған сөздермен сөйлейді және де бұл сөздерде өткеннің сарқыншағы, өткеннің дәстүрлері бар. Сөздер өзгереді, олар бұтақтағы жапырақтар секілді пайда болады және төгіліп түседі, — деп жазған Гораций. Ол мұны мәңгілік жасыл ағаштар өсетін Жерорта теңізінің маңында жазды. Біздің өмірімізде, біздің климатымызда жапырақтар бірден түсіп, келесі жылы бірден басқа жапырақ шығады. Бірақ ормандардың өздері де өзгереді. Орыс фольклорында ақ қайындардың Жайықтың арғы жағынан орыстармен бірге көрініп, шабуылдағаны жөнінде айтылады. Жануарлар да, табиғат та өзгереді. Бірақ ең бастысы біз өткенді жоймай өмір сүргенімізбен, өмір номинативті құрылымды түрде сақтала отырып өзгереді. Өнерде біз жоққа шығара отырып ойлаймыз; Інжіл де, Гомер де, Толстой да біздің өнерімізде бар. Дінге қарсы нәрселерді айта отырып, қазір діни сөздерді қолданамыз. Бұл Есенин мен Маяковскийде айқын көрінеді. Төңкерістердің жоғарғы стилі библеизмдерді олардың терістелген түрінде алады. Ескі стиль, ұғымдар мағынасы терістеледі, ырғақтан бас тартылады, бірақ бөлшектенген күйінде емес, жүйені қайта ұғыну түрінде жүзеге асырылады. Маяковскийдің өлеңін түсіну үшін Маяковскийде бар, сонымен қатар Пушкинді баяндайтын Пушкиннің өлеңін білу керек. Александр Блок футуристер мұны жасағысы келмесе де Пушкинге көзқарасын өзгерткені жөнінде жазады. Пушкинді қайтадан жаңадан жақсы көруді үйреткен тіптен де Брюсов, Щеголев, Морозов және т.б. емес, ол … футуристер болса, онда қалай олар оны жаңадан сынайды, ал ол болса жаңадан жақын бола бастайды. «Онегиннен» мен осыны сездім. Ақын әрі қарай жазады: «жаңа — белгісіз, ал ескісі — ұлы әрі әйгілі болғанымен де, жаңаға деген сын ескіге деген сынмен бірдей емес. Себебі жаңа деп сынау әлдеқайда қиын және жауапкершілікті».

Читайте также:  Будда дінінің бейнесі

Оставить комментарий