Сұхбатты аяқтау

Сұхбатты аяқтау әдістері. Сұхбаттың басталуы мен негізгі кезеңі сияқты оны аяқтаудың да өз әдістері мен ережелері бар. Бұл тіпті, ең жауапты кезең десе де болады. Сұхбатты аяқтауды дұрыс ұйымдастыра білудің маңызы мынада: респонденттер көп жағдайда сұхбаттың аталған этапында (диктофон сөндіріліп, құжаттарды толтыру сәтінде) ашылады, сөйтіп ең маңызды ақпараттарды айта бастайды. Өйткені бұл респонденттің сұхбат алушыға деген сенімінің нығая түскен мезгілі. Сондықтан интервьюер шыдамдылық танытып респондентті соңына дейін тыңдап, барлық ақпараттарды жазып алғаны дұрыс. «Айтылған тарих» зерттеу әдісі бойынша жүргізілетін сұхбатқа қанша уақыт кететінін болжау қиын. Өйткені ең кем дегенде 1 сағат, ал кейде 3­3,5 сағатқа созылуы мүмкін. Жалпы тарихи тақырыптарда алынған сұхбаттың психологиялық тұрғыдан ауыр екеніне қарамастан, сізбен ұзақ әңгімелескенді дұрыс көреді. Орыс ақыны А.С. Пушкиннің «өткен кезеңді еске алу мейлі ол сүреңдеу болса да рахат сезімдерді оятады…» дегеніндей, өткен өмір жөнінде сұхбат беру респонденттердің ерекше құлшынысын оятары сөзсіз. Айтылған тарих орталығының тәжірибелеріндегі соғыс жылдарына арналған жоба бойынша жүргізілген сұхбаттарда, яғни адамдардың еңбектегі, тұрмыстағы күнделікті өмір тарихы, киім­кешек (тозығы жеткен аяқ киім, жыртық­жамау көйлек, жылуы жоқ сырт киім туралы айтылды), тағамдары (үнемі жеткіліксіз, құнарсыз, ас­ауқатсыз отырған отбасындағы аналар, сол уақыттағы жас балалар әңгімесі айтылды), санитарлық ауыр жағдайлар (биттеуден қорлық көрген адамдар, оның «қотыр» сияқты тері ауруларына ұласуы туралы естеліктер айтылды) сұрақтар қойылғанда «… бұл қандай сұхбат өзі, есімізден баяғыда ұмыт болған заманды қайта еске салдыңыздар ғой!

Мұны жастар ешқашан көрмесін! Сіздер кетпеңіздер, отырыңыздар, менің тағы да айтарым көп!» деген өтініш лебіздер айтылды. Әсіресе, осы сияқты ғалымдар ортасынан да ел тарихының айтып тауысу мүмкін емес жаңа, тың, еркін айтылған тарихи әңгімелер алынды. Айтылған тарих ел ішінен дерек жинау құралы ғана емес, ол халықтану ісіндегі тарих ғылымын жаңа деңгейге көтеретін немесе прогресс пен коммуникацияны күшейтуге бағытталған құрал деуге толық негіз бар. Сұхбат соңындағы назарға ұстайтын басты Ереже: өзіңіз жүргізетін келесі жаңа сұхбатқа деген респонденттің ынтасын оята білу. Басқаша айтқанда «айтылған тарихпен» айналысушы жүргізілген сұхбаттан үлкен беделмен оралғаны жөн. Сонымен сұхбаттың нәтижелі шығуы үшін көпшілік жағдайда қабылданған мынадай ержелерді есте ұстауды ұсынамыз: •сұхбатты алдын­ала келіскен уақыт шеңберінен шықпауға тырысыңыз, ал егер қажет деп тапсаңыз тек респондент ұсынған жағдайда жалғастыруға болады; •егер тым ұзаққа созып алсаңыз, берілетін жауап селқос, ақпаратсыз болып шығуы мүмкін; •егер респондент сұхбаттың тоқтатылуын өтінсе, онда бұл нәтижесіз сұхбат, ал егер интервьюер ұсынса, онда бұл сұхбат нәтижелі болды деп есептеуге болады; Яғни мұндай жағдайда: «Біздің уақытымыз аяқталып келеді, тағы бір­екі сұрақ қоюға рұқсат етіңізші…» деген дұрыс. Уайымдамаңыз мен сіз қойған сұрақтарға жауап беруге уақытым бар, әрі қарай жалғастыра беріңіз» десе, демек тақырып әлі де жаңа ақпараттармен толықтырылуы мүмкін екенін түсінуге болады. Сондықтан тағы да келесі кездесуге уәде алуыңызға болады. •репонденттің шаршағанын, селқос жауап айта бастағанын сезсеңіз сұхбатты тоқтату қажет. •сұхбатты аяқтай отырып, өзіңіздің алдын­ала даярлаған сұрақтар тізімін, тағы да басқа жазбаларыңызды қайта қарап алуға ерінбеңіз. Ұмыт қалған мәселелер болуы мүкін.

Читайте также:  1930­-жылдардың басындағы Алматы сәулетінің шығармашылық бағыты

Сондай қателіктерге жол бермеңіз. Уақыт бар болса, түсініксіз жерлерін анықтап алған дұрыс. Жазбаларыңызды шолып өту, сұхбттың аяқталу кезеңін хабарлаудың жақсы әдісі: «сұхбатымыз соңына жетіп қалды, жазбаларымды бір көріп алуға рұқсат етіңізші…» деген дұрыс. Расында жоспардың барлық тақырыптарының қамтылуы – сұхбаттың негізгі талаптарының бірі. Осындай аз ғана үзілістен кейін респондент те қалып қойған жерлері жөнінде ойлана бастайды. Сондықтан өтініш айтуға да болады: «Ұмытып кеткен ойларыңыз болса, мүкін тағы да қосарсыз…». Сұхбатта айтылып кеткен құжат, хат, сурет, мақалалар т.б. заттарын есіне салуға да болады. Ең соңғы нүктені қойып, қоштасудың қажеті жоқ, тағы да сұрақтарыңыздың бар екенін айтып, келесі сұхбатқа кездесуге жол ашып алған жөн. Сұхбаттың транскрипция мен ғылыми өңдеуден кейінгі, жарияланымға даяр нұсқасын респондентке көрсетіп, таныстыру алынған ақпаратты нақтылау үшін қажет. Респондент тереңдетілген формадағы сұхбаттың кейбір тұстарын жарыққа шығарылуын қаламауы мүмкін, немесе оның ғылыми стилі мен тіліне қатысты тұстарын қайта өңдеуі мүмкін. Мұндай жағдайда зерттеуші респондент пікіріне қайшы келуіне рұқсат етілмейді. Қоштасарда өзінің отбасы, балалары, немерелері, олардың жетістіктері сияқты көңіліне жағымды сұрақтармен аяқтауға да болады. Кешікпей сұхбатты бастау, ойды нақты жеткізу, оны дұрыс ұйымдастыру және аяқтау респондеттің сіз туралы дұрыс пікірде қалуына ықпал етеді. Сұхбат соңында респондентке алғыс айтуды ұмытпаған жөн.

Оставить комментарий