Сәулет өнері. Сәулет өнерінің даму тарихы

Ұлттық сәулет өнері мектебінің қалыптасуы­кезеңдері мен ерекшеліктері. XX ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің маңызды ерекшелігі кәсіптік өнердің әр алуан түрлерінде ұлттық мектептің қалыптасу үрдісімен байланысты болды. Бүкіл кеңес құрылысының контекстінде айтулы деңгейге қол жеткізіп, көш басындағы орындардың бірін иеленген сәулет өнері солардың ішіндегі басым жағдайды ұзақ уақыт бойы сақтап қалды. Бұрын соңды еш нәрсесімен қызықтырмаған Қазақстан сәулет өнері, 1960 жылдардың басынан бастап ұлттық сәулеттік тәжірибе саласына байланысты шығармашылық белсенділікті айқындап, мамандардың ерекше зерттеу нысанына айналды. Отырықшылықтан көшпенді мәдениеттің басымдығын, яғни, дәстүрлі қазақ құрылыстарының түрлері мен ерекшеліктерін тарихи үрдістің сипаты түсіндіреді. Көшпенділікпен тығыз өзара әрекеттестікте дамыған қаланың құрылыс мәдениеті гүлдену дәуірін (XII ғ.) және одан кейінгі құлдырауды басынан өткізіп, XVIII ғасырда әлде қайда кіші көлемде қайта жанданды. Қазіргі мәдени­тарихи негізде, өте қысқа мерзімнің ішінде (жиырма жыл шамасында), кең ауқымда ұлтқа арналған жаңа ғимараттар түрінің, жаңа құрылыс техникасы мен материалдарының ұсынылуымен кәсіби жетілген бүгінгі сәулет өнерінің пайда болуын өзіндік әлеуметтік­мәдени және архитектуралық тәжірибе ретінде қарастыруға болады. Кішігірім қиындықтар ұлттық мектепті дүниеге әкелумен байланысты болды. Қазақстан сәулет өнерінің тарихтағы балаңдығы өзгешелік мәселелеріне ерекше өзектілік берді. Оны, нақты сәулеттік болашақ үлгісіне бағытталуы емес (бұл мұра тек 1970­1980 жж. археологиялық ашылудың арқасында ғана кең танымал болды), бүкіл дәстүрлі мәдени кешеніне әсері анықталды. Аталмыш Қазақстандық кәсіптік мектептің айрықша ерекшелігі оны бұрынғы пішіннің үстемдігінен сақтай отырып, қалыптасу үрдісінің қиындығы мен өзіндік ерекшелігін жасады. Жас ұлттық мектептердің қалыптасуында әлемдік тәжірибе көрсеткендей, дамыған сәулеттік дәстүр, көбінде тарихи пішіндерді көшірмелеу тығырығына әкеліп тіреген кәсіби сәулетшілерді ұсынады. Бүгінгі күні кәсіптік өнерде халықтық көркем дәстүрдің динамикасын талдау қазіргі мәдениет жүйесінде оның рухани­эстетикалық қырын күшейтуге байланысты ерекше маңыздылыққа ие. Этникалық және ұлттық мәдениеттің жетістіктері әлемдік көркемөнер контекстіне қосылып, ұлттық өнерге жаңа көріністер әкеледі. Аталған үрдісті тыңғылықты зерттеу барысында жергілікті мәдениет ерекшеліктерін түзетуші әрі жоққа шығарушы, жаһандануға қарсылық білдіруші ретінде айшықталды. Оған қоса орталыққа ұмтылған үрдістер сәулет өнерінің, қазіргі заман өнерінің палитрасын түрлендіре отырып, ұлттық мектеп белсенділігінің артқандығы секілді қазіргі заман мәдениетінің еуропоцентристік құрылғыларын жеңгенін дәріптейді. Анығырақ айтсақ, бұл әлемдік өркениет жетістігінде қалыптасқан «ранг туралы табельден» жетілген мәдениет дискриминациясы. Бұл XX ғасырдың ең маңызды жаулап алуларының бірі болып табылады.

Өзге ұлттық кәсіби мәдениетпен қатынасқа түскен этникалық машығы балауса ұлттық мектеп қалыптасуының динамикасы мен тарихының талдауы ерекше мәнге ие болады, осындай мәдени симбиоз қызықты құбылыстарды тудырды. Аталған үрдістер әртүрлі мәдениет орталықтарынан жеке бөлшектерімен ерекшеленеді, алайда, соған қарамастан ол белгілі заңдылықтардың тізбегін немесе кәсіби мектептер қалыптасуының заңдарын анықтайды. Қазақстан мәдениеті ерекшелігінің контекстіндегі қазіргі заман мәдениеті дамуының құралы мен мақсаты ретінде көрінген дәстүрдің дүниетанымдық потенциалын игеру солардың бірі болып табылады. Жалпы мәдени құрылғылардың кәсіби өнердің дамуына әсерінің сипаты мен позитивті нәтижелері әсіресе өздерін жеке алынған ұлттық мектеп материалында айқын көрсетеді. Қазақстан сәулет өнері мектебінің қалыптасу үрдісіндегі мәдениеттанушылық машық пен ерекшелік осы жоспарда даусыз өзектілікке ие болып, тар ұлттық қызығушылық шеңберінен шығатын зерттеуге арналған маңызды жобаларды ұсынады. Өз кезегінде тек дұрыс анықталған қазақстандық сәулет өнері мектебінің қалыптасу үрдісі ғана оның бүгінгі жағдайда дамуының тенденциялары мен заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік бере алады. 1990­2000 жж. кең көлемде баяндалған материал сыншылар мен мамандар тарапынан сәулет өнерін қабылдауда кейбір тоқырауларға алып келді. Бұрынғы сөзсіз таңқалыстар керағар бағалаумен орын ауыстырды. Осы тұста көп уақыт бойы типологиясы бойынша әртүрлі сирек ұшырасатын нысандарды салудың шығармашылық міндеттерін жүзеге асырумен байланысты жаулап алу әрекетінен бас тарту мәселесі көтеріледі. Сондай­ақ теоретиктер мен практиктерде кешегі өткен кәсіби құштарлықтармен, болып жатқанды тереңірек зерттеудің қажеттілігін дәлелдейтін бүгінгі күннің шығармашылығы арасында қайшылықтар байқалады. Бұл мүлде кеңестік дәуірдің мұраға қатынасы бойынша тарихи­мәдени нигилизмнің орнына келген ұрандық көтеріңкі сарыннан босаған, жаңа әдістердің негізінде мүмкін болады. Өткен кезеңдердің сәулет өнерін қарастыру­замануи құбылыстарды түсінудің үлкен қажеттілігіне айланған ұлттық мектептің даму динамикасын талдаудың мәдениеттанушылық сыны тұрғысынан, сондай­ақ тарихи аспектіде зерттеуді де қажет етеді. Кәсіби және халық мәдениеті қатынасының контекстінде осы уақытқа дейін арнайы зерттеу нысаны болмаған республикамыздың ұлттық сәулет өнері мектебінің қалыптасу тарихына арналған жоғарыда айтылған ой аталған жұмыстың тақырыбын таңдап, оның практикалық мәнділігі мен өзектілігін анықтайды. Қазақстанның бүгінгі сәулет өнерін қарастыратын әдебиеттер оны бүкіл кеңес сәулет өнеріне ортақ үрдісінің, көптеген ғимараттардың типологиясы мен қала құрылысындағы жетістіктері мен үлесі жоспарының контекстінде қарастырды.

Читайте также:  АХИКАР ӨСИЕТТЕРІ ТУРАЛЫ

Ұлттық мектептің ерекшелігі мен динамикасы Алматы құрылысында өзін толық көрсетті, ол қала құрылысы бойынша материалдардың басымдығын анықтады. Қазақстан сәулет өнері дамуының әрбір кезеңінде ұлттық мектеп күткендей­ақ өзіндік мәселелерін шешу басым тұрды. Өзіңнің уақытыңның құрылғыларымен ерекшеленген осы бағыттағы жұмыстың теориялық және практикалық нәтижелелері Қазақстан Республикасының кәсіби мектебі қалыптасуының күрделі үрдесін бақылауға мүмкіндік береді. 1920­30 жылдардағы сәулет өнері. Жобалық­құрылыстық практика. Қазақстандағы кеңес билігінің жеңісімен (26/VIII­ 1920) алғашқы кездері азаматтық инженерлер өз қызметін жалғастыра берді. 1930 жылдың ортасына дейін жергілікті және сырттан келген жобалаушылар бүкіл Орталық Азияға арнап жұмыс жасады. Мысалы, Алматылық А.Зенковтың жобасы бойынша кеңестік Бішкектің орталығы салынды. Ұзақ уақыт бойы республикаларға бөлінбей, осы кең аумақ бұрынғы атауы­Түркістанды сақтап келді. Көптеген жобаларды Петербург, әсіресе А.Н.Гоген, Ф.И.Лидваль, А.А.Обер, А.И.Резанов сынды олардың жоғары кәсіптік деңгейін көрсететін көркемсурет Академиясының сәулетшілері мен мүсіншілері бақылап отырды. Қазақстан құрылысында М.А.Антонов, А.Л.Бенуа, К.А.Борисоглебский, Н.Н.Ботвинкин, И.И.Козелл­Поклевский, Н.П.Наранович, Г.М.Сваричевский, С.К.Топаревский, С.К.Янчевский сынды жобалаушылар маңызды роль ойнады. Олар Шымкентте, Қызылордада, Түркістанда, Таразда, Меркіде және т.б. типологиясы бойынша әртүрлі көптеген нысандарды (қоғамдық, тұрғын үй, әкімшілік, мәдени­ағартушылық, суландырушылық, аурухана) орындады. Жобалаушылар 1920 жылдары жұмыс істеуді жалғастыра отырып, өздерінің шығармашылығын революцияға дейінгі тенденциялармен ­стильдік, типологиялық, конструктивтік (антисейсмологиялық есептемелер, темірлі­ бетондық құрылыстар тәжірибесі)­байланыстыруға тырысты. Үш жылдықтың тенденцияларының бірі ретінде «жаңа әлеуметтік өзгерістермен бір» байланыста трансформацияланған классикалық сәулет өнерінің жекелеген әдістерін қолдануды атап өту керек. «Классикамен жеңілдетілген» стилистиканың әртүрлі нұсқаларын сол кездері ұсынылған дәстүрге жақындауда өте танымал болған демократиялықтың есебінен негізінен «маман» деп аталатындар жобалады. Жергілікті жердің аумақтық ерекшеліктерімен таныс емес олар жас мемлекеттің құрылысына келіп, өздерінің кәсіби құштарлықтарын жүзеге асырды. Солардың ішінде А.Риттих (Венаның Көркемсурет академиясының түлегі, Штуктің австриялық модерннің негізін қалаушылар класы бойынша сәулет өнері және кескіндеме факультетін бітірген) болды. Ол темекі фабрикасының (1932 ж.), Банк ғимаратының (В.Львовпен, Д.Фридманмен бірлестікте 1934 ж.), ДОСААФ­тың жобасын орындады.

Петербургтен келген В.Н.Львовтың жұмыстары классикалық әдістерді талантты баяндауымен ескерілген болатын, ол 1920 жылдардың ортасында республикамыздың астанасы болған Қызылорданың көптеген құрылыстарының авторы. Екі жылдың ішінде ол 70 нысанды көтерді, соның ішінде Үкімет үйі мен Ауылшаруашылық банкі, «Жаңа қала» деп аталатын коттедждік кешен де бар. Бұдан кейінгі жылдары сәулетші Алматыда жұмыс істейді (25 пысан шамасында) институттар кешенін, электростанция ғимараттарын, СНК құрылысын, геологиялық бақылау Басқармасын, Қазақ мемлекеттік университетін және оған қарасты 1000 адамдық жатақханаларды, Голощекин атындағы Қазақ коммунистік университетін 500 адамдық жатақханасымен, бір және екі қабатты тұрғын үйлерді (жабдықталған, коттедждік) жобалайды. Сол жылдардың құрылысының басым бөлігін революцияға дейінгі кезеңдегідей «кірпіш стиліндегі» ғимараттар құрады. Олар құрылыста тек қарапайымдылығы мен арзандығынан ғана кең қолданыста болған жоқ ­ күйдірілген кірпішті өндірудің жақсы орналастырылған өндірістік негізі болатын. Конструктивтік­образдық логика негізгі анықтаушы болып табылды, өйткені қабырғаның өрілуі мен өрнектелуі бір уақытта орындалғанда жергілікті сәулеттік дәстүрмен үндестік табатын. Жүздеген жылдар бойы Азияда әртүрлі типологиялық құрылыстарды дәл осылайша салған болатын. Сондықтан жергілікті құрылысшы­ шеберлердің еңбектері белсенді түрде пайдаланылды. Олар қабырғаларды тез әрі жылдам өрумен қатар конструкциясы бойынша күрделі әртүрлі жүйедегі күмбездері бар (ағашты мүлде қолданбай) үлкен аралықтағы жабындарды да жасай беретін. Жергілікті ескерткіштегідей сол кездегі құрылыстардың бірнеше типтік жобаларында орындалған негізінде декорды өзгертудің есесінен үлкен өзгерістің эффектісіне қол жеткізген болатын. Осы аталған бағытта негізінен түркістандық жобалаушылар жұмыс істеді. Олар үшін жергілікті және еуропалық сәулеттің әдістерін бір­бірімен біріктіру идеясы (Түркістандағы коммуналдық тұрғын үйлерде күмбездерді қолданғанға дейін) қызықты болатын. Осы бір дұрыс әдістемелік құрылғы бұдан кейінгі кезеңдердегі кеңестік сәулет өнерінің өзіндік ізденістерінің контекстінде, шығармашылықтың ұлттық балансы мен өзге ұлттық параметрлерінде аталған құрылыстарды ерекше құнды етеді. «Кірпіш стилінде» 1930 жылдардың басына дейін аймақтың ең үлкен және ең кіші қалаларында әртүрлі құрылыстар орындалды. Әсіресе олар Түрксібтің станция маңайындағы құрылыстары. Бұл вокзал, депо, суартқыштар, тұрғын үй кешендеріндегі осы күнге дейін қолданылып келе жатқан және тұтастай ауданның бедерін айқындайтын дамыту инфраструктуралары.

Читайте также:  Анархизм және социализм

Мұндай нысандар Алматыда аз болмады: «Жетісу» қонақ үйі (инж. Г.В.Егоров, 1932 ж.) моншаның сәнді ғимараты (бұрын «Арасан» кешенінің орнында болған) және коммуналды Банк (екеуі де А.Зенковтың жобасы бойынша, 1927 ж.), сонымен қатар екі қабатты типтік тұрғын үйлер. Алайда осы құрылыспен қабаттаса, 1928 жылдан бастап аймақ үшін сапалы жаңа кезең бастау алады, ол Орталықтың, яғни Мәскеудің сәулетші­мамандарының кызметтерімен тікелей байланысты. Олар аймаққа жаңа типологиялық сәулет өнерін әкелушілер болып саналды. «Көшпенділердің отырықшылануына» байланысты әлеуметтік көші­қон теориясының кейбір аспектілері. Ұлт өмірінің әлеуметтік­экономикалық және мәдени модельдерінің түбегейлі құлауы ­ 1920 жылдардағы ұлт өмірінің барлық салаларына тән ерекшелік. Ең басты саяси міндеттердің бірі қазақтардың отырықшылыққа ауысуы болса, киіз үйлер өткен күннің белгісіне айналып, тыйым салынғандардың қатарына енді. Ғасырлар бойы қалыптасып тұрақталған тұрмыстың түріне, ұлттың өмір тіршілігінде маңызды роль атқарған, тіршілік орталығы ретінде саналған үй типологиясы мен оның архитектуралық пішініне бұл жоюшылық сипат әкелді. Бұрынғы көшпенділерді жаңа әлеуметтік­мәдени жағдайдағы орталыққа тоғыстыру күштеу сипатына ие болды. Тұрмыстың үйреншікті пішіндерден бас тарту, ұлттық психология мен ұлттың сана­сезіміне, тұтастай мәдениетке орны толмас соққы жасап, ұлтты тұтастай жойып жіберудің келесі кезеңінің негізін қалады ­ ол 1930 жылдардың басындағы аштық болатын [1]. Тек сәулеттік зұлмат ретінде республикалық Мемжоспарда партия мен номенклатура өңделіп, бірыңғайланған ауылдарды айтуға болады. Ауылдардың орталықтарында әкімшіліктің, мәдени­ағартушылықтың типтік ғимараттарының кеңестік мекемелерінің кешендері орналасты: клуб­асханалар, «Халық үйлері», оқырмандар үйі. Ұлттық ерекшелік тек атауларында ғана ескерілді ­«Малшылар үйі», «Қызыл киіз үй». Шындығында бұлар өмір сүруге барынша қолайсыз, барақ түрінде салынған жұпыны үйлердің резервациясы болатын [2]. Дәстүрге құрмет ретінде негізгі жоспарында дөңгелек, «өтпелі типтегі», көшпенді және отырықшы құрылыстарының өңірлік әдістерін механикалы түрде байланыстырған тұрғын үйдің бір ғана нұсқасы ұсынылды. Басымдылық тұрмысты қайта өңдеудегі саяси құрылғылар талап еткен оның оңтайлылығына емес отырықшылығына жасалды.

Көшпенділер өмірін өзгертудегі ұран Орталықтың, әсіресе авангардтық бағытты ұстанған, әрине, ұранмен келіспейтін сәулетшілер үшін өзекті бола бастады. Олар өмір сүрудің жаңа түрін ескеріп, жергілікті сәулеттік дәстүрді трансформациялау мен зерттеуге сүйене отырып қалаларды, ауылдар мен тұрақтарды жобалады. Алайда аудандағы ерекше белгілерге акцент қойған олардың новаторлық идеялары алға тартылды: «…Орта Азия мен Қазақстандағы ұлттық республикалардың экономикалық, саяси, мәдени­тұрмыстық жағынан дамуына жаңа құрылыстың қатысты әсері еуропалық аймақтарға қарағанда анағұрлым күшті әрі маңызды» [3,61]. Алып әлеуметтік­мәдени жаңалықтың иесі бола отырып, осы жобалардағы сәулеттік орта мәдени­тұрмыстық және құрылыстық дәстүрлермен байланыста болуды ұсынды. Әсіресе өңірлік құрылыстардың типологиясымен (отырықшы және көшпенді), қала құрылысының әдістерімен, климаттың бейімделудің факторларымен: «көп ғасырлық тәжірибесі бар бабалар жеткендіктен біз үшін оның саналы әрі орынды жүйесі жоққа шығарылған жоқ» [4]. «…трафареттікті жеңгенін» ескере отырып, Орта Азияның жаңа қалалары мен ауылдарының жаңа бейнесін жасауда жобалаушылар жобалық құрылымның бірлігі ретінде махалляны және көшпенділердің жекелеген элементтерінің пейзаждылығын қолданды» (табиғатқа енген дөңгелек, спектрлі және т.б. жобалық жүйелер) [5]. Жобалауда ыстықтан қорғану үшін ши тоқымалармен қоршалған көшелердің дәліздік жоспарына («чорсу») зиян келтірмей каналдарды, бау­бақшаларды, аянбай ендіріп отырды. Көшпенді және отырықшы құрылыстардың пішіндерін, монументалды сәулет өнерінің алып күмбездік сфераларын көлемді­жобалық шешімнің қағидасы ретінде трансформациялады. Сол жылдардың жобалық ұсыныстары келесі белгілер бойынша дифференцияланады. Бәрінен бұрын бұл өңірлік құрылыстардың әдістерін жоққа шығарған қазіргі заманның формальды­образдық, конструкциялық сипаттарын иеленген нысандар. Әрі қарай белгілі бір трансформацияға ұшырап, бұл әдістер басымдық еткен (көлем, жоспар, конструкция, бөлшек деңгейінде) мекемелер. Аталған құрылғыларды ұлттық дәстүрге «ішінен» және «сыртынан» жасалған ыңғай ретінде шартты түрде анықтауға болады. Біріншісіне М.Гинзбургтің мекемелері мен Кеңестік Шығыстың әкімшілік және қоғамдық ғимараттар тізбегіндегі оның ізін басушыларды жатқызуға болады. Өткеннің мұрасымен байланыс функционалдық ұқсастықтардың көмегімен жүзеге асып отырды, алайда, интернационалдық әдістер басым болды. Полярлық тенденция ­ ұлттық үйреншікті белгілердің кешенін сақтау (дәстүрлі әдістер мен материалдарға қызығушылық).

Читайте также:  Білім беру қызмет нарығының сегменттерін бағалау

Өткенмен байланыс таңба­белгілер арқылы жүзеге асты: тарихи түптұлғалы көрнекі және ассоцациялы көлемді жобалық, конструктивтік және сәндік элементтері арқылы қайта қалпына келтіріп отырды. Конструктивистер мен «дәстүршілдердің» өзіндік ерекшелік мәселелерін біржақты шешулері қиялмен жанасқан жобаларда көнерген дәстүрлі әдістер мен технологияларды жеңуге мүмкіндік берді. Ормансыз аудандарға арналған тұрғын үй жобаларында (арх. А.Бунин, М.Круглов, 1929­ 1930 жж.) көшпенділер мен отырықшылар құрылысы ұтымды біріктірілген. Модернизация көлемді­жобалық шешімдерді (тұрғын үй құрылымы қораптардан жинақталатын құрылыс), конструктивтілігі (фабрикалық плиталар, үлкен терезелер) мен образдық сипатында да жанап өтті. Нәтижесі көрсеткендей тұрмыс шарттары да өзгерді: жарық әрі жылы үй бір уақытта заманға сай және дәстүрлі. Орта Азиядан шыққан В. Калмыковтың «Қыр республикаларының отырықшы көшпенділерінің» мұраларына арналған жобалары шығармашылық эксперимент үшін шығу нүктесі болды. Ол көшпенді мәдениеті тақырыбында еркін «әңгіме шертетін» коттедждерді (алтықырлы, жартылай сфералы) ұсынды. Көшпенді құрылыстарындағы монтаждың жеңілдігі мен конструктивтік элементтердің типизациясы, олардың сейсмологияға қарсылығының күштілігі, табиғатпен байланысын В.Калмыков тіпті көп қабатты құрылыстарда да қолданады. Сәулетші оларды отырықшылық сәулет өнерімен ұтымды біріктіреді: қабырғалардың фактуралық және түстік шешімі және ұқсас элементтер (балкондар мен лоджия). Жоспарында еркін террасалық құрылыстың «Ұя тектес» құрылымы, әртүрлі рельефтерге арналған көпқабатты мекемелер, климаттық аймақтар жоғарыда аталған ғимараттар аула ретінде ғана қызмет атқарғанда, бұлар ауданның тұрғын үй кешеніндегі террасалық идеяны трансформациялайды. А.Бунин, М.Круглов, В.Калмыков дәстүрлілікті кәсіби сәулетшінің пайымынан өткізе отырып, өздерінде қазіргі талаптар мен тарихи қайта өңделген бастапқылыққа сәйкес келетін әдістерді ғана қалдырып отырды. Дәстүр жаңаруға (инновация) түрткі болды, негізінде әдістемелік тұрғыдан дұрыс белгіленген қағидалар аталғандардың тәжірибе жүзінде жүзеге аспаған, тіпті мамандардың өзіне де таныс емес мәдени­болжаушылық потенциалын атап өтті. Орта Азияға арналған жұмыстар сол жылдарда үстемдік құрған әдістер мен доктриналардың контекстінде (мысалы, конструктивті­функционалдық) орындалып отырды. Қалалар әлеуметтік қоныстандырудың негізгі концепцияларына байланысты жобаланды.

Әсіресе, Говардтың идеялары Жалаңаш дала мен ауыл кеніштері үшін қала­бау типтік жобаларында өңделді. Сонымен қатар, атақты урбанистік сәулет өнерінің құрылғыларында жүзеге аса бастады: «…индивидуализацияланған тұрғын үй әулеттің қатынасын нығайтады» [7]. Өзіне тән ауданның географиялық, тұрмыстық жағдайларын зерттеген дезурбанист В.Калмыков қарама­қарсы ұстанымда болды. Сәулетші Хайырхан әлде бір Шығыстың ғажап қаласының моделінде көрсетілген «үй­көшелер» жүйесінде сызықтық құрылымдарды пайдаланды. Болжамы: «өмірдің өзгеруін жүзеге асыруын іске асыратын массаның эмоционалды конституциясы үшін көрінбейтін және елестету мүмкін емес әлемге апатты қозғалыс жасау керек» [8]. Қазіргі заманның құрылысына көшпенділердің сәулетінің тәжірибесін трасформациялаған жобалық ұсыныс­олар осы күнге дейін өзінің өзектілігін жойған жоқ ­ мойындалмай, жүзеге аспаған күйі қалды. Бұл жобалар Ресейде, шет мемлекеттерде жекелеген түрде жүзеге асты (Жюба, Лекюйе, Бруно, Таут, Г.Фигер) [9]. Мәдениет қызметкерлеріне айқын түсінікті болған дүниелерді саясатшылар ысырып тастап отырды. Дәстүрлік тұрғын үйлер сол жылдары жүргізіліп жатқан күрес бойынша көштен қалушылықпен, ескіліктің сарынымен теңестірілді. Сыртқы пішінінде тұрғын үйдің дәстүрлі түрі­киіз үймен ұқсастық тапқандары кері тартушылық түрінде ғана қабылданды. Ал мамандар бұл жобаларды 1920 жылдардағы жүзеге аспай қалған авангардтық бағыттағы басқа да дүниелермен бірге шегеріп тастай берді.

Оставить комментарий