Прагматикалық құрылымдағы сөйлеу тілі мәтіндері фразеологиялық тұлғалардың эмоционалды әсер туындатуда маңызды рөл атқарады. Аталған мәтіндердің прагматикалық толығуын сөйлеу тілі мәтіндерінің прагмосемантикасындағы фразеологиялық тұлғалардың окказионалды өзектілену процесін толық ескермеуге болмайды. Бұл сөйлеу тілі прагмосемантикасындағы фразеологиялық тұлғалардың окказионалды өзектілеудің екі тәсілі бар: семантикалық және прагматикалық [1]. Мұның алғашқысы – дәстүрлі, оның негізгі мақсаты – сөйлеу тілі мәтіндерінің субъективті және экспрессивтік қыры, мәтін мен оның құрамдас бөліктерінің семантикалық құрылымының ерекшеліктері тұрғысынан алғандағы мағыналы сипатын анықтау болып табылады. Соңғы уақытта прагматикалық тәсілге көп көңіл бөлініп жүр, себебі оның шығармашылық және ғылыми қыры басым. Бұл тәсіл зерттеушіге көркем мәтінді оның оқырманға қалай әсер ететіндігі жағынан, сонымен бірге осы мәтіннің семантикалық және құрылымдық-компоненттік байланысуы тұрғысынан талдау жасауына көп мүмкіндік береді [2]. Сөйлеу жанрында фразеологиялық тұлғалар және олардың окказионалды өзектіленуі ең алдымен осы жанрлардың коммуникативтік прагматикасына қарай қолданылады. Сөйлеу тілі жанрларының мәтіні құрылымы жағынан қысқа әрі нұсқалығымен ерекшеленетіндіктен, оларды жасайтын барлық элементтердің қарапайым тілдік узуал мағынасы емес, соның шеңберінен шығатын, яғни қажетті прагмосемантикалық әсер тудыруға бағытталған контекстуалдық мақсаттағы өзекті мағынасы болады. Сондықтан да сөйлеу тілі жанрлары мәтіндерінің семантикасы олардың құрылымымен тығыз байланысты [3]. Сөйлеу тілі мәтіндері екіжақты коммуникативтілік мағынаға ие: мәтінді ең алдымен автор жасайды және кейіннен осы мәтін оны таратушы, яғни басқаларға жеткізуші арқылы қайта жасалады (қазіргі технология тіліне сүйене отырып, таратушыны тұтынушы деп атасақ та болады). Сөйлеу тілі мәтінінің коммуникативтік жағдайында (КЖ) үш құрамды бөлігі болады. Олар: автор, тұтынушы және реципиент (аудитория). Мұны біз келесі кесте арқылы көрсете аламыз: СӨЙЛЕУ ТІЛІ МӘТІНДЕРІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ПРАГМАТИКАСЫ 88 ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. №1/1 (37). 2015 Сөйлеу тілі мәтіндеріндегі фразеологиялық тұлғалардың прагматикасы Мұндағы Автор – мәтін авторы, Тұтынушы – мәтінді басқа коммуникативтік жағдайларға таратушы, Аудитория – мәтіннің бағытталуы. Аудитория сөйлеу мәтінін қабылдайды, автор мәтінді жасау барысында одан тыңдарман белгілі бір деңгейде әсер алуы үшін қоғамға немесе оның басқа да бөліктеріне түсінікті болатындай тілдік амалдарды қолдануы қажет. Осылайша автор және тұтынушы өз шығармасын бір ғана тыңдаушыдан басқа, сонымен бірге бірнеше тыңдаушыдан (сықақ әңгімелер, көркем әдебиеттер) тұратын аудиторияға бағыттай алады. Осыған орай, тұтынушы және аудитория мәселесі зерттеу объектісіне айналады. Сөйлеушінің коммуникативтік мақсаты мен оның тыңдаушыға белгілі бір деңгейде әсер етудегі прагматикалық есебін фразеологиялық тұлғалардың окказионалды өзектіленуінің негізін қалаушы коммуникативтік-прагматикалық факторға жатқызамыз. Сөйлеу тілі жанрын жасау барысында коммуникативтік-прагматикалық жағдайдың барлық құрамды бөліктері маңызды рөл атқарады, яғни мәтін жасайды: тұтынушы; тыңдаушы; коммуникативтік жағдайы; қарым-қатынастың жанрлық сипатын, сөйлеу барысын (әзіл әңгімені ауызша айту) анықтайтын прагматикалық ой; прессуппозиция жиынтығы (қарым-қатынастың мақсаты мен мәні коммуниканттардың жалпы білім қоры, олардың әлеуметтік-мәдени тәжірибесі, әлеуметтік және жеке-тұлғалық ерекшеліктері және т.б.) [4]. «Мысқыл-кекесін болсын, налу-жабырқау болсын, алғыс-қарғыс, т.б. болсын, – бәрі де фразеологизмдерді шебер қолданудан келіп шығатын құбылыстар. Әзіл- оспақ, ойнақы қалжың кей фразеологизмді тұспалдап, екі ұшты мән беруде әрекідік кездесіп қалады. Мәселен,(пәленшенің) құлағына алтын сырға тіркесін оңтайына қарай олай да, былай да қолдана беруге болады: мұның «есітпей-ақ қойсын», «тыңдамай-ақ қойсын» деген мағынасына қайшы келер жайт та кездесіп қалады. Құрдас кісілер: «Мен саған бір әңгіме айтпақ болып келдім, келіншегіңнің құлағына алтын сырға» дегенді мысқыл ретінде керісінше де қолданыла береді» [5, 602 б.]. Осы мысалдан біз құрдастар арасындағы әзіл-қалжыңды, астарлы ойды бір ғана ФТ арқылы жеткізіліп тұрғанын және одан эмотивті, күлкілі әсер беретін ерекшелікті байқаймыз. Әңгімеге әзіл оқиғаларды, күлкілі жайттарды арқау ете отырып, автор міндетті түрде прагматикалық прессуппозицияны негізге алады, оның құрамына мыналар кіреді: сөйлеушінің жалпы білім қорына қарай баға беруі, әңгімелеушіден тыңдаушының нақты ақпарат алуы, қызығушылығы, пікірі мен көзқарасы, психологиялық көңіл-күйі, мінез-құлқының ерекшелігі мен түсіну қабілеті. Осының бәрін ескере отырып, тұтынушы белгілі бір сөйлеу тактикасы мен сөйлеу деңгейін таңдап алады. Мысалы, тыңдаушылардың құрамына қарай (әңгімелесушілердің арасында әйел және бала бар ма, қандай да бір ұжым құрамының қарым-қатынасы) әзіл айтудағы нормативтік емес лексикаға шектеу қойылады, сонымен бірге қалжың сияқты сөйлеу жанрының да ерекше айырмашылықтары болады. КЖ Автор Тұтынушы Аудитория Тұтынушы Сөйлеу тілі жанры мəтіндерінің коммуникативтік жағдайын туындататын құрамы төмендегідей: Сықақ əңгімелер Көркем əдебиеттер КЖ КЖ Автор Тұтынушы Аудитория Автор Тұтынушы Аудитория 1. Тыңдаушы 1. Тыңдаушы 2. Тыңдаушылар 2. Тыңдаушылар Көркем əдеб. Сурет – Коммуникативтік жағдайдың үш құрамды бөлігі ISSN 1563-0242 KazNU Bulletin. Journalism series. №1/1 (37). 2015 89 Абдрахманова Ж., Ермағанбетова Л. Әдебиеттер 1 Шмелева Т.В. Речевой жанр: Опыт общефилологического осмысления // Междунар. научн-худож. журн. – 1995. – №1-2. – С. 57-65. 2 Сусов И.П. Прагматическая структура высказывания // Языковое общение и его единицы. – Калинин, 1986. – С. 15-21. 3 Болотнова А.С. Художественный текст в коммуникативном аспекте и комплексный анализ единиц лексического уровня. – Томск: Изд. Томского ин-та, 1992. – 312 с 4 Арутюнова Н.Д. Аномалии и язык (к проблеме языковой картины мира) // Вопросы языкознания. – 1987. – № 3. – С. 5-11. 5 Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1977. – 712
Оставить комментарий