СӨЗЖАСАМДЫҚ ЖҰРНАҚТАРДЫҢ МАҒЫНАСЫ

Диалектиканың даму заңдылығы бойынша, ештеңе жоқтан пайда болмайды.Тіл қоғамда өмір сүреді, қоғамның барлық өмірі тілмен тығыз байланысты.Қоғамның дамуы, ондағы сапалық өзгерістер тілдің құрылымы жағынан дамуына, жетілуіне, саралануына әсер етеді. Тіл құрылымы мен құрылысындағы дамудың нәтижесінде тілдің жаңа саласы – сөзжасам сараланды. Сөзжасамның тілдің жеке саласы ретінде бөлінуінің де өзіндік негізі бар.Оның тарихы түркологиялық еңбектерде жатыр.Түркі тілдерінде сөзжасам мәселесін алғаш көтерген «Дивану-лұғат ат-түрк» (XIғ) сөздігінің авторы М.Қашқари.Ол өзінің сөздігінде есім сөздер мен етістіктерден жаңа сөздер жасаған көптеген аффикстерді көрсеткен.Олардың мағынасын нақты мысалдар арқылы ашып берген.Сөзжасамдық қосымшаларды зерттегені туралы алғашқы мәліметтерді XIV ғасырдағы Ибн-Муханнаның, Абу- Хайянның еңбектерінен де кездестіруге болады. Сөзжасамды тіл білімінің бір саласы деп тану үшін оның тұлғалық, құрамдық жағынан емес, семантикалық сипаты тұрғысынан қарау керек.Тіл білімінде сөзжасам термині екі түрлі мағынада қолданылады: 1.Сөзжасамдық тәсілдердің негізінде жаңа сөз жасау жолы. 2.Тілдік құбылысты зерттейтін ғылым.Сөзжасам – ғылым ретінде сөз тудыру жүйесін, оның өзіне тән заңдылығын, жаңа сөздің пайда болу әдіс- тәсілін, тілдік құбылыс ретінде жаңа сөз жасау процесін зерттейтін тіл білімінің жеке бір саласы.Сөзжасам ғылымының да тілдің басқа салалары сияқты зерттейтін нысаны бар, ол – сөз.Сөз – лексиканың да, фонетиканың да, морфологияның да, сөзжасамның да зерттеу нысаны.Әңгіме олардың қай аспектіде, қай қырынан қарастырылуында. Сөзжасамның негізгі зерттеу нысаны – сөздің жасалу процесін емес, сол процестің жасалу нәтижесін, туынды сөз құрылымын, оның жасалуын, негізделуін,атау сөз ретінде қалыптасу сипатын айқындау. Сөзжасамның өз алдына сала, құбылыс, жаңа сөз жасау процесі екендігін танып, оның мәнін ашып, ғылыми теориялық негізін айқындауда профессорлар Н.Оралбаева мен С.Исаевтың еңбектерінің маңызы зор. Сөзжасамның қазіргідей дәрежеге жетуінің жолы әріде.Басқаша айтар болсақ, тіліміздің әбден қалыптасқан,орныққан, күрделі, өте жүйелі сөзжасамы – ұзақ уақыттағы дамудың нәтижесі. Сөзжасманың басты мәні – жаңа мағыналы сөз тудыру болғандықтан, оның өзіне тән жасалу жолдары,арнайы тәсілдері болатыны даусыз. Жалпы алғанда түрколог ғалымдар, сөзжасамды арнайы зерттеп жүрген қазақ тіл білімі мамандары сөзжасам тәсілдерін үшке бөліп көрсетіп жүр: синтетикалық (морфологиялық), аналитикалық (синтаксистік), лексика- семантикалық. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамдық жүйесінде синтетикалық сөзжасамдық тәсіл ең өнімді тәсілдердің бірі саналады.Сөзжасамдық тәсілдің бұл түрі түркітануда да, қазақ тіл білімінде де кеңінен зерттелген.Сөзжасам саласы жеке пән ретінде бөлінбей тұрғанда-ақ, сөзжасамның синтетикалық тәсілі морфологиялық аспектіде қарастырылған.Мұнда сөз таптарының жасалу жүйесі бөлек-бөлек қарастырылып, өнімді және өнімсіз сөз тудырушы жұрнақтардың тұлғалық және мағыналық сипаты бағамдалған.Әдеби тілде (А.Ысқақов, Ә.Төлеуов, Н.Оралбаева т.б.) және диалектіде (Ғ.Қалиев) кездесетін сөз тудырушы тұлғалар жүйелі түрде анықталған. Кез келген туынды сөз мағынасы себепші негіз мағынасы арқылы негізделетіні белгілі.Синтетика-семантикалық сөзжасамда негіз сөз мағынасы сөз тудырушы тұлғалар жалғану арқылы өзгеріске түскенімен, туынды сөзжасамдық мағына себепші негіз мағынасы арқылы мотивацияланады.Туынды сөздің семантикалық құрылымы мына сипатта болады: -түбір сөздің мағынасы туынды сөздің семантикалық құрылымына түгел еніп, арнайы семаны негіздейді; -туынды сөз мағынасы күрделі құрылым, онда себепші негіздің және сөз тудырушы тұлғаның мағынасы қоса өріледі; -түбір сөз бен туынды сөздің мағынасы, түбір сөз бен себепші негіз мағынасы бір-бірінен ерекше болады. -түбірлес сөздегі ортақ семаны туғызушы өзексема болып табылады; Синтетика-семантикалық сөзжасамның мағыналық сипатын анықтаудың күрделілігі мынадай ерекшелігінен көрінеді: 1.Туынды сөз жасауға негіз болатын себепші негіздің мағыналық жағынан күрделілігі.Яғни себепші негіз тарихи тұрғыдан өзі туынды тұлға саналады да, жаңа үшіншілік мағына туғызуға себепші болады.2.Сөз туғызушы морфеманың мағынасы да тарихи тұрғыдан алғанда күрделі құрылым.Қосымша морфеманың дені тарихи- диахрондық аспектіде лексикалық мағынасы бар тұлға болған да, кейін десемантизацияланған.Демек синтетика –сөзжасам мағынасын айқындай құрамындағы жеке тұлғалар мәнін анықтаумен сабақтасады. Синтетика-семантикалық сөзжасам тәсілі арқылы жасалған атаулардың екіншілік мағынасының қалыптасуында себепші негіздің мағынасы ғана маңызды рөл атқармайды, сондай-ақ, жұрнақтың да өзіндік қосар мағыналық үлесі болады.Себепші негіз де, сөз туғызушы тұлға да екіншілік мағына жасауға толық қатысып, өзіндік семалық мәнін қосады. -Сондықтан да біз себепші негізге заттық мағына қосатын сөзжасамдық жұрнақтардың мағынасын анықтауды көздедік.Бұл жұрнақтардың тілде, Ә.Кекілбаевтың «Елең-алаң» шығармасындағы қолданысын мысалдар арқылы келтіріп өттік. Себепші негізге заттық мағына қосатын сөзжсамдық тұлғалар: -шы,-ші.Қазақ тілінде аса өнімді СТТ ретінде танылады.Сөз тудырушы тұлға ретінде себепші негізге адамның кәсібі мен қызметіне сәйкес иелік мән туғыза отырып, мынадай парадигмалық байланыстарды айқындайды: Табиғат құбылыстары мен өсімдік атауларынан «кәсіп иесі» мәнін туғызатын сема: ағашшы, орманшы т.б. Жан-жануарлар, төрт-түлік атауларынан кәсіп иесі семасын, дене бөліктері атауынан есім семасын, тағам атауынан мамандық иесі семасын, зат атауларынан кәсіптік сема, жер, ел мағынасындағы жалпы есімдерден адам мәнін, дерексіз атауларға жалғанып, кәсіп иесінің мағынасын береді, қимылдың иесі мағынасын туғызады.Мысалы, Асатанаға келгелі сәнді үйлердің талайын көрген серуенші меймандар оған тап пәлендей таңғала қойған жоқ [8; 416].Тіпті делбе ұстаған атшысы мен босаға баққан сақшысына дейін ит көрген ешкідей едірейе көз тастайды [12; 416]. Жат елшінің соңында артына жалтақ-жалтақ қарап бара жатқан бұған да көзі жөндеп түсіп тұрмағандай [14; 416].Дәл осыны күтіп тұрғандай, шырақшыкіріп келіп, барлық шырағданға от берді [21; 416]. Россия мұндай қыруар байлықты қауіпті көршісіне оп-оңай өңгертіп беріп, тып-тыныш отыра алмайды [22; 416].Әу баста-ақ қайыршыдан сәл тақыл, аштан өлмес, көштен қалмас күйі бар қағаз көшірушінің үйінде жарыққа келген бұның бүкіл тағдыры дәл мынау қарсы алдында шашылып жатқан болмашы дүниесымақтаарға байланысты еді [30; 416]. -Тық,-тік,-дық,-дік,-лық,-лік. Лық, -лік тұлғасының тарихи шығу жолын Н.К.Дмитриев «лық» -полный, наполненый мағынасын беретін сөзбен бір деп қарастырса, М.А.Хабичев «тең» -ровный, соразмерный, равный мағынасындағы сөздің десемантизациялануы деп дәлелдейді.Қазақ тілінде бұл тұлғаның сөз тудырушы мағынасын мысалдар арқылы саралағанда, мынадай парадигмалық мағыналары анықталады: 1.мол, көп мағынасы: Бадахшан өлкесінің Россияға керек болатын себебі – онда қыруар байлық бар: алтын, лағыл, меруерт, зүбаржат дегендеріңіз шаш етектен [21; 416]. Өлшем семасы, белгілі нысанға тәндік, қатыстылық семасын, тең, барабарлық сема, қатыстылық сема, ұқсату семасын, сипаттау семасын, сандық мағынада атау туғызу семасын туғызады.Мысалы, Қазір, құдайға шүкір, онда бір кісідей дәреже де, билік те, тіпті дәулет те табылады [29; 416]. Әлгі адамдар ауыздары бір болып, өзара тату-тәтті тұрған кездерінде Арал теңізіне құятын Сырдария (немесе өзен) бойындағы Түркістан, Сайрам, Ташкент деген атақты провинциялар мен қалаларға, соларға қатыысты жерлерге иелік құрыпты [21; 416]. Күні бүгінге дейін олар Россияға бағынышты Қазан, Жайық, Уфа,Сібірдегі шекара тұрғындарына озбырлық жасаумен келді [21; 416].Бұл тыныштық та ұзаққа созылмады [26; 416].Ана жолы, оған да төрт жыл болып барады екен, Таймас Шаимов деген башқұрт тай-тай асыл тері артып әкеп, бодандық сұрап, Орал тауының арғы жағынан көлкөсір жер алып кетіп еді [18; 416]. Әсіресе, Англия онсыз да от басқандай болып отырған түрік сұлтанның бір күні оң құлағынан, бір күні сол құлағынан сыбырлап, қолтығына шоқ қыстырыпбақты [26; 416]. Бұл қала үшін жасалатын жеңілдіктер мен артықшылықтарбелгіленіп, біздің бекітуімізге ұсынылсын [27; 416].Бұрын столдың үстінде, шкафтардың, терезенің алдында, орындықтың үстінде шашылып жататын көп кітап, көп қағаз шиыршықтапоралған ландкаарталар, енді жерде тырдай жалаңаш тақтай еденде ию-қию жайрап жататын [29; 416]. -м,-ым,-ім.Белсенді жұмсалатын СТТ. -абстрактілі мән туғызатын сема: сенім, сезім, төзім т.б. -мекендік мән туғызады: күзем, ұйым, бөлім. -нақты зат атауы семасы: бұйым, киім, өнім, бұрым, соғым, құрым т.б. -бүтіннің бөлшегі семасы: бір қырым, асым, шөкім, шоқым, тұтым т.б. -қимылдың атауы мағынасы: алым, салым, қайрылым, сөйлесім т.б. -терминдік атау жасауда белсенді қолданылуда: сөйленім, қолданым, таралым, сөзжасам, терминжасам, айтылым, жазылым, түркітаным т.б.Мысалы, Олардың көк желкесіндегі желкесіндегі жоңғар қоңтайшысының мұндай қазыналы өлкеге өлімін сатары, әрине, түсінікті [22; 416]. Мұншалықты ұлы шаруаға қаншалықты сенімді екендеріне әлі көзіміз анық жете қалмаған сырмінез емес әрпіл-тәрпіл жұртты пайдаланғаннан пәлендей пәтуа шыға қояр ма екен…[24; 416]. Қара таяқтарға мынадай киім қайда! [9; 416]. Себепші негізге заттық мағына қосатын сөзжсамдық жұрнақтар тілімізде көп.Алайда біз Ә.Кекілбаевтың «Елең-алаң» шығармасындағы заттық мағына қосатын аса өнімді СТТ мысал ретінде келтірдік.Бұл тарихи шығарма болғандықтан, адамның кәсібі мен қызметіне сәйкес иелік мән туғызатын – шы,-ші жұрнағы белсенді жиі қолданылған. Сөзжасамдық тұлғаның негізбен байланысып, жалғанып, жаңа мағына туғызуының ішкі жағдайлары бар.Негізгі критерий – екі тұлға мағыналарының бір-бірімен сәйкесуі.Айталық, есім түбірден етістік туғызатын ежелгі сөзжасам суффикстерінің бірі –қар, -кер көне түркі жазбалары мен орта ғасыр ескерткіштерінде сөзжасамдық мағына туғызады: башғар, суғар, отғар, сарғар т.б. –Қар,-кер қазіргі қазақ тілінде өнімсіз тұлғаға айналған, сөзжасам қызметі шектелген. Сонымен, синтаксистік-семантикалық сөзжасам тілдік жүйеде өте белсенді әрі өнімді сөз туғыза алатын сөзжасамдық тәсіл.Сөз тудырушы тұлғалардың басқа қосымшалардан негізгі айырмасы мағыналық сипат танытуында.Сөзге ерекше номинативтік мағына үстеу үшін өзінің лексикалық мағынасы болуы қажет.Сондықтан барлық сөзжасам жұрнақтарының бұрын лексикалық мағынасы болып, кейін десемантизацияланған деп пайымдаймыз.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar