САҒЫНЫШ ӨЛЕҢІ

Сағыну, Сену, Күтудің туын биікке ең,
ілдіріп қойдым..(өктемдігімді жиып мен)
Жаныммен жазған өлеңім әркез шынайы..
Сүюмен өткен өмірім неткен сүйікті ең!
Көзге ілмей мүлде өзгенің мұң мен шаттығын,
Өзіңді күтіп тағы да, әне батты күн.
Жүрегімдегі жүз жұмбағымды шеше алсаң,
Солмайтын мәңгі болайын сенің бақ гүлің.
Кірлемеуі үшін алақандағы ақ үміт,
Жаныңнан жүрсін жырларым мәңгі табылып.
Көкжал секілді күлкісіз күндер баяғы
Мазамды алды әлі ұлып..
Жүректің жиі тыңдаған дұрыс әмірін,
Көзіңнен көркем әлемді мына таныдым.
Сағынбадым деп өзімді, сені алдаймын
Өлеңге қалай өтірік айтам, Жарығым!?

Читайте также:  Хандық биліктің жағдайы және Тәуке ханның «Жеті Жарғысы»

Оставить комментарий