Саңырауқұлақтар — тірі ағзалардың ерекше патшалығы

Саңырауқұлақтар — тірі ағзалардың жеке патшалығы. Саңырауқұлақтар — өсімдіктердің де, жануарлардың да белгілері бар, бірақ олардың екеуіне де жатпайтын ағзалар. Осы белгілерді кесте түрінде қарастырайық:

Саңырауқұлақтардың нақты шығу тегі белгісіз. Олар — жер бетінде пайда болған алғашқы ағзалардың бірі. Саңырауқұлақтардың арғы тегі мұхиттан шыққан, құрлықта тіршілік етуге бейімделген біржасушалылар болуы мүмкін.

Эволюция барысында саңырауқұлақтар дамып, алуан түрлі болды. Ғалымдар саңырауқұлақтар патшалығының бес немесе алты жеке бөлімдерін ажыратып көрсетеді. Бірақ олардың айырмашылығын жай көзбен көруге болмайды. Сондықтан біз ғылыми жіктеуді қолданбаймыз, саңырауқұлақтарды тіршілік әрекетінің ерекшеліктері бойынша топтарға бөлеміз.

Зең саңырауқұлақтары — қоректену үшін тірі ағзалардың ыдырап жатқан қалдықтарынан нәруыздарды, майлар мен көмірсуларды пайдалануға бейімделген саңырауқұлақтардың үлкен тобы. Зең саңырауқұлақтары нанда, көгөністерде, қида, өлі денелерде, түскен жапырақтарда дамуы мүмкін. Қоректену типі бойынша зең саңырауқұлақтары ғана емес, барлық саңырауқұлақтар сапрофиттерге жатады. Зең саңырауқұлақтарының табиғаттағы әрекеті шіріткіш бактериялардың әрекетіне ұқсайды. Олар көп мөлшерде тірі ағзалардың қалдықтарын жояды. Олар болмаса, бүкіл Жер шарын түскен жапырақтар, сынған бұталар мен ағаштардың діңдері, жануарлардың өлекселері мен бөлінділері қаптап жататын еді.

Кең таралған зең саңырауқұлақтарына пеницилл мен мукор жатады. Мукор — ақ немесе нанның көгеруі, ол үлпілдек мақтаға ұқсайды. Бұл саңырауқұлақ көптеген ядролары бар алып жасушадан тұрады. Мукор жасушасы өседі, жаңа ядро түзіледі, бірақ бүл кезде цитоплазмасы бөлінбейді. Ақ зеңнің ұшы қарая бастаған кезде онда споралары пісіп-жетіле бастайды. Мукор жіпшелері қарая бастағанда тозаң түйірлеріне ұқсайтын споралары төгіледі. Осындай спора қолайлы жағдайға түскен кезде (аузы жабық целлофан қалтадағы ылғал нан) өсіп, саңырауқұлақ жіпшелері түзіледі. Пеницилл — көк-жасыл немесе сары-жасыл түсті көпжасушалы саңырауқұлақ. Пеницилдің екі түрінен бактерияларды жоятын бағалы антибиотик — пенициллин алынады.

Читайте также:  Биогенетикалық заң туралы реферат

Біржасушалы саңырауқұлақтар — ашытқылар. Сендер нан пісіруге пайдаланылатын ашытқыларды білесіңдер. Бұлар — біржасушалы колониялы саңырауқұлақтар. Ашытқылар қантты сіңіріп, одан энергия алуға бейімделген. Сол үшін оларды сахаромицеттер деп атайды. Тіршілік әрекетін жүзеге асырып, олар қантты спирт пен көмірқышқыл газына айналдырады. Көмірқышқыл газы көпіршіктерінің әсерінен қамырда ұсақ кеуектер пайда болады. Бұл ашытқыны ашыған қамыр және спирт түзілетіндіктен алкоголь өнімдерін жасау үшін пайдаланылады. Ашытқылар бүршіктену арқылы көбейеді — аналық жасуша жас жасушаларды түзеді. Ашытқылар оттексіз тіршілік ете алады.

Қалпақшалы саңырауқұлақтар — көпжасушалы ағзалар. Олардың жемісті денесі қалпақ және түбіртектен тұрады. Олар негізінен қалпақ астындағы арнайы жасуша қабатында пісіп-жетілген споралар арқылы көбейеді. Топырақтағы қолайлы жағдайға түскенде споралар өсіп, саңырауқұлақ жіпшелерінің (грибницы) жасушаларын түзеді. Саңырауқұлақтар топырақтағы органикалық заттарды денесінің бетімен сіңіріп қоректенеді. Органикалық заттардың жеткілікті мөлшері жинақталған кезде қалпақшалы саңырауқұлақтар жемісті дене түзеді, ол топырақ бетіне өсіп, споралар түзіп, шашады.

Қалпақшалы саңырауқүлақтар жеуге жарамды және улы болып бөлінеді. Жеуге жарамды саңырауқұлақтардың құрамында алуан түрлі нәруыздар болғандықтан, олар өте құнды тамақ болып табылады. Бірақ улы саңырауқұлақтармен улану адам өміріне қауіпті. Сондықтан тамаққа таныс емес және күмән туғызатын саңырауқұлақтарды пайдалануға болмайды.

Қыналар төменгі сатыдағы өсімдіктерге жатады. Олардың құрылысы және тіршілік әрекеті ерекше болғандықтан, соңғы кезде саңырауқұлақтар дүниесінің бөлімі ретінде қарастырылады. Қына денесінің екі құрамбөлігі (балдыр және саңырауқұлақ) селбесіп тіршілік етеді.

Оставить комментарий