Сабақтастық — тарихи кеңістік-уақыттың болмыс мәні

Әңгіменің өн бойында тарихи уақыттың бір жолда және бір бағытта болатындығы туралы ой айтылды. Тарих туралы айтқан кезде (оның уақыт кесіндісі бойынша) мәселе сол тарихи шындықтың қозғалысы мен дамуы жөнінде деп түсінген жөн, ол тарихи болмыстың кеңістігі нәрсесін құрайды. Сөйтіп, кеңістік­уақыттың тарихи болмысы бір бағыттағы қозғалыс процесін көрсетеді: өткеннен қазіргіге, ал оның өзі бір мезгілде болашақпен «араласып кетуі» арқылы өзі бұрынғы болып қалады. Мұның өзі тарихи уақыт болмысының осы үш ипостасінің ажыратылуының салыстырмалығы туралы айтуға мүмкіндік береді. Тарихи болмыстың тарихи кеңістіктің нақты болатын феномендерімен байланыста болатындығына мән бере отырып, біз соңғысының болмысын өткеннен және қазіргіден көре аламыз, және олардың болашақта жоғары деңгейде дамитындығын батыл түрде айта аламыз. Мұндай жағдайда біз тарихи болмысты әлде не деп түсінеміз, оның өткеннен (бұрынғыдан) қазіргіге қарай дамуы туралы құбылыс өз кезегінде тарихи эволюцияның бірыңғай процесінің белгілі бір сатыларында, кезеңдеріндегі сапа ретіндегі нақты құбылыстың «өткені» мен «қазіргісі» туралы айтуға негіз болады. Аталған аспектіде өткен, қазірті және болашақ тап сол тарихи шындықтың сапалы «айырықша жай­күйі» бола отырып, дамудың тап сол тізбегінің буынын құрай келіп, ажырамайтын себептік­салдарлық (каузальды) байланыста болады. Бұрынғы қазіргіде «өліп», оған өзінің жинаған барлық тәжірибесін «береді»; қазіргі оны қабылдай отырып, байи түседі, немесе одан бас тартады, бірақта кез келген жағдайда «болашаққа» беруге ұмтылған өзінің жеке тәжірибесі құрылады. Бұл аталған процесс тарихи кеңістік­уақыттың нақты болмысының тарихи­мәдени аспектісінде сабақтастық сипатына ие болады, бұл өткеннің тарихи және мәдени феномендерді қазіргіге беруі және бір мезгілде оны қазіргінің қабылдап алуы деп түсінген жөн. Бұл орайда тарихи­мәдени сабақтастық механикалық процесті білдірмейді, онда өткеннің тәжірибесі (сабақтастық объектісі) сөзсіз, толық күйінде, барабар болып қабылданады және сабақтастықтың әлеуетті субъектісін меңгереді, оны әлеуетті субъектіден сабақтастықтың актуальді субъектісіне айналдыруға жәрдемдеседі. Қазіргінің өткеннің тәжірибесін меңгеру немесе маңызын білу өткеннің құндылығын мойындау негізінде ғана мүмкін болады. Бүгінгі мәдени құндылықтар, қазіргі уақыт үшін маңызды дүниелер қазіргі күннің қажеттілігіне сол немесе өзге дәрежеде бейімделген бұрынғы уақыт құндылықтарының экстарктісі болып табылады. Осы арқылы мәдениет жетістіктерінің жаңа нысандарын, технологиялары мен техникаларын құруда пайда болатын мәдениеттің тұрақты прогресі, тарихи­мәдени шындық феномендерінің мән­мағынасы мен құндылықтарының түсіндірілуі жүзеге асады. Бүгінгі күнгі мәдениет немесе «мәдениеттің бар болуы» нәтижесінде екі негізгі «санатқа» бөлінеді: мәдени мұра және мәдени дәстүр. Әрине, бұл айырмашылық таным үшін ғана шартты және экзистенциялы болып табылады. Біз мәдени мұра туралы айтқанымызда оны Жер шарында өмір сүрген адамдардың жинаған мәдениет тәжірибесі деп түсінеміз. Адамның ұлылығы арқасында жасалғанның бәрі мейірімсіз уақыттың тезіне төтеп берді. Мәдени дәстүр өз кезегінде маңызы бар мәдени мұра болып табылады, бұл келесі ұрпақ қажетсінетін және үнемі дамитын, байитын және жетілдіріле беретін мұра болып есептеледі. Басқаша айтқанда, біз мәдени мұра туралы айтқанымызда тарихтың барлық кезеңдеріндегі жинақталған байлық атаулының бәрін назарға алып отырмыз, сонда мәдени дәстүр өмір сүріп жүрген адамдардың пайдаланылатын, олар үшін құндылық ретінде қызмет ететін мәдени мұраның сол бөлігі болады, ол іс жүзінде маңызға ие және адамдардың кәдесіне жаратылады. Міне, осы тұрғыдан алғанда, мәдени мұра тарихи жадының мазмұнын құрайды, сонда мәдени дәстүр іс жүзінде сабақтастықты еншілейді. Сабақтастық айырықша тарихи және мәдени феномен, оған өткеннің құндылықтарының маңыздылығына орай «таңдаушылық», соңғысының қазіргі үшін меншікке, маңыздылыққа, құндылыққа айналуы тән. Тарихи сабақтастық адамзат болмысының айырықша феномені ретінде адамдар ұрпақтарының генетикалық (биологиялық) туысқандығы фактісінде өзінің көрінісін табады, соның нәтижесінде ата­аналарынан балаларға көзге көрінетін және дербес ерекшеліктері туралы ақпараты бар ерекше генетикалық кодтар беріледі. Бұл жағдайда сол адамзат түрінің мәндік сипаттарын сақтауды қамтамасыз етуімен көрінетін өзінің «табиғи» тарихи сабақтастықтығымен айқындалады. Аталған механизмнің әрекеті таңдау сипатына жатпайды, керісінше ол қатаң негізделген процесс. Бұл байланыс бір кезең адамдарын ғана байланыстыратын жіп ғана емес, сонымен бірге бұрынғы және қазіргі ұрпақты бір тұтастықта туысқан ететін байланыс. Ол адамдардың өмірден кетуіне орай үзіледі, соған орай олардың өсіп­өнуіне деген қабілет пен ұмтылыс та тоқтайды. Бұл қауымдастық немесе туысқандық қан деп деп аталады. Адам дүниеге өзімен бірге келген мәнін өзінің тіршілік ету кезеңінде жинаған тәжірибесі арқылы меңгерген сапалары мен қасиеттерімен салыстырғанда ешқандай өзгерте алмайды. Мұндай мән әрбір адамның бірегейлігін, жеке тұлға екендігін білдіреді, оның жеке тағдырының сипаты мен ерекшеліктерін айқындайды. Бірақ екінші жағынан алып қарағанда, мәдениет деңгейінде көрінетін сабақтастық адамдардың тарихи­генетикалық байланыстарына қатысты жағдайларда байқалатын қатаң қажеттілікке негізделмейді. Осы жағдай мынадай фактіні айқындайды, яғни мәдени сабақтастық адамдардың эмоциялық­ақыл­парасат қызметінің нәтижесін, олардың мәдени феномендерді зерттеу, меңгеру, сақтау және одан әрі дамыту, жетілдіру жөніндегі нақты практикалық заңдылық салдарын білдіреді. Оның соңғысы мәдени мұраның маңызын көрсету ретінде көрінеді, бұл туралы жоғарыда айтып өткен болатынбыз, сондай­ақ оның болуының өзі тарихи дәстүрдің мазмұны мен пәні ретінде мәдениет феномендерінің аталған болмысы туралы тікелей айтуға дәлделді негіз болады. Жоғарыда аталғандарды қорытындылай келгенде, тарихи­мәдени сабақтастық феноменінің тарихи көне мұралық фактілердің жай болмысы болып табылмайтындығына мән беру керектігі туындайды. Оның соңғысы тұтастай алғанда, сансыз материяның элементтері ретінде ғана маңызға ие, олардан оның материалдық нысаны құралады. Сабақтастық тек субъективтік фактордың әрекет етуімен байланысты проблемалардың айырықша аспектісін зерттеуге мазар аударуды талап ететін барабар көріністен әлдеқайда мазмұны ауқымды келеді. Тарихи­мәдени сабақтастықтың қарастырылып отырған субъектісі мәдениеттің өзі немесе аталған шындықтың сол немесе өзге феномендері болып есептелмейді, ал адамдар жекелеген индивидтер, сондай­ақ олардың әртүрлі нысандағы ұйымдық бірлестіктері ретінде, ақыр соңында барлық адамзат тарихтың айырықша біртұтас субъектісі ретінде болады. Адамдардың ең озық дербес қызметінің өзі мәдени сабақтастық пәні ретіндегі тарихи феномендердің болуымен байланысты, бұл сабақтастықты пайдаланушы және жалғастырушы болатын жекелеген адамзат индивидтерінің мәдени даму деңгейіне, сипаты мен мазмұнына қатысты. Осы байланысқа қатысты мынадай ой туындайды, тарихи кеңістік­уақыт болмысының айырықша феномені ретінде алынған мәдениеттің өзі гетерогенді құбылысы ретінде көрінеді, бұл оны ішінара, жеке мәдени феномендердің, жекелеген фактілердің, құбылыстар мен оқиғалардың көптігі ретінде ұғынуға мүмкіндік береді. Аталған аспектіде жекелеген индивидтер мәдени мұра мен мәдени дәстүрдің барлық ауқымын іс жүзінде қолданушылар бола алмайды. Оған тек тотальдық тұтастықты иеленетін адамзаттың өзі ғана қабілетті болады. Міне, осыған орай, тарихи­мәдени феномендер болмысының алуан түрлі нысандарының бәрі, тарихи және мәдени дәстүрлерді пайдаланушылар болып табылатын көпшілік субъектілер мәдени мұраны сақтаудың шарты, және мәдени сабақтастықты қамтамасыз етудің табиғи­тарихи механизмі болып табылады. Жүйені ықшамдау, тарихи процесті гомогенизациялау тарих пен мәдениеттің субъектілерінде, объектілерін де объективті түрде қолайсыз жағдайға ұшыратады. Керісінше, әлеуметтік жүйенің стратификациясын күрделілендіру, олардың бейімделу механизмдерін көтеру адамзаттың тіршілік ету қабілетін арттыратындығын, өзгеріске түскен сыртқы факторларға оның тез бейімделуін жақсартатындығын білдіреді. Адамзат әртүрлі әлеуметтік жүйелердің мүшелері болып табылатын, әр алуан тарихи­ мәдени түрлерге жататын жеке адамдардан тұрады, бұл сол мәдени феномендерді барынша толық сақтауда зор маңызға ие болады. Аталған жағдай жеке тарихи құбылыстар ретінде мәдени дәстүрлердің нақты болуын жүзеге асырады (зергерлік өнер, каллиграфиялық хат, жүгері алқабын өңдейтін агротехникалар дәстүрі және т.б.). Қазіргі типтегі бұрын өмір сүрген және бүгінде тіршілік ететін адамдардың бірде­бірі мәдени дәстүрдің барлық жиынтығын пайдалануы мүмкін емес, ал ондай болған күнде оның өзі өте қауіпті құбылыс саналар еді. Біз адамзат тарихынан қауіпсіздік жүйелерін қамтамасыз ету тұтқаларын биологиялық деңгейден де, әлеуметтік­мәдени деңгейден де таба аламыз, олардың арасындағы айырмашылыққа келетін болсақ, бірінші тобы неғұрлым негізделген, табиғи­объективті сипатқа ие (индивидтердің ерікті еркіне тәуелсіз тұрғыдан алғанда), ал екіншісі сол индивидтердің нақты қызметінің сипаты мен мазмұнына тәуелді болады, соған байланысты релятивті, субъективті сипатты иеленеді. Адамзат индивидумы қарымы адамзаттың мәдени мұрасының баламалы түрде барлық ақпараты туралы білу мүмкіндігін иеленеді, бұл адам миының шексіз мүмкіндіктеріне байланысты, ол былайша айтқанда, ең жетілген био­компьютер тәрізді. Бірақ қазіргі заманғы адамзаттың басты проблемасы зор ақпарат ауқымын сапалы пайдалануды қамтамасыз етуге қабілетсіздігі болып табылады. Мұндай жағдай барлық адамзат қауымдастығының шегінде материалдық­пәндік феномендер мен ақпаратты (білімді) бөліп орналастырудың объективті қажеттілігіне негізделеді. Жекелеген индивидтердің өте көп болуы, әлеуметтік жүйелерді ұйымдастырудың күрделілігі қолайсыз сыртқы әсерге олардың төзімділігін қамтамасыз етеді және сонымен қатар жаңаны іздеу тұтқасын жасайды, бұл орайда ол нысандардың үнемі қозғалыста болуын, дамуы мен өзгеруін жүзеге асырады. Осы айтылғандардан шығатын қорытынды, тарихи­мәдени сабақтастықтың феномені белгілі бір мәдени құндылықтарды бip ұрпақтан екіншісіне беру процесін білдіреді. Бұл орайда осындай берудің өзі берілген мәдениет тәжірибесін қабылдау деңгейін айқындайды. Сонымен мәдениет тәжірибесін «беру­меңгеру» жағдайында байланыстың ең жоғарғы деңгейі қамтамасыз етіледі, атап айтқанда, жаңа кезеңнің процесі, сапалы түрде мәдениет феномендерінің жаңа болмысы, оның ішінде олардың шығармашылықпен одан әрі даму жолдары және жетілуі назарға алынады. Бұл орайда «құндылықтың», «мән­мағынаның» мәліметтері өзгеріссіз қалады, олар өз кезегінде жаңа «мән­мағынаға» не болады, яғни түрі жағынан қаншалықты өзгеріске ұшырамаса, мәдениеттің нақты феноменінің мағыналық мазмұны соншалықты өзгеріске түседі. Тарихи және мәдени сабақтастықтығы өзінің мәні бойынша объективті шындықтың синтетикалық феномені екендігін көрсетеді. Ол механизм болып табылады, сол арқылы барлық Ғаламның болмысы ретінде қаралатын тарихи кеңістік­уақыттың тканін құрайтын тарихи­мәдени феномендердің болуы анықталады. Сонымен қатар қазіргі адамзатқа тон аталған сабақтастық жеке феномен болып табылады, ол адамзат индивидумдарының ақыл­ойын, сезімдері мен икемдерін әр алуандық пен байлықта көрсететін өзіндік адамзат мәдениеті аталатын, бірегей құбылыстың құрушылары болып табылатын қазіргі адамдар түрінің тарихи тіршілік етуімен тікелей байланысты. Бірінші кезекте сабақтастық тарихи кеңістік­уақыттың үзілмеуінің көрінісі, бұл орайда тарих пен мәдениеттің жекелеген элементтерінің болуы жүйенің көпшілік өзге элементтерімен байланыстан тыс және тысқары түрде мүмкін емес. Бұл ақиқат тек уақыт аспектісіне ғана емес, сонымен қатар кеңістіктіктің уақытпен арадағы өзара үйлесіміне де қатысты. Қазіргі адамға тән аталған тарихи­мәдени сабақтастық тарихи және мәдени болмыстың гетерогенді сипатына негізделген. Адамзат тарихында тарихи­мәдени типтердің саны өте көп, олар белгілі бір дәрежеде «түйсік нүктелеріңді » көрінеді, бұл, егер генетикалық болмаса (жеке тарихи), ендеше экзистенциялы­құндылық (мағыналық) жақындықтың болу мүмкіндігін дәлелдейді. Сондықтанда мәдениеттің пайда болуының нақты нысаны құрылымы мен функциясы жағынан күрделі құбылыс болып табылады, онда әp алуан, тіпті бірі­біріне қарама­қайшы келетін мәдени дәстүрдің элементтері мидай араласып жатады, бұл өз кезегінде «мәдени» ақпаратты берудің бірегей, айырықша тәсілін айқындап береді және мәдени сабақтастықтың айырықша түрін қалыптастырды. Мәдени сабақтастықтың сипатына, ерекшелігіне, нақты көріністерінің иірімдеріне мәдени феномендерді жасаушы және мәдени сабақтастықтың бірден­бір субъектілері адамзат индивидтерінің өз сапасы үлкен әсер етеді. Мәдениеттің сабақтастығы — адамдардың, олардың әртүрлі ұйымдарындағы қауымдастықтарының қызметінің өзіне тән ерекшелігі бар нысандарының бірі, мәдениет материалдық жағынан болсын, рухани тұрғыдан болсын, өзінің көрініс беруі аспектілерінде адамдардың нақты өмірлік қызметінің көрінісі болып табылады. Бұл аталған жағдайда сабақтастық жекелеген индивидтердің қажетті, маңызды және жаңа жағдайға сол сәтте қолдануға керекті мәдени мұраның сол «беру меңгеру» көлеміне орай қызметі бойынша мүмкін болады. Сондықтан мәдени сабақтастық сапасының өзі оның субъектілерінің сапасына тікелей байланысты болады. Мәдени сабақтастық, бұрынғы мәдени тәжірибені қолдану көне нысандарды сол қалпында көшіре салумен, еліктеумен сыйыспайтындығын атап өткен дұрыс. Адамның жеке сапасының дамуы, оның ақпарат мәдениетімен жан дүниесінің баюы, социумның жетілуі адамдардың шығармашылық белсенділігін көрсету үшін жаңа көкжиектер ашады. Бұрынғы тәжірибе өздігінен өзі қызықты не маңызды бола қоймайды, бүгінгі күннің «ең маңызды мәселесін» жүзеге асыру мәдениет прогресіне сүйенеді, бұл ең алдымен шындық болмысты көрсетудің және оның мән­мағынасын сол қалпында ұғынудың жаңа, бұған дейін белгісіз болған нысандары мен тәсілдерінің дүниеге келуі деп түсіну керек. Мұның өзі мәдени процестің, сонымен қатар тарихи прогрестің ескінің (бұрынғының) тәжірибесін қазіргімен үйлесімділікте болуын қамтамасыз етуге қабілеттілігімен ерекшеленетіндігі туралы айтуды талап етеді. Сабақтастық мәдениет болмысының жаңасын, мән­мағынасының жаңаша түсінбейтін және жаңа нысандарды дүниеге келтіруге мүмкіндік бермейтін реакциялық күшке айналуға тиіс емес. Сонымен қатар адамдар қауымдастығы өмірінің бастауын жүйелеу тұрғысынан алғанда мәдени мұраны жою, оны абсолютті түрде қабылдамау ақылға қонымсыз әрі қауіпті болып көрінеді, бұл бөтен мәдени нысандар мен мағыналарды аталған жағдайдағы олардың өмір сүру қабілеттілігін есепке алмай механикалық тұрғыдан көшіре салумен бірдей болады. Бұл орайда мәдениет болмысының тарихи феномен ретінде миллиондаған адамзат индивидтерінің стихиялық қызметінің нәтижесі екендігін атап өткен жөн және кез келген «орталықтандырылған жоспарлау мен басқаруға» деген талпыныс тығырыққа келіп тіреледі. Міне, сондықтан да қазіргі заманғы мәдениеттің дамуының қашып құтылмайтын және алдын ала болжап болмайтын тағдырын реализм тұрғысынан қабылдай білу керек, ол бір­бірімен мейілінше қарама­қайшы келетін гуманитарлық, экономикалық, идеологиялық сипаттағы көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады.

Читайте также:  АҚШ-ТЫҢ «ШӨЛДЕГІ ТҮЛКІ» ОПЕРАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОДАН КЕЙІНГІ ИРАҚ АХУАЛЫ

Оставить комментарий