САЛАХ МААТАНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІРБАЯНЫ

ХХ ғасырдың екінші жартысына қарай Еги- пет әдебиетінде прозаикалық жанрлардың жаңа жүйесі пайда болып, қисса қасира (новелла, әңгіме), қисса тауила (повесть) мен риуайалар (роман) қалыптаса бастады. Романның алғашқы еуропалық үлгілерінің пайда болуынан кейін жарты ғасыр өткен соң Египет романы ХVІІІ ғасырдағы сентименталдық-ағартушылық ро- мандардан бастап, ХХ ғасырда Еуропа әдебие- тінде кең тараған Толстой шығармашылығының үлгісіндегі шынайы роман-эпопеялардың тәжі- рибелеріне дейін меңгере бастайды (Нагиб Махфуздың «Бейн әл-Касрейн» атты трило- гиясы). Мысырлық романистер өткен ғасырдың алғашқы жылдарындағы «жаңартушылар» тол- қынының «жергілікті» (адаб махаллий) немесе ұлттық (адаб қауми) әдебиетін құру туралы мәселелерін шешу мақсатында ХІХ ғасырдың соңындағы ағартушылық проза мен класси- калық ортағасырлық әдебиеттің жанрлық фор- маларынан алшақтай түсті. ХХ ғасырда орын алған тарихи жағдайлар әдеби төңкерістердің жылдам дамуына септігін тигізіп, әрбір жаңа онжылдық египет романы мен оның жанрлық формалары мен стилінің дамуында өшпес із қалдырып, жаңа кейіпкер- лердің алдыңғы қатарға шығуына ықпал етті. Мысыр тарихында ХХ ғасырдың 80 жылдары «мінбердегі өлімнен» бастау алады. 1981 жылы қазан айында Октябрь соғысының сегіз жылды- ғына орай ұйымдастырылған мерекеде Мысыр президенті Садатқа қасақана шабуыл жасалады. Бұл оқиға келесі онжылдықтарға да өз әсерін тигізіп, романистикада осы онжылдықтың қорытындылары мен Садаттың жүргізген «ин- фитах» (Египет экономикасының Батыс елде- ріне, әсіресе Америка капиталы мен жалпы мәдениетіне ашық болуы) саясатының нәтиже- сінде елде орын алған жағдайлар ашық талқыға түсіп, 1952 жылғы төңкерістен кейін болған тарихи жағдайларды қайта қарастыруға деген қажеттілік пайда болады /1/. Осыған қарамастан роман кез келген өзекті мәселелер төңірегінде ойды ашып айтуға мүм- кіндік беріп, әлеуметтік-тарихи ғылымдармен қатар сол замандағы қоғамның жағдайын зерт- теуге қатысады. Мысырлық әдебиеттанушы Габер Асфурды айтуы бойынша: «роман өкініш пен арманды білдіретін, бір-біріне мүлдем сәйкес келмейтін, қарам-қарсы ойлардың жиын- тығы» болып табылады. Египетте 90 жылдары романдардың саны көбейіп, талантты жазушы- лардың қатарында жаңа есімдер пайда болып, тамаша үлгіде жазылған шығармалардың бар- лығын қарап үлгірмейтін сыншылардың да, оқырман қауымның тарапынан да романға деген қызығушылық арта түседі /2/. Роман жазуда Суналла Ибраһим, Гамаль әл- Гитани, Йусуф әл-Қуаййид, Баха Тахер, Мұхам- мед әл-Бусати, Ибраһим Аслан, Хайри Шалаби сияқты 60 жылдардағы жазушылармен қатар өздерінің алғашқы шығармалары арқылы әдеби сыншылардың назарына іліккен жазушылардың жаңа толқыны да пайда болады. Мысырлық жазушылардың романдарында Мысырды суреттеу кезінде көбіне әйел бейнесі алынатын (араб тілінде Мысыр әйел текті сөзге жатады). Н.Махфуз, С. Ибрагим, Г. әл-Гатани секілді жазушылардың шығармаларында әйел бейнесі арқылы Мысырға деген адал махаббат пен туған жердің көркем сипаттары, ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлер мен ұлттық сана-сезімнің өсуі де анық суреттелген /3/. 80-90 жылдар аралығындағы Египет әде- биеті мен осы жылдар аралығындағы жазушы- лардың шығармашылығы, жоғарыда аталып кеткендей, түрлі бағыттар мен тақырыптарды қамтып, әр түрлі деңгейде дамыған болатын. Осы кезде халық арасында үлкен сұранысқа ие болып, зор жетістікке жеткен шығармалардың авторлары сол дәуірде қоғамда орын алған ма- ңызды мәселелерді қамтып, халықтың мұң- мұқтажын көрсетіп, елдің тығырыққа тірелген ауыр кезеңін суреттеуге тырысты. Жоғарыда аталған араб елінің ұлттық мақтанышына айнал- ған жазушылардың қатарына 80 жылдардан бас- тап өзінің ерен еңбегі мен таланты арқылы көзге түсе бастаған Салах Маатаны да атап өтуге бо- лады. Ол жаңа араб әдебиетінің негізін қалаушы жазушылардың бірі. Оның араб әдебиетіндегі ғылыми фантастикалық қысқа әңгімелер мен романды дамытуға қосқан үлесі мол. Бірнеше қиссалар жинағы мен романдардың авторы Салах Маата 1959 жылы 30 наурызда Каир қаласында дүниеге келген. Оның отбасы әдебиетке өте жақын болған, бауырларының бірі өлең шығарса, екіншісі роман жазумен, енді бірі балалар әдебиетімен айналысқан. Салах Маата осындай шығармашылық ортандан өнегелі тәрибие алап, жастайынан өзінің ерекше қабілеті мен талантының арқасында көзге түсе бастайды. 1983 жылы Каир Университетінің Ха- лықаралық Сауда бөлімінде бакалаврды бітіріп, кейін 1993 жылы осы университетте журналис- тика факультетінің бұқаралық ақпараттар бөлі- мінде жоғары білім алады. Ол жастайынан 56 ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2(55). 2011 ғылыми-фантастикалық қысқа әңгімелер жаза бастайды. 1980 жылы ақпан айында 19 жастағы Салах Маата қысқа әңгімелер жазудың асқан шебері, араб елдерінде атағы кең тараған Й.Хаққимен алғаш рет кездеседі. Йахийа Хаққи талантты жасқа ұстаздық етіп, оны өз қамқор- лығына алып, араб әдебиеті мен «Жаһилия» («қараңғылық») ғасырының поэзиясы, муалла- қаттар мен мақамалар, қысқа әңгімелер мен жалпы араб тілі төңрегінде баға жетпес мағлұ- маттар береді. Осындай ұлы жазушының шәкір- ті болып, онымен үздіксіз қарым-қатынаста бол- ған Салах Маата ұшан теңіз тәжірибе жинап, жаңа араб әдебиетінің дамуына үлкен үлес қос- қан сол замандағы ұлы ақын-жазушылар, әде- биетші, журналистермен кездеседі. Й. Хаққи алғашқы кездесуде-ақ өзінің асқан дарындылы- ғы мен әдебиетке деген құштарлығы арқылы көзге түскен Салах Маатаның қысқа әңгімесін тыңдағанан соң, оның «әл-Ахрам» газетіне жариялануына өз септігін тигізеді. Осылайша жас Маатаның «Дауылдан бұрын» («атты алғашқы еңбегі де 1982 жылы баспасөз бетіне жарыққа шығады («әл-Ахрам» газеті, 1982/4/1). Кейін оның бұл әңгімесі 1991 жылы басылып шыққан «Бес минуттық ғұмыр» фантастикалық-ғылыми атты») қиссалар жинағына енеді.

Читайте также:  БЕЙНЕНІҢ ҚАРАМА­-ҚАЙШЫЛЫҒЫ

Оставить комментарий