САЛЫМДАРДЫ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ

Экономиканың дамуы капитал нарығы жəне қаржы-несие жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Өз кезегінде, аталып өткен нарық пен жүйе 2007-2008 жж. қаржылық дағдарыс кезеңінде өздерінің осалдығын танытты. Салымшылар тарапынан сенімділікті жоғалту несие ұйымдарының іс-əрекетінің орнықтылығын бұзып, қаржы жүйесінің айтарлықтай əлсіреуіне əкеліп соқтырады. Сондықтан салымшыларды қорғау мақсатында депозиттерге кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымдардың нəтижелі қызметі үлкен мəнге ие болуда. Салымдарды сақтандыру жүйелері қаржы нарығының орнықтылығына оңды əсерін тигізеді. Алайда, бұл жүйенің қызмет етуі барысында бірқатар проблемалар туындауы ықтимал. Бұл жүйелер енгізілгеннен соң депозиттік ұйымдардағы операциялардың тəуекелі өсуі мүмкін. Ал бұл, өз кезегінде, мемлекеттік шығындардың қомақты қаржыларын қажет етеді. Осылайша, 2008 жылдың қазан айынан бастап АҚШ-тағы салымдарды сақтандырудың Федералды корпорациясы (Federal Deposit Insurance Corporation, FDIC) американдық банктердің проблемалық активтерден арылу Бағдарламасын (Troubled Assets Relief Program, TARP) іске асыра бастады. Бұл Бағдарламаны іске асыру үшін 700 млрд.АҚШ долларына тең қор құрылған болатын [1]. Салымдарды сақтандыру жүйелерін талдау салымдарды сақтандырудың əдістері мен қағидаттарын анықтауға мүмкіндік берді. Осы белгілер бойынша салымдарды сақтандыру жүйелерін жіктеуге болады. Əрбір мемлекет алға қойған міндеттеріне қарай салымдарды сақтандырудың белгілі-бір жүйесін таңдап отырады. Бұл оның экономикасының даму деңгейіне жəне басқа да факторларға тəуелді. Сол себепті, түрлі елдердегі салымдарды сақтандырудың жүйелерінде сақтандырылатын салымдарды (салым түрлері, кепілдік берілетін салымның мөлшері, бір тұлғаға тиесілі болатын бірнеше салымдарға кепілдік беру мəселелері, т.с.с.) анықтауда бірыңғай тəсіл қолданылмайды. Мысалы, егер мемлекеттің мақсаты ел экономикасына шетел капиталын тарту болатын болса, шетел салымшылары мен шетел банктерінің өкілдіктері айрықша жағдайға ие болады (соның ішінде қосымша банк кепілдіктері түрінде де). Осылайша, Алманияда ұлттық валютада да, шетел валютасында да жасалған салымдар, сонымен қатар, жергілікті банктердің шетел өкілдіктеріндегі салымдар да сақтандырылады. Ал егер, жергілікті тұрғындардың қолындағы қаржыларды экономикаға тарту қажет болса, ұлттық салымшылар мен банктердің жағдайы айрықша болуы керек. Мысалы, Ұлыбритания мен Францияда ұлттық валютадағы салымдар ғана сақтандырылады. Аталып өткен екі тəсілді үйлестіре отырып қолдану ең оңтайлы тəсіл деп танылады. Өйткені, кез- келген ел экономикасы үшін сырттан келетін инвестициялармен қатар, ел ішіндегі қаражатты да тарту аса маңызды болып келеді. Төлемдерге кепілдік беру қағидаты да түрлі елдердің салымдарды сақтандыру жүйелерінде түрліше болып келеді. Еуропалық Одақ, АҚШ, Канада, Қазақстан, Ресей жəне басқа да елдерде жарым-жартылай төлеу қағидаты қолданылса, Түркия, Аргентина секілді елдерде салымшыларға толық өтемақының төленуіне кепілдік беріледі. Жапония, Оңтүстік 42 Вестник КазНУ. Серия экономическая, №5 (87). 2011 Корея, Колумбия мен Эквадорда банк жүйесінің дағдарысқа ұшырауы жағдайында ғана толық өтемақы қарастырылған. Шетел ақпарат көздерін талдау барысында өтемақының мөлшері туралы мəліметтер тек жеке тұлғалардың депозиттерін сақтандыру бойынша ғана келтірілетінін атап өтуге болады. Мысалы, АҚШ-та 2008 жылдың қазан айынан бастап бір салым бойынша 250 мың АҚШ доллар өтемақыға кепілдік берілетін болды (бұрын бұл сома 100 мың АҚШ доллары шамасында болған). Жапонияда – 10 млн.иена (шамамен 97 мың АҚШ доллар көлемінде) [2]. Еуропалық Одақ шеңберінде 2009 жылдан бастап бір салымшыға 100 мың еуро мөлшеріндегі өтемақы белгілеу ұсынылады [3]. Алайда, Еуропалық Одақ мүшелері бұл шаманы өз бетінше өзгертуге құқы бар. Дамушы елдер мен өтпелі экономикасы бар елдерде өтемақының кепілді мөлшері 376 АҚШ долларынан бастап (Танзания) 11 756 АҚШ долларына дейінгі (Чехия) аралықта өзгереді. Украинада салымдарға кепілдік беру жүйесіне кіретін банктің салымшыларына банк банкрот болған жағдайда 150 мың грн. (15,1 мың еуро) төленеді. Ресейде өтемақы сомасы 700 мың рубль (25 мың АҚШ доллары). Қазақстанда бұл мөлшер 5 млн. теңгеге тең (шамамен 33,5 мың АҚШ доллары). Сақтандыру жарналарының мөлшері мен оны төлеу тəртібі де, сақтандыру жағдайы орын алғанда өтемақы мөлшері секілді көрсеткіштер де түрлі елде түрліше. Мысалы, Жапонияда жыл сайынғы сақтандыру төлемдерінің мөлшері жалпы сақтандырылған депозиттер сомасының 0,008% құраса, Алманияда алдыңғы жылы банкте орналастырылған депозит- тердің жинақталған пайыздарды қосқандағы орташа сомасының 0,3% құрайды, Чехияда — 0,1%. АҚШ-та жыл сайынғы жарналардың мөлшері банктің өтімділік, төлемқабілеттілік жəне қаржылық тұрақтылық деңгейлеріне тəуелді болады. Атап айтқанда, қаржы жағдайы орнықты банктер үшін ол 0,23% мөлшерінде белгіленсе, проблемалары бар банктер үшін – 0,31%, тəуекелі жоғары банктер үшін – 0,5% мөлшерінде тағайындалады. Ресейде банктердің тоқсан сайынғы жарналары тартылған салымдардың 0,1% мөлшерін құрайды. Басқару тəсілдерін талдау нəтижесінде мынадай қорытынды жасауға болады: салымдарды сақтандыру жүйесі мемлекет тарапынан да (əлемдік сақтандыру қорларының жартысына жуығы, мысалы, Ұлыбритания, Индия, Исландия, Канада, Колумбия, АҚШ), жеке институттармен де (шамамен 15%, мысалы, Австрия, Бразилия, Финляндия, Франция, Швейцария), аралас түрінде де (35% шамасында, мысалы, Бельгия, Болгария, Дания, Жапония) басқарылуы мүмкін [4]. Депозиттерді қорғаудың 2 типін бөліп көрсетуге болады: «жанама» жəне «тікелей». «Тікелей жүйелер» депозиттерге кепілдік берудің заң жүзінде бекітілген жүйесіне негізделеді. Мұнда өтемақы төленетін шарттар (əдетте, оған банк іс-əрекетін жүргізу лицензиясын қайтару жатады), бір салымшыға тиесілі өтемақының ең үлкен мөлшері, өтемақы төленетін депозит түрлері, өтемақы төлемдерін қаржыландыру көзі, жүйені (қорды) басқарумен байланысты мəселелер нақты түрде белгіленеді. «Тікелей қорғайтын» елдердің жартысынан астамы Еуропада орналасқан. Бұдан басқа, бұл тəсіл жер шарының батысында жəне Азия елдерінде де кең түрде пайдаланады. Ал, Африка мен Таяу Шығыста оны тек кейбір елдер ғана қолдануда. Бұндай елдерде кепілдік заң жүзінде бекітілген жəне мемлекет тарапынан қамтамасыз етілген (АҚШ жəне басқа да елдерде). Алманияда салымдарға жеке институттар тарапынан кепілдік беріледі, мемлекет тікелей бұл жүйеге араласпайды. Бірақ, мұндай тəсілді де «тікелей қорғау жүйесі» деп тануға болады. Өйткені, бұл кепілдік заң жүзінде бекітілген. Мұнымен қатар, əлемнің шамамен 50 елінде (Батыс Еуропадан басқа) депозиттерді имплициттік қоғау жүйесі (implicit deposit protection) қолданылады. Оны басқаша «жанама жүйе» деп атайды. Депозиттерді «жанама қорғау жүйесінде» өкімет ауызша түрде кепілдік береді. Депозиттерді сақтандырудың əлемдік тəжірибесі мен ерекшелігін талдау нəтижесінде мынадай қорытынды жасауға болады: салымдарды сақтандыру жүйесі сақтандыру операция- ларын жүзеге асыру үшін берілетін лицензия негізінде қызмет ететін сақтандыру ұйымда- рының қатарына кірмейді, сонымен бірге сақтандырудың бас қағидаттарына сүйенбейді. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, №5 (87). 2011 43 Бұл жүйелердің қызметін мемлекеттің банк секторы мен төлем жүйесінің, сонымен қоса бүкіл экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында арнайы құқықтық нормалар мен ұйымдық-қаржылық тетіктерінің жүйесін пайдаланатын «салымдарға кепілдік беру» іс- əрекеті деп сипаттауға болады. Соңғы жылдардағы банк секторының даму үрдісін талдау нəтижесінде əлемдік банк қауымдастығы жеке тұлғалардың салымдарын қорғаудың ұлттық үлгілерін қайта құрудың қажеттілігінің туындағанын байқауға болады. Сондағы 4 тəсіл қарастырылуда: — біріншісі: мемлекет тарапынан депозиттерді сақтандыруды жойып, орнына жеке сақтандыру бағдарламаларын енгізу; — екіншісі: депозиттерді сақтандыруда мемлекет рөлін сақтай отырып, оған түзету енгізу; — үшіншісі: аталып өткен екі тəсілді біріктіріп қолдану; — төртіншісі: банктерден өз іс-əрекетін жекелей сақтандырылған немесе сақтандырыл- маған құрылымдық бірліктер ретінде жүзеге асыруын талап ету. Əлемдік валюта қорының ұсыныстары бойынша салымдарды сақтандыру жүйесі жалпы сақтандыру шарттарына сай қызмет атқаруы қажет. Салымдарды сақтандыру жүйесінде сақтандыру компанияларының белсенді түрде қызмет етуі Алмания, Канада, АҚШ секілді дамыған қаржы жүйесі бар елдер үшін тəн болуда. Салымдарды қорғау арнайы мамандандырылған құрылымдардан құралған жүйе жүзеге асырғаны жөн: — салымдарды сақтандыруды қамтамасыз ететін сақтандыру компаниялары (сақтандыру компаниялардың пулы); — сақтандыру резервтерінің қаржыларын инвестициялау саясатын əзірлеп шығаратын инвестициялық компаниялар; — банктер банкрот болған жағдайда конкурстық басқаруды қамтамасыз ететін дағдарыстық менеджерлер. Күрделі тəуекелдерді сақтандырып қорғауды қамтамасыз етуде жəне зардап шеккен адамдар саны көп болғанда оларға өтемақы төлеуде айтарлықтай үлкен əлемдік тəжірибе жинақталған. Атап айтқанда, Вена конвенциясына сəйкес, ядролық залалды өтеу бойынша қаржылық кепілдіктерді қамтамасыз етудің негізгі тəсілі сақтандыру болып келеді [5]. Оны жүзеге асыру үшін сақтандыру компаниялары ерікті түрде сақтандыру пулдарына бірігеді. Бұндай тəжірибе салымдарды сақтандыру жүйесін қайта құру кезінде де табысты қолдануға болады. Сақтандыру пулының мақсаты – сақтандыру ұйымдарының қаржылық орнықтылығын пулға қатысушы мүшелердің қаржыларын біріктіру жолымен қамтамасыз етіп, сақтандырушылардың ірі тəуекелден сақтандыруды ұйымдастыруға деген қажеттілігін қанағаттандыру. Сол себепті, сақтандыру пулы туралы Келісімде, əдетте, сақтандырушы-пул мүшелерінің сенімділігіне қатаң талаптар қойылады. Осылайша, пулға мүше болу үшін активтер мөлшері, төлемқабілеттілік көрсеткіштері, өтімділік жəне т.с.с. көрсеткіштерге баса назар аударылады. Мұнда салымшыларды қорғау жүйесі екі деңгейде жүзеге асырылады: 1-деңгей – тəуекелдер деңгейіндегі сақтандыру пулы; 2-деңгей – Қазақстандық кепілдеме қоры. Бұндай жүйе кезінде сақтандыруға алынған депозит мөлшері сақтандыру пулынан артық болған жағдайда, арасындағы айырмашылық қайта сақтандыруға кепілдеме қорына тапсырылады. Оған қоса келіп түскен сақтандыру жарналарының да сəйкес бөлігі (қайта сақтандыру сыйақысы) беріледі. Аталып өткенді қорытындылай келе, салымдарды сақтандыру жүйесін бір мақсаттарды көздейтін мүшелерден құралған құрылымдық элементтердің жиынтығы деп көрсетуге болады. Олардың үйлесімді қызмет етуі нəтижесінде салымдарды сақтандыру жүйесінің қаржылық орнықтылығы қамтамасыз етіледі. Жеке сақтандыру ұйымдары мен мемлекеттік мекемелердің осындай синтезі арқылы салымдарға кепілдік беру жүйесінің мүмкіндіктерін толықтай пайдалануға, сақтандыру технологияларын пайдалану арқылы қазіргі салымдарды сақтандыру жүйелерінің тəуекелдерін барынша төмендетуге мүмкіндік аламыз. Сақтандыру тəуекеліне қарай сақтандыру сыйақыларын белгілеу қолданылатын болғаннан соң, 44 Вестник КазНУ. Серия экономическая, №5 (87). 2011 салымдарды сақтандыру жүйесіне қатысушы банктерде превентивті іс-шараларды жүзеге асыруға деген стимул пайда болады. Өйткені, көптеген елдердің тəжірибесі көрсетіп отырғандай, банк тарапынан қадағалау қызметінің арнайы іс-шаралары (атап айтқанда, банк капиталы мөлшерінің нақты стандарттары мен құрылымы, басқа да нарық тəртібін нығайту тетіктері) жүргізілмесе, салымдарға кепілдік берудің жүйесі тиімсіз болады. Кəсіби сақтандыру ұйымдары мен сақтандыру технологияларын пайдалану депозиттерді сақтандыруды жетілдіру жолының бірі. Өйткені, дағдарыс жағдайында мемлекеттің экономикадағы рөлі өскенмен, нарықтық реттегіштерді де жетілдіру қажеттілігін ұмытпағанымыз жөн.

Читайте также:  Қазақстанның құқық жүйесінің ерекшеліктері жайлы

Оставить комментарий