САРАПТАМАЛЫҚ ТАЛДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

Сараптамлық талдау орталықтарының атқаратын қызметтерін анықтау өзекті мәселелердің бірі болып табылады, өйткені олардың қызметтерін анықтауға саяси режим, саяси жүйелердің түрі, саяси мәдениет деңгейі, сараптамалық талдау орталықтары кімге бағыныштын, кімнің құзырында жұмыс атқарады деген мәселелердің барлығы сараптамалық талдау орталықтарының қызметін анықтауға септігін тигізеді. Сараптамлық талдау орталықтарының қызметтері сан алуан болып келеді. Әрбір географиялық аймаққа байланысты сараптамалық талдау орталықтарының қызметтерін әр түрлі қарастырады. Жоғарыда келтірген анықтамаларға сай сарптамалық талдау орталықтарын үш географиялық аймаққа (АҚШ, Еуроодақ, Посткеңестік елдер) бөліп қарастырайық. I. АҚШ – бұл мемлекеттің сараптамалық талдау орталықтарының тарихы басқа мемлекеттерден қарағанда бай болып келеді. Ең алғашқы болып американдық сараптамалық талдау орталықтарының қызметтері әскери салаға байланысты болған. Сараптамалық талдау орталықтарының алғашқы қызметтері келісім-шартқа отыру негізінде басталған. Осы уақытта құрылған РЭНД Корпорейшн (1946), Қорғаныс талдау институты (1956) қазіргі уақытқа дейін АҚШ беделді сараптамалық талдау орталықтарының бірі болып табылады. Атақты американ зерттеушісі П. Диксон XX ғасырдың 60-жылдардағы қорғаныс саласына бағытталған сараптамалық талдау орталықтарын «әскери интелектуалды кешендер»[1] деп атаған. Осы әскери интелектуалды кешендер келесі қызмет атқарған: 1) әлем мемлекеттерінің қарулы күштерінің даму және олардың потенциалдарына мониторинг жасау 2) қарулы күштерінің қызметіне, әскери доктриналарына, қорғаныс саласындағы стратегияларына, бағдарламаларына, тұжырымдамаларға талдау жасау 3) мемлекеттік әскери қауіпсіздік салаларға байланысты құжаттарды дайындауға қатысу, тиімділігіне баға беру, әскери қызметті жетілдіруге ұсыныс беру 4) болжам жасау 5) индикативті, қорғаныс және әскери қауіпсіздік саласындағы мәселелерді анықтау Осындай сараптамалық талдау орталықтары арқылы АҚШ-ы басқа елдердің әскери саласына баға беріп өздерінің кемшілігін анықтап дер кезінде шешу жолдарын анықтап отырған. Сараптамалық талдау орталықтарының әскери салаға қызмет көрсету арқылы АҚШ-ның қорғаныс және әскери потенциалы басқа елдерден қарағанда өте үлкен дәрежеде болды және бұл бүгінгі күнге дейін сақталып қалды. Біздің қарастырғанымыз АҚШ-ның алғашқы сараптамалық талдау орталықтары, ендігі бүгінгі таңдағы сараптамалық талдау орталықтары мемлекеттің сыртқы саясаттын талдау бірінші кезектегі мәселе. Сараптамалық талдау орталықтарының қатысуымен мемлекеттің сыртқы саясатындағы маңызды бағдарламалар дайындалды. Мысалға, 64 Эйзенхаурдың «Эйзенхаур доктринасы», Рейганның «Басшылыққа мандат» және тағы басқада американың дүние жүзінде үстемдік орнату бағдарламалары сараптамалық талдау орталықтарының көмегімен дайындалды. Сонымен бірге, АҚШ-ның сараптамалық талдау орталықтарының жұмысына назар аударып қарасақ, мемлекеттік органдар мен сараптамалық талдау орталықтарының арасында мамандармен өзара алмасу тәжірибесі енгізілген, яғни американдық тәжірибеде бұл «revolving door» — айналмалы есік атты механизмі деп аталады. Бұл АҚШ-ның ішкі және сыртқы саясаты үшін мамандарды дайындауда үлкен әсерін тигізген қызметтердің бірі болып табылады. Осы өзара алмасу механизмі арқасында сараптамалық талдау орталықтарының мамандары шынайы саяси үдеріске қатысу арқылы өз тәжірибесін кеңейтіп, кәсіби дағдылығын шындай түссе, керісінше, шынайы саяси өмірден келген мамандар сараптамалық талдау орталықтарында өз тәжірибесін әрі қарай дамытуға, шындауға, өзінің білім қорын жетілдіруге мүмкіндік алады. Себебі, мемлекеттік қызметтегі маман мәселеге кешенді түрде қарауға мүмкіндігі болмайды, оған өзіндік жүйе шектеулері де әсерін тигізуі мүмкін.[2] Сараптамадық талдау орталығында бірнеше жылдар қызмет атқарған АҚШ-ның экс мемлекеттік хатшысы АҚШ-ның атақты саясаткері Г. Киссинджир былай деген: «мемлекеттік органға жұмысқа келгенге дейін нителектуалды капиталды жинаған жөн, себебі жұмыс істей келе жиналған интелектуалды капиталды жоғалта бастайсын» деп тұжырымдауы АҚШ саясатында сараптамадық талдау орталықтарында тәжірибе жинау қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Сонымен, АҚШ-ында сараптамалық талдау орталықтары ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруда шешуші роль атқарып, саяси үдеріске белсене араласушы субьектілердің қатарын құрайды. АҚШ-ның саяси өмірінде өзекті болған мәселелер сараптамалық талдау орталықтарының күн тәртібінде көп орын алады. Тек өз мемлекетінің саясатына талдау жасап қана қоймай, басқа мемлекеттің барлық салалары жөнінде кешенді зерттеулер жүргізе отырып, олардың нәтижелерін мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде негізге ала отырып, пайдаланады. II. Еуроодақ – кез келген деңгейдегі саяси шешімдерді қабылдауға, мемлекеттік саясатты қалыптастыруға, елдің саяси бағытын, ішкі және сыртқы саясатын анықтауға, сарапшылар мен ғалымдардың пікіріне назар аударып ақыл кеңес беру осы мемлекеттердің саясатына тән нәрсе. Жалпы батыс еуропалық зерртеушілердің пікірінше сараптамалық талдау орталықтарын үш түрге байланысты қызметін анықтайды. Бұлар: 1) сараптамалық талдау орталықтары – мемлекет, қоғам және ғылым арасындағы делдал; 2) сараптамалық талдау орталықтары қоғамдық мүддені қорғайды; 3) сараптамалық талдау орталықтары шын мәнінде ойланады. Сонымен, еуропалық сараптамалық талдау орталықтарының бюджеті және штаты жағынан аз болып келеді, көп жағдайларда саясаткерлермен және саяси партиялармен тығыз байланыста, АҚШ-ның «айналмалы есік» механизмі толыққанды жұмыс атқармайды, оған қарамастан еуропалық сараптамалық талдау орталықтарының артықшылықтары да бар. Бұл сараптамалық талдау орталықтарының дамуындағы жаңа тенденция болып табылатын, саяси ғылымда «саяси трансферт» тұжырымдамасының негізін құрайтын сарпатамалық торлардың қалыптасуы, әрі әрекет етуі. «Трансферт» деп аталатын өзара әрекеттесудің жаңа типі сараптамалық талдау орталықтарының дамуының келесі кезеңі болып «виртуалды ақыл- ой орталықтары» немесе «қабырғасыз ой фабрикалары» деген терминмен белгіленген[3]. Еуроодақ сараптамалық талдау орталықтарының саясатқа тікелей ықпалы аз мөлшерде болғанымен, Еуроодақ мемлекеттерінің ішкі және сыртқы саясатында, әсіресе интеграция процесіндегі ролі үлкен деңгейде болып табылады. Алайда еуропалық сараптмалық талдау орталықтарының қызмет ету деңгейі барлығында бірдей деп қарастыруға болмайды. Еуропаның шығыс бөлігі бұрынғы кеңес одағының құрамында болғандықтан оның қызметі сәл басқаша болып табылады. Алайда 65 шығыс еуропа мемлекеттерінде сараптамалық талдау орталықтарның даму деңгейі әр түрлі болғандықтан бұл олардың қызметтерінің әр түрлі бағытта қалыптасқанын көрсетеді. Осы тұрғыда кейбір елдерде сараптамалық талдау орталықтары: эконмика мәселелерімен айналысатын сараптамалық талдау орталықтары саяси бағытқа қызмет ететін сараптамалық талдау орталықтарына қарағанда белсенді, жүйелі түрде мемлекеттік органдармен қарым- қатынас орнатып, экономика саласында қабылданатын шешімдерге ықпал етуге тырысады. Кейбір едерде мемлекеттік сараптамалық талдау орталықтары жоқ, яғни тәуелсіз істермен айналысатын орталықтары, ал кейбіреулерінде сараптамалық талдау орталықтары тек мемлекеттің қармағында жұмыс атқаратын орталықтар кездеседі.[4] Тағы бір көрсетіп кететін жайт, бұл Шығыс еуропа мемлекеттеріндегі сараптамалық талдау орталықтарының Батыс еуропа мемлекеттерінің сараптамалық талдау орталықтарымен өзара байланыста болып отырады. Бұл әрекеттің тиімділігі тікелей батыс мемлекеттерімен тәжірибе алмасуға, көз қарастарын білуге мүмкіндік алады. Әрине осылай жасаудың да өзінің себептері бар, бұл ең бастысы барлығы бірегей одақ мүшесі болғандықтан. Бір елдің дамығаны екінші елдің дамуына әкеледі деп сенуде. III. Посткеңестік мемлекеттер – ғалымдардың тұжырымдауын саралай келе, сараптамалық талдау орталықтарының негізігі қызметі: 1) зерттеу 2) делдалдылық 3) консалтинг 4) білім беру деп көрсетеді. Алайда посткеңестік елдердегі сараптамалық талдау орталықтарының қызметінің даму деңгейі еуроодақ мемлекеттеріндей әр түрлі. Сондықтан оны Ресей және Қазақстан деп екіге бөліп қарастырамыз. Ресей – КСРО ыдырағаннан кейін басқа посткеңестік елдердегідей, сараптамалық талдау орталықтарының пайда болуына және дамуына бастапқы кезде мемлекеттің барлық салаларындағы терең кешенді дағдарыс, қоғамның барлық салаларын қамтыған кешенді реформалар, сайлау институттарының, көп партиялық жүйенің қалыптасуы және дамуы, бизнес құрылымдардың дамуы және олардың тарапынан зерттеулерге тапсырыс беруі, ортақ зерттеу мәселелерімен айналысытын сараптамалық талдау орталықтары арасындағы бәсекелестік сияқты ішкі себептер өз септігін тигізді. Сонымен қатар, сыртқы себептерге әлемдік саясаттағы өз орнын анықтау және негіздеу, аймақтық және халықаралық мәселелерге араласуы, сыртқы саясат стратегиясын және негізгі бағыттарын қалыптастыру жатады. Атақты Ресей ғалымы В. Лобановтың пікірінше «сараптамалық талдау орталықтарының негізгі қызметі — әр түрлі деңгейдегі саяси қайраткерлерді ғылыми және талдау ақпаратымен қамтамасыз етуді қамтитын мемлекеттік мекемелердің тапсырысы бойынша кеңес беру».[5] Жалпы ресейлік зерттеушілер сараптамалық талдау орталықтарын келесі қызмет салаларын атқарады деген: 1) білім беру; 2) креативті; 3) медиаторлық (коммуникативті); 4) енгізуші; 5) зерттеуші. Осы жоғарыда келтірілгендердің ішінде енгізуші қызметі сараптамалық талдау орталықтарының негізгі қызметі болмауы мүмкін, себебі олардың жұмысы ұсыныс кезінде аяқталады, ал ұсыныстарды қабылдау негізінен мемлекеттік органдар мен саясаткерлердің құзырына тиесілі болып табылады, сонымен енгізуші қызмет лоббистік топтарға тән. Ресейде азаматтық қоғам мемлекетке бәсекелес емес, егер де мемлекет өз тарапынан азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуына өзіндік қолдауын көрсетпесе, сараптамалық талдау орталықтарының дамуы да мүмкін емес. Себебі, посткеңестік елдердің сараптамлық 66 талдау орталықтары тұжырымдамасы азаматтық қоғам тұжырымдамсының ажырамас бөлігі болып табылады. Сараптамалық талдау орталықтарын қаржылай көмек көрсету дәстүрінің және ғылыми зерттеу жұмыстарын қолдауға бағытталған демеушілік институттарының әлсіздігі Ресей сараптамалық талдау орталықтарының дамуындағы өзекті мәселелердің қатарына жатады. Ресейде сараптамалық талдау орталықтарына деген сұраныстың болмауынан зерттеушілер көп жағдайда оқытушылық жұмысқа ауысып, шетелдік гранттар мен жобаларға тәуелді болады. Қазақстан – сараптамалық талдау орталықтарын зерттегендердің пікрінше Қазақстандағы сараптамалық талдау орталықтары зерттеу, сараптамалық, болжам жасау, ұсыныс беру сияқты қызмет түрлерін көрсетеді дейді. Жалпы Қазақстандық көптеген сараптамалық талдау орталықтары өзіне тән қызмет атқармайды. Олар бөлек жұмыстармен араласып кетеді. Мысалға: егер сараптамалық талдау орталығынада қызмет еткен өкілді мемлекеттік қызметке шақырса ол кейінен сарпатамалық талдау орталығына жұмыс атқаруға қайтып келмейді. Бұл айналмалы есік механизімінің төмен дәрежеде дамығанын айқын дәлеледейді. Сонымен Қазақстан сараптамалық талдау орталықтарының өзіне тән қызметтерді орындауы олардың жұмысының тиімділігін азайтып, деңгейін төмендетеді, яғни әрбір саяси институт өзіне тән қызметті атқарған жағдайда ғана саяси жүйенің қызмет ету деңгейі де жоғарлайды.[6] Алайда бұған қарамастан Қазақстанда тұрақты жұмыс атқаратын сараптамалық талдау орталықтары бар. Олар фундаменталды ғылыми зерттеулерді жүргізуге бағытталған, халықаралық және сыртқы саясат мәселелерін зерттейтін, ішкі саясаттың ағымдағы мәселелерді зерттейтін, экономикалық және әлеуметтік бағыты бойынша реформаларды дайындау барысында қызмет атқаратын сараптамалық талдау орталықтары болып табылады. Осы әр қарастырған елдің сараптамалық талдау орталықтарының тиімді қызметтерін ескеріп кететін болсақ АҚШ – сараптамалық талдау орталықтары мемлекет тарапынан қолдау таба отырып, сонымен бірге ірі бизнес корпорациялары мен құрылымдарының қаржыландырылуы арқылы саяси үдерістің негізгі акторлары болып саналады, сараптамалық талдау орталықтары мемлекеттің сыртқы саясатының негізгі бағытын қалыптастыра отырып, өз өкілдерін ашу арқылы мемлекеттің сырт аймақтардағы ықпалын күшейту механизімін атқарады. Еуроодақ – интеграция контексінде сараптамалық талдау орталықтары зерттеу бағыттары бойынша сыртқы саясат мәселелеріне қарағанда ұлттық деңгейде мәселелерді талдауға бейім. Ресей – кеңес одағының ыдырағаннан кейін бірнеше зерттеу институттарының негізінде жаңа мемлекеттік, жеке меншік сараптамалық талдау орталықтарының дамуына жинақталған мәліметтер базасы, әдіснамалық негіз, ғылыми кадрлардың болуы жағымды әсер еткен фактор болды. Қазақстан – сараптамалық талдау орталықтары барлығы тиімді қызмет атқармағанымен, алайда Қазақстанның сыртқы және ішкі саясаты бойынша тұжырымдамалар мен бағдарламалар дайындап, сараптама мен талдау жүргізген орталықтар бар. Алайда әлі де болса посткеңестік елдерде соның ішінде Қазақстан мен Ресей елдеріде сараптамалық талдау орталықтары институтцияланбаған және де сараптамалық талдау орталықтары саяси мектеп ретінде әлі де қалыптаспаған. Бұл тек әлі қарастырылмаған мәселелердің кейбіреулері ғана алда көптеген енгізулер жасау қажет. Біздің пікрімізше қайсы елді алсақта, АҚШ-нан басқа, сараптамалық талдау орталықтарының қызметі жөнінде АҚШ-ның тәжірибесін қалыптастырған дұрыс шешім болып табылады. Аспаннан қызмет түрін ойлап тапқанша, ғасырлар бойы қалыптасқан «revolving door» атты қызметті орнатса мемлекетің қандай болысын саласы жақсы жұмыс атқарады. Себебі мемлекетті басқару бұл менеджменттің бір түрі болып табылады. Қандайда болсын менеджмент мектептері басқарушы немесе басқарма жүйесі мықты болады егерде басқарущы кампанияның түбегейлі мәселелерін біліп оны шешугке байланысты нақты іс 67 әрекеттер жасайтын болса деп тұжырымдайды. Бұл жағдайда мемлекет бұл үлкен ұйым ал басқарушылар бұл мемлекет басындағы органдар. Егерде мемлекеттік органдар басына сараптамалық талдау орталықтарында қандайда болсын әлеуметтік немесе халықаралық қатынастар жүйесін қарастырған қызметші болса, осы қызметші толғандырып отырған мәселелерді шешуге басты назар аударады. Біз келесі АҚШ-ның сараптамалық талдау орталықтарында жұмыс атқарып кейінен билік басына келген адамдарды атап өтейік: Джеймс Стейнберг – Ұлттық қауіпсіздік жөнінде Президент көмекшісінің орынбасары, Брукинг институтынан шыққан; Генри Киссинджер – АҚШ-ның экс мемлекеттік хатшысы, Халықаралық қатынастар кеңесінен шыққан; Д.Р. Болтон – Қару жарақты бақылау және халықаралық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік хатшы экс орынбасары, Американдық кәсіпкерлік институттарынан шыққан; З. Бжезинский – Ұлттық қауіпсіздік жөнінде кеңесші, Дж. Хопкинс атындағы Орталық стратегиялық және халықаралық зерттеу инститтутынан шыққан Д. Чейни – АҚШ-ның экс вице президенті, Американдық кәсіпкерлік институттарынан шыққан; К. Райс – АҚШ-ның экс мемлекеттік хатшысы, Гувер институтынан шыққан АҚШ- ның көптеген мемлекеттік қайраткерлері сараптамалық талдау орталықтарында жұмыс атқарған. Сондықтан біздің ойымызша осы «revolving door» атты жүйені әр мемлекет басты болмасада мемлекеттік жүйе ретінде қалыптастыру қажет.

Читайте также:  Пантүркілік ұстанымдағы партия

Оставить комментарий