«САРЫ» ТҮСТІҢ ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ ТАБИҒАТЫ

Сары түстің де қазақ және басқа тілдерде не- гізгі түстік мағынасынан басқа ауыспалы ма- ғыналары бар. Сары түс те о баста күннің, от- тың және алтын, жез, қола, мыс сияқты түсті ме- талдардың бейнесіне, реңкіне байланысты қа- лыптасқанымен, дами келе табиғаттағы, тірші- ліктегі әр алуан құбылыстарға телініп, солардың сыр-сипатын аша түсуге мүмкіншілік алған /2/. Дүниежүзі тілдерінің көпшілігінде, соның ішінде, үнді-европа тілдерінде сары түстің сим- волдық мағынасы – сатып кету, көзге шөп салу, тұрақсыздық тәріздес болып келеді. Мысалы, ағылшын халықтарында сары түс “сатқындық, тұрақсыздық, қызғаншақтық” мәнімен қатар “ауру”, “қайғы-қасірет” т.б. мағыналарды біл- діреді. Христианның кейбір көркем шығарма- ларында (judas) Истос сары киім киініп суреттеледі. Сары түстің қазақ тіліндегі мағынасы – жақ- сы мінез-құлық, әдемі қылық, шыдамдылық сияқты ұғымдарды сипаттайды. “Сары майдай еріліп”, “сары майдай сақтау”, “сабыр түбі сары алтын”, “сарғайған жетер мұратқа”, “қара қазақ сары баланың қамы үшін”, “шетсіз-шексіз сары дала”, “сары жон”, “сары бел” іспетті теңеулер мен сөз тіркес- терінің өмір сүруі осыны дәлелдейді. Қазақ тіліндегі сары сөзіне қатысты көп- теген сөздердің ішіндегі сары түс атауының символдық мағынада жұмсалып тұрғандығын анықтау үшін сары сөзімен келген тіркестерді өзара мағыналық жағынан топтастырар болсақ, сары сөзінің ауыспалы, символдық мағыналары қазақ тілінде жағымды, жағымсыз реңктерде жұмсала береді. Сары – байлықтың символы. Қазақ тілінде кездесетін «қағанағы қарық, сағанағы сарық» тіркесінің бүгінде мағынасы көмескі секілді көрінгенімен, бұндағы сарық сөзі — алтын, яғни көл-көсір байлық мәнінде қолданылған. Сары түс атауының байлықтың символы екенінің дәлелі ретінде Абайдың «Масғұт» поэ- масынан мынадай жолдарды келтіруге болады: Ағын жесең, ақылың жаннан асар, Сарыны алсаң, дәулетің судай тасар. Мұнда ақ түс – ақылдылықтың, қызыл түс – махаббаттың, сары түс – байлықтың символы ретінде қолданылып тұр. Сары түс – алтынның түсі. Байлықтың сары түспен байланысы да, алтынның реңкіне байланысты қалыптасқан. Өйткені қазақ тілінде сары түс атауы әркез алтынның баламасы ретінде қолданылады. Сары сөзі кең дүние, ұшы-қиыры жоқ жалпақ дала, кеңдік мағынасын білдіреді. Қазақ тілінде сары сөзі дала, арқа, жазық, бел, адыр, жайлау т.б. көптеген сөздермен тіркесе келіп, кең, шексіз, ұшы қиыры жоқ деген мағынаны білдіреді. Мысалы: сары дала, сары бел, Сарыарқа, сары жайлау, сары құм, сары аңыз, сары жазық, сары дүз, Сарыөзек; Сандалды сар далада су таба алмай, Шөлдеген жұрт қайтеді бос қамалмай (Абай); Көсілген сар жазықта сағым самғап, Жол берді Әмірханға қойнын ашып (И.Байзақов). Сары түсінің адамның немесе малдың жас мөлшеріне қатысты туған мағынасы да кез- деседі. Мысалы: жер ортасындағы кексе әйелге, орта жастағы адамға байланысты: сары жілік (сарыгідір орта жастағы адам), сары кідір еркек немесе сарыгідір әйел, сары қарын бәйбіше, сары қарын әйел (орта жасқа келген кексе әйел); сары тора шақ (кексе тартқан, жасы тоқтаған шақ), сары тіс тіркесіндегі сары сөзі біршама өмір көрген, үлкен адам деген мағынаны білдіреді. Мысалы, Мен болсам жер ортасынан астым, қатын да сары кідір болды (С.Мұқанов). Сары сөзінің үлкендік мағынасы халық бата- сында көп кездесетін «Ақ қас, сары тісті бол!» деген тілектен де көрініп тұр. Мысалы: Елін енді ұрлыққа баулыған сары тіс би қиыннан бірдемені қисындырғандай сақалын сипап қо- раздана түсті (Ғ.Мұстафин). Малдың жас мөл- шеріне қатысты сары қарын бие, сары тіс айғыр, сары тіс, сақа айғыр деген сөздерден де сары сөзінің жас емес, кәрі мағынасын біл- діретіндігін байкауға болады. Алайда қазақ тілінде осы сары сөзі үлкендік мағынасымен қоса оған қарама-қарысы, жас мөлшеріне қатысты сәби, жас бала деген мағынаны білдіреді. Бұған тіліміздегі сары ауыз балапан, сары мойын (бала), сары үрпек, сары бала тәрізді сөз тікестерін келтіруге болады. Мысалы, «Қара қазақ, сары баланың, Қамы үшін қылыш сермедік» (Махамбет). Сары – уайым, қайғы, мұң-шерге, ұзаққа созылған әрекет, процеске байланысты және сол ұзақ процестің нәтижесінде пайда болған әр- түрлі сипатты білдіреді. Мысалы, сары сөзінің уайым-қайғыға байланысты пайда болған мағыналары: сары уайым (уайым-қайғыға қатты берілу), санаменен сарғаю (қайғылы ой азабына түсу), сарыла күту, сарғая күту (ұзақ күту), сағыныштан сарғаю т.б. Ал сол ұзақ процестің негізінде пайда болған мағынаға: Көргендей жол бейнетін жүзің сарық, Тұсыма қалың топты келдің жарып, – деген «Қыз Жібек» жырындағы сарық сөзі жатады. Сондай-ақ, Ақтамберді жыраудың: Дұшпаннан көрген қорлығым, Сарысу болды жүрекке, – деген жыр жолдарындағы сарысу сөзі де ұзаққа созылған қайғы-мұңның көрінісі. Сары – физиологиялық кейбір құбылыстың, аурудың ұзаққа созылуын білдіреді. Мысалы: сары төсек, сары жамбас (аурудың ұзаққа созылуы); сар тап болу (ұзақ жатудан, аурудан қатып сейіп қалу), сары ауру, сағыныштан сарғаю; Сары – епті, тіc қаққан, әккі болған, шы- ныққан мағынасында: сары майдан қылшық суырғандай, сары тоқым ұры (ұрлық істеуге кәніккен ұры), сары табан (еңбекке әбден шыныққан адам), сары ауыз (көрінген әйелге көз сүзіп, сөз айтатын еркек), сары тіс, сақа айғыр (әккі, кексе жылқы). Сары – көп сақталып сарғайған, сүрленген, сірі болған не әбден қалыптасқан затты білдіреді. Мысалы: cары майдай сақтау (ұзақ уақыт сақтау), сары сабан (әбден сақталып, сүрленген сабан), сары табан қар (із түсіп тапталған, ысқаяқ жылтыр тартқан қар). Сары – табиғат құбылыстарының ұзаққа созылған кейбір қалпын білдіреді. Мысалы: сары күз (ұзаққа созылған күз), сары аяз (ұзаққа созылған қатты суық), қызыл шұнақ сары аяз, саңқылдаған сары аяз, сары шұнақ аяз. Сары – белгілі бір уақыт, мезгілді білдіреді. Мысалы: ұзын сары, сары өзек шақ, сары атан зауза, таң сарғайғанда, құлқын сары де (таң бозартып атқаннан бастаған сәт). Сары – мейрімсіздік, қатыгездікті білді- реді. Мысалы: итаяқтан сары су ішкізу, сары ізіне шөп салды (жамандық істеді). Бұдан басқа сары жұрт, сары жұрт болды (жер суды тоздырды, шаңын шығарды), сары сүргін, қу қырғын (аласапыран кез, елдің бере- кесі кеткен кез) деген тіркестерде сары сөзінің тілдік бейнесін көрсетеді. Түр-түстердің сим- волдық мәні туралы акад. Ә.Марғұлан сары түсіне қатысты «сары – ақыл-ойдың символы» деп жазады. Яғни, жоғарғылардан басқа, сары түс – ақыл-парасаттың да белгісі. Бұған біз “са- быр түбі сары алтын”, “сарғайған жетер мұратқа” тіркесін көрсетеміз. Бұл мақаламызда, сары түстің қазақ дүние- танымындағы символдық мәніне тіл және мәде- ниет тұрғысынан талдау жасалды. Сондай-ақ, “сары” түстің қазақ тіліндегі ұлттық-мәдени табиғаты айқындалып, символдық қолданыста- рының семантикалық өрісі айқындалды.

Читайте также:  Таңба, таңбаланушы, таңбалаушы

Оставить комментарий