Загрузка…

САУАТТЫЛЫҚА ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Сауаттылыққа үйрету – бастауыш білім беру үдерісінде оқушыларға ана тілінің байлығын меңгертудің алғашқы сатысы. Сауат ашу, қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі. Сауаттылыққа үйретудің басты мақсаты – оқу және жазу дағдылары қалыптасқан, алғашқы тілдік мағлұматтарды, сөйлеу әрекетінің түрлерін меңгерген, байланыстырып сөйлей алатын; ана тілін сүйетін, адамгершілік, Отансүйгішік сезімдері қалыптасқан, шығармашылыққа бейім жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау. 33 Баланың «мектеп есігін ашқан кезеңінде» оның қолына қалам ұстатып, сауатын ашудың ең күрделі әрі жауапты жұмыс екені белгілі. Ал осы жастағы оқушылардың тілін дамыту мәселесінің одан да маңызды жұмыс екендігі талас туғызбаса керек. Сауат ашу мектептерде белгілі бір жүйемен жүргізу қажеттілігіне, балалардың ойын ауызша, жазбаша білдіруге үйретудің маңыздылығына ағарту ісінің көптеген қайраткерлері аса мән берген.Сауат ашу жұмысының теориялық және практикалық мәселелерін атақты әдіскерлер өз зерттеу еңбектерінің арқауы етті. Қазақ бастауыш мектептерінде оқыту ісінің негізін қалаған ағартушы ғалымдар (Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынұлы және т.б.) әдістемелік еңбектерінде оқушылардың сауат ашу кезеңінде сөздік қоры мен сөйлеу дағдысын қалыптастыруға баса назар аударды. Сауат ашу кезеңіндегі оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мәселелері Т. Шонанұлының, Ж. Аймауытовтың, М. Жұмабаевтың еңбектерінде қозғалды. Мектепке дейінгі жастағы балалар мен бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту мәселелері М Жұбанова, С Рахметова, К. Бозжанова, Б. Баймұратова, Р. Әміров, Т. Әбдікәрімова, Г. Уәйісова т.б. ғылыми — әдістемелік еңбектерде арнайы зерттелінді. Әдіскер ғалым М. Жұбанованың «Мектепте сауат ашудың методикасы» тақырыбындағы зерттеу жұмысының жүргізілгеніне отыз жылдан аса уақыт өтті. Сондықтан бүгінгі таңда бастауыш мектеп оқыту жүйесінде мынадай қайшылықтар бар екені анық байқалады: — Қазақстан Республикасының жаңадан қабылдаған «Бастауыш білім беру тұжырымдамасына» сәйкес бастауыш сыныпта меңгерілген білім, білік, дағдылардың деңгейіне қойылатын мемлекеттік стандарт талабы мен бұрынғы оқу бағдарламаның арасында; — Сауат ашу кезеңінде оқушының тілін дамыту жұмыстарын тиімді әдістемемен қамтамасыз ету қажеттілігі мен оның іс жүзілік тұрғыда жасалмауы арасында; Бұл қайшылықтардың шешімін іздестіріп табу біздің зерттеу тақырыбымызды айқындап берсе, жоғарыда айтылған мәселелер жұмыс тақырыбы «Сауаттылыққа үйретудің ғылыми-теориялық негіздері» деп таңдауымызға негіз болды. Мақсат – сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмысының әдістемесін ғылыми тұрғыдан негіздеп жасау және оның тиімділігін анықтау. Сауат ашу барысындағы тіл дамыту әдістемесі оңтайлы жасалса, онда оқушының дүниетанымын кеңейтумен бірге оз ойларын жүйелі түрде баяндауға, байланыстырып сөйлеу дағдыларын берік қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сауат ашудың әрбір кезеңінің өзіндік ерекшелігіне байланысты міндеттері белгіленген. Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттері: оқушыларды оқуға және жазуға даярлау; сөздік қорын молайту; байланыстырып сөйлеуге үйрету. Әліппе кезеңінің міңдеттері: оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру; байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеттері: оқушылардың оқу және жазу дағдыларын жетілдіру; байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту. Бірінші сыныптағы сауат ашуды оқытудың өзіндік әдістемелік ерекшеліктері бар. Мұғалімге пәнді оқытудағы өзіндік әдістемелік ерекшеліктерді білудің маңызы зор. Өйткені бұл сыныпта сауат ашу жұмыстарымен қоса тілдік грамматикалық ұғымдар да қоса меңгертіледі. 6 жасар баланың сауатын ашу, тілін дамыту – олардың физиологиялық- психологиялық ерекшеліктеріне негізделе отырып жүзеге асырылатын, баланың ойын әрекетінен оқу әрекетіне өтуін қамтамасыз ететін үдеріс. Осыған орай балалардың алты жастан бастап сауатын ашу жүйесі: — 1-сыныптың тұтасымен сауат ашуға берілуімен; — оқу мен жазу жұмыстарының кіріктірілуімен; — сабақ уақытының кезеңдерге бөлінуімен т.б. ерекшеленеді. — Алты жасарлар балалардың: — біріншіден, зейіні тұрақсыз болғанымен, қабылдауы қарқынды келеді; — екіншіден, танымдық қабілеті жоғары; — үшіншіден, ұйымдастырылған түрлі әрекетке белсенді. 34 Сондықтан оларға арналған оқыту үдерісінің өзіндік ерекшеліктері болуы шарт. Білім мазмұнының көлемі шағын, құрылысы қарапайым болумен қатар, білім беру мен тәрбиелеу баланың жеке тұлға ретінде дамуына бағдарлануы тиіс. Сондай-ақ, оқыту үдерісіндегі түрлі әрекеттер ойынға негізделіп құрылуы қажет. Дамыта оқыту жүйесінде ұйымдастырылатын сабақ құрылымында да өзгешеліктер болады. Оқушының оқу-танымдық әрекетінің психологиялық ерекшеліктеріне байланысты сабақ үш кезеңге сай ұйымдастырылады: — мотивациялық-бағдарлау кезең; — операционалдық — орындаушылық кезең; — рефлексиялық — бағалау кезең. Мотивациялық — бағдарлау кезеңде оқу міндеттері қойылып, оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятатындай тапсырмалар мен жұмыс түрлері ұйымдастырылады. Операционалдық — орындаушылық кезеңде нақты оқу тапсырмаларын орындау арқылы оқушылар жаңа теориялық ұғымды өзара талқылайды, соның негізінде теориялық білімін бекітеді, оны қолдануға үйренеді. Ал рефлексиялық — бағалау кезеңінде оқушының теориялық түсініктерді меңгеруі тексеріледі, түзетулер енгізіліп, қайта қорытындыланады. Бастауыш сыныпта жаттығулардың алатын орны ерекше. Қазіргі талапқа орай тілдік- грамматикалық жаттығулар, ойын жаттығулары, сөйлеу жаттығулары, рефлексиялық жаттығулар орындатылады. Ойын жаттығулары оқушылардың оқу-танымдық қызметін ойын (пәндік, пәнаралық, сюжеттік, рөлдік ойындар) арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Білім алушының өзін көрсетуіне, жолдасының пікірін ескеруіне, қарым-қатынас жасауына, стандартты емес жағдайда өз білімін қолдана білуіне ықпал етеді. Ойын және сөйлеу жаттығулары арқылы қатысымдық және ақпараттық дағдыларды қалыптастыру міндеті шешіледі. Сонымен бірге жоспарлау және мақсат қою, технологияларды қолдану, іс-әрекеттің нәтижесін бағалау аспектілерін сабақта жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тірек сызбалардың проблемаларды шешу дағдыларын қалыптастыруда үлкен рөлі бар. Өйткені мұндай сызбалар арқылы тілдік категориялардың ұқсастығын, айырмашылығын, өзіндік ерекшеліктерін салыстырып көрсетуге болады. Сызбаларда көбінесе дерексіз байланыстар мен қатынастар көрсетіледі. Мәселен, тірек сызба бойынша сөйлем құратуға, сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсетуге болады. Сонымен қатар тірек сызбалар дербестікті дамыту үшін де қолданылады. Ғылыми-әдістемелік еңбектердегі ой-пікірлерді саралай келе, оқушыларды сауаттылыққа үйретудің негізі ретінде мәтін мазмұнының дұрыс сұрыпталуы; жазба жұмыстарының оқушының жас мөлшеріне сәйкес жүргізілуі; жазба жұмыстарының білімдік, тәрбиелік, танымдық міндеттерді шешуге бағытталуы; орфографиялық нормаға сәйкес жазу дағдысының қалыптасуы; сұрыпталған мәтіндер арқылы халқымыздың мәдени-рухани мұрасы мен салт-дәстүрінің озық үлгілерін, ұлтымызға тән әдептілік, сыпайыгершілік қасиеттерін таныту қажеттігі белгіленді. Бастауыш сыныптарда жүргізілетін сауат ашу процесінде жазба жұмыстарының рөліне тоқталсақ. Жазба жұмыстарының кешеніне жаттығулар жүйесі, диктант түрлері, мазмұндама, шығарма жұмыстары енгізіледі. Оқушылардың сауатын ашуда орфографиялық дағды қалыптастырып, өз ойын жазбаша дұрыс бере білуге дағдыландыратын және үйрететін жаттығу жұмысының тәжірибелік әдістерінің бірі — диктант жаздыру жұмысы. Диктант жұмысы мәселелері Х.Қ.Арғынов, Ш.Әуелбаев, Д.Әлімжанов, Ы.Маманов, Р.Мұраталиев, Ә.Марасұлов, К.Қасабекова, И.Ұйықбаев, Е.Көшербаев, К.Жолымбетов, А.Жапбаров, т.б. ғалымдардың әдістемелік еңбектерінде талданып, тұжырымдамалар жасалды. Орфографиялық норма қалыптастыруда бағдарламада үздіксіз орындалатын тәжірибелік жұмыстың негізгі түрі – диктант. Диктант термині кейбір әдістемелік еңбектерде жатжазу түрінде қолданылады. Диктант оқушылардың жазбаша сауаттылығын қалыптастыру үшін қолданылады. Мұнда оқушылардың психологиялық, физиологиялық ерекшеліктері ескеріліп, 35 білімі мен дағдылары есепке алынады. Сондай-ақ, тілдік жаттығулар — өзара қарым- қатынас жасауға жаттықтыратын, тілдік нормаларға сәйкес орфографиялық, орфоэпиялық дағды қалыптастыратын жаттығулар болып саналады. Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда тілдік жаттығулардың төмендегідей түрлері анықталды: орфографиялық жаттығулар, орфоэпиялық жаттығулар, грамматикалық жаттығулар, трансформациялық жаттығулар. Мұнда орфографиялық заңдылықтарды меңгерту, сөздерден сөз тіркестерін жасауға үйрету, орфографиялық нормаға сәйкес дұрыс жаза білуге дағдыландыру мәселелері қарастырылады. Оқушылар мәтіндегі сөздердің орфографиялық норма бойынша жазылуын меңгеруіне септігін тигізеді. Орфографиялық қысқаша сөздікпен жұмыс жүргізіп, сауатты, қатесіз жазуға бағыттайды. Оқушыларды көптік жалғауларды, болымсыз етістіктің жұрнақтарын дыбыс үндестігі заңдылығы бойынша жалғай білуге дағдыландырады. Оқушыларда орфографиялық дағды қалыптасып, тілдік нормаға сәйкес сөйлесім әрекетінің дұрыс болуын қалыптастырады. Сауат ашу процесінде жаттықтыру әдісі ерекше орын алады. Тілдік материалдардың теориялық негіздері мен заңдарын, ережелері мен анықтамаларын игертіп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға жаттығады. Мәтінді қатесіз көшіріп жазу, мәтінді толықтыру, көрнекіліктерге негізделген тапсырмаларды орындау сияқты жұмыс түрлері жүргізіледі. Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылардың ауызша және жазбаша тілі дамытылады. Жазба жұмыстарының ішінде мазмұндама, шығарма жұмыстарын орындауда мәтін сұрақ- жауап әдісі арқылы талданады. Бұл әдіс арқылы алғашында оқушылардың ауызша сөйлеу тілі дамытылады. Сауат ашу процесінде қатысым әдісінің маңыздылығы ерекше. Әдістің бұл түрі оқушы сөйлесім әрекетінің барлық түрлеріне жаттықтырылады. Қатысым әдісі ауызша тіл дамыту жұмысында, содан соң жазбаша сөйлеу тілін дамытуда атқарылатын жазба жұмыстарында кеңінен қолданылады. Қатысымдық әдіс жазбаша сөйлеу тілін дамыту әдістерін бірлікте іске асырып, жазбаша тіл дамытудың сапасын жақсартады. Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын көрнекілік әдісі оқушылардың қызығушылығы мен ынтасын арттырады. Оқушылардың жазбаша тілін дамытуда графикалық көрнекілік түрлеріне қарағанда иллюстрациялық көрнекіліктер (фотосуреттер, открыткалар, сюжетті суреттер) пайдаланылады. Қазіргі кезде білім беру жүйесі мазмұнын ұйымдастыруды, қарым-қатынасын және құрылымын түбегейлі өзгертуді, жаңартуды талап етуде. Қалыптасқан дәстүрлі оқыту әдістері компьютерлік оқыту құралдарымен алмасуда. Осыған орай, бүгіндеа сауат ашудың ғылыми-әдістемелік негіздерін тұтас, жүйелі құбылыс ретінде қарастыра отырып, төмендегідей қорытындылар жасауға болады: 1. Қазіргі кезеңде жалпы білім беретін мектептің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Оқушылар тілдік минимумдарды меңгере отырып, әдеби тілдің ауызша және жазбаша нормаларына сәйкес тілдік қатысым жасауға дағдылануы қажет. 2. Оқушылардың сөздік қорын молайтып, сөйлеу мәдениетінің жоғары деңгейін қалыптастыруға көңіл бөлі керек. 3. Қазақ тілі сабақтарында жазба жұмыстарын кешенді жүргізу оқушылардың сөйлеу тілін дамытып, тілдік қатысым жасауға белсенді қатысуға бағыттайды. 4. Тілдік тұлға қалыптастыруда қазақ тілі сабақтарында жүргізілетін жазба жұмыстарының (жаттығу жұмысы, диктант, мазмұндама, шығарма) маңызы зор. Әдебиеттер 1. Құрманова Н.Ж. Сөз тіркесін оқыту барысында оқушылардың логикалық ойлау мәдениетін қалыптастыру әдістері мен тәсілдері. — Алматы: Абай атындағы АлМУ, 1998. 2. Мұқанов М.М. Ақыл-ой өрісі- Алматы. 3. Дәулетбекова Ж. Оқушылардың қазақ тілін меңгеру мотивациясы. – Алматы, 2000 4. Ахметов Г. Бастауыш кл-да білім берудің тиімділігін арттыру жолдары Алматы: Рауан,

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar