Загрузка…

Саудадағы электрондық төлемді жетілдірудің экономикалық маңыздылығы

Қазақстан əлемдік қаржы дағдарысының ел экономикасына жəне қаржы жүйесіне теріс əсер етуіне қарамастан қазіргі уақытта өзінің дамуының жаңа, дағдарыстан кейінгі сатысына кіруде. Дамудың дағдарыстан кейінгі кезеңіне кіру елге əлеуметтік-экономикалық дамудың барлық көрсеткіші бойынша, оның ішінде қаржы жүйесінің даму деңгейі жəне оған қызмет көрсету түрлері мен сапасы бойынша пайдалану мүмкіндігін арттырды. Халыққа қызмет көрсету, əлеуметтік жағдайын арттыру мақсатында орындалған жұмыстар заман талабына сай іске алуда. Яғни сауда түрін жетілдіру жəне жаңа технологияларын пайдалану бойынша халыққа тұтыну сұранысын қанағаттандыру басты мақсат екені белгілі. Осы мақсатта электронды ақпарат алмасаушы ұйымдар коммуникациялық құрылымға қомақты салымдар жасай отырып, тек ірі компаниялар арқылы жүзеге асыра алатын, ал қазіргі кезде Internet-ті пайдалану арқылы «электронды сатушы» қатарларына кішігірім фирмаларға да ене алатын мүмкіншілікке ие болды. Мысалы, World Wide Web жүйесінің электронды көрме-сөресі бүкіл əлемнен тұтынушылар тартуға мүмкіндік береді. Ешқандайматериалдысалымдардықажет етпейтін оn-line бизнес, «виртуалды» өткізудің жаңа арнасын қалыптастырады. Егер ақпарат, қызмет жəне тауар (мысалы, бағдарламалық қамсыздандыру) Web арқылы сатылса, онда сату үдерісі (төлемдерді қосқанда) on-line түрде жүргізіле алады. Электрондысаудаға тек қана Internet ғаламдық желісі ғана емес, сонымен қатар BBS, VAN басқа коммуникациялық орталарды пайдаланатын «электронды дүкендер» жатады. Сонымен қатар WWW-дан алынған ақпарат арқылыжүргізілетін, бірақ мəліметтермен факс, телефон жəне т.б. арқылы алмасуды жүзеге асыратын сату үрдерісі тек жартылай ғана электронды саудаға кіреді. WWW электронды сауданың технологиялық базасы болуына қарамастан, жүйеде басқа да коммуникациялық мүмкіндіктер қолданылады. Тауар параметрлері мен тапсырысты рəсімдеу жайлы нақты мəлімет алу үшін электронды пошта арқылы сұрау салуға болады. Қазіргі таңда on-line сатып алу кезінде көбіне төлем құралы ретінде кредиттік карточкалар қолданылады. Дегенмен төлем құралдарының жаңа түрлері де пайда бола бастады: смарт-карта, сандық ақша (digital cash), микротөлемдер жəне электронды чектер. Электрондысауда тек қана on-line транзакцияларын ғана қамтып қоймайды. Бұл ұғым аясында қызметтің мынадай түрлерін қамтуы тиіс, маркетингтік зерттеулерді жүргізу, əріптестерінің мүмкіндіктерін анықтау, жабдықтаушылар мен тұтынушылар, құжатайналым ұйымдарымен жəне т.б. байланыста болу. Осылайша, электронды сауда кешенді ұғым жəне мəліметпен электронды алмасу оның құрамдас бөлігі болып табылады. Электронды сауда түрі заманауи жаңа тауар қатынасы, яғни сатып алушының ақшасына сатқан сатушының тауар айырбасының жаңа түрі болып табылады. Сондықтан да электронды саудаға дəстүрлі сауда белгілері тəн. Электронды жəне дəстүрлі сауданың ортақ сипаттамаларын қарастырсақ: сатып алушының тауар сапасымен танысуы; ISSN 1563-0358 KazNU Bulletin. Economics series. №5 (93). 2012 А.К. Бейсенбаева 15 тауардың сыртқы көрінісі; негізгі ерекшеліктерінің сипаттамасы; тауарды қолдану немесе пайдалану туралы кеңес; сатып алушының шешім қабылдауы; таңдалған тауар үшін есеп айырысу; сатушының тауарды орау, дайындау жəне тауарды сатып алушыға жіберу; тауарды үйге жеткізу; тауарды ары қарай дайындау (құрастыру, жинау жəне т.б.); тауарды сатып алғаннан кейін сервистік қызмет көрсету (егер шартта қаралса). Енді электрондық сауданың дəстүрлі түрінен айырмашылығын он сатылы ерекшелігі бойынша анықтайды, яғни: сатып алушыларды өзіне бейімдеу əдісі. Тұтынушыларды дүкенге бейімдеу тəсілі үлкен мəнге ие. Ол сауданың дəстүрлі түрінде 4 кезеңмен сипатталады: тұтынушыны жарнама арқылы еліктіру, мұнда дүкен орналасқан орын аса маңызды болып табылады; тұтынушыға дүкен сөрелерінің ерекше əрі ұйымдастыру жолдарымен əсер ету; дүкенге кірген тұтынушыны сауда алаңындағы тауардың орналасуы жəне оның ыңғайлы, тартымдылығы; тұтынушының қажетті тауарды таңдауы кезінде сауда алаңындағы кеңесшілер көмегі арқылы тауарды таңдау. Ал электронды саудада жоғарыда аталған сатылар басқаша ұйымдастырылады: Біріншіден, электронды сөрелер. Тауар туралы жарнамалық ақпарат электронды дүкендер сөрелерінде орналасады. Бұл қай жерден қай тауарды алу керектігін қамтамасыз ететін қысқа жəне түсінікті түрі болып табылады. Екіншіден, тұтынушыға психологиялық əсер етуі. Электронды саудада сатушылар сатып алушыларға психологиялық əсер ете алмайды. Мысалы, электронды саудада сатушы сатып алушымен бетпе-бет жүздеспегендіктен өз келбетімен, сауаттылығымен, көркемділігімен жəне жағымды дауысымен əсер ете алмайды. Үшіншіден – тауар туралы ақпарат беру. Қарапайым сауда үдерісінде тауармен жеке танысу қалыптасады. Ал электронды саудада тұтынушы тауар туралы сипаттамасы мен ақпараттық анықтамасын оқып танысу арқылы жүзеге асырады. Төртіншіден, сауда жасау. Қарапайым сауда жасау кезінде тұтынушы тауарды жеке сатып алады. Ал электронды саудада сатып алушы тіркеуден өтіп, Интернет арқылы тапсырысты рəсімдейді. Бесіншіден, сауда ұйымдастырылуында шығын мөлшері. Электронды дүкенде сауданы ұйымдастыру жəне қызмет көрсету кеңселері, офистер, қойма жəне басқа да құралдардың болуын қажет етпейді. Бұл жарнама, бөлшек сауда мазмұнына шығынды азайтады жəне тауар арзанырақ болады. Алтыншыдан, дүкенді аралау қарапайымдылығы. Қажет тауарды іздеу мақсатында дəстүрлі сауда орнын аралағаннан, электронды дүкенді аралау оңай. Жетіншіден – тиімділік деңгейі. Кез келген электронды дүкен əлемнің кез келген жерінде, іссапар немесе демалыс кезінде қажетті тауар немесе қызмет көрсету таңдауы шектелмеген. Мұнда дүкендер дəстүрлі сауда орнындай сатып алушыларға толы емес, яғни кезекте тұрмайсың жəне тəулік бойы жұмыс істейді. Сатып алушы кез келген уақытта өзіне қажетті тауарды сатып ала алады. Сегізіншіден, қызмет көрсету сапасы.Қарапайым дүкенде тауарды сатып алу не тауар туралы кеңес алу үшін кеңесшілер көмегіне жүгінуге тура келеді. Мұндай жағдайда таңдалатын тауар сатушының сатып алушыға неғұрлым сапалы кеңесіне жəне бөлген уақытына байланысты. Электронды дүкен сатып алушыны тауар туралы толық ақпараттық көмекпен қамтамасыз ете алады. Алайда дұрыс ұйымдастырылмаған электронды дүкен қызметі тиімді нəтиже бермейді. Тоғызыншы, нарыққа шығу мерзімі. Электрондыдүкенұйымдастырылуынадəстүрлідүкен ұйымдастырылуына қарағанда аз мерзім кетеді. Өндіруші фирма тауар бағасын өзі анықтап өзі қадағалай алады. Оныншы, тауар түрлері. Дəстүрлі дүкенде тауар түрі аз болғандықтан сатып алушы қажетті тауарын бірнеше дүкендерден іздеуге мəжбүр болады. Егер тұтынушыға қажетті тауар бір электронды дүкенде болмаса, онда оны басқа дүкеннен не тікелей өндірушіден табуға мүмкіншілігі бар. Жоғарыда атап өткен 10 негізгі айырмашылықтан басқа, электрондысауданың сапалықжəне сандық өзгерістері бойынша: 16 Саудадағы электрондық төлемді жетілдірудің экономикалық маңыздылығы ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №5 (93). 2012 сатушы мен сатып алушы арасында тікелей келісім жүргізілмейді. Пошталық жəне телефон тапсырыстары арқылы-ақ саудада сапалық өзгерістер көрініс табады. Электронды сауда Интернет арқылы жылжуы бойынша сатушы мен сатып алушының қатысуынсыз-ақ келісімшарттар көлемін ұлғайта береді. Ол ары қарай үлкен бір кəсіпкерлік істің бір бөлігіне айналады; аутентификация – бір тараптың екінші тарап қатысуынсыз-ақ сұхбаттасу терезелері арқылы келісім жүргізе алуы. Сауда келісімі кезеңінде сатып алушы сатушы ұсынған несиелік – дебеттік операциялар жүргізуі үшін сатушы экранда бірнеше қаржылық төлем түрлерін ұсынады. Ал сатып алушы өз кезегінде оның төлемқабілеттілігіне кепілдік беретін қаржылық жəне басқарма мекемелерінде идентификациядан өтеді. төлем жүйелері өзінің көптеген банктік кредиттік қолданатын қаржылық төлем жүйелеріне қарамастан көбіне ақша айналымын жəне тауар айырбасы бойынша да қолданады. Енді бір маңызды тұсы, қазіргі уақытта интернетті пайдалану жəне мобильдік сауда негізінде цифрлық тауарлар нарығының кəсіпкерлік қызметінің саласын біртіндеп ендіру мен дамыту орын алуда. Күнделікті бөлшек төлем операцияларын жүргізетін пайдаланушылардың, сол сияқты өз қызметін тек қана цифрлық тауарлар нарығында көрсететін сауда қызметі субъектілерінің саны біртіндеп ұлғаюда. Осы тұста, жалпыалғанда, Қазақстанныңэлектрондық саудасын дамытуға байланысты жаңа дамып келе жатқан сегментке қызмет көрсету үшін электрондық ақшаны пайдалануға қажеттілік туындайды. Жалпы алғанда, Қазақстандағы электрондық сауданың қалыптасуы мен дамуы электрондық ақша жүйесін де дамытады. Мəселен, Қазақстанда бүгінде электрондық сауданы ұйымдастыру мен жүргізу бойынша инфрақұрылымды дамыту мəселелері бар, оның ішінде оларға көптеген өзара байланысты факторлар кедергі болып табы лады, олардың бірі халықтың арасында интернетті қолдану деңгейінің қарқынсыздығы. Дегенмен бүгінгі күні отандық банктер, сол сияқты шетелдік электрондық ақша жүйелері нарықтық ахуалға талдау жүргізіп, нарыққа шығудың мүмкіндіктерін зерделеуде. Яғни электрондық ақша нарығын одан əрі дамытудың ықтимал бағыттары анықталып нарықтың осы бөлігін дамытудың ең сұранысы мол əрі əлеуеті бар жолы ретінде еліміз үшін Ұлттық электрондық ақша жүйесін құрудың ықтимал үлгілері мен артықшылықтарын реттеу жөнінде іс-шаралар жасалып жатыр. Банктердің нарықтағы жұмыстарының электрондық ақша эмитенттері ретіндегі түрлі бизнес-үлгілері бар жəне əрбір банк өзі таңдаған бизнес саясатының мақсаттары мен міндеттеріне қарай дербес шешім қабылдауға құқылы. Соған қарамастан қазіргі кезеңде нарыққа жылдам шығу жəне əрбір банктің жаңа қызметті іске асыруының мəселелері емес, электрондық ақша нарығының барлық қатысушылары мен мемлекеттің ұзақ мерзімді мүдделеріне жауап беретін электрондық ақша нарығының тиімді жұмыс істейтін жəне əлеуетті үлгісін құру мəселелері қаралуда. Демек, нарықты одан əрі дамытудың мынадай ықтимал нұсқаларын немесе бағыттарын бөліп көрсетуге болады: 1. Банктердің өз электрондық ақша жүйелерін іске қосу арқылы жүзеге асыру; 2. Банктердің электрондық ақша жүйелерін құруды инвестициялау, олардың операторлық функцияларды орындайтын мамандандырылған банктік емес ұйымдармен əріптес бола отырып, бірлескен жобаларды іске асыруы; 3. Жекелеген банктердің шетелдік (халықаралық) электрондық ақша жүйелерінің бірімен ынтымақтаса отырып жобаларды іске қосуы; 4. Барлық банктермен қауымдасып, бір оператор негізінде Ұлттық электрондық ақша жүйесін құру. Соған байланысты қазіргі кезеңде орын алып отырған жəне болашақта нарықтың ретсіз дамуы кезінде туындайтын кедергілерге қарсы тұра алатын жəне Қазақстан халқының электрондық ақша жөніндегі жаңа қызметтерге сұранысын толық қанағаттандыра алатын Ұлттық электронды ақша жүйесін құруды біз нарықты дамытудың ең оңтайлы əрі тиімді жолы деп қараймыз. Қазіргі сəтте əлемде мұндай жүйелерге ұқсас жүйелер əзірге жоқ, əлемнің жекелеген елдерінде электрондық ақша бойынша ұлттық көлемдегі сəтті жүзеге асырылған жобалар болғанымен, олар карточкалық негізде құрылған электрондық ақша жүйелеріне (мысалы, Оңтүстік Корея – «К – cash» жүйесі, Германия – «Geldkartе» жүйесі, Бельгия – «Proton» жүйесі жəне т.б.) қатысты боISSN 1563-0358 KazNU Bulletin. Economics series. №5 (93). 2012 А.К. Бейсенбаева 17 луы мүмкін. Бұл мəселеге қатысты жүргізілген алдын ала зерттеулер электрондық ақшаның бірыңғай мультиэмитенттік жүйесін құруға жəне қолдануға негізделген мұндай үлгінің əлемнің бірде-бір елінде іске асырылмағанын көрсетті. ҰЭАЖ құру жөнінде белгіленген бағыттарды ұйымдастыру жəне іске асыру жөніндегі тиісті шаралардың маңыздылығын түсіну жəне оларды қолдану қажеттігі қазіргі кезде алдымызда көптеген мəселелерді көтеріп отыр. 2011 жылғы 21 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мəселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Көрсетілген Заңның негізгі ережелерін орындау жəне іске асыру үшін ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 102 қаулысымен Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақшаны шығару, пайдалану жəне өтеу ережесі, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне жəне электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптар бекітілді. Электрондық сауданың даму динамикасынан нарықтың қатысушылары тарапынан электрондық ақшаны пайдалануға сұраныс артады. Демек, Қазақстандағыэлектрондық сауданың дамуына электрондық ақшаның болашақтағы дамуымен тұтастай алғанда тікелей байланысты екендігіне көз жеткіземіз.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar