Саясат мемлекет қайраткерлерін тәрбиелеуі керек

Егер саясаттың ұлы өнері мемлекеттің мұқтаждарын қанағаттандыру ісін жүзеге асыру десек, онда саясат көргісі келетін азаматтарды қалыптастыруға қабілетті мектеп тек тәрбие ғана бола алады. Қоғам өмірінің жағдайына қарап, тәрбие жас азаматтардың назарын біресе ауыл шаруашылығына, біресе саудаға, біресе әскери өнерге аудара алады. Үкіметтердің көпшілігінің ең үлкен реніш тудыратын дерттерінің бірі – оларға ел басқаруда көмек көрсетуге қабілетті адамдарды тәрбиелеуге немқұрайды қарайтындығы. Дарынсыз монархтың өз таңдауымен ең қиын міндеттердің атқарылуын талап ететін мемлекеттік қызметке тағайындаса болды, сол бодандар соншалық жоғары қызметте жұмыс істеу үшін қажет талант пен білімге не бола кететіндей эсер туындайды. Сондықтан, халықтарға басшылықтың долбармен, жағдайға қарай жүзеге асырылатыны мүлдем таң қаларлық емес. Көптеген мемлекеттерде ең жоғары қызметтерде отырған адамдардың асығын алшысынан түсірген тек қана олардың шыққан тегі, өздері лайық емес даңқты есім, ештеңе туралы дұрыстап ойлануға қабілетсіз қайсыбір тақсырдың мейірімі, шын еңбегі бар азаматтардан сескеніп, жек көретін сарайдың айла­шарғысы мен өсек­аяңы.

Министр немесе мемлекеттік қайраткер болу үшін ақылды адам болу жеткілікті деп ойлау қате болар еді. Естілік, тәжірибе және адалдық жоқ жерде ақыл көбіне қауіпті қаруға айналып жүре береді. Қиял ақылдан үстем болғанда, сұмдық ағаттықтар жасау оңай. Таза адамның ақылы ­ қиратушы ақыл. Мемлекеттік қайраткерде өзінің кәсібіне сай келетін ­дәйекті, кемеңгер әділетті ақыл болуға тиіс.

Амал нешік! Билеп­төстеушілер ие болатын қызметіне қажет қасиеттерден мүлдем мақұрым азаматтарды […] тым жиі таңдайды. Халықтар тағдырдың құрбандарынан гөрі, монархтар мемлекет істерін жүргізуді тапсырғандардың құрбандарына анағүрлым жиі айналады. Мектептер барлық жерде әрі кеткенде жауынгер тәрбиелеу немесе юриспруденция деген атаумен әшекейленген түсініксіз ғылым саласынан үстірт білімдер беруге арналған; келіссөз жүргізіп, шарт жасасу өнерін, сауда істерін жүргізу, қаржы­ қаражатты басқару, халықтардың шынайы қажеттерін анықтау ғылымын – қысқасы, саясатты үйренгісі келетін азаматтар үшін бірде бір мектеп жоқ. Әдетте соқыр кертартпалық пен күнделікті күйбеңді басшылыққа алатын дарынсыз министрлер билікті бір­біріне беріп жатады, ол билікті олардың бірде­біреуі ешқашан парасатты пайдалана алған емес; олар өз қарекеттерінде ежелгі, өздері үшін қасиетті соқыр сенімдерге сүйенеді, сөйте тұра олардың әрқайсысы өздерінің ізашарлары жүрген жолдан бас ауған жағына бұрылып кете береді. Оларда басқару мен жоспарлау ісінде ешқандай дәйектілік, ойда жоқ оқиғалардың алдын алатын құралдарды қамтамасыз етуге ешқандай талпыныс жоқ. […]

Читайте также:  Сақтар туралы слайд

Оставить комментарий