Саяси үкімет туралы түсінік

Саяси үкімет демократияның тағдыры, көріп отырғанымыздай, жұмысшы қозғалысының тағдырына байланысты. Бірақ демократияның дамуы, тіпті ең жақсы жағдайда дамуы, мемлекеттік өкіметті тартып алу, саяси өкіметті жеңіп алу мағынасында пролетарлық революцияны басы артық немесе мүмкін емес нәрсе етеді ме? Бернштейн бұл мәселені заң шығарушылық реформалар мен революцияның жақсы және жаман жақтарын мұқият салмақтау арқылы шешеді; ол бүл операцияны корица мен бұрышты тұтыну дүкенінде таразыға тартқандай жіптіктей етіп жүргізеді. Дамудың заңды барысынан ол парасат қарекетін, революциядан ­ сезім қарекетін көреді; реформаторлық жұмысқа ол тарихи прогрестің баяу, ал революцияға шапшаң әдісі ретінде қарайды; заңдар шығарудан ол жоспарлы жұмысты, ал төңкерістен дөрекі күшті көреді. Таптаурын тарих! Ұсақ буржуазиялық реформатор барлық нәрсенің үнемі «жақсы» және «жаман» жақтарын көреді, барлығын аз­аздан алады. Бірақ мына нәрсе де таптаурын тарих, өмірдің шын ағысы осынау ұсақ буржуазиялық қисындармен санаспайды, дүниеде бардың бәрінен үзіп­жұлқып мұқият жинаған «жақсы жақтардың» бәрі бір шерткеннен быт­шыт болады. Нақты болмыста біз тарихта заң шығарушылық реформа мен революция қайсыбір әдістің жақсы жақтарынан немесе кемістіктерінен гөрі, неғұрлым терең себептерден туындайтынын көреміз. Буржуазиялық қоғам тарихында заң шығарушылық реформалар дамып келе жатқан тапты бірте­бірте күшейте беруге қызмет еті, бүл қызмет ол саяси өкіметті тартып алу және орын алып отырған бүкіл құқықтық жүйені жойып, жаңасын құру үшін өзінің жеткілікті дәрежеде пісіп­жетілгенін сезінгенше жалғаса береді. Саяси өкіметті тартып алу теориясын зорлықтың бланкистік теориясы ретінде тас­талқан етпек Бернштейн ыңғайсыз жағдайға тап болады: жүздеген жылдар бойы адамзат тарихының өзегі және қозғаушы күші болып келе жатқан нәрсені ол қарапайым бланкистік қателік деп қабылдайды. Таптық қоғам өмір сүріп келе жатқаннан және таптық күрес осы тарихтың басты мазмұнын құрайтыннан бері, саяси өкіметті жеңіп алу әрқашан барлық көтеріліп келе жатқан таптардың мақсаты және әрбір тарихи кезеңнің бастапқы әрі түпкі нүктесі болып келеді.

Мұны біз ежелгі Римдегі шаруалардың ақша капиталымен және патрицилармен ұзақ күресінен де, патрицийлардың епископтармен күресінен де, орта ғасырлар қалаларындағы қолөнершілердің патрицийлармен күресінен де, жаңа заманда буржуазияның феодализммен күресінен де байқаймыз. Сонымен, заң шығарушылық реформа мен революция тарихи прогресі тарих буфетінен ыстық немесе салқын шұжық сияқты қалауынша таңдап алуға болатын әртүрлі әдістер емес; бұл ­ таптық қоғамның дамуындағы әртүрлі сәттер, олар мысалы, Оңтүстік және Солтүстік полюс сияқты немесе буржуазия мен пролетариат сияқты бірін­бірі туындатып, толықтырады немесе бір­бірімен сыйыспайды. Заңмен орнатылған қандай да бір мемлекеттік құрылыс бар болғаны революцияның жемісі ғана. Революция таптық тарихтың саяси жасампаздық актысы болса, заңдар қоғамның саяси тіршілігін қолдап отыру. Заң шығарушылық реформаторлық қызметте революциядан тәуелсіз қозғаушы күш жоқ; және әрбір тарихи дәуірде ол өзінің қозғалысын соңғы төңкерістен, немесе, нақтырақ айтсақ, төңкеріс жасаған қоғамдық пошым шеңберінде жалғастырады. Мәселенің мәнісі де тап осында. Заң шығарушылық реформаны ұзақ революция деп, ал революцияны ­ тазаланған реформа деп түсіну мүлдем қате және тарихқа жат. Әлеуметтік төңкеріс және заң шығарушылық реформа ұзақтығы жағынан емес, мәнісі жағынан әртүрлі сәттер. Саяси өкімет жасайтын тарихи төңкерістердің бүкіл құпиясы нақ қарапайым сандық өзгерістерді жаңа сапаға айналдыруда, яғни бір қоғамдық тәртіпті, басқа қоғамдық тәртіпке айналдыру. Сонымен, кімде­кім саяси билікті жеңіп алудың және қоғамдық төңкеріс жасаудың орнына және оған қарама­қарсы заңды реформалар жолын жақтаса, ол іс жүзінде сол мақсатқа жетудің неғұрлым сабырлы, неғұрлым сенімді және неғұрлым баяу жолын емес, мүлдем басқа мақсатты, атап айтқанда ­ жаңа қоғамдық тәртіпті жүзеге асырудың орнына, ескі тәртіпте тек мардымсыз өзгерістер жасауды таңдайды.

Читайте также:  Тарих жүйе ретінде

Осылайша, ревизионизмнің саяси көзқарастары оның экономикалық теориялары секілді тұжырымға жетелейді: шынына келгенде, ол социалистік құрылысты жүзеге асыруды емес, капитализмді қайта құруды ғана көздейді, ол жалдау жүйесін жоюға емес, тек көбірек немесе азырақ қанауға күш салады, ол капитализмнің өзін емес, тек оның сүйелдерін жоюға ұмтылады. Бірақ, бәлкім, заң шығарушылық реформа мен революцияның қызметтеріне қатысты жоғарыда айтылған қағидалар осы уақытқа дейін жүргізіліп келген таптық күрес жөнінде ғана әділ болар? Бәлкім, осы сәттен бастап, буржуазиялық құқықтык жүйені жетілдірудің арқасында, заң шығарушылық реформа сондай­ақ қоғамды бір тарихи фазадан екіншісіне көшіруге бағышталып, пролетариаттың саяси өкіметті тартып алу теориясы, Бернштейн өз кітабының 183­бетінде айтқандай, «мазмұнсыз тіркеске» айналған шығар? Бірақ біз мүлдем басқа құбылысты байқап отырмыз. Осы заманғы буржуазиялық қоғамның ерте дүниедегі және орта ғасырлардағы таптық қоғамдардан айырмашылығы неде? Нақ мынасында: таптық үстемдік қазіргі кезде «берік қол жеткізілген құқыққа» емес, жалпы экономикалық қатынасқа сүйенеді, жалдау жүйесі құқықтық емес, таза экономикалық қатынас. Біздің бүкіл құқықтық жүйемізде қазіргі таптық үстемдіктің заңда білдірілген бірде­ бір формуласын таба алмайсыз. Және егер оның ізі, мысалы қызметші туралы жарғыда байқалса, ол феодалдық қатынастың сарқыншағынан басқа ештеңе емес. Бірақ жалдамалы құлдықты, егер заңдарда мүлдем білдірілмесе, «заңды жолмен» қалай біртіндеп жоюға болады? Капитализмді осындай жолмен құртпаққа үміттеніп, заң шығарушылық реформаторлық жұмысқа кіріспек Бернштейн Успенскийдегі орыс городовойы жағдайына тап болады, ол өз басынан өткен оқиғаны: «Мен оны жағасынан ала түстім.

Не болды дейсіз ғой? Оңбағанда жаға да жоқ екен!» деп баяндайды. Міне гәп қайда. «Бүгінге дейін болған барлық қоғамдар, өзіміз көргеніміздей, қанаушы және қаналушы таптар арасындағы антогонизмге негізделген болатын» («Коммунистік Манифест»). Бірақ осы заманғы қоғамның алдыңғы фазистерінде бұл қарама­қайшылық белгілі бір құқықтық қатынастардан көрінетін де, осының пәрменімен ол бұрынғы шекарасында жаңадан дамып келе жатқан қатынастарға белгілі бір дәрежеге дейін орын бере алатын еді. «Басыбайлы басыбайлылық ахуалында коммуна мүшелігі жағдайына көтерілді…» («Коммунистік Манифест»). Қалайша? Қала шегінде барщина, басыбайлының мұрагерлері оның қожайынына төлейтін әртүрлі алымдар түріндегі ұсақ құқықтарды, жан басына салықты, мәжбүрлі некені, мұрагерлікке қатысу құқығын және т.б. бірте­бірте жою арқылы. Осылардың жиынтығы басыбайлылық құқығын құрайтын. Дәл солай «ұсақ буржуа да феодалдық абсолютизм қамытынан буржуа жағдайына дейін көтерілді». Қалайша? Цехтық бұғауларды ішінара формалдық жою немесе іс жүзінде жеңілдету жолымен және әкімшілікті, қаржы мен әскери істі ең шетін қажеттілікке сай келетін мөлшерде біртіндеп қайта құру жолымен. Сонымен егер, мәселені тарихи тұрғыдан емес, абстрактылы қарастырсақ, бұрынғы таптық қатынастар жағдайында, бері салғанда, феодалдық қоғамнан буржуазиялық қоғамға көшу таза заң шығарушылық реформа көмегімен жасалды деп топшылауға болады. Бірақ іс жүзінде біз, онда да заң шығарушы реформалар буржуазияның саяси билікті тартып алуын қажетсіз ету үшін жасалмағанын, керісінше, оны дайындап, жүзеге асыру үшін жасалғанын байқаймыз. Нағыз саяси­әлеуметтік төңкеріс басыбайлылықты жою үшін де, феодализмді жою үшін де қажет болды. Қазіргі жағдай басқаша.

Читайте также:  Құбылыстар деңгейлерінің дербес әдістемесі

Капиталдың қанауына пролетариаттың бағынуын заң емес, мұқтаждық және өндіріс құралдарының жоқтығы мәжбүр етеді. Бірақ әлемдегі ешбір заң оған сол құралды буржуазиялық қоғам шеңберінде бере алмайды, өйткені ол құралдан заң пәрменімен емес, экономикалық даму пәрменімен айрылған. Әрі кетсек, жол қатынастарындағы қанау да заңға негізделмеген, өйткені жалақы деңгейі заң шығарушылық жолмен емес, экономикалық факторлармен белгіленеді. Қанау фактысының өзі де заң шығарушылық қаулылардан емес, жұмыс күші тауар ретінде ұсынылғанда, таза экономикалық фактыдан туындайды. Қысқасы, капиталистік таптық үстемдіктің барлық негізгі қатынастары буржуазиялық құрылыстың топырағында заң шығарушылық реформа жолымен өзгертіле алмайды, өйткені олар буржуазиялық заңдармен жасалған емес, және пошымын олардан алған емес. Социалистік «реформадан» үміттенуіне қарағанда, Бернштейнге, тегінде, осының бәрі беймәлім секілді; алайда өзі де байқамастан, өз кітапшасының 10­бетінде бұл туралы ол былай дейді: «бұрын үстемдік қатынастарымен және әрқилы идеологиялармен бүркемеленіп келген жерде экономикалық сарын қазір еркін тыныстайды». Және бір жәйт. Капиталистік құрылыстың басқа бір ерекшелігі мынадай: онда болашақтың барлық элементтері дами отырып, бастапқыда оларды социализмге жақындатпайтын, қайта қашықтата түсетін пошымға ие болады. Өндірісте қоғамдық сипат барған сайын көріне түседі. Бірақ бұл қандай пошымда білдіріледі? Капиталистік қайшылық, жұмыс күшін қанау мен езіп­ жаншу ең жоғары дәрежесіне жететін ірі кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, картельдер пошымында. Әскери салада бұл даму жалпыға бірдей міндеттіліктің таратылуына және қызмет мерзімінің қысқартылуына жетелейді, яғни материалдық жағынан халықтық армияға жақындатады.

Бірақ осының бәрі осы заманғы милитаризм пошымында болып, онда әскери мемлекеттің халықтан үстемдігі және мемлекеттің таптық сипаты айқын аңғарылады. Саяси қатынастар саласында демократияның дамуы, ол қолайлы жағдайда жүретіндіктен, халықтың барлық жіктерінің саяси өмірге қатысуына, демек, белгілі бір дәрежеге дейін «халықтық мемлекеттің» құрылуына жетелейді. Бірақ бұл буржуазиялық парламентаризм пошымында көрінеді, онда таптық қайшылық және таптық үстемдік жойылмақ түгілі, қайта дами түсіп, айқынырақ көріне бастайды. Бүкіл капиталистік даму, осылайша кереғарлықта ілгерілейтіндіктен, социалистік қоғамның дәнін қабықтан аршып алу үшін пролетариаттың саяси билікті тартып алуға жүгінуіне және капиталистік жүйені толық жоюына тура келеді. Бірақ, Бернштейн, әрине бұл арада да басқа тұжырымдар жасайды. Егер демократияның дамуы капиталистік қайшылықтарды әлсіретуге емес, шиеленістіруге жетелейтін болса, дейді ол, «социал­демократия, егер өзінің жұмысын қиындатқысы келмесе, онда әлеуметтік реформалар мен демократиялық мекемелердің кеңеюіне мүмкіндігінше кедергі жасауға ұмтылуы керек болар еді». Егер социал­демократия ұсақ буржуа секілді тарихтың жақсы жақтарын іріктеп алып, жаман жақтарын лақтырып тастау тәрізді өнімсіз іспен шұғылданудан қанағат табатын болса, бұл сөзсіз солай болар еді. Бірақ дәйекті болу үшін, оның капитализмнің өзін жоюға «ұмтылуына тура келер еді, өйткені ол оның социализмге барар жолына қилы кедергілер қойып отырған ең басты жамандық болып табылатыны даусыз». Ал іс жүзінде капитализм ұдайы және бір мезгілдік кедергілермен бірге социалистік бағдарламаның жүзеге асырылуына бірден­бір мүмкіндік те береді. Осының бәрі толық көлемде демократияға да қатысты. Егер демократия буржуазия үшін ішінара артық, ішінара қыспақтаушы нәрсеге айналса, есесіне жүмысшы табына ол қажет және міндетті. Оның қажет болатыны, ол, біріншіден, буржуазиялық қоғамды қайта құрған кезде пролетариаттың бастапқы және арқа сүйер тірек қызметін атқаратын саяси пошымда (өзін­өзі басқару, сайлау құқығы және тағы с.с.) құрады.

Читайте также:  Хандық биліктің жағдайы және Тәуке ханның «Жеті Жарғысы»

Оның міндетті болатыны, тек сонда, демократия үшін күресте, соның құқықтарын пайдалануда пролетариат өзінің таптық мүдделері мен тарихи міндеттерін түсінуге жете алады. Қысқасы, демократияның қажет болатыны, ол пролетариаттың саяси өкіметті тартып алуын артық ететіндіктен емес, қайта, керісінше, ол тартып алуды қажетті де, бірден ­ бір мүмкін де етеді. «Франциядағы таптық күрес» еңбегіне алғысөзінде Ф. Энгельс осы заманғы жұмысшы қозғалысының тактикасына тағы бір шолу жасай келіп, баррикадаларға заңдылық базасындағы күресті қарсы қоятынын аңғарсақ, алғысөздің әрбір жолынан байқалатынындай, ол саяси өкімет міндетті түрде тартып алу мәселесін емес, осы сәттің күнделікті күрес мәселесін қарастырады; оны пролетариаттық саяси өкіметті тартып алу сәтіндегі капиталистік мемлекет жөніндегі қарекеті емес, оның капиталистік мемлекет шеңберіндегі қарекетті қызықтырады. Қысқасы, Энгельс жеңімпаз пролетариатқа емес, құлдықтағы пролетариатқа нұсқау береді. Керісінше, Аглиядағы жер мәселесіне байланысты, Бернштейн де сілтеме жасайтын, Маркстың «барлық жағынан ықтималы, лендлордтардан сатып алу бәрінен де арзан болар» дейтін әйгілі сөзі, пролетариаттың жеңіске дейінгі емес, одан кейінгі қарекетіне қатысты. Өйткені үстем таптарда жер сатып алу туралы әңгіме жұмысшы табы басқару тұтқасын қолына алғаннан кейін ғана болады ғой. Мұнымен Маркс тек пролетариат диктатурасын капиталистік әлеуметтік реформалармен алмастыру туралы емес, диктатураны бейбіт жолмен жүргізу мүмкіндігі туралы топшылауын ғана білдірген.

Оставить комментарий