САЯСИ ЛИБЕРАЛИЗМ

Абсолютизм дейтіннің кесесін түбіне дейін тауысып ішкеннен кейін, он сегізінші ғасырда ол кеседегі сусынның адами дәмі жоқ екендігі тым айқын болды да, басқа бір сусынды татып көру ниеті пайда болды. «Адамдар» ­ қалай десеңіз де біздің бабаларымыз адамдар болған ғой ­ сайып келгенде өздерін солай деп санауды талап етті. Кімде­кім бізді адамнан басқа бірдеңе деп білсе, біз де соны адам емес, құбыжық деп білеміз және оған құбыжық ретінде қараймыз, кімде­кім керісінше, біздің әрқайсымызды адам деп біліп, бізге адам ретінде қарамау қатерінен қорғайтын болса, соны біздің нағыз қорғаушымыз және сақтаушымыз ретінде қастерлейміз. Бір­бірімізге сеніп, бір­бірімізді адам ретіне қорғайық; сонда қажетті қорғанышты біз өзіміздің бірге болуымыздан табамыз, ал бірге болатын біздің бәріміз, өзінің адамдық абыройын білетін және бір­біріне «адамша» қатынас жасайтын адамдар қоғамын құрады. Біздің бірге болуымыз ­ мемлекет, біз бірге болатындар ­ ұлтпыз.

Ұлт немесе мемлекет ретінде біздің бірігуімізде біз тек адамдармыз. Біздің әрқайсымыз жеке­жеке қалай қимылдаймыз және қандай пайдакүнемдік мақсатты көздейміз, бұл біздің тек қана жеке өмірімізге қатысты; біздің жұртшылық арасындағы яки мемлекеттік өміріміз ­ таза адами өмір. Біздің бойымызда бар адами емес немесе эгоистік нәрсе «жеке шаруаға» дейін төмендетіледі де, біз мемлекетті «эгоизм» де үстемдік құратын «буржуазиялық қоғамнан» дәл ажыратып аламыз. Нағыз адам ­ ұлт, ал жеке­дара ­ қашанда эгоист. Сондықтан өздеріңізден эгоистік теңсіздік пен бұлғақтың көзі жататын өз жеке­даралығыңызды немесе оқшаулығыңызды лақтырып тастаңыз да, өзіңізді әбден нағыз адамға, ұлтқа немесе мемлекетке арнаңыз. Сонда сіздерді адамдар деп санауға болады және сіздер адамға тиесілі нәрсенің бәріне ие боласыздар; мемлекет, нағыз адам, сіздерді өзіміздікі деп санайды да, сіздерге «адам құқықтарын» береді: адам өзінің құқықтарын сіздерге береді.

Азаматтық осылай дейді. Азаматтық дегеніміз тұтас алғанда мемлекет ­ нағыз адам, және жеке кісінің адами құндылығы мемлекеттің азаматы бола білуден тұрады деген ойдан басқа ештеңе де емес. Жақсы азамат болу ­ абырой үшін ең биік нәрсе: «жақсы христиан» болу деген ескірген принциптен басқа, будан жоғары тұрған ештеңе жоқ. Азаматтық пен буржуазия артықшылықты сословиелерге қарсы күресте дамыды, олар буржуазияға, «үшінші сословие ретінде, жоғарыдан қарайтын да, оны қара тобырмен, «сап­ паіе’мен» бір қатарға қоятын. Мемлекетте, «кісінің теңсіздігі патшалық құрды». Дворянның баласы орташа сословиенің ең үздік адамдарының қолы жетпейтін атақтарға ие болатын, және т.б. азаматтық сезімі нақ осыған қарсы көтерілді. Атақтар атаулы жойылсын, кісіден кісіні артық көру жойылсын, сословиелерді айыру жойылсын! Барлығы да тең болсын! Бұдан былай ешқандай ерекше мүдде емес, тек баршаның ортақ, мүддесі көзделсін. Мемлекет еркін де тең адамдардың қоғамы болуға тиіс, әркім өзін «ортақтың игілігіне арнауға, мемлекетке сіңіп кетуге, мемлекетті өзінің мақсаты мен мұратына айналдыруға тиіс. Мемлекет! Мемлекет ­ баршаға ортақ уран осындай; сөйтті де «нағыз мемлекеттік конституцияны», ең жақсы конституцияны, яғни мемлекетті сол сөздің ең жақсы мағынасында жүзеге асыру жолын іздестіре бастады. Мемлекет идеясы барлық жүректерге жол тауып, күш­жігерді қоздырды; соған, осынау дүниауи Құдайға қызмет ету ­ жаңа құдайға табынуға және культке айналды. Белгілі бір саяси дәуір таңы атты. Мемлекетке яки ұлтқа қызмет ету ең жоғары мұратқа айналды, мемлекеттік мүдделер ең жоғары мүдделерге айналды, мемлекетке қызмет ету (бұл үшін сөзсіз шенеунік болудың қажеті жоқ) ­ ең жоғары абыройға айналды.

Осылайша, оқшауланған мүдделер аласталды, мемлекет үшін жан пида ортақ ұранға айналды. Өзіңнен бас тартып, тек мемлекет үшін өмір сүру керек. «Риясыз» өмір сүріп, өзіңе емес, мемлекетке пайда келтіру керек. Ол, мемлекет, сондықтан нағыз тұлғаға айналады, оның алдында оқшау кісі атаулы құйрығын қысып кетеді: өмір сүретін мен емес, ­ менде өмір сүретін сол. Сондықтан, бұрынғы пайдакүнемдік пен өзін сүю орнына, адамдар барынша риясыз және даралықтан айрылған жандарға айналды. Осынау Құдай ­мемлекет ­ алдында эгоизм атаулы құйрығын қысып кетті, және оның алдында бәрі тең болды; олардың барлығы, ешқандай атақсыз, «адамдар», тек «адамдар» болды.

Читайте также:  ШИИЗМДЕГІ САЯСИ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Меншіктің тұтанғыш материясы революцияны маздатты. Үкімет ақшаға мұқтаж болды. Ол сонда өзінің абсолютна екендігін, сондықтан тек жалғыз өзіне тиесілі меншік атаулыны билеп­төстей алатынын дәлелдеуге тиіс болды; ол өзінің бодандарында бар, бірақ олардың меншігі емес өз ақшасын өзіне қайтарып алуға тиіс болды. Бірақ мұның орнына, оған сол ақшаны қайтарып алуға руқсат беретін «бас штаттарды» жинады. Дәйектіліктің соңғы қадамынан қорқыныш абсолютна үкімет елесін тас­талқан етті: кімде­кім «рұқсат сұрауға» тиісті болса, сол абсолютті деп таныла алмайды. Бодандар өздерінің нағыз меншік иесі екенін, бүл, қазір талап етіліп отырған өздерінің ақшасы екенін түсінді. Сол сәтке дейін бодан болып келген олар, өздерінің меншік иесі екенін анық ұғынды.

Бай мұны бірнеше сөзбен айтып бере алды: «Егер сіз менің келісімімсіз менің дүние­ мүлкімді билеп­төстей алмайтын болсаңыздар, менің жеке басымды да, менің рухани және қоғамдық жағдайыма қатысты нәрсенің бәрін билеп ­ төстей алмайсыздар. Соның бәрі ­ менің меншігім, мен өңдейтін бір тұтам жер секілді меншігім. Мен заңды өзім жасауға хақылымын, мүдделімін». Байидің сөздері, әрине, қазір әркім­ақ меншік иесі секілді естіледі. Алайда, үкіметтің орнына, князьдің орнына қазір ұлт қожайынға және меншік иесіне айналды. Сол кезден бері мұрат «халық бостандығы», «бостан халық» деп және т.б. аталады.

1789 жылғы 8­шілдеде­ақ Отэн және Баррер епископының мәлімдемесі жеке­дара атаулының заң шығаруда маңызы бар деген елесті сейілтті; ол ұсыныс жасаушылардың ешқашан билігі жоқ екенін көрсетті: көпшілік қожайын болып алды. 9­шілдеде конституция жасау жөніндегі жұмыс жоспары бөлінгенде, Мирабо: «Үкіметте тек күш бар, бірақ құқық жоқ; құқықтың бастауы тек халықта» деді. Он алтыншы шілдеде сол Мирабо айқай салды: «Күш атаулының бастауы ­ халық емес пе? Ол, демек, ­ құқық атаулының бастауы және күш­қуаттың бастауы!» бұл арада «құқықтың» мазмұны да анықталады: бұл ­ өкімет». «Күш кімде болса, құқық та сонда».

Буржуазия ­ артықшылықты сословиелердің мұрагері. Іс жүзінде, барондардың олардан «узурпация» ретінде тартып алынған құқықтары буржуазияға өтті, ­ өйткені буржуазия «ұлт» деп атала бастады. Барлық артықшылықтар «ұлттың қолына берілді». Бірақ сол арқылы олар «артықшылық» болудан қалды. Олар «құқықтарға» айналды. Сол кезден бері ұлт барщинаны талап ете бастады, ол мырзалар құқығын, еркін саятшылық ­ басыбайлылар құқығын мұраға алды. 4­ тамызға қараған түн барлық жеңілдіктер немесе «артықшылықтар» (сондай қалалар, қауымдар, магистратурлар да бұрын жеңілдіктерге ие болатын, мырзалардың артықшылықтарын және құқықтарын пайдаланатын) үшін тажалды болды да, ол «құқық» «мемлекеттік құқық», «ұлттық құқық» шапағымен аяқталды.

Король­әмірші түріндегі монарх осынау жаңа монархпен «егемен ұлтпен» салыстырғанда бейшара монарх болатын. Бұл монархия мың есе қатаңырақ, кесімдірек және дәйектірек еді. Жаңа монархияға ешқандай жүген болған жоқ, онымен салыстырғанда ескі режимнің «абсолют королі» қандай шектеулі болды десеңізші! Революция шектеулі монархияның абсолютті монархияға айналуына жәрдемдесті. Сол кезден осы монарх тарту етпейтін құқық атаулы ­ «дәме», алайда, ол тарту ететін әрбір артықшылық ­ «құқық». Уақыт абсолютті корольдікті, абсолютті монархияны талап етті; сондықтан да абсолютті корольдік дегеніңіз құлап тынды, оның абсолютті бола білмегендігі соншалық, мыңдаған ұсақ мырзалармен шектелді. Мыңдаған жылдар бойы жұрт ұмтылып келген, асық болған нәрсе, атап айтқанда ­ абсолютті әміршіні, өзімен қатар ешқандай басқа тақсырлар мен өкімет тұра алмайтын әміршіні табу талабына буржуазия қол жеткізді. Ол «құқық негіздерін» жалғыз өзі ғана тарту ететін және оның жол беруінсіз ештеңе де заңды бола алмайтын қожайынды тапты. Енді біз пұттың түк емес екенін, бір Құдайдан басқа құдай жоқ екенін білеміз.

Читайте также:  Ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету

Кунға қарсы енді, әлдене құқық жөнінде ол «әділетсіз» деп, үн көтеруге болмайды. Енді тек ол ­ мағынасыз нәрсе, иллюзия деуге ғана болады. Егер оны «жөнсіз» деп атасаңыз, оған басқа бір құқықты қарсы қойып, сонымен салыстыру керек. Оған қарама­ қарсы жалпы құқық ретінде, өз бойыңыздағы және өзің үшін құқық ретінде оны жоққа шығаратын болсаңыз, сондай­ақ жөнсіздік ұғымын да жоққа шығарып, құқықтың барлық ұғымын (оған жөнсіздік ұғымы да жатады) жойып жібереді.

Біздің бәріміз «саяси құқықтар теңдігін» пайдаланамыз деген нені білдіреді? Тек мемлекет менің кісі екендігіммен санаспайтын, мен ол үшін, кез­келген басқа біреу секілді адам екенімді, оның көз алдында менің басқа ешқандай маңызым жоқ екенін білдіреді. Мен дворян, дворянның баласы, немесе шенеуніктің мансабы маған мұраға тиген оның мұрагері (орта ғасырлардағы графтықтар және кейінірек, абсолюттік корольдікте мұраға берілетін мансаптар) секілді оған сыйлы емеспін. Бірақ мемлекеттің қолында ол бөліп бере алатын, мысалы, батальонды, ротаны және т.б. басқару құқығы, университетте және т.б. лекция оқу құқығы секілді толып жатқан қисапсыз құқықтар бар; ол соларды бөліп бере алады, өйткені бұл соның, яғни мемлекеттік немесе «саяси» құқықтары. Бұл орайда кімге беріп жатқаны оған бәрібір, тек оларды алғандар өзіне берілген құқықтардан туындайтын міндеттерді орындаса болғаны. Біздің бәріміз ол үшін теңбіз және бірдейміз, біреудің құны басқа біреудің құнынан артық емес. Армияны басқару кімге тиеді ­ маған мұның бәрібір, ­ дейді егемен мемлекет, тек басқару құқығын алған адам істі тиісінше түсінеді деп топшылайды. «Саяси құқықтар теңдігі» сондықтан мемлекет тарту ететін құқықты әркім де ала алады, тек соған байланысты шарттарды, кісіні артық көруді (persona granta) емес, әрбір жекелеген құқық табиғатында жататын шарттарды орындайтын болсын: офицер болу құқығы өзінің табиғаты жағынан дене мүшелерінің сау болуын және белгілі бір білім дәрежесін талап етеді, бірақ ол сөзсіз шарт ретінде текті жерден шығуды талап етпейді; егер соған керісінше, еңбегі бәрінен көніп сіңген адам офицерлік атаққа жете алмайтын болса, бұл саяси құқықтардың теңсіздігі де¬ген мағынаны білдірер еді. Осы заманғы мемлекеттердің арасында барлығы ­ біреуі көбірек, біреуі азырақ ­ теңдіктің осы негізгі қағидасын жүргізді.

Сословиелік монархия (мен абсолютті корольдікті ­ революцияға дейінгі корольдар заманын осылай атаймын) жекелеген кісіні толып жатқан титімдей монархияларға тәуелді етіп ұстады. Олар мойынсеріктер (қоғамдар): цехтар, дворяндар, дінбасылар, қалалық сословие, қалалар, қауымдар және т.б. еді.

Барлық жерде жекелеген адам әуелі өзіне сол кішкентай қоғамның мүшесі ретінде қарауға және сол қоғамның, сол es­prit de согрэ’тың рухына, өзінің монархы ретінде, сөзсіз мойындайтынын көрсетуге тиіс болды. Дворян үшін оның отбасының, оның әулетінің абыройы оның өзінен маңыздырақ болуға тиіс болатын жекелеген адам үлкен корпорацияларға, мемлекетке тек оз корпорациясы, оз сословиесі арқылы ғана жататын ­ бүл дәл катоицизмдегідей болатын, онда жекелеген кісі Құдаймен тек священник арқылы ғана тілдесе алады. Бұның түбіне жеткен үшінші сословие, ол өзін барынша өжеттікпен сословие ретінде теріске шығара бастады. Ол басқа сословиелермен қатар енді сословие болмауға, қайта өзін көтеріп, жинақтап ­ «ұлт» болуға бел байлады. Осынысымен ол әлдеқайда неғұрлым мінсіз және абсолютті монархияны жасады да, соған дейін үстемдік еткен сословиелер принципі, бір үлкен монархия ішіндегі ұсақ монархиялар принципі біржолата құлады. Сондықтан, революция бірінші екі артықшылықты сословиелерге қарсы бағытталған еді деуге болмайды. Ол жалпы барлық ұсақ сословиелік монархияларға қатысты болатын. Бірақ сословиелер мен олардың деспоттық басқару салты (король да ортақ азаматтық король емес, тек сословиелік король болды той) күйретілгенімен, сословиелік теңсіздіктен босатылған жекелеген кісілер қалды. Неліктен олар сословиелерден тыс және ешқандай нормалар мен ноқтасыз, сословиелікпен (status) байланыспаған, ортақ байланыссыз қалуға тиіс болатын? Жоқ, үшінші сословие өзін ұлт деп жариялағанда сол үшін, басқа сословиелермен катар түру үшін емес, бірден­бір сословиеге айналу үшін жариялады ғой. Осынау бірден­бір сословие дегеніміз ұлт, мемлекет (status). Енді жекелеген адам кім болып шықты? Саяси протестант болып шықты, өйткені ол өз Құдайы ­ мемлекетпен тікелей байланысқа кірісті. Ол енді дворяндық монархиядағы дворян, цехтық монархиядағы қолөнерші емес; ол, барлық басқалар секілді, бір ғана қожайынды ­ мемлекетті мойындап, соған бағынатын болды, және олардың бәрі, соның қызметшісі ретінде, «азамат» деген құрметті атақ алды.

Читайте также:  Інжілдегі тарих және "жұмбақтар"

Буржуазия — сіңірген еңбегі бойынша дворяндар; «еңбегіне қарай ­ тәж» ­ соның ұраны. Ол «жалқау» дворяндарға қарсы күресті, өйткені еңбекқор, еңбегімен, сіңірген еңбегімен дворяндыққа ие болған содан кейін «тумысынан» бостан адам, сондай­ақ Мен бостан емес, «еңбегі сіңген», жақсы малай (өз королінің, мемлекеттің конституциялық мемлекетте халықтың) бостан. Өзіне бостандықты қызмет қылуымен алады, яғни,… Маммонға қызмет қылса да, «еңбек сіңірген» атанады. Мемлекетке, яғни мемлекет принципіне, оның инсанияттық рухына еңбек сіңіру керек. Кім мемлекет рухына қызмет қылса, сол, ие болудың қандай құқықтың саласымен күн көрсе де, жақсы азамат. Олардың пікірі бойынша, «жаңашылдар» «күнкөріс қаражатын бере алмайтын өнермен» айналысады. Тек «саудагер» «өмірдің қыбын біледі», және саудагерлік рухы шенеуніктік орын іздеген адамға да, саудадан пайда іздеген адамға да немесе басқа бір амалмен өзі үшін және басқалар үшін пайда іздеген адамға да билігін жүргізеді. Бірақ егер «еңбек сіңіргендер» ­ бостан болса (өйткені жайбарақат буржуаға, адал шенеунікке олардың жүрегі аңсаған бостандықта не жетпейді), «малайлар» ­ бостан адамдар. Айтқанды екі етпейтін малай ­ бостан адам! Қандай масқара! Әйтсе де буржуазияның мағынасы сондай, және оның ақыны ­ Гете , оның философы Гегель, субъекттің объектіге тәуелділігін, объективті дүниеге мойынсұнуды және т.б. даңққа бөлей алды. Іске қызмет ететін, «оған әбден берілетін адам ғана нағыз бостандыққа ие. Ал ойшылдардың ісі парасат, мемлекет пен шіркеу секілді, ортақ заңдарды беретін және жекелеген адамды адамзат идеясының шынжырымен матайтын парасат болды. Ол ненің «ақиқат» екенін, немен сәйкестендіру керек екенін анықтайды. Жақсы малайлардан өзге «парасатты» адамдар жоқ, олар ең алымен мемлекеттің қызметшісі ретінде жақсы азаматтар деп атала алады. Сен байсың ба, қайыршысың ба ­ мемлекеттің онда шаруасы жоқ: бұл сенің өз шаруаң; тек сенде «жақсы ойлау салты» болсын. Ол сенен міне осыны талап етіп, мұны баршаға сіңіруді өзінің аса маңызды міндеті деп біледі. Сондықтан ол «наразыларды» ауыздықтап ұстап, олардың кісіні қоздыратын сөздерін цензуралық тиымдармен, айыппұлдармен тұншықтыруға тырысып немесе оларды абақты қабырғасымен тұншықтырып, сені «залым арандатушылардан» сақтандырады; ал «жақсы ойлау салты» бар адамдарды ол цензорлар жасайды, «ізгі ниеттілер» саған «моральдық ықпал» жасай алуына барлық амалдармен тырысады. Ал ол сені жаман сыбыр­күбірге саңырау етіп алғаннан кейін, екінші жағынан сенің құлағыңды жақсы сыбыр­күбірге кеңірек аша түсуге тырысып бағады.

Оставить комментарий