iRef.kz

Саяси қоғамдардың пайда болуы туралы

Бұрын да айтылғандай, адамдар жаратылысынан бостан, тең, тәуелсіз болатындықтан, ешкім де жеке өзінің келісімінсіз бұл ахуалдан шығарылып, басқа біреудің саяси билігіне бағындырыла алмайды. Кім­кімнің де өзінің жеке бостандығынан бас тартып, азаматтық қоғамның қамытына мойынсұнатын жалғыз жол – өз меншігін алаңсыз пайдаланып, қоғам мүшесі емес әлдекімге қарағанда неғұрлым қауіпсіздікте тұрып, ыңғайлы, аман­есен және тыныштықта бірлесе өмір сүру үшін қоғамдастыққа бірігу туралы басқа адамдармен жасалған келісім. Мұны қанша адам болса да жасай алады, өйткені бұл жерде бұрынғысынша бостандықтың жаратылыстық ахуалында қала беретін басқа адамдардың бостандығына жасалатын нұқсан жоқ. Адамдардың белгілі бір саны қоғамдастық немесе мемлекет құруға осылайша келіскенде, олар осынысы арқылы бірігіп, біртұтас саяси организмді құрайды, онда көпшілік қалғандары үшін қарекет жасау және мәселе шешу құқығына ие болады. 96. Адамдардың белгілі бір саны жекелеген әрбір адамның келісімімен қоғамдастық құрған кезде, олар осынысы арқылы бұл қоғамдастықты біртүтас организм ретінде бой көрсету құқығы бар біртұтас организм етеді, бұл тек көпшіліктің ықтияры мен шешімі бойынша ғана жасала алады. Қандай да бір қоғамдастықты іске қосатын нәрсе тек оны құрайтын адамдардың келісімі ғой, ал біртүтас бүтін бір бағытта ілгерілеуі керек болатындықтан, бұл бүтін өзін көпшіліктің келісімін құрайтын зорырақ күштің жетектеген жағына қарай ілгерілеуі қажет: өйтпеген күнде ол біртұтас бүтін ретінде бой көрсете алмайды немесе оған біріккен барлық жекелеген адамдар келіскендей біртұтас бүтін, біртұтас қоғамдастық болып қала алмайды; осылайша, осы келісімнің арқасында әркім көпшілікке бағынуға міндетті. Міне сондықтан дұрыс заңдардың пәрменімен билікке ие болған заң шығарушы жиналыстарда, оларға билік берген дұрыс заңда көпшіліктің саны көрсетілмеген болса, олардың қарекеті бүтіннің қарекеті деп саналатынын және, әлбетте, бүтіннің табиғат пен парасаттың заңы бойынша ие болатын күшін айқындайтынын кереміз. 97. Осылайша, басқа біреулермен бірге бір үкіметке бағынатын біртүтас саяси организм құруға келіскен әрбір адам өзіне осы қоғамдастықтың әрбір мүшесінің алдында көпшіліктің шешіміне бағыну және оны түпкілікті шешім деп санау туралы міндеттеме алады; өйтпеген күнде ол басқалармен бірге бір қоғамға кірген бастапқы шарттың ешқандай мәні болмайды және, егер ол адам бостан күйінде, жаратылыстық ахуалдағы кезіндегі дәнекерлерден басқа ешқандай дәнекерсіз қалса, бүл мүлде шарт болмайды.

Онда кез­келген шарт қалай көрінбек? Егер адам қоғамның кез­келген қаулыларымен өзіне қаншалықты ыңғайлы болса, соншалықты ғана байланысты және бұған өзі келісім берген болса, бұл қайдағы жаңа міндеттеме болмақ? Олай болған күнде ол осы шарт жасалғанға дейін немесе өзі ұмтылып, егер өзіне сәйкес келеді деп есептесе, кез­келген қарекетке келісе алатын жаратылыстық ахуалдағы адам қандай бостандықты пайдаланса, сондай бостандықты пайдалана береді ғой. 98. Егер көпшіліктің келісімі бүтіннің қарекеті ретінде парасатты қабылданбаса және әрбір жеке адам үшін міндетті болмаса, онда, әрбір жеке адамның келісімін қоспағанда, ештеңе де әлденені бүтіннің қарекеті ете алмайды, бірақ егер біз адамдардың едәуір санына, бүл сан қоғамның барлық мүшелерінің санынан әлдеқайда аз болса да, науқастану немесе іс жағдайы жалпы жиналысқа қатысуға мүмкіндік бермейтінін ескерсек, мұндай келісімге қол жеткізу мүмкін бола қояр ма екен. Егер бұған адамдар бірге жиналған кезде болмай қоймайтын пікірлердің әр алуандығы мен мүдделер қарама­қайшылығын қосатын болсақ, мұндай жағдайларда коғам құру небәрі бас сұғып кету үшін ғана келген Катонның театрға келуін еске түсіретін болады. Мұндай құрылыс алып Левиафанның ғұмырын ең әлсіз деген тіршілік иелерінен де азайтып, ол тіпті өзінің туған күнінен асып өмір сүре алмайды, ал бұлай деп, біз егер парасатты тіршілік иелері қоғамды ыдырау үшін ғана құруды қалайды деп ойлай алатын болсақ қана, болжай аламыз; егер көпшілік барлығы үшін шеше алмайтын болса, онда мұндай қоғамдар біртүтас бүтін ретінде бой көрсете алмайды, ендеше, олар кешікпей­ақ қайтадан ыдырайды. Бұрын да айтылғандай, адамдар жаратылысынан бостан, тең, тәуелсіз болатындықтан, ешкім де жеке өзінің келісімінсіз бұл ахуалдан шығарылып, басқа біреудің саяси билігіне бағындырыла алмайды. Кім­кімнің де өзінің жеке бостандығынан бас тартып, азаматтық қоғамның қамытына мойынсұнатын жалғыз жол – өз меншігін алаңсыз пайдаланып, қоғам мүшесі емес әлдекімге қарағанда неғұрлым қауіпсіздікте тұрып, ыңғайлы, аман­есен және тыныштықта бірлесе өмір сүру үшін қоғамдастыққа бірігу туралы басқа адамдармен жасалған келісім. Мұны қанша адам болса да жасай алады, өйткені бұл жерде бұрынғысынша бостандықтың жаратылыстық ахуалында қала беретін басқа адамдардың бостандығына жасалатын нұқсан жоқ.

Адамдардың белгілі бір саны қоғамдастық немесе мемлекет құруға осылайша келіскенде, олар осынысы арқылы бірігіп, біртұтас саяси организмді құрайды, онда көпшілік қалғандары үшін қарекет жасау және мәселе шешу құқығына ие болады. 96. Адамдардың белгілі бір саны жекелеген әрбір адамның келісімімен қоғамдастық құрған кезде, олар осынысы арқылы бұл қоғамдастықты біртүтас организм ретінде бой көрсету құқығы бар біртұтас организм етеді, бұл тек көпшіліктің ықтияры мен шешімі бойынша ғана жасала алады. Қандай да бір қоғамдастықты іске қосатын нәрсе тек оны құрайтын адамдардың келісімі ғой, ал біртұтас бүтін бір бағытта ілгерілеуі керек болатындықтан, бұл бүтін өзін көпшіліктің келісімін құрайтын зорырақ күштің жетектеген жағына қарай ілгерілеуі қажет: өйтпеген күнде ол біртұтас бүтін ретінде бой көрсете алмайды немесе оған біріккен барлық жекелеген адамдар келіскендей біртұтас бүтін, біртұтас қоғамдастық болып қала алмайды; осылайша, осы келісімнің арқасында әркім көпшілікке бағынуға міндетті. Міне сондықтан дұрыс заңдардың пәрменімен билікке ие болған заң шығарушы жиналыстарда, оларға билік берген дұрыс заңда көпшіліктің саны көрсетілмеген болса, олардың қарекеті бүтіннің қарекеті деп саналатынын және, әлбетте,бүтіннің табиғат пен парасаттың заңы бойынша ие болатын күшін айқындайтынын көреміз. 97. Осылайша, басқа біреулермен бірге бір үкіметке бағынатын біртұтас саяси организм құруға келіскен әрбір адам өзіне осы қоғамдастықтың әрбір мүшесінің алдында көпшіліктің шешіміне бағыну және оны түпкілікті шешім деп санау туралы міндеттеме алады; өйтпеген күнде ол басқалармен бірге бір қоғамға кірген бастапқы шарттың ешқандай мені болмайды және, егер ол адам бостан күйінде, жаратылыстық ахуалдағы кезіндегі дәнекерлерден басқа ешқандай дәнекерсіз қалса, бұл мүлде шарт болмайды. Онда кез­келген шарт қалай көрінбек? Егер адам қоғамның кез­келген қаулыларымен өзіне қаншалықты ыңғайлы болса, соншалықты ғана байланысты және бұған өзі келісім берген болса, бұл қайдағы жаңа міндеттеме болмақ? Олай болған күнде ол осы шарт жасалғанға дейін немесе өзі ұмтылып, егер өзіне сәйкес келеді деп есептесе, кез­келген қарекетке келісе алатын жаратылыстық ахуалдағы адам қандай бостандықты пайдаланса, сондай бостандықты пайдалана береді ғой. 98.

Егер көпшіліктің келісімі бүтіннің қарекеті ретінде парасатты қабылданбаса және әрбір жеке адам үшін міндетті болмаса, онда, әрбір жеке адамның келісімін қоспағанда, ештеңе де әлденені бүтіннің қарекеті ете алмайды, бірақ, егер біз адамдардың едәуір санына, бүл сан қоғамның барлық мүшелерінің санынан әлдеқайда аз болса да, науқастану немесе іс жағдайы жалпы жиналысқа қатысуға мүмкіндік бермейтінін ескерсек, мұндай келісімге қол жеткізу мүмкін бола қояр ма екен. Егер бұған адамдар бірге жиналған кезде болмай қоймайтын пікірлердің әр алуандығы мен мүдделер қарама­қайшылығын қосатын болсақ, мұндай жағдайларда қоғам құру небәрі бас сұғып кету үшін ғана келген Катонның театрға келуін еске түсіретін болады. Мұндай құрылыс алып Левиафанның ғұмырын ең әлсіз деген тіршілік иелерінен де азайтып, ол тіпті өзінің туған күнінен асып өмір сүре алмайды, ал бұлай деп, біз егер парасатты тіршілік иелері қоғамды ыдырау үшін ғана құруды қалайды деп ойлай алатын болсақ қана, болжай аламыз; егер көпшілік барлығы үшін шеше алмайтын болса, онда мұндай қоғамдар біртұтас бүтін ретінде бой көрсете алмайды, ендеше, олар кешікпей­ақ қайтадан ыдырайды. 99. Демек, егер адамдар жай көпшіліктен асатын қандай да бір сан туралы нақты келісіп алмаған болса, жаратылыстық ахуалдан қоғамдастыққа бірігетін адамдардың барлығы өздері қоғам болып біріккендегі мақсаттарды жүзеге асыру үшін қажетті кез­келген биліктен осы қоғамдастықтың көпшілігінің пайдасына бас тартады. Және мұның барлығы небәрі біртұтас саяси қоғамға бірігуге келісу арқылы ғана жасалады, ал мұның өзі мемлекетке кіретін немесе оны құратын адамдар арасында болатын немесе болуға тиіс шарт дегеніміздің өзі осы. Осылайша, кез­келген саяси қоғамның бастауы болып табылатын және іс жүзінде соны құрайтын нәрсе – небәрі көпшілік құралатын осындай қоғамға бірігуге және енуге қабілетті бостан адамдардың кез­келген санының келісімі ғана. Және тап осы, тек осы ғана әлемдегі кез­келген заңды басқарудың басы болған және басы бола алатын еді. 100. Маған қарсы бұған екі түрлі дау айтылады. Біріншісі, «тәуелсіз және бір­бірімен тең адамдардың қандай да бір тобы бас қосып, осылайша үкімет құрды деген мысал тарихта жоқ». Екіншісі, «құқық тұрғысынан алғанда адамдардың осылайша жасауы мүмкін емес, өйткені қандай да бір үкіметтің қол астында туған адамдардың барлығы оған бағынуға тиіс және олардың жаңасын құру бостандығы жоқ». 101.

Біріншісіне мен жаратылыстық ахуалда бірге тұрған адамдар туралы тарихтың бізге тек там­тұмдап жеткізгеніне қайран қалуға болмайды деп жауап беремін. Мұндай ахуалдың қолайсыздықтары, сондай­ақ қоғамға сүйіспеншілік пен соны қалау адамдардың қандай да бір саны кездесе қалса болғаны, олар бірге боламыз деген шешімге келсе, бірден бірлесіп, келісімге келетін болған. Егер біз адамдардың бір кездері жаратылыстық ахуалда болғанын өзіміздің ол туралы аз естігеніміз негізінде ғана елестете алмайтын болсақ, онда біз Салманасардың немесе Ксеркстің әскерінің жауынгерлері ешқашан бала болмаған, өйткені біз олар ересек еркекке айналып, әскерлерді құрағанға дейін олар туралы мүлде аз естігенбіз дей аламыз. Мемлекеттік құрылыс қай жерде болмасын шежірелердің алдында жүреді, басқа, анағүрлым қажетті өнерлердің көмегінің арқасында азаматтық қоғамның ұзақ сақталуы халық үшін қауіпсіздікті, қолайлылықты және молшылықты қамтамасыз етуден бұрын әдебиет те халыққа танылмайды, адамдар өз мемлекетінің негізін қалаушылардың тарихы туралы естеліктер ұмытылып қалған кезде ғана оған қызығушылық білдіріп, оның шығу көздерін іздей бастайды. Өйткені мемлекеттердің басынан да жекелеген адамдардың басынан өткен жайлар өтеді емес пе: әдетте олар өздерінің туу және сәби кезі туралы ештеңе де білмейді. Ал егер оларға өз мемлекетінің пайда болуы туралы әлдене белгілі болса, бүл үшін олар басқа біреулер жүргізген кездейсоқ жазбаларға қарыздар. Ал біздің қолымыздағы жазбаларға келетін болсақ (және де бұл жазбалар әкелік биліктің пайдасына емес), құдайдың өзі тікелей араласқан жәйттер мемлекетінен басқа әлемдегі қандай да бір мемлекеттің пайда болуы туралы жазбалардың не мен айтқандай бастаудың анық мысалы, не оларда тым құрығанда соның іздері бар. 102. Рим мен Венеция арасында не табиғи артықшылық жоқ, не бағыныштылық жоқ бірнеше бостан және бір­бірінен тәуелсіз адамдардың бірігуі арқылы пайда болды дегенге сенбейтін адамның, ап­айқын фактілер өзінің болжамына сәйкес келмеген кезде, оларды жоққа шығару бейімі болуы керек. Және егер Джозеф Акостаның сөзіне сенер болсақ, ол бізге Американың көптеген бөліктерінде ешқандай мемлекеттік басқару мүлде болған жоқ дейді.

«Бұл адамдардың, ­ дейді ол, ­ атап айтқанда, перуліктердің, ұзақ уақыт бойы не королі, не мемлекеті болмаған, Флоридада черикандар, Бразилияда үндістер және тұрақты корольдері жоқ басқа да көптеген ұлттар күні бүгінге дейін тұратындай,топ­топ болып өмір сүрген, бірақ бейбіт немесе соғыс уақытында, қажет болған жағдайда өз қалаулары бойынша басшыларын сайлап алатын болған деуге салмақты және анық негіздер бар» (I кітап, 25­ тарау). Егер, ол жерде әрбір адам өзінің әкесінің немесе отағасының боданы болып туатын десе, онда баланың әкесіне мойынсұнуы одан оның өзіне лайық деп санаған саяси қоғамға кіру бостандығын тартып алмайтыны дәлелденген болатын. Бірақ қалай болған күнде де, бұл адамдардың шын мәнінде бостан болғаны айдан анық; және қазір кейбір саясаткерлер олардың қайсысына қандай артықшылықты телісе де, олардың өздері мұндайды талап етпеген, бірақ келісу бойынша олар, тап осы келісумен өздеріне билеушілерді белгілегенге дейін, бәрі де тең болған. Осылайша, олардың саяси қоғамдарының барлығы өздерінің билеушілері мен басқару пошымдарын таңдауда еркін қарекет жасайтын адамдардың ерікті одағынан және өзара келісімінен басталған болатын. 103. Және де мен, Юстин айтқандай (III кітап, 4­тарау), Спартаны Фалантпен бірге тастап шыққандардың бір­біріне тәуелсіз, бостан адамдар болуына рұқсат етіліп, өздерінің келісімі бойынша мемлекеттік басқару құруына мүмкіндік берілген деп үміттенемін. Осылайша, мен жаратылыстық ахуалдағы бостан адамдар жиналып алып, бірігіп, мемлекеттің негізін құрағанына тарихта болған бірнеше мысал келтірдім. Ал егер мұндай мысалдардың болмауы мемлекеттік құрылыс бұлай басталмаған және басталуы мүмкін еместігін дәлелдейтін уәж бола алса, онда әкелік империяны қорғаушылардың мұндай дәлелдеуге жүгінбегені және оны жаратылыстық бостандыққа қарсы қоймағаны жөн деген ойдамын. Өйткені, егер олар тарихтан мемлекеттердің әкелік құқық негізінде құрылғандығы туралы сонша коп мысал келтіре алатын болса (бірақ, әрі кеткенде, не болғаны арқылы іс жүзінде не болуы керектігі туралы дәлелденетін уәждің коп күші болмаса да), соншалық қауіптенбей­ақ, бұл мәселеде олардан жеңіле салуға болар еді деп ойлаймын.

Алайда, бүл жағдайда менен кеңес беру сұралса, мен онда олардың мемлекеттің пайда болу көзін өздері іс жүзінде бастап та қойғанындай, тым қатты іздеп, тырыспай­ақ қойғандары дұрыс болар еді, әйтпесе олар бұл мемлекеттердің көпшілігінің негізі қаланған кезде бұлар жүргізетін идеяға және бұлар қорғайтын билікке соншалықты қолайлы емес әлденелерді тауып алады ғой. 104. Қорыта келгенде: парасаттың бүтіндей біздің жақта екендігі айдан анық, және де ол: адамдар табиғаты бойынша бостан, ал тарихи мысалдар жер бетінде бейбіт жолмен пайда болған мемлекеттер осы негізден бастау алған және адамдардың келісімімен құрылған дейді. Шындық кімнің жағында немесе алғашқы мемлекеттер құрылған кездегі адамзаттың пікірі мен практикасы қандай болды деп күмәндануға орын аз қалады. 105. Егер біз мемлекеттің пайда болу бастауларына тарих бізге қаншалықты мүмкіндік бергенінше үңіліп қарайтын болсақ, әдетте біз олардың бір адамның билігі мен басқаруында болғанын байқайтынымызды жоққа шығармаймын. Мен сондай­ақ өздігінен күн көре алуы үшін отбасының құрамы жеткілікті мол болған және әдетте жері көп, адамы аз жерлердегі сияқты, топтасқан бүтін ретінде басқалармен араласпай­ақ тіршілік ете берген жағдайларда, басқару әдетте әкеден басталған деп ойлауға бейіммін. Өйткені әке, табиғат заңы бойынша, кез­келген адам сияқты ­ өзінің ойы бойынша қажетті жағдайларда бүл заңды бұзғаны үшін жазалау билігіне ие бола отырып, ­ соған сәйкес өзінің бағынбайтын балаларын олар ересек және өздігінен өмір сүре алатын кездерде де жазалай алатын болған; және олардың әке берген жазаны ләм­мим демей қабылдауы әрі қылмыскерге қарсы сонымен бірігіп кетуі, сөйтіп өз кезегінде осынысымен әкелеріне қандай да бір шалыс қадам жасағанда әкенің өз үкімін іске асыру билігін беруі әбден мүмкін, мұнысымен олар оның отбасы құрамында қалғандардың барлығының іс жүзінде заң шығарушысы әрі әміршісі ететін. Оған басқалардың бәрінен де көбірек сенуге болатын; әке махаббаты оның қарауындағы олардың меншігі мен мүдделерін қорғайтын; ал бала кезден оған бағыну әдеті басқалардан гөрі, оған бағынуды жеңілдететін.

Демек, оларға өздерін басқаратын біреу керек болса, өйткені бірге тұратын адамдардың ішінде басқару болмай қоймайды, онда немқұрайдылық, қатыгездік немесе қандай да бір басқа рухани немесе тән кемістігінен бұлай етуге жарамсыз болмаса, мұндай басқарушы олардың ортақ әкесі болмағанда, басқа кім болмақ? Бірақ, не әке өліп, мұрагер ретінде жасы толмағандықтан, ақылының, ерік­жігерінің немесе қандай да бір басқа қасиеттерінің кемдігінен басқару үшін жарамсыз болған, пе бірнеше отбасы кездесіп, бірге өмір сүруді жалғастырамыз деп шешім қабылдайтын жағдайларда, олардың өздерін жақсы басқару үшін неғұрлым қабілетті және барынша лайықты деп санаған адамды таңдау үшін өздерінің жаратылыстық бостандығын пайдаланғанына күмәнданбауға болады. Бұл біз Америка халықтарынан көретін нәрсе (жаулап алушылардың семсері және екі ұлы империя – Перу мен Мексиканың кеңейіп келе жатқан үстемдігі жетпейтін жерде тұрып) осыған сәйкес келеді, олар өздерінің табиғи бостандығынан ләззат алатын, дегенмен әдетте олар өздерінің марқұм болған королінің мұрагерін артық көретін; алайда олар егер оны қандай да бір жағынан әлсіз немесе қабілетсіз деп тапса, онда оны айналып өтіп, өздерінің билеушісі етіп ең мықты және ең ержүрек адамды таңдайтын болған

Пікір қалдыру