Саяси және азаматтық қоғам туралы

Құдай адамды өзінің шешімі бойынша жалғыз болуы жарамас деп жаратып, қажеттілікті, қолайлылықты және бейімділіктерді адам бағынатын ұмтылдырушы ұлы күш етіп сіңіріп, ол оны қоғам іздеуге мәжбүр етті, сол сияқты оған өзі пайдаланып, рахаттануы үшін парасат пен тіл берді. Алғашқы қоғам күйеуі мен әйелінен тұрды, бұл ата­аналар мен балалардан құралған қоғамның басы болды; уақыт өте бұған қожайын мен қызметші қоғамы қосылды. Олардың барлығы, әдетте болып жататындай, бір­бірімен қосылып, отағасы немесе отанасы отбасына тән басқару құқығына ие болатын бір ортақ отбасын құрай алатын болғанымен, осы қоғамдардың бірде­бірі және олардың барлығы бірге, біз олардың әрқайсысының әртүрлі мақсаттарын, байланыстары мен шекараларын қарастырсақ көретініміздей, саяси қоғам болған жоқ. 78. Некелік қоғамдастық еркек пен әйелдің арасындағы ерікті келісім арқылы құрылады; бүл қоғамдастық олардың қосылуына және негізгі мақсат – дүниеге ұрпақ әкелу үшін қажет болғандықтан, ерлі­зайыптылардың бір­бірінің тәнін иелену құқығына сайса да, ол сонымен бірге өзара қолдау мен жәрдемді, сондай­ақ мүдделер ортақтығын туындатады, өйткені олардың бір­біріне қамқорлығы мен бауыр басуын ғана біріктіріп қоймай, сондай­ақ өз бетінше өмір сүре алатын жасқа жеткенше бұлардың тарапынан асырау мен қолдау табуға құқығы бар ортақ ұрпақты қамтамасыз етуі қажет. 79. Еркек пен әйелдің одағын құру мақсаты ұрпақ туғызу ғана емес, сол тұқымды жалғастыру да ғой; еркек пен әйелдің арасындағы бұл одақ ұрпақ әкелгеннен кейін де, балалар сырт адамның көмегінсіз күн көріп, өздігінен өмір сүре ала¬тын жасқа дейін оларды асырауға міндетті дүниеге әкелушілер балаларды күтіп­бағып, аяғына тұрғызу үшін қаншалықты керек болса, соншалықты ұзақ уақытқа созылуға тиіс. Біз кемеңгерлігі шексіз жаратушымыз өз жаратқандарына арнап белгілеген осы заңға төменгі тіршілік иелері ұдайы бағынатынын көріп жүрміз. Шөппен қоректенетін, тірі туатын тіршілік нелерінің еркегі мен ұрғашысының арасындағы одақ жыныс қатынасынан әріге бармайды, өйткені хайуанның желініндегі сүт төлін шөппен қорс шаққа дейін асырауға жеткілікті, сондықтан еркек аттандырады, бірақ оларға көмектесу үшін ештеме жасай алмайтындықтан, ұрғашысына да, төліне де қамқорлық жасамайды.

Ал жыртқыш хайуандарда, ұрғашысы ез тамағын тауып, оның үстіне толып жатқан күшіктерін тек өз олжасымен асырауға әлі келмейтіндіктен, олардың одағы ұзағырақ болады; бұл шөппен қоректенуге қарағанда тіршілік етудің анағұрлым ауыр әрі неғұрлым қауіпті тәсілі; еркегінің көмегі өздері қорек табуға әлі шамасы келмейтін мүшелерін олар өскенше асырауға тиіс ортақ үйірді асырау үшін керек, яғни, бұл жерде ұрғашысы мен еркегінің ортақ қамқорлығы керек. Балапандары ұяда отырған кезде тамақ қажет ететіндіктен, еркегі мен ұрғашысы балапандар ұшуға, өздерінің қорегін табуға шамалары келгенге дейін одақта болатын барлық құстарда да (жемнің көптігі қораздың ұрпағын асырамауға және оларға қарамауға мүмкіндік беретін кейбір үй құстарын қоспағанда) осы жай байқалады. 80.. Адамдарда еркек пен ұрғашының басқа тіршілік иелеріне қарағанда неғұрлым ұзақ мерзімді одақпен байланысты болатынының, бірден­бір демегеннің өзінде, негізгі себебі, менің ойымша осында, атап айтқанда ұрғашы бала көтеруге қабілетті, және іс жүзінде ол алдыңғы туған бала өз аталасының қолдауы мен көмегін қажет етпейтін уақытқа жетпей жатып, тағы да бала туатындығында; ол өзінің ата­анасы көрсетуге міндетті көмекке әлі де мұқтаж болады. Осының салдарынан әйелдің бойына өзі бітірген балаларға қамқорлық жасауға міндетті әке, ұрпақтары бала туу кезеңі айналып келгенге дейін өздігінен күн көре алатын және некелік байланыстары өздігінен үзіліп, Гименей өзінің жыл сайынғы уақытында оларды жаңа жұбайлар мен зайыптар табуға шақыратын уақытқа дейін еркіндікте болатын басқа тіршілік иелеріне қарағанда, ол әйелмен некелік одақта ұзағырақ болуға тиісті. Бұл ретте ұлы жаратушының кемеңгерлігіне қайран қалмай тұра алмайсың, ол адамға қазіргі мұқтаждықты қамтамасыз ету қабілетін де, алдын болжап, болашағына қор жимау қабілетін де сыйлаған, және басқа тіршілік иелерінің еркегі мен ұрғашысына қарағанда еркек пен әйелдің қоғамы неғұрлым ұзағырақ болуын қажетті еткен; мұны олардың еңбекқорлығы ынталандырылып, олардың ортақ ұрпағын барлық қажет нәрсемен қамтамасыз ету, қор жасау ісінде мүдделері жақсырақ бірігетіндей етіп жасаған, ал оңды­солды байланыс немесе неке одағын оңай да жиі бұзу ортақ ұрпаққа қатты зиян тигізер еді.

Бірақ адамзат жан­жануарлардың басқа түрлеріне қарағанда неке дәнекерін неғұрлым берік ететін осындай міндеттемелермен маталса да, дегенмен мынадай сұрақ қоюға ілік бар: ұрпақ әкелу, тәрбиелеу және мұрагер болу қамтамасыз етілген осынау келісімді не келісілуіне қарай, не белгілі бір уақытқа, не кез­келген басқа ерікті келісімдер сияқты белгілі бір жағдайларда шектеулі етуге неге болмайды? Заттың табиғатының өзінде де, оның мақсаты үшін де мұның ғұмырлық болуының қажеттігі жоқ қой. Мен осындай шарттардың барлығы мәңгілік болсын дейтін қандай да бір позитивтік заңның шектеулеріне жатпайтындар туралы айтып отырмын. 82. Бірақ күйеуі мен әйелінің қамы ортақ болса да, әртүрлі ойлайтындықтан, олар кей­ кейде әртүрлі еріктерін де көрсететін болады; дегенмен, түпкілікті шешім, яғни, басшылық біреуіне жүктелуі қажет болатындықтан, ол, әрине, неғұрлым қабілетті және неғұрлым күшті жан ретінде еркектің үлесіне тиеді. Бірақ бүл олардың ортақ мүдделері мен меншігіне ғана таралады да, шарт бойынша әйелдің ерекше құқығына жататындардың барлығы соның толық та еркін иелігіне қалдырылады, және күйеуіне әйелдің өміріне, оның күйеуінің өміріне деген билігінен артық билік бермейді. Күйеудің билігі абсолютті монархтың билігімен үш қайнаса сорпасы қосылмайтындығы соншалық, әйел көптеген жағдайда, жаратылыстық құқық немесе өздерінің шарты жол берген жағдайда күйеуімен ажырасуға ерікті, бұл шартты олардың өздері жаратылыстық ахуалда жасасты ма немесе олар тұратын елдің салттары мен заңдары бойынша жасалды ма, мұның бәрі бір; мұндай бөлек тұратын жағдайда балалар шартта не жазылғанына сәйкес әкесіне немесе шешесіне тиесілі болады. Некенің барлық мақсаты саяси басқару кезінде де, жаратылыстық ахуалда да жүзеге асырыла алатындықтан, азаматтық басқарушы осы мақсат үшін, яғни ұрпақ келтіру және өзара қолдап, көмектесіп отыру үшін қажет екеудің, олар бірге болған кезде, ешқайсысының құқығын да, билігін де кеміте алмайды, тек осы мәселе бойынша күйеуі мен әйелінің арасында туындауы мүмкін кез­келген дауды шеше алады.

Егер гәп басқаша болып, абсолютті басшылық және соған орай, өмір мен өлім билігі күйеуіне тиесілі, бұл күйеуі мен әйелінің қоғамы үшін қажетті болса, онда күйеуіне осындай абсолютті билік берілмеген елдердің бірде­бірінде некенің болуы мүмкін емес. Бірақ некенің мақсаты күйеудің мұндай билікке не болуын талап етпейді және некелік қоғамдастық шарттары оған мұны бермейді, өйткені мұндай жағдайда оның ешқандай қажетті жоқ. Некелік қоғамдастық онсыз да күн көріп, өзінің мақсаттарына жете алады; өйткені мүліктің және оған билік ету құқығының ортақтығы, өзара көмек пен қолдау, некелік қоғамдастыққа жататын басқа да жайттар бүл дүниеге ұрпақ әкелуге және балаларды олар өз бетінше күн кере алатын жасқа дейін тәрбиелеуге байланысты шамада еркек пен әйелді осы қоғамдастыққа қосатын шартпен өзгертіле және реттеле алады; егер осы қоғамның құрылуының мақсаты үшін қажет болмаса, ешқандай қоғам үшін ештеңе қажет болып табылмайды. 84. Ата­аналар мен балалар арасындағы қоғамдастықты және тиісінше оларға тиесілі әртүрлі құқықтар мен билікті мен осының алдындағы тарауда барынша егжей­тегжейлі қарастырдым, сондықтан осы арада ол туралы бірдеңе айтып жатуымның қажеті жоқ. Және бұл қоғамдастықтың саяси қоғамнан айтарлықтай айырмашылығы бар екені айдан анық деп ойлаймын. 85. Қожайын және малай – бұл атаулар тарихтың өзі сияқты көне, бірақ олар мүлде кереғар жағдайлардағы адамдар жөнінде; мысалы, еркін адам басқа адамды малай етіп, ол адам алатын ақысы үшін біршама уақыт бойы өзі міндеттеген қызметтерді атқаруды мойнына алады; және, әдетте бұл да қожайынының отбасына кіріп, онда орнатылған тәртіпке бағынуымен байланысты болса да, дегенмен, бұл қожайынға оның үстінен уақытша, олардың арасында жасалған шарттағыдан аспайтын билік жүргізуге ғана мүмкіндік береді.бірақ малайлардың басқа, біз құлдар деген ерекше атаумен атайтын түрі де болады: бұл әділетті соғыста қолға түскен тұтқындар, және жаратылыстық құқық бойынша олар өз қожайындарына абсолютті бағынышты және олардың деспоттық билігінде болады. Бүл адамдар, мен айтып өткенімдей, өз өміріне құқығынан, сонымен бірге өзінің бостандығынан да, мүлкінен да айрылған жандар; құлдық ахуалында олардың ешқандай да меншігі бола алмайды; демек, бүл ахуалда оларды басты мақсаты меншікті сақтау болып табылатын азаматтық қоғамның қандай да бір бөлігі деп санауға болмайды. 86.

Енді біз үй ішілік басқарумен отбасында біріккен барлық бағыныштыларымен, туыстарымен – әйелімен, балаларымен, қызметкерлерімен және құлдарымен бірге алып отағасын қарастырамыз; мұның барлығы, өзінің тәртібімен, міндеттерімен және санымен шағын мемлекетке қанша ұқсағанымен, құрылымы, билігі және мақсаты жағынан одан әлдеқайда алыс жатыр; немесе, егер мұны монархия ретінде, ал отағасын – абсолютті монарх ретінде қарастыратын болсақ, мұндай абсолютті монархияның билігі өте тұрақсыз және қысқа мерзімді болады, өйткені жоғарыда баяндалғаннан айқын көрінетіндей, отағасының осы отбасын құрайтын бірнеше адамға билігі уақыт бойынша да, мөлшері бойынша да әбден белгілі және түрліше шектелген болады; егер құлдарды санамасақ (ал отбасы онда құлдардың бар­жоғына қарамастан бірдей деңгейде отбасы болып табылады және оның отағасы ретіндегі билігі де соншалық деңгейде үлкен болады), отбасы мүшелерінің ешқайсысының өмірі мен өліміне оның заңдық билігі жоқ және жалпы отбасында отанасының да ие болмайтын ешқандай билігі жоқ. Және де осы отбасына кіретін әрбір жеке адамға әбден шектеулі билігі бар адамның бүкіл отбасына абсолютті билігі болуы мүмкін емес екендігі күмәнсіз. Бірақ отбасының немесе адамдардың осыған ұқсас қоғамының саяси қоғамнан қаншалықты айырмашылығы бар екендігін біз саяси қоғамның өзі неден тұратынын қарастырған кезде жақсырақ көре аламыз. 87. Жоғарыда дәлелдеп көрсеткеніміздей, адам кез­келген басқа адам немесе дүниедегі кез­келген басқа адамдар сияқты толық бостандыққа және жаратылыстық заңның барлық құқықтары мен артықшылықтарын шексіз пайдалануға құқықты болып туады, және ол жаратылысынан өз меншігін, яғни, өмірін, бостандығы мен мал­мүлкін зақымданудан және басқа адамдар тарапынан басып алудан қорғауға ғана емес, сондай­ақ осы заңды бұзғаны үшін, оның сенімі бойынша, бұл қылмысты қалай жазалау керек болса солайша, тіпті тepiс қылықтың пасықтығы сөйтуді талап еткен кезде өлімге кесіп, басқаларды соттап, жазалау билігіне ие.

Бірақ бірде­бір саяси қоғам меншікті қорғау және осы мақсатта осы қоғамның барлық мүшелерінің қылмыстарын жазалау құқығына өзі ие болмай құрыла да, тіршілік ете де алмайтындықтан, саяси қоғам, оның мүшелерінің әрқайсысы бұл жаратылыстық биліктен, осы қоғам орнатқан заңның қорғауына жүгінуге кедергі келтірмейтін барлық жағдайларда бас тартып, қоғамның қолына берген жерде, тек сонда ғана болады. Осылайша, әрбір жекелеген мүшенің жеке соты жойылып, қоғам қара қылды қақ жаратын және барлық тараптар үшін бірдей тұрақты ережелер енгізіп, төбе биге айналады жөне қоғамнан осы ережелерді жүзеге асыру өкілеттігін алған адамдардың көмегімен осы қоғамның кез­келген мүшелерінің арасында барлық құқықтық мәселеге қатысты туындауы мүмкін барлық келіспеушіліктерді шешеді, сондай­ақ қоғамның кез­келген мүшесі қоғамға қатысты жасаған қылмыстарды заңмен белгіленген жазалармен жазалайды. Осының нәтижесінде саяси қоғаммен кімнің бірге, кімнің бөлек екендігін ажырату оңай. Тұтас бір қоғам болып бірігіп, белгіленген ортақ заңы мен жүгінуге болатын әрі олардың арасындағы дауларды шешу және қылмыскерлерді жазалау билігі жүктелген қазылық мекемесі бар адамдар азаматтық қоғамда болып шығады; бірақ, мұндай ортақ қазылық орны (мен – жер бетінде деймін) жоқ адамдар әлі де жаратылыстық ахуал, басқа ешкім болмағандықтан әркім қазы да, жендет те өзі болатын жағдай, мұның өзі, мен көрсетіп кеткендей, мүлдем жаратылыстық ахуал. 88. Осылайша, мемлекет осы қоғамның мүшелері жасаған әртүрлі заң бұзушылық үшін қандай жаза берілуі керектігін белгілеу және ол жазаға қандай заң бұзушылықтар жатқандығын белгілеу билігін алады (заң шығару билігі дегеніміз осы), сондай­ақ ол өз мүшелерінің кез­келгеніне бұл қоғамға кірмейтіндердің кез­келгенінің келтірген нұсқасы үшін жазалау билігіне ие болады (бұл соғыс және бейбітшілік мәселелерін шешу билігі), және мұның барлығы қоғамның барлық мүшелерінің меншігін мүмкіндігінше сақтап қалу үшін жасалады. Бірақ азаматтық қоғамға кіріп, қандай да бір мемлекеттің мүшесі болған әрбір адам осы қадамы арқылы өзінің табиғат заңына қарсы қылмыстарды жазалау және өзінің жеке қазылығын жүзеге асыру билігінен бас тартқанымен, солай бола тұрса да, ол сотқа жүгінетін барлық жағдайларда қылмыстар үшін соттау құқығын заң шығарушы өкіметке берумен бірге, ол мемлекетке өзін шақырған жағдайларда мемлекеттің үкімдерін орындау үшін өзінің күшін пайдалану құқығын береді: өйткені бұл үкімдер оның төл үкімдері болып табылады, өйткені оларды оның өзі не оның өкілдері шығарды ғой. Осы жерде біз азаматтық қоғамның бастапқы заң шығару және басқарушы өкіметін көреміз, ол өкімет тұрақты заңдардың негізінде мемлекет ішінде жасалған кезде қылмыстар қай шамада жазалануы керектігін айқындауға, сондай­ақ әрбір жекелеген істе сол істің мән­жайы негізінде қабылданатын шешімдердің көмегімен сырттан келтірілген нұқсан қандай шамада өтелуі керектігін айқындауға және осынау екі жағдайда да, егер қажет болса, қоғамның барлық мүшелерінің күшін пайдалануға тиіс. 89. Демек, адамдардың қандай да бір саны, бір қоғамға бірігіп, олардың әрқайсысы табиғат заңымен өзіне тиесілі болатын атқарушы биліктен бас тартып, оны қоғамға берген кезде, тек сонда ғана саяси, яки азаматтық қоғам тіршілік етеді.

Және бұл жаратылыстық ахуалдағы адамдардың қандай да бір саны бір жоғарғы үкіметтің билігіндегі бір халықты, бір саяси денені құрау үшін қоғамға кіргенде, немесе оларға әлдекімдер қосылып, бұрыннан бар мемлекетке қабылданғанда болады. Осынысымен ол қоғамға яки, оның заң шығарушы өкіметіне өзі үшін қоғам игілігі талап ететін заңдар жасауға өкілеттік береді; ол осы заңдардың (өзінің төл талаптарындай) орындалуына септесуге тиіс. Және бұл адамдарды жаратылыстық ахуал мемлекетке көшіреді, өйткені жер бетінде барлық дауларды шешетін және мемлекеттің кез­келген мүшесіне келтірілген барлық нұқсанның есесін қайтаратын билігі бар қазы пайда болады; бұл қазы – заң шығарушы өкімет яки ол тағайындаған мансап иесі. Ал адамдар өзара байланысты болса да, өздері жүгіне алатын, шешім қабылдайтын өкіметі жоқ қандай да бір саны болғанымен, олар әлі де жаратылыстық ахуалда болады. 90. Кейбіреулер басқарудың дүниедегі бірден­бір пошымы деп санайтын абсолютті монархияның іс жүзінде азаматтық қоғаммен сыйыспайтыны осыдан­ақ анық көрінеді, демек, ол, жалпы азаматтық басқару пошымы бола алмайды. өйткені азаматтың қоғамның мақсаты әрбір адам өзінің жеке ісіне қазы болатындықтан қалайда туындайтын жаратылыстық ахуалдың қолайсыздықтарынан арылып, есесін қайтару ғой. Бұған өкіметтің белгілі бір органын белгілеу жолымен қол жетеді, оған осы қоғамның өрбір мүшесі қандай да бір нұқсанға ұшырағанда немесе кез­келген дау туындағанда жүгіне алатын болуға тиіс, және бұл органға осы қоғамның әрбір мүшесі бағынуға тиіс. 1 Өздерінің арасындағы қандай да бір алауыздықты шешу үшін жүгіне алатын мұндай органы жоқ қандай да бір адамдар бар жағдайда, бұл адамдардың барлығы әлі де жаратылыстық ахуалда болғандығы. Әрбір абсолютті тақсыр өзіне бағыныштылар жөнінде осындай ахуалда болады. 91.

Өйткені сол, тек сол ғана бүкіл билікке, заң шығарушылық та, атқарушы да билікке не деп есептеледі ғой, және тиісті өкілеттіктері болып, істі әділ де ешкімге бұрмай шешетін және жүгінген кезде соның шешімінен көмек пен тақсырдың өзінен немесе соның бұйрығы бойынша шеккен кез­келген нұқсанның немесе қолайсыздықтың есесін қайтаруға болатын ешқандай қазыны іздеп таба алмайсың. Осылайша, ондай адам, ол қалай ­ патша деп немесе жаппар нем сеньор деп, әйтпесе тағы басқаша аталса да, басқа бүкіл адамзат жөнінде де, өзіне бағыныштылардың барлығы жөнінде де жаратылыстық ахуалда болады. Өйткені, не ортақ ережесі жоқ, не жер бетінде өздерінің қайсысынікі дұрыс екендігін шешу үшін олар жүгінетін ортақ қазысы жоқ қандай да бір екі адам болған барлық жағдайда, олар әлі де жаратылыстық ахуалда болады 2 және абсолютті билеушінің боданы, дәлірек айтсақ, құлы деген масқара айырмашылықпен мұның барлық қолайсыздықтарын көреді: кәдуілгі жаратылыстық ахуалда ол өзінің құқығына өзі төрелік жасап, шамасы жеткенше оны қолдап отыруға ерікті; ал қазір оның меншігі монархтың еркі мен ойына келгенінің уысында болып отырған кезде, оған қоғамда тұратындар секілді біреуге жүгінбек түгілі, парасатты тіршілік иелерінен бір саты темен тұрғандай, өзінің құқығы туралы сөз айту немесе оны қорғау бостандығынан айрылған; осылайша, ол ештеңемен шектелмеген жаратылыстық ахуалда бола тұрып, мұның үстіне жарамсақтықтан азғындаған әрі билік берілген адам тарапынан жасалатын барлық қасіреттер мен қолайсыздықтардан арыла алмайды. 92. Ал абсолютті билік адамдардың қанын тазартып, адам бітімінің пасықтығын түзетеді деп ойлайтын адамға, бәрі де керісінше екендігіне көз жеткізу үшін, біздің немесе кез­келген басқа дәуірдің тарихын оқып шығу жеткілікті. Америка ормандарында дөрекі де әділетсіз болған біреу таққа отырғанда жақсара қоймас, ондай жерде, тегінде, оның өзінің бодандарына істегенінің бәрін ақтау үшін ғылым мен қатыстырылар, ал семсер бұған күмән келтіргендердің барлығының аузын бірден жабады. Абсолютті монархияны қорғау неге апарып соқтыратынын, мұндай қорғау тақсырлардан атамекендердің қандай аталарын жасайтынын және басқарудың осы түрі шыңына шыққанда азаматтық қоғамды бақыт пен қауіпсіздіктің қандайлық деңгейіне жеткізетінін, Цейлон туралы таяуда ғана айтылған әңгімемен танысқан адам оңай көре алады. 93. Шынында да, дүниеде орын алып отырған өзге басқару пошымдарындағы сияқты, абсолютті монархияда да, бодандардың заңға жүгіну құқығы бар, ал қазылар бодандардың өздерінің арасында, бір­бірінің арасында байқалуы мүмкін кез­келген дауды шешуге және кез­келген зорлықты тежеуге ерікті.

Мұндай жағдайды кез­келген адам қажетті деп санайды және оны құртып жібермекші болған адам қоғам мен адамзаттың барып тұрған қас жауы екендігіне сенеді. Бірақ бүл адамзат пен қоғамға шынайы сүйіспеншіліктен және біз бір­ бірімізге көрсетуге тиіс жанашырлықтан туындай ма – бұған күмәндануға болады: өйткені бұл өзінің құдіретін, пайдасын немесе ұлықтығын сүйетін әрбір адам жасай алатын және, әрине, жасайтын нәрсе – тек соның рахаты мен пайдасы үшін жұмыс істеп, бел жазбайтын жануарлардың бір­біріне зиян келтіруіне немесе бірін­бірі өлтіріп тастауына жол бермеуден артық ештеңе де емес; және сондықтан оларға қамқорлық жасалғанда, бүл қожайынның оларды жақсы көретіндігінен емес, қожайынның өзін­өзі жақсы көретіндігінен және сол жануарлар оған түсіретін пайдадан. Осындай ахуалда осынау абсолютті иенің тарапынан жасалатын зорлық пен езіп­жаншуға қарсы қандай қорғау, қандай араша бар деп сұрау жеткілікті ғой? Мұндай сұрақ қоюдың өзіне мұрсат беріле қоймас. Олар сізге қауіпсіздік туралы өтініштің өзі үшін өлім жазасына кесіледі деп жауап беруге әзір. Бодан мен боданның арасында, деп келісе кетеді олар, олардың өзара тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін ережелер, заңдар және қазылар болуы керек. Ал бірақ, билеушіге қатысты істің бәрінде ол абсолютті болуға тиіс, және ол барлық осындай жағдайлардан биік; оның көбірек нұқсан келтіру және көбірек жамандық жасау билігі болғандықтан, ол, бұларды істегенде әділетті жасайды дейді.

Оставить комментарий