Саяси және деспоттық өкімет туралы

Менің бұлар туралы жеке­жеке айтқаным бар, бірақ таяудағы өткеннің басқару жөніндегі аса зор қателіктері, менің ойымша, өкіметтің осынау әрқилы түрлерін араластырып жіберуден туындағандықтан, бәлкім, оларды осы арада бірлесетіре қарастыру артық болмас. 170. Сонымен, біріншіден, аталып немесе ата­аналық билік дегеніміз өз балаларына әкелер жүргізетін биліктен өзге ештеңе де емес, бұл билік бойынша олар, балаларының өздерінің игілігі үшін, олар өздерінің парасатын пайдалануды үйренгенге дейін немесе олар өздері басшылыққа алуға тиіс заңдарды, (ол табиғат заңы болсын немесе олардың отанының муниципиялық заңы болсын) түсінетін ахуалға жетті деп санауға болатын дәрежеге дейін – мен сол заңның аясында еркін өмір сүретін басқа адамдар секілді танып­білетін ахуалға деймін – оларды басқарып отырады. Құдай ата­ананың жүрегіне құйған оз балаларына бауыр басушылық пен мейірімділік бұл басқарудың қатал да деспоттық болмауға тиістігін айдан анық етеді, қайта ол тек көмек көрсетуге, оқытуға және олардың ұрпақтарын сақтауға бағытталуы тиіс. Бірақ қалай болған күнде, мен дәлелдеп көрсеткендей, бір кезде ол басқару балалардың өмірі мен өлімі туралы мәселені шешуге келгенде, қандай да бір басқа біреу жөніндегі шешімнен артық таралады деп санауға ешқандай негіз жоқ; тап сол сияқты ата­ анасы баланы ол ересек адамға айналғанда да ата­ана билігі өздерінің еркіне бағынышта ұстайды деуге де ешқандай ілік жоқ, әрине, бұған өзін өмірге әкеліп, білім берген соң әкесін де, шешесін де өмір бойы құрметтеп, сыйлап, ризашылық сезімін білдіруге және көмек көрсетіп, сүйеу болуға міндетті екендігі жатпайды. Осылайша, ата­ана басқаруы табиғи басқару екендігі анық, бірақ ол саяси басқарудың мақсаттары мен құзырына таралмайды. Әке билігінің күші балаларының өздері ғана билік ете алатын меншігіне мүлдем таралмайды. 171.

Екіншіден, саяси билік дегеніміз – әрбір адамда жаратылыстық ахуалда өзіне тиесілі болған билікті қоғамның қолына, сол арқылы билеушілерге берген билік, ол билеушілерді қоғам бүл билік қоғам мүшелерінің игілігіне және олардың меншіктерінің сақталуына пайдаланылады деген сенімін ауызша немесе үнсіз білдіріп өзінің үстінен қойған. Демек, жаратылыстық ахуалда әрбір адамда болған және қоғам оны күзете алатын жағдайлардың барлығында қоғамға берген осынау билік оның меншігін қорғау үшін өзі жақсы деп білетін және табиғат жол беретін құралдарды қолдануға, сондай­ақ басқалардың табиғат заңын бұзуын оның және қалған адамзаттың сақталуына жәрдемдесетіндей дәрежеде (өзі қаншалықты төрелік ете алатын деңгейде) жазалауға тиіс. Осылайша, бұл биліктің, жаратылыстық ахуалда әрбір адамның қолында болатын осынау биліктің мақсаты мен өлшемі өзінің қоғамына жататындарды, яғни тұтас алғанда бүкіл адамзатты қорғау болып табылады, осының пәрменімен мансап иесінің қолындағы бүл биліктің осы қоғамның мүшелерін сақтаудан, яғни олардың өмірін, бостандығы мен мүлкін сақтаудан өзге мақсаты мен өзге өлшемі болуы мүмкін емес. Демек, бұл билік олардың мүмкіндігінше сақталуға тиіс өмірі мен байлығына таралатын деспоттық және абсолютті бола алмайды; керісінше, бұл заңдар жасайтын және оларды бұзғандығы үшін тиісінше жазаларды көздейтін билік болуға, ол жазалар бұзылып кеткендігі соншалық, бүтін де сап­сау тәнге қатер төндіретін, тек қана сондай бөліктерді кесіп тастай отырып, бүтінді сақтауға жәрдемдесетін болуға тиіс; мұнсыз ешқандай қаталдық заңды болып табылмайды. Және де осынау билік қоғамдастықты құратындар жасаған шарт пен келісімнен және олардың өзара келісуінен туындайды. 172. Үшіншіден, деспоттық билік дегеніміз абсолютті, шектелмеген билік, ондай билік тұсында бір адам ойына келген уақытта екінші адамның өмірін қиып жібере алатын мүмкіндікке не болады.

Бұл табиғат бермейтін билік, өйткені ол бір адам мен екінші адам арасында мұндай айырма жасамаған; мұндай билікті шарт та бере алмайды; адам өзінің өмірі жөнінде мұншалық шектелмеген билікке ие болмағандықтан, ол өз өмірі жөнінде басқа адамға да соншалық билік бере алмайды; бұл билік агрессор өзін басқамен соғыс ахуалына қойғанда өзіне өз өмірінен айрылу қатерін төндіретіндігінің салдары ғана болып табылады. Өйткені ол құдай берген парасаттан айрылады, оны құдай адам мен адамның арасындағы заң болуы үшін, адамзат баласы бір серіктестікке, бір қоғамға біріккендегі ортақ байланыс болуы үшін берген той; парасат үйрететін бейбіт тұрмыс салтынан бас тартып, құқығы болмаса да басқаға өзінің әділетсіз талаптарын күштеп таңу үшін әскери күш қолданып, сөйтіп өзінің шыққан тегінен бас тартып, хайуандар деңгейіне дейін төмендеп, оларға тән күшті заң мен құқық етіп, ол өзін­өзі зардап шеккен адам мен әділ сотты жүзеге асыру үшін соларға қосылатын адамзаттың қалған бөлігі оны адамзаттың қоғамда өмір сүруіне және қауіпсіздікті пайдалануына мүмкіндік бермейтін кез­келген жабайы аң немесе кез­келген зиянды хайуан ретінде жойып жіберуге хақылы болатын жағдайға қояды. Осылайша, әділ де заңды соғыста, тек қана сондай соғыста алынған тұтқындар деспоттық билікке бағынады ал бұл билік, шарттан туындамайтындықтан және оған мүлде жол бермейтіндіктен, небәрі соғыс ахуалының жалғасы ғана. Өз өміріне билік ете алмайтын адаммен қандай шарт жасасуға болады? Ол қандай шартты орындай алмақ? Ал егер оған тым болмаса бір рет өз өміріне билік жасауға рұқсат етілсе, онда оның қожайынының деспоттық және шексіз билігі тоқтатылады.

Өзіне өзі және өзінің өміріне қожайын адамның оны сақтау құралдарына да құқығы болады; осылайша, шарт жасалған сәттен бастап құлдық тоқтатылады, және өзінің тұтқынымен шарттық қатынасқа түсетін адам, осынысымен өзінің абсолютті билігінен бас тартады және соғыс ахуалын тоқтатады. 173. Табиғат осы билік түрлерінің біріншісін, яғни, әке билігін балаларының нәресте кезіндегі игілігі үшін, олар өзі меншігін түсіну және (меншік деп мен, басқа жерлерде де, адамдардың өз­өзіне де, сондай­ақ өз мүлкіне де не болатынын айтамын) жұмсау қабілетінің жетіспейтіндігінің орнын толтыру үшін ата­аналарға береді. Ерікті келісім билеушілерге биліктің екінші түрін, яғни, саяси билікті береді, бұл билік бодандардың игілігі үшін, олардың өз меншігін иеленуін және пайдалануын қамтамасыз ету үшін беріледі. Ал өз өмірімен құн төлеу қаупі мырзаларға олардың игілігі үшін биліктің үшінші түрін, бүкіл меншігінен жұрдай болғандардан үстем тұратын деспоттық билікті береді. 174. Биліктің осы түрлерінің әрқилы шығу тегі мен мөлшерін және әрқилы мақсаттарын қарастырған адам, әке билігі мансап иесінің билігінен қаншалықты кем екендігін, деспоттық билік одан қаншалықты асып түсетінін, абсолютті билік, ол кімнің қолында болса да, азаматтық қоғам түрі болудан қаншалықты шалғай екенін көре алады; құлдық меншікпен қаншалықты сиыспайтын болса, ол билік азаматтық қоғаммен соншалықты сыйыспайды. Әке билігі нәрестелік ахуал баланы өз меншігіне билік жасауға қабілетсіз ететін жерде; саяси билік ­ адамдардың қолында меншік болған жерде болады; ал деспоттық билік — мүлдем ешқандай меншігі жоқ адамдарға таралады.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar