САЙЛАУ ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

Опубликовано Июль 17, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 0 (0 голосов)

 

Сайлау-азаматтық қоғамның аса маңызды институты, қазіргі заманғы жағдайларда азамат еркінің көрінісі қызметін атқаратын халық билігін тікелей іске асыру нысаны. Сайлау арқылы өкілді билік органдарын қалыптастыру,сондай-ақ Президентті сайлау қазіргі демократиялық республикалардың негізгі элементтерінің бірі және түпкі негізі болып табылады.Мемлекеттік маңызы бар сайлауларды өткізу деңгейінің көрсеткіші болып табылады.Сайлау, сайлау құқығының нормаларымен реттелетін рәсім ретінде, белгілі бір қағидаттарға негізделеді. Сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің қағидаттары, сондай-ақ субъективті сайлау құқықтарын беру қағидаттары сайлау құқығы қағидаттарының құрамдас бөліктері болып табылады, олар өз кезегінде халық билігінің мәнін көрсетеді және Конституциялық деңгейде бекітілген. Сайлау ұғымы кең мағынады қолданылады. Жалпы, осыған сәйкес сайлау және сайлану құқығы Қазақстан Республикасы азаматының ең басты саяси құқығы. Сайлауға қатысу әркімнің ерік білдіру бостандығы болып табылады.Сонымен қатар сайлауға қатысу кез келген азаматтың азаматтық борышы. Әрбір мемлекет сайлауға азаматтардың басым көпшілігінің қатысуына жағдай туғызады.Сайлауға қатысу-азаматтардың бейқам бақылаушы емес,өз елі үшін жаны ауыратындығының көрсеткіші.Бейқамдық пен қатыспаушылық жағымсыз құбылыстарға жол ашады.Сайлаушылардың сайлауға келмеуі ғылымда абсентеизм деп аталады [1,3]. Саяси мемлекет қайраткері, заңгер, публицист Әлихан Бөкейханов: «Қазақ сайлауы-жұртқа келген бір жұт:сайлау жылы мен мал бағусыз, егін салусыз, пішен шабусыз қалады» [2,10]. Осы тұрғыдан тарих бетіне үңілсек, сайлау барлық уақытта да ерікті болған жоқ. Ежелгі дәуір және орта ғасырларда көптеген шектеулер болған. Сол кезеңдерде сайлауға тек ақсүйектер қатысты, кедей адамдар, әйелдер мен құлдар сайлаудан шеттетілді. Жаңа заманда сайлауға барлық азаматтар қатыстырылады, бірақ мүліктік, біліміне, жынысына және тағы басқа ценз-шектеулер енгізілген болатын. Бұл 118 жүйеге куә ретінде «Қазақстан Республикасының Сайлау туралы» заңының 4-бабы 1тармағы: «Жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы — Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы»[3,5]. Сайлау құқығы-мемлекеттік органдардың сайлауын өткізудің тәртібін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қазақстан Республикасында Президент, Парламент және Республика мәслихаттарының депутаттары, жергілікті басқару органдарының мүшелері сайланып қойылады. Біздің еліміздегі сайлау Конституция ережелері мен «Қазақстан Республикасының сайлауы туралы» Конституциялық заңына негізделген. Қазақстанда және әлемде сайлау институттардың қалыптасуы және сайлауға қатысты теориялық тәсілдердің әртүрлілігі теориялық және әдістемелік сипатта талданған. «Қазіргі қоғамда сайлауға қатысты теориялық тәсілдердің әртүрлілігі (әлемдік тәжірибе). Сайлау функцияларының тәсілдері» деген бірінші бөлімшеде зерттеліп отырған мәселенің теориялық негізі көрсетілген. Сайлау жүйесі өкілетті мекемелерде немесе заңды нормалар бойынша бекітілген жеке басқарушы өкілетінде ұйым тәртібі мен сайлауларды өткізу болып табылады, сонымен қатар мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың әрекетінің қаланған тәжірибесі. Сайлау – ол тек қана маңызды белгі ғана емес, ол демократияның атрибуты, ең маңызды шарты. Қазақстандық зерттеуші А.Г. Алдабергенов: «Сайлау жүйесі — бұл, бір жағынан, мемлекеттік биліктің көрнекті органдарына сайлау барысында халық өкілдерін анықтайтын қоғамдық қатынастар жүйесі». Екінші жағынан, сайлау жүйесі – дауыс беру нәтижесінің және мандаттарды үлестіру әдістерін анықтаудың заңмен бекітілген ережелері мен қағидалары [4,25]. Демократия – күн тәртібі, онда бос және ақиқатты сайлаумен ғана қабылданады. Халықтың көңілінен шыққаны сайлау құқықтарының принциптері арқылы өткізілгені, яғни құқықтық дәрежені, сол немесе басқа елдің демократиялық жақтарын, олардың сайлау жүйелерін толықғырақ қарастырсақ. Осы орайда, жалпыға бірдей сайлау қарама- қарсы жұптың бөлінуіне әкеп соғады: жалпылама – шектеулі (шектелім), бірдей – бірдей емес; тура – жанама (көп сатылы); құпиямен – ашық сайлаумен. Сайлау кезінде жалпы сайлауға барлық қабілеті бар азаматтар, заң бойынша жасы жеткендердің барлығының құқығы барын болжайды, осы құқық астарында белсенді сайлау құқығы сияқты, пассивті құқығы тұспалданады. Алайда екеуі де елдер қатарында сайлау цензі шектелген: мүліктілік , тұтыну цензі , білім беруі , жас ерекшелігі т.б. Кез келген демократиялық мемлекетте саяси жүйені дұрыс құру үшін сайланған билік органдарының құрамын анықтайтын сайлау жүйесі маңызды болып табылады. Сайлауда әрбір дауыстың маңыздылығы мен рөлі ерекше. Кез келген адам өзінің бүгінгі күнгі нақты өмірі арқылы болашаққа ықпал етеді. Болашақ кез келген адамның бүгінгі жасаған таңдауы арқылы айқындалады. Адамдардың дауыстары жинақталып, ал басым көпшіліктің дауысын иеленген кандидат немесе саяси партия елдің болашақтағы дамуын айқындайды. Сайлаудың маңыздылығы — әрбір азаматтың дауыс беруінде. Демократиялық қоғамның кез келген саналы азаматы өзінің белсенді сайлау құқығын тек қана құқығы ретінде емес, партриоттық парызым деп қабылдауы қажет. Кімді сайлау керектігін айқындау үшін саяси сауаты болып, айналамызда болып жатқан оқиғалардан, саяси партиялардың және олардың жетекшілерінің іс-әрекеттерінен, көзқарастарынан хабардар болу керек. Сонымен қатар жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, кәсіпорындар мен ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының сайлау туралы заңдарды бұзатын шешімдері мен іс-әрекеттеріне сотта шағымдануға болады. Азаматтарды сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеу заңсыз әрекет болып табылады. Азаматтардың сайлауда өз еркін білдіруі ықтиярлы түрде жүзеге асады. Сайлаушы өзінің ішкі сенімі мен талдауына сүйене отырып, дауыс береді. Егер сайлауды 119 өткізу барысында заңды бұзушылық байқалса, сайлау жарамсыз болып танылуы мүмкін. Еліміздің яки, Қазақстан Республикасы сайлау құқығының қағидаттарына тоқталсақ, сайлау құқығының қағидаттары дегеніміз — сайлау құқығы нормалары мен институттары негізінде алынған жетекші ережелер мен талаптар. Бұл қағидаттарды сайлау процесінің барлық қатысушылары басшылыққа алуға тиіс. Бұл жетекші идеялар Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.Оларға: *Жалпыға бірдей сайлау құқығы; *Тең сайлау құқығы; *Төте сайлау құқығы; *Жанама сайлау құқығы; *Жасырын дауыс беру қағидаттары жатады. Сайлау бостандығы. Республикадағы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркiн жүзеге асыруына негiзделедi. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ. Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстан Республикасы мажоритарлы сайлау жүйесi енгізілді. Мажоритарлы сайлау жүйесі артық және салыстырмалы басымдылық деп екi түрге бөлiнедi. Артық басымдылық мажоритарлы жүйе тұсында бiрiншi және екiншi қайта дауыс беру кезiнде, сайлаушылар тiзiмiне енгiзiлген азаматтардың 50 пайыздан астамы сайлауға қатынасса, сайлау өттi деп, дауыс берушiлердiң 50 пайыздан артық дауысын жинаған кандидат сайланды деп есептеледi.Салыстырмалы басымдылық мажоритарлы жүйе тұсында егер кандидат сайлау тiзiмiне енген сайлаушылардың 25 пайызының дауысына ие болса, дауыс берген сайлаушылардың санына қарамастан, сайланды және сайлау өттi деп есептеледi. Қазақстан Республикасында Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау кезiнде, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) елу пайызынан астамының дауысын алған және қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатқа қараған да дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланып, сайлау өттi деп саналады. Мәслихаттар депутаттарын сайлау кезiнде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланған болып саналады. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшiлiгi жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады. Бізде қазір демократия бар деп шуласамыз. Ал шындығында олай емес екенін бәріміз де жақсы білеміз. Бүгінгі тірлігімізге қарағанда, демократияның ауылы әлі алыс сияқты. Осының бір себебі, еліміздегі сайлау жүйесінің дұрыс еместігі. Мәселен, халық жеке үміткерлерге емес, тұтас партияларға дауыс береді. Сайлау қорытындысы шыққан соң, партияның көсемдері өзіне керекті адамдарды депутаттыққа іріктеп алады. Ал сайлаушы халық өзінің сайлау округінен кімнің депутат болып сайланғанын да білмей қалып жатыр. Мәселен, халықтың көп бөлігі парламенттегі депутаттарының кім екендігін әлі күнге дейін білмейді. Сонда қарапайым халық кімге барып мұң-мұқтажын айтады? Жарайды, «Нұр Отан» партиясына сенім артқан шығармыз. «Нұр Отанға» бүгінде өзінің ішкі есебімен өтіп жатқандар да жеткілікті екені жасырын емес. Кешегі айдарынан жел ескен коммунистік партияда да ондайлар аз болған жоқ. 18 миллионнан астам мүшесі бар сол СОКП қалай құлап қалды, оны кім құлатты? Әрине, қатардағы коммунист емес, сол партияға жетекші болып отырғандар. Қарапайым коммунистердің барлығы «нағыз лениншілдер , жетекшіміз » деп , соларға сенді , бірақ олар ол сенімді ақтамады. Яғни партияның идеясы үшін емес, өзінің жеке басының мақсатымен , жайлы орын, биік мансапқа қол жеткізу үшін барғандар деп бұқара халық ой тұжырымдайды. Бүгін де партияның қатарында өзінің мақсат-мүддесі үшін жүрген осындай көзқарасты ұстанған өкілдері бар деген халықта ой қалыптасқан . Айталық, қазір шетел асып қашып жүрген бұрыңғы шенеуніктер немесе мемлекет қаржысын судай шашып істі болып жүргендердің барлығы дерлік осы партиялардың мүшелері емес пе? 120 Олар өз құлқындары үшін, партия түгілі , Отанымызды да сатып жіберуден тайынбайды. Мүшелері осындай болғасын , ол партияда қандай абырой-бедел болуы мүмкін? «Жас Алаштың» аталмыш санындағы әкімдер сайланбалы болсын деген ұсынысына келсек, біздің ойымызша, ол — өте дұрыс шешім.Оны елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытыатты халыққа жолдауында:»МенЖергілікті басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіттім. Ол ауылдық, селолық деңгейде басқару сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды және азаматтардың жергілікті маңызы бар мәселелерге қатысуын кеңейтеді.Біз селолық әкімдіктерге қосымша өкілеттіктер береміз және олардың ауылдағы ахуалға ықпалын күшейтеміз. Бірақ, сонымен бірге, бізге қоғамдық бақылауды, жергілікті жерлердегі ахуалға азаматтардың ықпалын күшейту керек. Сондықтан мен мәслихат арқылы ауыл әкімдерінің сайланбалылығын енгізу туралы шешім қабылдадым. Сайлауды біз 2013 жылдың өзінде-ақ бастаймыз.Барлығы 2533 әкім, соның ішінде селолық округтердің, кенттердің және аудандық маңызы бар 50 қаланың әкімі сайланатын болады. Бұл барлық деңгейдегі әкімдердің жалпы санының 91,7%-ы!Осылайша, біз азаматтармен тікелей жұмыс жасайтын және мәселені жергілікті жерде шешетін барлық әкімдерді сайланбалылықпен қамтитын боламыз » [6,15]. Сайлаудың да сайлауы бар. Депутаттыққа үміткерлерді атқарушы билік ұсынады. Ол және міндетті түрде депутат болып сайланады. Себебі сайлау комиссиясының мүшелерін атқарушы билік өзі тағайындайды. Сондықтан сайлау комиссиясы осы биліктің көңілінен шығуға тырысады. Өзін-өзі ұсынған үміткерді атқарушы билік шамасы келгенше азғырып, кандидатураңды қайтып ал, жасаймыз деп алдап-сулайды. Оған көнбесе, әлгі байқұстың соңына шам түседі. Жеті атасына дейін қазбалап, әйтеуір қатыстырмау үшін бір ілік іздеп табады. Ал енді ертеңгі күні әкімдерді сайлайтын болсақ, осы тәртіп қайталанады. Сондықтан әкімді жергілікті халық өзі ұсынып, өзі сайлап, сенімді ақтамаса, өздері орнынан босатуы керек. Әкімді сайлау алдындағы шараларда оның сөзін сөйлейтін сенімді өкілдерінің жауапкершілігін арттырған жөн. Егер әкім ел сенімін ақтамаса, халық алдында онымен бірге сенімді өкілі де жауап беретін болсын. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тоқтасақ, ауыл, аймақ, аудан, қала , облыс әкімдерін халықтың өзінің сайлағаны өте дұрыс. Сонымен бірге сайлау жүйесін де жаңаша, нағыз демократиялық ұсыным бойынша құру керек деп ойлаймыз[7,4]. Ал, енді Қазақстан мен АҚШ елінің президентін сайлау қалай жүргізіледі? Соған тоқталайық. Қазақстан президентін сайлау референдум арқылы жүргізіледі. Ол дегеніміз яғни, халық дауысының ескерілуі. Халық ел президентін сайлайды. Басым көпшілік дауысқа ие болған адам мемлекет басшысы болып тағайындалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 41 бабы 2 тармағына сәйкес: «Республика Президенті болып тумысынан республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады». Ал АҚШ мемлекетіне келер болсақ, бұл мемлекеттің президентін сайлау науқаны бірнеше сатыдан құралған: ел басқарамын деген саясаткерлер алдын-ала сайлаулар және партия жиналыстары, одан соң партия құрылтайлары деген кезеңдерден өтеді. Ал науқанның ең соңында екі ең соңғы үміткер жалпыхалықтық сайлауда дауысқа алынады, бірақ кім болады деген мәселе сайлаушылар алқасында біржолата шешіледі. АҚШ президентін сайлау жүйесі күрделі, сырт көзге қарағанда бұл жүйенің кейбір тұстары бір-біріне қарама қайшы. Ондай болса біз осы жүйенің негізгі принциптерін, негізгі тәртібін баяндайық. Сонымен Америка Құрама Штаттарының президентін сайлау науқаны алдын-ала сайлаулардан және партия жиналыстарынан басталады. Науқан басында, үшінші қаңтар мен үшінші маусым аралығында алдын-ала сайлаулар және партия жиналыстары өтеді.Америка Құрама Штаттарында қалыптасқан дәстүрге сәйкес, алдын-ала сайлаулар мен партия жиналыстары президент боламын деп ұмтылған барша саясаткердің алғашқы додасына айналған, науқанға түсуге кімнің шынайы лайықты екенін анықтау қажет. Мәселен, өткен жылдың бақандай 15 саясаткер 121 ел президенті боламын деп мәлімдеді.Осыншама көп саясаткердің арасынан қайсысы нақты лайық деген мәселені анықтау қажет. Әр партия шеңберінде өз ара сынасудан өткен екі ең мықты саясаткер ғана сайлау науқанының ең соңғы кезеңіне жетеді.АҚШ конституциясында: «Әр штаттың сайлаушылары Штаттың Заң шығару жиналысының неғұрлым көп санды палатасы сайлаушылар үшін белгілеген талаптарға жауап берулері тиіс» [8,61] деп жазылған. Нәтижесінде, Конституция сайлаушыларға қойылатын талаптар туралы мәселені толығымен штаттың қарауына беріп отыр. Алайда, әр уақытта штаттардың сайлаушылардың құқығы мәселелері жөніндегі құзыретіне федералдық биліктердің араласатыны байқалып отырды.Шет ел мемлекеттерінің ішіндегі АҚШ-тың тағы бір ерекшелігі онда сайлау жанама түрде өтеді екен. Ол дегеніміз АҚШ президентін сайлау, бұл кезде сайлаушылар қандай да бір партияның дауыс берушілері үшін дауыс береді, содан кейін дауыс берушілер өз штаттарында жиналып, белгілі бір партиядан алдын ала ұсынылған үміткер үшін дауыс береді.Штаттардың дауыс берушілерінің саны Вашингтонда-АҚШ астанасында жинақталады.Қатысушылардың электрондық тізімін тіркеудің мысалы Женева кантонында өткізілген сайлау болып табылады. Мысалы, Женева кантонының электрондық дауыс беру сайтында сайлаушыларды тіркеу үшін карточканың нөмірін енгізу, референдумның қажетті нұсқасының тұсына қанат-белгі қою,карточкадан қорғаныс қабатын қырып кетіріп, құпия кодты енгізу және кейіннен кантонның әкімшілігінде тексеруге болатын электрондық дауыс беру растамасын алу қажет [9,113]. Қазақстан Республикасының Конституциясының 33-бабының 2-3 тармақтарына, 51- бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі — Сайлау туралы заң) сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және оның аумағында соңғы он жыл тұрақты тұрған, жасы жиырма беске толған адам Парламент Мәжілісінің депутаты бола алады. Сайлауға сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру органдарында отырған азаматттар қатыспайды. Сотталғандығы туралы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам Парламент Мәжілісінің депутатығына кандидат бола алмайды [9,3]. Қорытындылай келе, АҚШ мемлекетінің 16-шы президенті, мемлекет қайраткері, американдық құлдарды бірінші азат етуші қайраткер Авраам Линкольн былай деген болатын: «Сайлау түбіртегі атылған оқтанда өткір болуы тиіс». Яғни, бұл ұғымның астарында бірнеше мағына жатыр.Сайлау жүйесі мықты әрі адал өтілсе, ешқандай да қиын жағдай туындамайды. Әрине,сайлауға қатысу-барынша ерікті іс, сондықтан егер азамат сайлауда дауысберуге қатысқысы келсе, ол бірінші кезекте құжаттарын ретке келтіруді өзі қолға алу керек. Өйткені тіркеу қалыпты өмір сүру мен жұмыс істеу үшін аса маңызды шарттардың бірі болып табылады, сонымен қатар бүгінгі күні тіркеуге тұру рәсімі едеуір жеңілдетілген.Мемлекеттің тарапынан халықтың электроттық мәдениетін арттыру жөнінде үздіксіз жұмыс жүргізілуі қажет. Әрі бұл жұмысты сайлау науқаны кезінде ғана емес, үздіксіз жүргізу керек. Оған оқу орындарындағы жастарды хабардар ету, БАҚ арқылы бейне роликтерді көрсету, ашық дөңгелек үстелдер, ток- шоу өткізу жатады.Осы бағыттағы жұмыс немқұрайлы жүргізіледі, ал жүргізілсе де, бүкіл ақпаратқа түсуші-басшылардың деңгейінде өткізілетін іс-шаралардың шеңберінде қалып қояды. Сондай-ақ өткен жылдардың жақсы дәстүрін де ұмытуға болмайды, ол кезде18 жасқа толған азаматтардың құрметіне, құттықтаулар мен естеліктер кәде сыйлықтары мен сайлаушыға арнау атты салтанатты рәсімдер ұйымдастырылады. Адам құндылықтары -бір іргетас.Сонымен бірге белгілі бір эмоциялық ынталандыру шараларына және осы процеске әрбір жекелеген адамның тікелей қатысуына қарамастан, қоғамның өзі құратын мемлекеттік тетік бәрібір бірінші орында тұрады. Бұл тетік жекелеген адамның да, сондай-ақ тұтас қоғамның да тәртіп ережелерін қалыптасқан жүйесін көздейді.Басқаша айтқанда, сайлау заңнамасының әзірленген жүйесінің болуы тиіс.Сауатты жақсы жазылған заңдардан басқа осы заңдарды қолдану тәжірибесіне үлкен мән беріледі. Яғни, 122 сайлау процесін ұйымдастыру мен жүргізудегі мемлекеттік органдардың рөлін әділ бағалау керек, осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясының, барлық деңгейдегі әкімдердің, әділет органдарының, Ішкі Істер Министрлігінің және басқаларының қызметін жетілдіру жөніндегі ұсынымдар жан-жақты тұрақты бақылауға алынуы тиіс.Иә, осы сайлау жүйесін жүзеге асырушы болашақ заңгерлер, сайлау органдары біздің сайлау туралы іргетасымыз қазірден қаланып, сайлау жүйесіне мажоритарлық- пропорционалдық, электролды және де көптеген ценздердің болуынан басқа да Франция,АҚШ секілді белсенді мемлекеттердің сайлау құқығы мен бостандығы, олардың жүргізілу процестерін және де жүзеге асырушылардың рөлдерінің ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасына әлемге танылмаған жаңа сайлау жүйесінің өту барысын жаңа жүйеге енгізейік!Қазақстанымыздың көк байрағының астында еркін де тәуелсіз азаматтарымыздың сайлау кезіндегі белсенділік танытуына жол ашайық,құрметті болашақ мемлекет басшылары! Ұсыныс: — «Сайлау жарыстардың ішіндегі ең кереметі, кім көп сол ұтады» деген Леонс Питердің қанатты сөзін негізге ала отырып, яғни, сайлаудың бірден-бір басты тетігі-адалдық ұстанымы ретінде басшылыққа алу; -Қазақстандағы мажоритарлық- пропорционалдық жүйе емес,яғни, партияға дауыс бермей, жекелеген ұсынылған кандидаттарға дауыс беру жүйесін қайтадан негізге алу; Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Ибраева, Г.Өлібаева , Қ.Айтқожин Құқықтану: жалпы білім беретін қоғамдық гуманитарлық бағытындағы оқулық.- Алматы: 2006.- 425б. 2. Бақытқызы Е. Әдеби әлем. Қазақстандағы алғашқы әдебиет порталы.- 2010.- 310б. 3. Алдабергенов А.Т. Избирательная система как институциональная основа формирования народного представительства в парламент Республики Казахстан.Правовая реформа в Казахстане. — 2007. № 2, с.98. 4. Госманова Г. Особенности эволюции избирательной системы Республики Казахстан в переходный период.- Саясат.2001. №6 — 80 б. 5. Қазақстан Республикасының Конституциясының 11 бабы 2 тармағы 2012 ж 6. Назарбаев Н.Ә жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. — 2012 жыл 14 желтоқсан // Егемен Қазақстан №8 2012 ж 10 б. 7. Амангелді Қаңтарбаев «Сайлау жүйесін түбірімен өзгерту керек» // Жас Алаш №11 10б. 8.Қопабаев Ө.Қ Шет елдердің конституциялық құқығы. АҚШ Конституцисы 1787 ж 2- бөлім,1-бап — Алматы. Жеті жарғы 2007. 9. Асанова Ж.Қ, Сидоров О.Н Сайлаушыларды тіркеудің қазақстандық жүйесіне ақпараттық-талдамалық шолу360 б.

Оставить комментарий

Загрузка...