Семиотикалық жүйенің динамикалы моделі

Фердинанд де Соссюр алғышарттарын қалыптастырғаннан кейінгі семиотикалық теорияның бүкіл кезеңдегі даму ұстанымдарының тәжірибесін түйіндегенде, ол тосын қорытындыға әкеледі: негізгі ұстанымдарды қайта қараған кезде, оның тұрақтылығы батыл түрде расталады, осы кездегі семиотикалық әдістеменің тұрақтылығына ұмтылыстың өзі оның ең негізгі ұстанымдарын бәрібір қайта қарауға әкелді. Р. О. Якобсон жұмыстары, соның ішінде лингвистердің IX Конгресін қорытындылайтын баяндамасы қазіргі лингвистикалық теория өзіндік қарама­қарсылыққа өткеннің өзінде өзіндік сипатын жоғалтпайтындығын керемет байқатты. Онан да бұрын атап айтқанда гомеостатикалық пен динамизмнің осы сәйкестігінен Р. О. Якобсон әділетті түрде теорияның үйлесімділігі мен өміршеңдігін көре білді, ол өзінің ішкі ұйымдасуын да, сол секілді өзінің басқа пәндерге өзара қатынас жүйесін де түптамырымен қайта қарауға қабілетті: «Гегельдік атауға сүйенсек, дәстүрлі тезистердің антитезисі терістеуді терістеуге, яғни алыспен жақынды алмастырды». 29 Айтылғандар толық дәрежеде семиотикалық жүйедегі статикалық пен динамикалық мәселелеріне жатады. Осы саладағы тамырланған кейбір көзқарастарды қайта қарағанда бір уақытта семиотикалық жүйенің құрылымдық суреттемесінің терең ұстанымдарының негіздемелерін тек қана растайды. 1.1. Семиотикалық жүйедегі синхронды және диахронды аспектілердің қатынасына келгенде басынан бастап танымал екі ұдайылық болды. Осы тілді суреттейтін екі аспектіге шек қою женевалық мектептің үлкен жетістігі болды. Алайда «Прага лингвистикалық үйірмесінің тезистерінде» және Прага мектебінің одан кейінгі жұмыстарында бұл аспектіні абсолюттендірудің қауіпті екендігі көрсетілді, бұл қарама­қарсылық ұстанымды түрге қарағанда салыстырмалы, одан да бұрын эвристикалық сипатта. Р. О. Якобсон: «Синхрония мен статиканы синоним деп есептеу үлкен қателік болар еді. Статикалық қиылым — жалған: бұл бар болғаны бар болудың ерекше тәсілі емес, қосалқы ғылыми тәсіл. Біз фильмді қабылдауды диахрондық қана емес, синхрондық түрде қарастыра аламыз: алайда фильмнің синхрондық аспектісі фильмнен қиып алынған жеке кадрға барабар емес. Фильмнің синхронды аспектісінде қозғалысты қабылдау бар. Тілдің жағдайы да дәл осындай» , — деп жазды. Прагалық мектептің кейбір зерттеулерінде, бір жағынан, диахрония жүйе эволюциясы болғандықтан, ол жоққа шығарылмайды, әрбір жеке сәттер үшін синхронды ұйымдасудың мәніне түсінік беретіндігін, екінші жағынан, бұл категориялардың өзара өтулеріне назар аударылғандығын көрсетеді. 30 Сонда да осы қатарлы сын семиотикалық жүйені суреттеудегі екі бастапқы тұрғыларды қарсы қоюдың әдістемелік құндылығына күмән түсірген жоқ. Мәдени семиотикалық үлгілерге қатысты төменде келтірілген пікірлер бұдан бұрын айтылған долбарларды, сонымен бірге Ю. Н. Тынянов пен М. М. Бахтин идеяларын әрі қарай дамыту мақсатына ие. 31 1.2. Жалпы алғанда кейбір семиотикалық суреттеулерде сезілуі жалғаса беретін статикалылық, сол және басқа да ғалымдардың жеткілікті дәрежедегі күшінің нәтижесі болып табылмайды, суреттеу әдістемесінің кейбір түптамырлы ерекшеліктерінен шығады деп шамалауға болады. Суреттеу фактісінің өзі динамикалық зерзатты неге статикалық үлгіге айналдыратындығы жөніндегі мұқият талдауынсыз және ғылыми талдау әдістемесіне соған сәйкес келетін түзетулер енгізілмейінше динамикалық үлгілерге ұмтылу ізгі ниет ретінде тана қалып қоюы мүмкін. 2. Жүйелі және жүйеден тыс. Құрылымдық суреттеу суреттеліп отырған зерзаттан кез­ келген гомоморфтық зерзаттың өзгертілуінде тұрақты болып қала беретін жүйе мен байланыс элементтерін шығару негізінде құрастырылады. Атап айтқанда осы тұрақты құрылым осындай суреттеу көзқарасынан алғанда бірден бір шындық құрайды. Оған орнықсыздығымен, қалыпсыздығымен және суреттеу барысында шығарып тастауға болатындығымен ерекшеленетін жүйеден тыс элементтер қарсы қойылады. Семиотикалық зерзатты зерттеу барысында оның кейбір «мәнді емес» белгілерінен дәйексізденудің қажеттілігін кезінде Ф. де Соссюр жазған болатын, ол тілдің бір синхронды жағдайын суреттеу ауқымында «аз мәнді» диахронды өзгерістерді елемеудің маңыздылығын айта отырып: «Абсолютті «жағдай» өзгерістердің болмау арқылы анықталады бірақ тіл қалай болғанда да өзгеретіндіктен, тілді іс жүзінде статикалық зерттеу — аз мәнді өзгерістерді елемеу деген сөз, ол математиктердің кейбір есеп ­ қисындарда, мысалы, логарифмдерді есептеп шығаруда, таусылмайтын аз өлшемді шектерді елемеуімен бірдей». 33 Зерзатты құрылымдық суреттеу барысында мұндайлықты жеңілдету ешқандай қарсылық тудырмауы мүмкін, себебі ол ғылымның бәріне тән жалпы ерекшелік болып табылады. Құрылымдық суреттеу үдерісінде зерзат тек оңайлатылып қана қоймайды, сонымен бірге ұйымдасуын аяқтайды, әдеттегіге қарағанда қаталырақ ұйымдаса түсетіндігін ұмытпау керек. Мысалға алғанда, егер алдымызға XVIII ғасыр — XIX ғасырдың басындағы орыс ордендерінің жүйесін (өз табиғатында толығымен семиотикалық, табиғи пайда болған және оны жасаушылардың саналы жүйе құраушы іс­әрекеті нәтижесі болып табылатын бұл зерзат мәденниеттанулық дәйекті дерек ретінде көрінетіндіктен көптеген жағдайда ыңғайлы) құрылымдық суреттеу міндеті қойылса, сірә көз алдымызда ордендердің иерархиясы және олардың мағынамен түйіндескен жіктеу белгілері көрінеді. Қайсыбір өзгермейтін ұйым ретінде әрбір орденді бөлек және олардың жүйелерін тұтас елестеткенде, біз, әрине, көзге көріне бермейтін кейбір белгілердің түрлеріндегі ретсіздіктерді көзден таса қалдырамыз. Осылай ордендік белгілер мен ордендік жұлдыздар көптеген уақыттар бойы сол адамның өзінің тапсырмасымен орындалғандықтан, ол осындай жоғары жарлықты жасауды өзіне жүктегеннен кейін, олардың қымбат тастармен көркемделу үлкендігі мен деңгейі ешқандай имманентті­семиотикалық мағынамен байланыссыз марапатталушының көркемдік қиялы мен байлығына байланысты болды. Егер, тіпті, осы нұсқаларға көңіл бөлмегеннің өзінде ордендік ұйымды суреттеу фактісінің өзі оның жүйелілік дәрежесін құрылымдық еместерді болмаған секілді алып тастау арқылы емес, сонымен бірге басқа жағдайда көтереді: суреттеудің негізгі сұрақтарының бірі ордендердің иерархиясын анықтау болып танылады. Мұндай сұрақ осы жүйенің қызметіне іс жүзінде енуіне, соның ішінде, ордендік белгілердің киімдегі бір­біріне қатысты орналасу мәселесі бойынша қойылса дұрыс болады. Павел I Ресей империясының орден салмағын біртұтас Ресей кавалериялық орденіне айналдыру әрекеті белгілі, онда бұрын болған ордендер «атаулар» немесе жіктеу топтары ретінде ғана мойындалған болар еді. Дегенмен иерархиялық жүйе ретінде орыс ордендерін суреттеу міндетті түрде үздіксіз қобалжуларды, жеке элементтердің иерархиялық құндылығының екіұштылығын алып тастайды. Соған қарамастан мұндай қобалжулардың өзі орыс ордендерінің әрі маңызды құрылымдық белгісі, әрі көрнекі тұрпаттылық сипаттамасы болды. Суреттеу міндетті түрде зерзатқа қарағанда ұйымдасқан болады. 2.1. Мұндай тұрғы кез­келген ғылыми әдістемеге сәйкес келеді және нақты қарсылыққа тап бола алмайды, өйткені оны суреттеу нәтижесіндегі зерзаттың мұндай ауытқулары заңдылық болып табылады. Басқа — мұнан да маңыздырақ — кейбір салдарларға көңіл аударғымыз келіп еді: егер оның жүйеден тыс элементтерін зерзаттан жоятын суреттеу статикалық үлгілерді құрастыру барысында толық ақтаса және кейбір тана түзету коэфициентін қажет етсе, динамикалық үлгілерді құрастыру барысында ол негізінде қиыншылықтар тудырады: семиотикалық құрылымның негізгі динамикалы көздерінің бірі жүйеден тыс элементтерді жүйелі аймақ шегіне толассыз тарту және сол уақытта жүйелілікті жүйесіздік ауқымына итеріп шығару болып табылады. Жүйеден тысты суреттеуден бас тарту, оны ғылыми пәндердің сыртына шығару динамикалық сақтау қорын кесіп тастайды және берілген жүйені бізге эволюция мен гомеотазис арасындағы ойынды ұстанымды түрде жоққа шығаратын бейнеде көрсетеді. Қалыптасқан және тұрақталған жүйеден, құрылысшылардың көзқарасы бойынша керексіз немесе негізгі емес болғандықтан лақтырылып тасталған тас, одан кейінгі жүйеге ең қажетті тас екен. Кез­келген жүйеден тыс материалдағы орнықты және білінетін айырмашылық динамикалық үдерістің келесі кезеңінде құрылымдық бола алады. Егер біз өзіміз келтірген еркін көркемделетін ордендер жөніндегі мысалға қайта оралсақ, онда еске сала кетейік, 1797 жылдан бастап ордендік белгілердің қымбат тастармен еркін көркемделуі жойылды және жоғары дәрежедегі марапаттың заңдастырылған белгісі болып ордендер үшін гауһар әшекейлер қолданылды. Сонымен бірге мына нәрсе анық, гауһармен көркемдеу жоғары дәрежедегі марапат үшін кейбір айқындылық жасау үшін қажет болған жоқ, керісінше, жүйеге кіргізіліп және жүйеден тыс жағдайда қалыптасқан бөлудің мағыналық мәнін өзіне алды. Бар материалдардың түрлерінің көріну планы саласында жүйеден тыс біртіндеп жинақталуы мазмұнды және жүйелі жік жасау үшін түрткі болды. 2.2. Жүйеден тысты суреттеуді талап ету әдістемелік сипаттағы көптеген қиыншылықтармен ұшырасады. Бір жағынан жүйеден тыстық негізінде аналитикалық ойдан сырғып түседі, екінші жағынан — суреттеу үдерісінің өзі шарасыздан оны жүйе фактісіне айналдырады. Сонымен, құрылымдық суреттеу саласына жүйеден тыс материалдық құрылымды қаптау талабын жинақтасақ, біз мүмкін еместі мүмкін деп ойлайтын секілдіміз. Іс, дегенмен, біздің алдымызда басқа қырынан көрінеді, егер біз есімізге алсақ, жүйеден тыстық ретсіздіктің синонимі емес. Жүйеден тыстық — түсінік, қосымша: жүйеліге. Олардың әрбірі тек қана өзара сәйкестікте ғана толық мәнділік алады, ал тіпті де оңашаланған берілгендік емес. 2.3. Осыған байланысты жүйеден тыстықтың келесі түрлерін көрсетуге болады. 2.3.1. Біз көрсетіп өткендей суреттеу өзінен кейін ұйымдастыру шараларын күшейтуді талап етеді, сол немесе басқа семиотикалық жүйенің өзін суреттеу, өзінің өзі грамматикасын жасау жүйенің өз ұйымдастырылушының қуатты құралы болып табылады. Берілген тілдің тарихи тіршілігінің мұндай сәтінде және — кеңірек — берілген мәдениеттен жалпы семиотикалық жүйенің қойнауынан қайсыбір тіл бөлімі (және мәтіндер топ бөлімі) бөлектеніп шығады, ол соның өзін суреттейтін метатіл ретінде қарастырылады. Сонымен классицизм дәуірінде көптеген өнер шығармалары сомдалады, ол өнер шығармалары жүйесінің суреттемесі болып табылады. Берілген жағдайда суреттеу өзін суреттеу болатындығын атап өткен маңызды, метатіл жүйе сыртынан алмаспайды, ал оның жіктеу тобы бөлімін білдіреді. Мұндай өзін ұйымдастыру үдерісінің мәнді жағы болып қосымша тәртіпке келтіру барысында материалдың белгілі бір бөлігі жүйеден тыс жағдайға аударылады және берілген өзін суреттеу тұрғысынан қарағанда бар болуын тоқтататын секілді. Сонымен семиотикалық жүйенің ұйымдасу дәрежесінің көтерілуі оның тарылуымен бірге жүреді, шекті жағдайға дейін, метажүйе соншалықты қатайғанда суреттеуге тиіс болып саналатын нақтылы семиотикалық жүйемен қиылысуын шектеуге дейін барады. Дегенмен бұл жағдайда да «дұрыстықтың» және «нақтылы болудың» беделі оған қалдырылады, ал әлеуметтік семиозистің нақтылы қабаттары бұл жағдайларда толығымен «дұрыс емес» және «болмайтын» салаға өтеді. Солай алғанда, мысалға, Павел I әскери бюрократиялық утопиясының көзқарасымен алғанда өзінің қаталдығында шегіне дейін жеткен вахтпарад тәртібі ғана сақталды. Ол мемлекеттік тәртіптің ең жоғарғы үлгісі болып саналды. Орыс өмірінің саяси шындығы «дұрыс емес» ретінде қабылданды. 2.3.2. «Тіршіліксіздік» (яғни, жүйеден тыстық) белгісі, сонымен бірге, бір уақытта әрі жүйеден тыс материал белгісі (жүйенің ішкі көзқарасы жағынан алғанда), әрі жүйенің өзінің құрылымдық белгілерінің көрсеткіші болады екен. Осы секілді, Грибоедов, желтоқсаншылардың саяси қорытындысын шығара отырып, «Родамист және Зенобия» трагедиясының нобайларында дворяндық төңкерісшілдіктің (өйткені, әрине, Грибоедовті римдік басқыншылық кезеңіндегі ежелгі Армения тарихы емес, 1820 жылдардағы орыс бүлікшілерінің іс­әрекеті қызықтырды) құрылымдық белгісі ретінде «халық» саяси күш ретінде «болған жоқ». «Жалпы, — деп жазды Грибоедов, — байқау керек, олардың ісінде халық қатыспайды, — ол жоқ секілді (курсив менікі. — Ю.Л.)». 34 Куртуаздық махаббат жөніндегі «De аmоге» белгілі орта ғасырлық трактатының авторы капеллан Андрей жөнінде айта отырып, академик В. Ф. Шишмарев: «Куртуаздық автор кітапты арнаған өзінің досына, шаруа әйелдеріне қатысты зорлық жасалса да, іс­әрекет түріне қиналмауды ұсынады» , — деп атап өтті. Мұндай ұсыныс өте қарапайым түсіндіріледі: капеллан Андрейдің пікірінше, шаруаларға «amor naturalis» тән және куртуаздық махаббат ауқымында — «fin amors» — ол «болмайтындай көрінеді». Сондықтан бұл тұрпаттағы адамдарға қатысты іс­әрекет те болмаған болып есептеледі. Сірә, жүйенің («бар болудың») суреттелуі бір уақытта жүйесіздік (бар болмаудың) табиғатына көрсету болып табылады. Жүйеден тыс элементтердің ерекшелігі жөнінде және оның қатынастары және «жүйеден тыстықты» жүйесің жөнінде айтуға болар еді. Бұл ұстанымнан жүйеден тыс әлем, оның симметриялық өзгеруі секілді кері аударылған жүйе.

Читайте также:  Мұхит Мералыұлы мұрасы

Оставить комментарий