Сертификаттау туралы түсінік

Мақсаты: Студенттерді сертификаттау туралы негізгі түсінікпен, оның ерекшеліктерімен, сәйкестікті растаудың түрлерімен және өнімнің, үрдістің, қызметттің сапа деңгейін көтерудегі маңызымен таныстыру

Жоспары:

  • Сертификаттаудың негізгі түсінігі, маңызы және объектілері
  • Сертификаттаудың мақсаттары мен принциптері

Сертификаттау латын тілінен аударғанда «дұрыс жасалған деген» мағынаны білдіреді. Өнімнің «дұрыс жасалғанын» білу үшін, оның қандай талаптарға сәйкес келетінін және осы сәйкестіктің сенімді дәлелдемесін қалай алу керектігін білу қажет. Халықаралық тәжірибеде осындай дәлелдеу әдісі –   сертификаттау болып табылады.

Өнімді  тұтыну немесе  қолдану үшін жасайды. Өнімнің өмірлік кезеңінің тізбегінде дайындаушы «бірінші жақ» болып есептелінеді,  және ол өзінің жақсы өнім шығарғанына сенімді болады.

Осы тізбекте «екінші жақ» тұтынушы болып табылады. Шығарылатын өнімнің болашағы тұтынушының бағасына байланысты.

Осы тізбекте «Үшінші жақ» дайындаушыға да, тұтынушыға да тәуелді емес орган  болып есептелінеді. Халықаралық тәжірибеде өнімнің сәйкестігін бағалауда үшінші жақ өткізетін сынақ ңәтижелері объективті және сенімді болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Техникалық ретттеу туралы» заңына сәйкес сертификаттау  – сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, қызметтің, нормативтік құжатттарда көрсетілген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім.

Сертификаттаудың объектілеріне өнім, үрдіс, қызмет және сапа жүйесі (өңдіріс) жатады.

Сертификаттау бойынша жүргізілетін жұмыстардың нәтижесі болып сәйкестік сертификаты табылады. Сәйкестік сертификаты  – өнімнің, үрдістің және қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттарда және өзгеде құжаттардың талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат.

Қазақстан Республикасында сәйкестікті растау тек қана сәйкестік сертификатымен ғана емес, сонымен қатар сәйкестік туралы деклорациямен де жүргізіледі. Сәйкестік туралы деклорация —  дайындаушы айналымға шығаратын өнімнің орнатылған талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат. Сәйкестік туралы деклорация сәйкестік сертификатымен қатар заңды күшке ие.

Сертификаттаудың негізгі мақсаттары:

қоршаған ортаға және адам өмірі мен денсаулығына өнімнің, үрдістің және қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Читайте также:  Бенчлернинг как инновационная технология менеджмента

— өнім мен қызмет сапасы туралы мәселелерде тұтынушылардың мүддесін қорғау;

— саудада техникалық кедергілерді жою, ішкі және сыртқы нарықта өнім мен қызметтің бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ету;

— нарықта жеке және заңды тұлғалардың қызметіне қажетті жағдайларды жасау;

— тұтынушыларға сапалы өнім таңдауда көмек көрсету;

— тұтынушыны арам ниетті дайындаушыдан қорғау;

— дайындаушы көрсеткен өнімнің сапа көрсеткіштерін растау.

Сертификаттаудың негізгі принциптері:

1) сертификаттаудың заңдық негізі. Қазақстан Республикасында сертификаттау бойынша іс-әрекет ҚР «Техникалық реттеу туралы», «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» және басқа да нормативтік актілерге негізделеді;

2) сертификатау жүйесінің ашықтығы. Сертификаттау бойынша жұмыстарға меншік түріне қарамастан кез келген ұйым қатыса алады.

3) сертификаттау бойынша ұлттық нормативтік құжаттардың халықаралық нормалар мен ережелерге үйлестірілуі;

4) сертификаттау бойынша органдар мен сынақ зертханаларының өнімді дайындаушы мен тұтынушыдан тәуелсіз болуы;

5) ақпараттың біруақытта ашықтығы және жабықтылығы. Сертификаттау кезінде барлық қызығушы тараптар, яғни дайындаушы, тұтынушы және сертификаттау бойынша орган сертификаттауды жүргізу тәртібі туралы және сертификаттау нәтйжесі туралы ақпараттарға ие болулары қажет.

6) техникалық регламенттерге міндетті талаптар орнатылмаған объектілерге міндетті сертификатауды қолдануға жол бермеу;

7) өтініш берушіге деген кемсітушілікті жою. Сертификаттауға өтініш берген және орнатылған талаптар мен ережелерді орындайтын барлық жеке және заңды тұлғалар жіберіледі;

8) өтініш берушінің сәйкестікті растау бойынша органды таңдау құқығы;

9) сертификаттау және теңестіру кезінде сынақтық кәсібилігі;

10) Қазақстан Республикасы қатысатын екіжақты немесе көпжақты келісім негізінде шетелдік аккредиттелген сертификаттау бойынша органдар мен сынақ зертханаларының сертификаттарын мойындау.

Әдебиеттер: 1, 15-20 б; 7, 304-312 б

Бақылау сұрақтары:

  • «Сертификаттау» сөзінің мағынасы
  • Өнімнің өмірлік кезеңіндегі «Бірінші жақ», «Екінші жақ» және «Үшінші жақ»
  • Сертификаттау дегеніміз не
  • Сертификаттаудың объектілері
  • Сәйкестік сертификаты дегеніміз не
  • Сәйкестік туралы деклорация дегеніміз не
  • Сертификаттаудың негізгі мақсаттары
  • Сертификаттаудың негізгі принциптері
  • «Сертификаттау» терминінің шығу тарихы
  • Қазақстан Республикасында сертификаттаудың пайда болуы.
Читайте также:  Қарыз капиталы туралы мәлімет

Оставить комментарий