Шұбарағаш ережелері

Шұбарағаш Ережесі — Ресей империясының қарамағындағы қазақтар мен Қытай империясының қол астындағы қазақтар арасындағы дау, таластарды шешу үшін шақырылатын Шұбарағаш халықаралық төтенше билер съезіне жазылған және көпшіліктің қалауымен заң жүзінде бекітілген Ереже. Мұндай халықаралық билер съезі XIX ғасырдың соңы, XX ғасырдың басында арасына үш ­ бес жыл салып шақырылып отырған. Оның басты себебі, екі алпауыттай мемлекеттің қол астына бөлініп кеткен қазақ халқының өзара даулары. 1880 жылдардан бастап Ресей империясы көршілес елдердің бәрімен қарым­қатынастарын түзету мақсатымен қазақтардың өзара дауларын Қытай үкіметі мұндай съездерге түгелімен қарсы болады. Тек бергі жақтың тоқтаусыз талап етуінің арқасында және қазақтардың дауы ұлғайып, жер, қоныс мәселесіне ауып кетер деп қауіптенгендіктен орыс чиновниктері ұсынған, яғни, бар дауларды съез түріндегі орган кемесімен шешуге келіседі. Қытай жағы бір жауабында: «Кроме того, в последний раз к бумагам из Консульства было приложено для образца постановление об съезде (ереже)».

«Мы внимательно рассмотрели этот образец и полагаем, что невежественные и глупые киргизы плохо понимают направление дел и по многократным обсуждениям этого предмета при всем нашем помятствовании дружественных отношений наших государств находим полезным пока отложить устройство съезда», — деп қазақтардың тұрмыс­тіршілігі, әдет­ғұрпынан тас қараңғы екендігінің көрсеткен. Қалай болғанда да 1891 жылдан бастап съездер шақырылып тұрған екен. Бұндай съездер 1891, 1894, 1899, 1906, 1908 жылдарда болғаны туралы деректер бар. Халықаралық төтенше билер съезінің басқа съездерден айырмашылығы оны шақыру тәрбиесінде. Бұл съездер Ресей және Қытай чиновниктерінің қатаң бақылауында болды. Екі жақтың чиновниктерінің қатаң бақылауында болды. Екі жақтың чиновниктері де өз адамдарының аз телім төлеп, кеп алым алуын кездеген. Съездерге арнайы жіберілген чиновниктерге берілген тапсырмада: «Представитель русской стороны должен внимательно следить за тем, чтобы китайские власти не уклонялись от доставки на съезд своих подданных ответчиков, ибо в противном случае русские ответчики должны будут уплатить противной стороне слишком большую сумму денег по взысканиям» ,— деп жазылды.

Бес­алты рет болған бұл халықаралық төтенше билер съезінде қабылданған Ережелерден біздің қолымызға тек 1894 жылғы және 1908 жылғы жазылған Ережелер тиіп отыр. Біріншісі 45 баптан тұрады. Бұлардың бір бірінен айтарлықтай ерекшеліктері болмаған. 1894 жылғы Шұбарағаш ережесін Семей губернаторының ерекше тапсырмалар чиновнигі Фон­Герн жазып алған, ал 1908 жылғы Ережені Дала генерал­губернаторының ерекше тапсырмалар чиновнигі Ланговой жазып алыпты. Ережеде, негізінен, съезде сот жүргізу, істерді қарау тәртібі, күн мәселесі, ұрлық, ант беру, куә болу, съездің шешімін орындау, жесір дауы, қалыңмал туралы мәселелер көтерілген.

Дауларды шешу жөнінде 22­бапта іс тергеу шешуге 4 би, яғни даугер жағынан екі би, жауапкер жағынан екі би қатысады делінген. Аса маңызды істер бойынша және құн дауы бойынша іс қарауда билердің саны төртеуден де көп болуға рұқсат етілді деп көрсетті. Егер де екі жақтың билері келісімге келе алмаған жағдайда, онда екі жақтан ара билер шақырылады да істі солар тыңғылықты шешетін болды. Ереженің дауласушыларға берген бір — дауласушылар істерін шешу үшін соттың құрамына тек билерін ғана емес, сонымен бірге съезге қатысып отырған басқа да құрметті адамдарды сайлай алады деген тәрбиеде болды. Сірә, бұлай жазуға съезд 3 — 5 жылда 6ip рет шақырылғандықтан даулар өте көп және жиналған билердің мүмкіншілігіне байланысты болған сияқты. Бұл бап заңнан шықпай, сонда да көпшілікке өте ыңғайлы тәртіп орнатқан. Билер өз қорғаушыларының мүддесін ойлап, ымыраға келу қиын болып тұрған кезде істі екі жақтан ара билер шешкен. Себебі, істі шешусіз қалдыру оның одан шешімін әрі қиындатып, адамдарды мазалаған, екіншіден, төтенше билер съезі дауларды қарайтын ең жоғарғы саты. 2­банта халықаралық төтенше билер съезінің барлық істер бойынша тыңғылықты және қайта қарауға жатпайды деп бекітілді. Сондықтан істі шешуге ара билер шақыру, тіптен би емес бірақ құрметті, көп көрген тәжірибелі адамдарды да шақыру тыңғылықты шындыққа жетуін көздеген.

Читайте также:  ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫҢ ФИЗИКАДАН БІЛІМ БЕРУДЕГІ ОРНЫ

Ереже 1­бапта көтердің ескіру мерзімін орнатады; «1891 жылғы 1 қаңтарға дейін туындаған барлық істер (күн және жесір дауынан басқалары) салауатқа беріледі де, съезде қаралуға жатпайды». Ал күн дауы, жесір дауы, ақшалай талаптар — егер олар 1891 жылғы съезге талқылауға тапсырылып, бірақ қандай да бір себептермен шешілмей қалған болса және ол жайлы басшыларға, болыстағы құрметті адамдарға белгілі болса ғана съездің қарауына қабылданатын болды. Съезге шақырылған даугер немесе жауапкер келе алмайтын жағдайда болса, онда олар Ереженің 5­бабына сәйкес өзінің есіне адамын жібере алады. Өкіл адам міндетті түрде болыстық басқарушымен не ауылнаймен куәландырған қағаз әкелуі тиіс. Және өкіл адамдар съездің шешіміне бағынуы керек.

Егер жауапкер съезге келмей қалып, орнына өкіл адам да келмесе оның келмеу себебі маңызды деп болыс басқарушысы куәландырса, онда 7­бапка сәйкес, сырттай шешім қабылданады. Бұл жағдайда сырттай съезге келген даугердің айғақтарының негізінде (әрине, оны съезге жиналған билер дұрыс деп тапса) қабылданады. Ереженің біршама баптары өтірік айту, жала жабуға қарсы жазылған. 11­бапта, сыйлы, құрметті адамға қарсы айтылған дау, талап кейін өтірік екені анықталса, онда бұған кінәлі адамдар бір жарым есе айыпқа тартылады деп жазылған. Куә болған, пайданы көздеп екі жақтың бірінің айтуымен жалған айтқан адам, дауласушы кінәлі яғни, куәні азғырған жақпен қоса қатаң айыпқа тартылады деп 36­бапта бекітіледі. Бірақ бұл қатаң айыптың мөлшерін анықтап айтылмаған. 37­бапта өзін ақтап біреуге ант қабылдатқан жауапкер, кеткен шығынның орнын толтырумен қатар, даугер мен жауапкер үшін ант берген адамдарға айып төлейді. Егер даудың құны үлкен, қымбат болса, онда әркімге бір түйе, бір ат, егер даудың құны болса — ат­шапан айып төлейтін болды.

Бұл нормалардан байқалатыны — Ереженің азаматтардың ар­ожданы мен адал қызметін қорғай алатындығы. Жамандық пен зорлықтың ең сорлап қалған түрі, сөйте тұра қоғамға үлкен кесел әкелетін өтірік жала жабу, нақақтан жазғыру қылмысының алдын алу әрекеттері жасалған. Басқа ережелердің кепілді сияқты Шұбарағаш Ережелерді де ант беру, куә болу мәселелеріне назар аударған. 9­бапта ант беруге жіберілетін адамдардың жас мөлшері анықталған, ол 20 жастан жоғары, 65 жастан төмен. Екі мемлекеттің де қызметтен адамдары ант беруге жіберілмейді. Басқаша ешқандай шектеулер қоймағанмен әйелдер де ант беруге жіберілмеген. Ант беретін мерзім және оған қанша үйден ант беруші шығарылатынын тек билер анықтайды деп бекітті. Ақтап, ант берерде жауапкер бүкіл болысты немесе оның бір ауылын көрсетеді (ант беретін адамдарды алу үшін), ал даугер ант беретін адамдарды жауапкер көрсеткен болыстан не ауылдан атайды. Бұған тек жауапкермен жауласқан адам жібермейді. Одан әрі 9­бапта осы съезден антқа берілетін адамдардың саны анықталады. Құн дауы бойынша 24­бапта «ер адам үшін 4 адам ант береді деп бекітті. Әйелдің құны үшін екі адам ант береді. Бұл баптың басқа ережелерден айырмасы — егер басқа айғақтар жеткіліксіз болып, күмән туындаған жағдайда ғана ақтап ант беріледі деп жазуы. 33­бап мал ұрлығы да негізделген істер бойынша ант беру тәртібін бекітті. Ұрланған бір ірі қара мал үшін елу үйден бір адам ант беруге шығады, 2 — 3 бас не бір мал ұрланса бүкіл болыстан бір адам ант беруге шығады. Дүние­мүлік ұрланған кезде де осылай анықталады. Куә болу жайында 10­бапта: Даугердің куәсі жауапкердің болысынан болуы керек. Даугердің болысынан куәгерлерді дауға жібермейміз, — деп жазады. Бұл да бір ақиқатқа қиянат жасамаудың бір жолы болса керек. Шұбарағаш Ережелері құн дауы бойынша ант беру болса, екіншісі — 23­ бапта ер және әйел адамдардың құнының мөлшері анықталған. Ер адамның құны 38 түйеге тең деп бекітілді.

Читайте также:  ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛ МӘДЕНИЕТІН АРТТЫРУДА СТИЛИСТИКАНЫҢ РӨЛІ

Ереже құн дауын осылай қысқа ғана қайырып өтсе, ал жесір дауына сегіз бап арнаған. Бұл ең алдымен қатардағы дауларды қандай заңдардың негізінде реттелетінін орнықтырды. 26­бапта неке, жесір дауы қазақтың әдет­ғұрып заңдары бойынша талқыланады деп жазды. 28­бап айттырылмаған қызды ұрлаған адамды айыпқа тартады. Мұның ерекшелігі, егер айттырылмаған қызды дүние­мүлкімен алып қашса, онда ол адам екі есе қалыңмал төлеуге тиіс болды, ал егер дүние­мүлкін тек қыздың өзін алып қашса, онда қыздың әкесіне басқа қыздарына қанша қалыңмал алып жүрген болса, сол көлемде қалыңмал телемін деп жазған. Егер бұрын қалыңмал алмаған болса, онда қалыңмалдың мөлшерін билер анықтайды деп тәртіп орнатты. Бұрынғы әдет­ғұрып заңдарында («Жеті Жарғыда», 1824 жылғы материалдар жинағында, Д’Андренің жинағында) айттырылмаған қызды дүние­мүлкімен қоса ұрлауды кездестірмедік. Мұның Ережеге жазылуы XIX ғасырдың соңында бұл құбылыстың да пайда болғанын көрсетсе керек. Және бір ерекшелік бұл Ереже қыз ұрлаған адамнан қызды қайтарып алып, оның өзін қатаң жазаға тартуды көздемейді. Тек қыз ұрлаған адам қалыңмал төлейді де қояды, айып салынбайды. Мысалы, Ыстықкөл және Жаркент уездерінің төтенше билер съезінде (1889 ж.) жазылған Ереженің 15­ бабында «Айттырылмаған қызды алып қашқан адам қалыңмал телемін және оның үстінен 8 ат және 1 түйе айып төлейді, — делінген.

Шұбарағаш Ережесінің ірі бөлшегі мал дауы, ұрлыққа арналған. Мұнда бірден көзге түсетін персе, ұрыларға айып аз салынып, жазаның жұмсақ болуы. 21­бап 1891 жылдап бастап съезд етіп жатқан уақытқа, яғни 1894 жылға дейін ұрылар ұрланған малды, оның иесінің шығынын, оның үстіне, өздерінің астындағы аттарын беруі керек деп ұрланған малдың есесіне төлеу керектігін айтады. Енді 40­бап ұрыларды ұстағандар олардың астындағы атын алады, егер ұры жаяу болса, онда ат төлетіп, ал ұстатпай кетсе, бәрібір астындағы атын береді дейді. Бұл бап 21­бапқа қайшы келіп тұрғанмен, ел ішінде ұрыға көмектесу емес, қайта оны ұстаушы көбейсін деген мақсаттан туындаған болу керек. Тура осы мақсатты 34 және 44­баптар да көздейді 34­банта егер ұрының айып төлеуге мал­мүлік жоқ болса, онда айып және бар жауапкершілік ұрыға ат берген адамға тартылады десе, 44­бап егер ұрланған малды кімде­кім биік тұрып пайдаланса, онда ол адам ұрлыққа қатыспаса да, ұрымен бірдей жазаға тартылады деп бекітіп. Ұрлық кезінде өлген ұрыға күн жоқ дегенмен (25­бап) жалпы алғанда, ұрлық үшін айыптың қатал емес екендігін 35­баптан да байқауға болады. Дұрысын айтқанда, бұл қазіргі қылмыстық заңдар бойынша ауыр қылмыс санатына жататын тонауға (грабеж, разбой) жауапкершілік қойған бап. Мұнда ұрлық пен тонау (грабеж), қару қолданып тонау (разбойное нападение) қылмыстары тіптен бір бірімен ажыратылмайды да, жаза бәріне қолданылады. Осы банты толығымен келтірген орынды болар; «Үлкен жолда, ен далада жолаушыларды тонағаны үшін, қыстаудан мүлік ұрлағаны үшін нанға бара жатқан және келе жатқан адамдарды және саудагерлерді тонағаны үшін, ауылды шапқаны үшін және киіз үй алып кеткені үшін, киелі адамдарды шығынның орнын толтырып, зәбір шеккендердің пайдасына айып төлейді. Әйел адамды тонағаны үшін — бір ат, бір түйе, ер адамды тонағаны үшін — ат, түйе мөлшерінде, қыстақтан, қыстаудан мүлік ұрлағаны үшін және нанға бара жатқандар мен саудагерлерді тонағаны үшін — бір түйе, бір ат мөлшерінде айып төлейді. Әрине, мұндай ауыр қылмыстар — адам тонау, ауыл шабу ұрлықпен қатар тұрып және оған шектен шыққан жұмсақ жаза қолдану қазақ әдет­ғұрып заңдарының ерекшеліктерінен туындаған. Біріншіден, айта кететін нәрсе бұл Ереже жазылған кезеңде ауыр қылмыстар, яғни, адам өлтіру, тонау, ауыл шабу; керуен мен саудагерлер тонау 1886 — 1891 жылдардағы қазақ даласындағы патша заңдары бойынша, тек орыс сотына қарасты болды. Екіншіден, қазақ әдет­ғұрып заңдары әрбір қылмысты не қылмысты іс­әрекеттер үшін оның әрбір кезеңінде туындаған нәтижесі үшін жауап берген. Мысалы, ауыл шабуды алайық, осы сәтте жазатайым не қасақана адам өліп, мал айдан әкетсе, онда жауапкершілік — ауыл шапқаны үшін бір, адам құны үшін екі, ұрлық үшін үш, т.т. әрқайсысына жеке ­ жеке күн төлейді. Міне әрбір әдет­ ғұрып заңдарында осыны ескере отыру керек. Оның үстіне Ережелердің бір қасиеті — олар ер бапты, әрбір қатынасты, дауды реттейтін нормаларды жазғанда оның егжей­ тегжейлігіне бармайды және тәртіппен жазып жатпайды. Әркімге белгілі, ал билер жатқа білетін әдет­ғұрып заңдарын қайталап жаза береміз бе деген көңілден туындаған Ереже, елге таныс емес, жана туындаған нормаларды, керісінше, басын ашып айқындап жазған. Мысалы сотқа, съезге өкіл адам жіберу, патша чиновниктерінің қағаздарын айғаққа алу, болыс басқарушыларының сот тәндегі құқықтары т.т.

Читайте также:  ЧТО ТАКОЕ Комплимент ?

Шұбарағаш Ережесінде, сонымен бірге, ұрлық үшін жауапкершілікпен қатайта, айыпты күшейте түсетін баптары да бар. 42­бапта — халықаралық төтенше билер съезі жүріп жатқан уақытта съездің үстінде не болмаса болыстарда ұрлық жасалса, онда ұрылар екі есе айыпқа тарылады да билердің шешімі бойынша ұрының жеке басында да жаза қолданылады. 43­бапта — белгілі жүйрік тұлпар мен жорға атты ұрлағандар әрқайсысына бес түйеден айып төленіп, егер де олардың ондай жүйрік не жорға екенін білмеген болса, онда әрқайсысы үшін екі түйеден айып төленеді деп бекітті. Ережеде ұрлық үшін айыптан босататын бап та бар. Егер малы ұрланған адам ұрылардың артынан қуып барып ал ұрылар оны толығымен қанағаттандырса, онда ұрылар айыпқа тартылмайды дейді (38­бап). Егер ұрлықты төтенше билер съезі жүріп жатқан кезде жасау не болмаса әйгілі бәйге не жорға атты ұрлау қылмыстың жазасын күшейтуші шарттар болса, ал ұрының өз еркімен кінәсін мойындап, ұрлаған малшы басы бүгін қайтарса, не жартылай қайтарса, онда айыптан босатылады немесе айыбы жеңілдетіледі. Қазақ қоғамында «Сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ жоқ», «Адасқанның айыбы жоқ, қайтып орнын тапқан соң» деп адамдар заң үшін емес, заң адамдар үшін екенін, тура, әділ жолға өз еркімен түсіп, айыбын мойнына алған азаматтарды бүкіл ел болып көтермелеп, бар кінәсін кешкен. Бұл Ережеден норма да өткен дәуірді қайырымдылық арқылы адал, парасатты қоғам мүшел ерін тәрбиелеу жолының XIX ғасырдың соңына жеткен жаңғырығы тәрізді Дала философиясы «Қанға — қан, жанға — жан» ұранын сабыр мен ақылға жеңілдік адам өміріңді күн белгілеген басқа қылмыстарын айып таққан, сөйтін, залымдықты қатыгездікпен жазалау одан әрі залымдық тудырады деп, оны тек ақ жүрек адалдық жеңілдігін, «Таспен ұрғанды аспен ұр» деген мәтелден туындайтын әрекет ­ мінезді кеңінен уағыздаған.

Оставить комментарий