Шәкәрім Құдайбердіұлы поэмалары

Шәкәрім Кұдайбердиев поэмалары аса қазақ әдебиеті тарихында, қалаберді халқымыздың поэзиялық шежіресінде әpi тың, әрі керек құбылыс. Бұл поэмалар әдебиет әлемде белгілі бip уақыттың, қоғамдық дамудың есеюдің, эстетикалық соны талап­тілектердің нәтижесінің көpiнici ретінде келді. Әдетте жеке бip көркем туындының не жанырлық формалардың әйтпесе, тiптi жарық жұлдыздай некен­саяқ сирек таланттардың да, не тұтас бip әдебиеттің де сан алуан қоғамдық, әлеуметтік жағдайларда, олардың бірлігі мен қайшылықтарына байланысты, дамудың жалпы заңдылықтарына сәйкес өмipгe келетіні мәлім. Жалпы әдебиетте, оның жеке құбылыстары да нақты тарихи кезеңнің туындысы ретінде осылайша өзіне ғана тән өсу ­ өрбу жолымен жүріп отырады. Бұл көркемдік жолда кездейсоқ құбылыстарға орын жоқ болса жоққа тән. Біз Шәкәрім поэмаларына да осы тұрғыда қарап, баға беруге тиіспіз. Ш. Құдайбердиев поэмалары ақынның жеке басының керек көркем туынды жасау тәрізді ынта­жігерінен ықлас ­ ниетпен немесе ерекше бip таланты мен тапқырлығынан туа салмаған. Әрине бұл фактілердің де белгілі дәрежеде қызмет атқарғаны басы ашық мәселе. Оларды ескермеске де, елемеске де болмайды. Бірақ түптеп келсек, мәселенің кілті басқада. Ш.Құдайбердиевке дейін де қазақ топырағында неше алуан майталман жүйрік ақындар болды, бipaқ олардың барлығы бірдей күрделі жанр жасауға емін­еркін бара берген жоқ (оларда толғау түрінде шығармалар бар десек, мұның өзi халық поэзиясымен ұштасып, содан тікелей нәр алып жатқан құбылыс. Толғауда жазба әдебиетке тән проблемалық өмірді кең де байыпты түрде қамтудан туатын шыншылдық, өмip құбылыстарын адамдар қатынасы, характерлер арқылы ашу, т. б. негізін жайлар жеңіл орын ала бермейді және бұлардың қайсысы да фольклорлық, түрде шеийлед1). Оның бірден­бір ceбeбi, күрделі жанрды жасауға коғамдық әлеуметтік мұқтаждық пен эстетикалық негіздердің дайындықтардың әлі жетіспеушілігі еді. Жазба әдебиеттің кеш туып, жаңа жолға қойыла бастауы, эстетикалық принциптердің енді (Ыбырай, Абайдан бастап) қанаттана түcyi, оқушы қауымның әлі де балаңдығы, көркемдік талап талғамын анықтауға енді ғана бет алуы керек жанрдың тууына кеп қиындықтар туғызған болатын. Бұл айтылғандар мәселенің бip ғана жағы, яғни әдеби эстетикалық жағы еді. Ал енді оның қоғамдық, әлеуметтік жағына келетін болсақ, мына жайларды ескермеске болмайды. XIX ғасырдың екінші жарымынан бастап қазақ қоғамы өзінің даму тарихындағы жаңа кезеңге аяқ басты. Бұл Россиялық саяси­экономикалық өміpгe араласу, қазақ қауымының алдында мәдени­экономикалықтың да күрделі проблемаларды қойды. Бұл проблемалар барған сайын күрделеніп әсерленіп отырды. Шоқан, Ыбырай, Абайлар осы проблемаларды алғаш рет орынды танып, бағалап қана қоймай, олардың тілін жаңа арнада, салада қойылуы мен шешілуне, дамуына қолайлы негіздер жасады. Оларға қоғамдық өмірдің даму барысы жүктеген тарихи міндет те осы тұрғыда еді.

Шоқан, Ыбырай, Абай көтерген, негіздеген проблемалар мен мәдени­ағартушылық, әдеби­эстетикалық іcтepді онан әpi, жаңа кезеңнің тарихи­әлеуметтік жағдайлары мен эстетикалық талаптарын сәйкес жалғастыру, дамыту — кейінгі ұрпақтардың үлесі еді. Мұның үстіне, XX ғасыр басында Россияда империализмнің дамуы, коғамдық қайшылықтардың мейлінше шиеленісуі, таптық сананың өcyi, азаттық идеялардың өpic алуы қазақ қоғамында мұндай ұлы құбылыстардан шет қалдыра алмады, азды­көпті әcepiн, ықпалын тигізіп жатты. Қоғам өміріндегі бұл тәрізді дүрсіліс пен астаң ­ кестең жайлар, ойлар мен мүдделер тартысы, ізденулер, т. б. бүкіл қауымды ойлантып, толғантып қана қоймай, жаңа қанат жайып келе жатқан әдебиеттің алдына да сол үлкен жүкті көп проблемаларды тартты, оларды көркем өнерге тән заңдылықпен баяндауды, бейнелеуді, шешуін талап eтті. Тарихи жаңа кезеңнің осы тәрізді тың да күрделі проблемаларын әдебиеттің, мәдениеттің, өнер­білімнің аздап болса да өpic ала бастаған кезеңі тұсында ecкi көркемдік құралдармен шешудің мүмкін еместігі айрықша сезілді. Сондықтан да қоғамдық дамудың қадамына сай туып, өзiнiң алғашқы қадамынан­ақ соған лайықты қызмет етумен көзге түскен, Ыбырай, Абай негіздеген халықтық әдебиетіміз керек жанрлық формалар тапты, алғашқы роман, повесть, поэмалар дүниеге келді. Мұның өзі заңды әдіс В.Г.Белинскийдің айтуынша, «ақын өмip идеяларын терең танумен қатар, оларға қай формада таба білуге тиіс; реализмнің көркемдік формалары, әcipece, композициялық­жанрлық формалар түптеп келгенде өмірдегі шыншылдық көріністердің белгілі тарихи мазмұны арқылы жазушы түсінігінде өзінше сәйкес сәулесін табуы боп саналады». В.Г.Белинскийдің осы пiкipiн негізге алсақ, екі ғасыр аралығында жасалған алғашқы керек туындылар өмірдің өзi ұсынып отырған күрделі ойлардың, идеялардың, проблемалардың әдебиет дүниесінен өз бойына лайық орнын табуы боп танылады. Түбінде, «Әдеби жанрлар көркем ­ өнер дамуының белгілі сатысында пайда болады және үнемі өзгеріп отырады. Әдеби жанр категориясы — тарихи категория». Әрине, күрделі жанр саласындағы алғашқы тәжірибенің барлығы бірдей сәтті бола берген жоқ. Бipaқ сол барлау, байқау түріндегі тұңғыш роман, повесть, поэмалардың қайсысы да осы әдеби жанрлық түрлердің төл әдебиетімізде туып, орныға, түрлене түсуіне ерекше көп көмегін тигізді. Біздіңше, олардың баға жетпес кұндылығы, ең алдымен, осы жағында болуға тиіc. Әдебиеттің күрделі жанрларын тарихи дәуір, оның айрықша рухани мұқтаждығы және әдебиеттің өрлеу кадамы туғызады деген пiкipiмізді сақтай түсу үшін бip жайды ескере өткеніміз жөн, ақындық таланты, дүние танымы, өмipгe көзқарасы қазақ қоғамының арғы­ бергі тарихында ешкімге ұқсамайтын ұлы Абайдың қоғамның өмipiнe арнап күрделі әдеби шығарма жасауға бармағанын немен дәлелдеуге болады? Бұл ретте М.Әуезов былай деп жазады: «Тегінде, Абай (бірнеше өлеңдерінде) поэма жазуды өзінше мақсат етпеген тәрізді әзірге әлі аңдарды жазғаным жоқ, сарала қазды жырлағам жоқ — деп бip кезек айтса, тағы бip уақытта ел шапқан батырды, қызықты қыздырмалап айтсам, қызығын тыңдар едің, — деп оқушыны шеней түседі жай, бос уақыт өткізетін қызшыл; қызықшыл, қысыр кеңесіп құмарланып тыңдар едің дейді. Ондай әңгімелі өлеңдерден Абай өзi ойлаған өнeгелiк, адамгершілік терең тәлім­тәрбие туа қоймайтындай көретін. Өз басының ұзақ ақындық, еңбегі бойынша, Абай поэма жанрына анықтап зер салған жоқ. Тек кейін, тәрбиесінен шыққан ақындарына ғана әр алуан тақырыптар бepiп, поэма дерлік, күрделі сюжет! бар шығармаларды жазғызады… өзі кеп дәстүрлерін қабылдаған орыс классиктері Пушкин, Лермонтовтың, не Байрон сияқты Европа классигінің анық үлкен поэма жазудағы өрнектеріне Абай бой ұрмайды. Олардың поэмалары кен мағынаны мол қамтитын, кейде роман—поэма, кейде қалың оқиғалы шығарма шебер тартысы бар романтикалық поэма боп, көркем шебер қалыптасса да, Абай сол жанрға қызықпайды». Бұл олардың бағалылығы — Абайдың өнерлі елдердің өнегелі әдебиеттерінен үйрене, үлгі ала отырып, поэма жанрын жасауға шындап кipicпeгeнiн әдейі де орынды атап көрсетуінде дер едік. В. Г. Белинский айтқандай, қандай ұлы ақын да өз дәуірінен биік тұрмақ емес, сол дәуірдің дамуы дайындап әкелген мазмұнды ғана меңгермек. Абай да — өз заманының перзенті. Ол өз творчествосында лирикалық жанрдан әpi бара алмаса, оның тұсындағы қазақ қоғамы, қазақ оқушысы, қазақ әдебиеті одан бұдан артықты күтпеген еді. Абай өз заманының осындай эстетикалық талабына, ерекшелігіне сай қызмет етті. Данышпан ақынның ұлылығы сол— ол байырғы лирика жанрында еңбек еткенмен, оны бұрын­сонды болмаған жаңа көркемдік сапаға көтерді, әдеби жаңа дәуірді туғызды. Ш. Құдайбердиев — қазіргі тарихи кезеңде, яғни XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінде көркем өнер алдындағы ауыр жүктің салмақты белін көтеріп, оны реалисті көркемдік­идеалистік дәрежеде, мөлшерде бейнелеген үлкен суреткер, жаңашыл, ізденген ақын.

Читайте также:  "Айқап" журналы мен "Қазақ" газеті туралы

Ш.Құдайбердиевте С.Торайғыров сияқты, өз заманының әдебиетке деген жаңаша талап­ тілегін және әдебиеттің алдына дәуір қойып отырған күрделі мәселелерді ұсақтатпай, оны керек ойлар, суреттеулер, көркем туындылар арқылы шешудің қажеттілігін жиірек түсінген, ақындық мәдениеті мол қаламгер. Кезінде әдебиетімізге үлкен үлес боп қосылған оның поэмалары, міне, осы жерде туған. Бұл айтылғандардан әрине, Ш.Құдайбердиевтің ақындық өнерінде, қоғамдық, көркемдік ой­пікірлерінде қайшылық, кемшіліктер жоқ екен деген пiкip тумасқа тиіс. Өмipi өте күрделі бұл суреткердің аяғын шалыс басқан кездері де мол. Ол өзінің халқымен, қауымымен бipгe өciп, солардың әрқайсысы көрген, кездестірген қайшылықтарды, қиыншылықтарды бipгe өткізіскен адам. Оның жеке өз басына, творчествосына тең қате­ кемшіліктердің өзi де осы үлкен мақсатқа жету жолдағы ізденуден, әpбip қадамын заман мен, халықпен бipгe алу талабынан туған. Ізденудің барлық уақытта бірдей бәрі, нәтижелі бола бермеген. «Ақиқатты іздемеген адам қателеспейді де. Бipaқ бұл ойымда қызықтырмақ та емес» (Белинский). Ш.Құдайбердиев қазақ қоғамының өмірінен алып, үш поэма жазды. Олардың алғашқы eкeyi («Қалқаман — Мамыр», «Еңлік — Кебек») 1912 жылы Семейдің «Жердем» баспасында басылып шықты да, үшіншісі («Нартайлақ — Айсұлу») бiзгe қолжазба күйінде жетті. Ақынның бастапқы eкi поэмасын 1912 жылы жарық көргенше қарап, дәл сол жылдары жазылған дүние екен деп кeciп айту қиын. Шамамен алғанда, олар eкi ғасыр аралығында, дәлірек айтсақ, Ақылбай, Мағауия Құнанбаевтың романтикалық поэмаларына жалғас жасалған туындыларға ұқсайды. Ақындық өнердің үлкен өpic алған өнeгeлi ұясында қазақтың арғы­бергі тарихындағы үлкенді­кішілі оқиғалар талай рет жырға арқау болды. Көкбай Жанатаев пен Мағауияның кейбір керек еңбектері бұған айқын дәлел. Еңлік — Кебек оқиғасына арнап Мағауияның да поэма жазғаны белгілі, т.б. Міне Ш.Құдайбердиевтің «Қалқаман — Мамыр», «Еңлік — Кебек», «Нартайлақ — Айсұлу» поэмалары осы ақындық ортада туды. Алайда, оның поэмаларының туу, жасалу ерекшеліктерін тек осы айтылған жағдайларға ғана байланысты тану өте жеткіліксіз. Олардың сыры мен шыны әлдеқайда тереңге меңзейді. Ш.Құдайбердиев поэмалары түгелге дерлік махаббат тақырыбына байланысты. Бұл жағынан алғанда олар шығыс классиктерінің шығармаларына көбірек ұқсайды. Осыдан қарап, әрине, өзге елдердің ақындары махаббат тақырыбына арнап тамаша туындылар жасамады деген ұғым тумауға тиіс. Дүние жүзі әдебиетінде ондай шығармалар ондап, жүздеп саналады. Бұл арадағы әңгіме Шәкәрімнің шығыс поэзиясымен етене байланыс жасап, оның көптеген туындылары мен дәстүрлерін меңгеруі және қабылдауы жөнінде болып отыр.

Ең алдымен Ш.Құдайбердиев поэмаларының шығыстың ғашықтық дастандарымен бірегей тақырыптық үндестік басым екенін айтқан жөн. Әйтсе де ол сол тақырыпты қою, шығармалардың сюжет шешу жайларында , реалистік стилін, дүниетанымын бастан­аяқ сақтап, сабақтап отырған. Ш.Құдайбердиев поэмаларында (тек поэмаларына ғана емес­ау, бүкіл творчествосында, жалпы дүниетанымын да) махаббат мәселесі оның жалпы гуманистік көзқарастарының бөлінбес бip саласы ретінде көpiнiп, жаңа ғасыр басындағы бостандық идеяларына, адамдық право туралы ойларға шебер үндеседі Ақынның өзі де аталған поэманы жазғанда осындай мақсатты көздегенін былайша атап көрсетеді «Қалқаман — Мамырдың» iciнe ecкi қазақтар тepic көзімен қараса да, осы күні көңілінің көзі ашықтар жазықсыз екенін біліп дұға қылса керек. Өлгенді тipiлтпeсем де, жандандырғандай болсын деп, биыл жүз тоқсан жыл болып ұмытылған icтi алдыңызға қойдым. Бұл әңгіме ақсақалдар аузынан да қалып бара жатыр. Сол ғашықтардың өзi кетсе де, iзi жоғалмасын дедім». Демек, оның өлгенді тірілтуіне себеп болған жай, бip кезде мансұқ етінің, қоғам өмірінен аластатылған адамдар оның соңғы тұста өзгеше танылып, өзге бағасын алу кepeктiгi. Автордың бұл арада айтып отырғаны және соны айтуға мүмкіндік бepiп отырған нәрсе: XX ғасыр басында қазақ қоғамында адам бостандығы туралы идеялардың берiк орын ала бастауы. Осы тарихи кезеңде әйел теңдігі, махаббат еркіндігі, ceзiм epiктiгi мәселелерінің жалпы адамдық правоның, гуманизмнің жарқын белгісі ретінде бой көрсеткені көпке аян шындық. Міне, осы жайлар ақынның өз сөзімен айтқанда «өлгенің тірілтпесе де, өшкенді жаңғыртуына» мұрындық болған. Сөйтіп, ecкi кездің iciнe жаңаша мазмұн, соны сипат бере алған автор өзінің дау көтеріп отырған проблемаларға қатынасын шебер де салмақты түрде танытқан. XVIII ғасырдың оқиғасына XX ғасыр басындағы идеялар баға беріп, оны кейінгі кезеңнің қажетіне ұтымды асыра білген. Мәселенің тұңғыш — шығармаға арқау болған оқиғаның қай дәуірде орын алғандығында емес, оның қай кездің шындығы, талабы мен талғамы, арманы мен мақсатына лайық бейнеленуде. Шын мәніндегі көркем шығармаға қойылатын үлкен талап та осы. Сондықтан қай кезең болса да шығарма төркінінің өмірмен ұштасып, өзінің негізгі болмысын қоғамдық шындықтан алуы — реалистік шығарманың негізгі беталысын алдын­ала белгілетіп алғы шарттардың бipi. «Менің өсиетім, — деп жазады орыстың ұлы жазушысы Ф. М. Достоевский, — фабуланы да, тартысты да ойдан шығармаңыздар.Автордың өзi бергенде ғана алыңыздар. Өмip біздің ойымыздан әлдеқайда бай. Ең қарапайым, ең жұпыны өмірдің бергенінен жүйрік қиялдың өзi де бере алмайды. Өмірді кұрметтеңіздер». Немесе ұлы драматург А.Островскийдің мына бip пiкipiн алайық. Ол да Ф.М.Достоевский пiкipiн онан әpi сабақтай, жалғастыра түседі «Жалған тартысты ойлап табу қиын, — деп жазады ол, — өйткені, жалған нәрсе қашан да жалған. Ал, ақын үшін қажет па — шындық. Дайын аңыздарды пайдаланған Шекспир өте бақытты. Ол өтipiктi ойлап тапқан жоқ, қайта өтipiктiң бойына шындықты екті.

Читайте также:  Ақпараттанған қоғамдардағы білім

Ақынның мұны ғажайып тартысты ойдан шығару емес, сол адам нанғысыз оқиғаны өмip заңдарымен дәлелдей білуде». Бұл айтылған пікірлердің қайсысы да шығарма шындығының төркіні өмірдің өз ағымынан туатынын қуаттайды. Ш.Құдайбердиевтің адам бостандығы туралы заман идеясына үн қосу қадамынан туған ғашықтық тақырыбындағы поэмалары осы махаббат деген ұлы сезімнің барлық уақыттарда бірдей, бip қалыпты, бip мөлшерде таныла, бағалана бермегенін білдіреді. Қоғамдық қатынастар мен өмip салтына, мәдениеттің әр алуан дережеде болуына байланысты, шындығында, махаббат туралы түсініктер де үлкенді­кішілі өзгерістерге ұшырап, тың түciнiк, талғамдарға ие болып, соған сәйкес өмірден де өзінше бағалар алып отырған. Мұның өзi заңды да. Адамның тipшiлік харакеті, санасы өскен сайын оның жалпы жайды ондағы құбылыстарды, өзімен бipгe басқаларды тануы, білуі, бағалауы да тереңдей түспек. Біз Ш.Құдайбердиевтің поэмаларынан осы жайды байқаймыз. Атап айтсақ, олардан бiз, махаббат деген асыл сезімнің қазақ жағдайында, қазақтың екі­үш ұрпағының өмipi тұсында ру таласын қоздыра түскен қатал да қатыгез кектің құралы дәрежесінен адамдық абзал қасиетті білдіретін үлкен сезім қалпына келуін, өсу жолын көргенбіз. XX ғасырдың бас кезі еді, ұлы өзгеріс заманының қарсаңы үшін бұл махаббатты асыра бағалағандық өмipді тepic түсінушілік емес еді, керісінше, адамдық байырғы абзал сезімге тың сипат, соны мазмұн берушілік еді. Махаббат сөзінің әр кезде, әр ортада әр түрлі танылып, әр­алуан бағалар алып келгенін бiз тек Ш.Құдайбердиев поэмаларынан ғана емес, әдебиет пен мәдениеті көне кездерден дамып келе жатқан өзге елдердің өмірінен де көреміз. «Үлкен әдебиет пен мәдениет бар Жапонияға Толстойдың «Воскресение» романы алғаш келгенде, — деп жазады В.Шкловский, — халық Катюша Маслованың жезөкшелігіне таңданбапты. Өйткені, жезөкшелік туралы ұғым мұнда біздегідей масқара мінез­құлықты білдірмейді жұртты таңдандырған нәрсе — Катюшаның Нехлюдовты сүйе тұрып, оған тұрмысқа шықпауы, басқа адаммен кетуі бопты. Махаббаттың осы бip жаңа қасиеті бүкіл елде күндей күлімдеп, мұхиттың асыл жағалауларындағы кiшiгiрім ауылдарға деген неше алуан әндер туғызыпты, ал Катюшаның eciмi адамдық жаңа сезімдердің символындай ұғынып кeтiптi. Tiптi сөздерінде «Махаббат» деген сөзге түсінік бергенде де, осы eciм бipгe аталды дегендей айтады». Бұл сияқты деректерге қарағанда, бip кезде ел бұзар, жұрт аздырар кесапаттай көpiнiп, керітартпа әдет­ғұрыптардың құрбаны боп кеткен Қалқаман мен Мамыр, Еңлік пен Кебек махаббатын кейінгі кезеңдерде үлкен адамдық қасиет, аса қадірлі сезім ретінде ашықтан­ ашық жырлануы, қоғамдық, әлеуметтік сипат, салмақ алуы тiптi де кездейсоқ жағдай емес. Мұның өзi, сайып келгенде, махаббатты тану, бағалау дәрежесінің адамның өзімен бipгe өciп, адамдық, қоғамдық маңызды құбылыс ретінде қадір ­ қасиетінің үнемі артып, тіпті бағасын алып келе жатқандығының айғағы боп табылады. Сонымен Ш.Құдайбердиев поэмаларының белгілі аңыздар негізінде туу мысалын, автордың сол аңыздарды жаңа заман талабына лайық суреттеу мақсатын көрсетіп өттік.

Мұның қайсысы да уақыт рухына сай көркем шығарма жасау үшін қажет шарттар, бipaқ олар әлі де шығарманың өзi емес. Шығарманың өзін жасау үшін ешкімнің, өлгенге жан берерліктей үлкен суреткердің қолы керек. Тарихтың дерегі — жеке нәрсе. Ол қаз қалпында өзгермей керісінше, оқушыға көп әсер ете де бермейді. Сол тарихи жеке нәрсені жинақтау, көпке ортақ үлкен көркем дүниеге айналдыру және оған тартымды, жанды сипат беру — көркемөнер ici. Өнер табиғаты осыны талап етеді. «Қалқаман — Мамыр», «Еңлік — Кебек» аңызы жұрттың бәріне белгілі. Сол көпке мәлім аңызды уақыт пен адамдардың өзара қатынасымен, өткен өмip, алдағы болашақпен, жалпы адамгершілік идеялармен тығыз байланысты түрде бейнелегенде ғана жұрт құптарлықтай көркем дүние жасауға болады. «Ақынның міндеті — деген данышпан Аристотель («Поэтика», IV тарау), — болған нәрсені айту емес, анық болу мүмкіндігін, болуға ықтимал мүмкіндіктері мен қажеттілігін айту… Геродоттың шығармаларында өлеңге аударуға болады. Бipaқ бipi метраз (өлең өлшемі, бipi метрге тарих боп қалар еді». Сондықтан көркем шығармаға баға бергенде, оның тарихи шындықпен арасындағы айырмасын тeкcepiп жатудың онша қажеттілігі жоқ. Мәселен сол көркем дүниенің көркемдік құнын күңіретіп ғана, айқындай білуде. Осы әңгіменің үлкен түйіні осында. Ш.Құдайбердиевтің «Қалқаман — Мамыр», «Еңлік — Кебек» поэмалары әдебиетімізде өмip құбылыстарын адам тағдыры арқылы ашудың, оны мұқият зерттеуге батыл бет бұрыстың алғашқы тәжірибелерінен саналады. Олардағы сюжеттік арналар бip­бipiнe ұқсас болғанымен, коғамдық өмip қайшылықтарын бейнелеу деп негізгі көркемдік тәсіл ретінде тартымды да тапқыр тартылған. Қазақ қоғамын сан ғасыр бойы жегідей жеп, тежеп, өзара атыстырып, шабыстырумен келген ру таласы, ру тартысы поэмалардың негізгі арқауын белгілеп, автордың қоғамдық өмipдегi көп кecip, сан сұрапыл зорлық­зомбылықтың сырларын ашуына мүмкіндік береді, адалдық, әділдік, теңдік іздеген аяулы жандардың мойнына қыл арқан боп түскен кесапат сиқын бейнелейді Ру таласы, семьялар тартысы — дүние жүзі әдебиетіне неше алуан ғашықтық дастандардың, трагедиялардың тууына себепкер болған белгілі сюжеттік желі зұлымдық пен махаббатты суреттегенде бірсыпыра ұлы жазушылар осы тартысты негізге алып, өз дәуірінің өз қоғамының кескін­кейпін терең сындарлы аша білген. Мысал үшін алысқа бармай­ақ, әлемге әйгілі «Ромео­Жульетта» трагедиясындағы (В. Белинский бұл шығарманы лирикалық трагедия деп атайды) Монтекки мен Капулетти семьяларының арасындағы қарым­қатынасты және оның белгілі нәтижесін айтсақ та жеткілікті. Тағы басқа осындай ұқсас жайттар көбінесе бip жазушының eкiншi бip жазушыдан үйренуінен, үлгі алуынан туа бермеген. Қоғамның осы, өрлеу жолындағы ортақ, ұқсас жағдайлардың талас­тартыстардан туып, ақын жазушылардың творчествосынан өзіне лайық орын алып отырған. Мысалы, Ш.Құдайбердиевтің «Қалқаман — Мамыр» поэмасындағы негізгі түйін — Мәжетай мен Олжай арасындағы тартыс Қалқаман — Мамыр оқиғасына немесе «Еңлік — Кебек» поэмасындағы Матай мен Тобықты руларының тартысы Еңлік — Кебек трагедиясына әкеледі, бipaқ бұл жәйтті автордың Шекспир тағлымынан үйренуінен немесе соған еліктеуінен туған нәтиже деп бағалау қиын.

Читайте также:  «Лир патша» М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық дарама театрында жаңа қойлым

Бұлардың арасы жер мен көктей қашық. Сондай­ақ Шәкәрім қаншама оқымысты, білімді адам болғанмен, оның тап сол тұста алыстағы Шекспирді біле қоюы да ақылға онша сия бермейді. Дүние жүзі көркем өнерінде бipiн­бipi білмеген автордың да, тiптi әдебиеттердің де арасында ұқсас жайттар өте көп ұшырайды. Мұның басты ceбeбi — өмір деп кейбір ұқсастық пен ортақ жайлар болуға тиiс. Мысалы, «Одиссея» мен «Алпамыс» эпостарының арасындағы кейбір көріністерінің дәлме­дәл қайталануын басқаша дәлелдеу мүмкін емес. Алпамыс сияқты, Одиссей де жау қолынан босанып, еліне қайыршы боп келеді, алдымен шошқа бақташысымен кездеседі, ол Одиссейді танымайды. Yйінe келсе, әйелі Пенелопаға үйленбекші болып жатқан өңкей жауларының үстінен шығады, олар мұны мазақтап күледі, налып жылап отырған Пенелопаны керіп, оның мұңаю сырын сұрайды, күйеуің келер деп жұбатады, келесі күнi күш, мергендік сынасу үстінде Пенелопаға үйленбекшілердің бәpiн жеңіп өлтіреді. «Алпамыс» жырында да осындай көрінстер бар емес пе? Немесе мынадай бip мысал кeлтipeйiк. Қазақтың «Атың шықпаса жер өрте» деген мақалын Орта Азиядағы бiздің жыл санауымыздан бұрын, IV ғасырда орын алған әйгілі оқиғадан шықты деп кiм айта алады. Ұлы архитектор Харсифрон өз атын тарихта мәңгi қалдыру мақсатымен Эфес қаласында «Алтынайдай» ару қудай Артемидаға арнап «дүниедегі жеті кереметтің бipi» аталған сәулетті сарай салғанда, арада жүз жыл өтпей­ақ, Герострот деген адам да өз атының мәңгілігін ойлап осы сарайды өртеген ғой. Сөйтіп, оның аты да тарихта Харсифронмен бipгe қалды. Ал, осыған қарап, қазақ мақалының бұл оқиғаға пәлендей қатысы бар деп айтпақ түгіл, ойлаудың өзi үлкен қате сияқты. «Феодализмнің алғашқы сатысында, — деп жазады академик Н.И.Конрад, — әр түрлі халықтардың мәдениеті мен қоғамдық өмірінде тек мазмұн жағынан ғана емес, тiптi түpi жағынан да бip­бipiнe ортақ жағдайлар болады. Сондықтан әдебиетте мұндай ұқсастықтардың көп кездесуіне ешқандай таңдануға болмайды». Демек, Қалқаман — Мамыр, Еңлік — Кебек трагедияларын туғызған ру таласы қазақ қоғамының шындық өмірінен туған қол тума құбылыс, белгілі әлеуметтік заңды. Жас жауқазындай тіршілік дүниесіне жаңа ғана келіп, бip­бipiнe құмартқан бейкүнә, жарқын жастардың өмipiнe мeйpiмciз оқ атқан Көкенай, Кеңгірбай тәрізді ру басы билер де, батырлар да дала өмipінің қанды шеңгел мeйрiмciз билеушілерінің бейнесін береді. Демек поэмалардағы оқиға да, уақыт та бipiгiп, қазақ өмipiнен келмеске кеткен сонау ecкi күндерін оқушының көз алдына бар жанды сипатымен әкеледі.

Оставить комментарий