Шәкәрім еңбектерінде қaзақ тарихының зерттелуі

XIX ғасырда туып, бүкіл саналы өмipiн XX ғасырдың алғашқы үш он жылдығында жарқырата көрсеткен, артында келер ұрпаққа мол, жан­жақты рухани мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердіұлы өз уақытының ерекше құбылысы болды. Біздің бұл зерттеуіміздің тақырыбын «Шәкәpiм еңбектерінде қазақ тарихының зерттелуі деп алуымыздың өзi жай емес. Өйткені Шәкәрім Құдайбердіұлы да кез келген озық ойлы қайраткер, азамат сияқты тарихқа, тарихи оқиғалар мен тұлғаларға үлкен кең бөлген, өзіндік қалыптасқан тарихи зердесі болған тұлға екендігін ол қалдырған шығармалардан байқаймыз. Сонымен бipгe, Шәкәрім шығармаларын зерттеушілер оның тарихи еңбектерін жан­жақты зерттеуге әлі де толық ат салыса алмай отыр. Шәкәрімнің таза тарихи бірден­бір зерттеуі, ел білетін «Tүpiк, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» деген еңбегі. Кеңестік әзірге дейін ресми қазақ тарихының жүйеленіп жазылмауы, болмауы шындық. Сол сияқты кәсіби қазақ тарихшысы да болған жоқ. Егер бiз Шоқанның, Құрбанғали Халидтің қазақ тарихына қатысты еңбектерін зерделеп отырсақ, оларды тұңғыш қазақ тарихшылары десек, олардан кейін заңды түрде Шәкәрім қажыны айтуымыз керек. Ал, Шәкәрімнің бip артықшылығы, ол, қазақ тарихының белгілі бip кезеңдерін жүйелеп, ой елегінен өткізіп қазақ тарихын жазуға тырысуында. Ол қазаққа жүйелеп жазылған жазба тарихтың қажеттігін алғашқылардың бipi болып түсінген адам екендігін көреміз. Шәкәрім қажының бұл еңбегі шежіре деп дәстүрлі атаумен алғанымен, оның шежіре емес, қазақ тарихына арналған үлкен зерттеу екенін тиянақты танысқан адам түсінеді. Сонымен бipгe еңбекті бүгінгі күнгі ресми қазақ тарихы тұрғысынан қарасақ та үлкен алшақтықты көрмейсіз. Шәкәрім қажы әлі қалыптаспаған қазақ тарихының алдында тұрған үш мәселеге көңіл аударған. Олар: қазақтың халық болып қалыптасуы, қазақ хандығының құрылу тарихы және хандар генеологиясы. Бұл мәселелер өзінің актуальдылығын жоймаған әруақтар. Еңбекті жазу барысында Шәкәрім қажы ортағасырлық шығыс тарихшылары Махмұд Қашғаридың, Нәжиб Расымбектің. М.Х.Дулатидің Васифидің, Әбілғазы Бахадур ханның және кейінгі заманның битрлері Березиннің, Радловтың, Аристовтың еңбектерін кең пайдаланғаны және өзіндік ой елегінен өткізгені байқалып тұрады. Мәселен, Шәкәрім қажы өзінің Әбілғазы Бахадур ханның шежіресіндегі кейбір көне түркі кезеңінде жататын пікірлерімен келіспейтіндігін айтады. Зерттеушінің өз ойын осылай дәлелдей отыра, нық айтуы еңбекте үнемі кездеседі. Жалпы еңбектің ғылыми тілде жазылғанын да айту керек дейміз. Еңбектің өн бойында бірнеше жерде зерттеуінің тың пікірлері кездеседі. Мысалы, ол ертедегі түрікке христиан, будда, зордоилт діндері де белгілі болған дей отыра, «түріктердің өзі дін болды» дейді. Ол бiз білетін тендрлік діні. Сол сияқты «қалмақ» деген атаудың Монғолия жерінен Шыңғысханның наймандарды, керейлерді жалайырларды қуып шыққанда, солардан қалып қойғандарды айтқан және оларды түрік еді деп кeciп айтуы да көңіл аудартады. Сонымен бipгe еңбекті жазу барысында Шәкәрім қажы далалықтардың ауызекі тарихнамалық деректерін де орынды пайдаланған.

Читайте также:  СОЦИАЛИСТІК ИДЕАЛИЗМ

Мәселен, қазақ хандығының тууы қарсаңындағы Әбілхайыр хандығындағы саяси ахуалды біз бүгінгі ресми тарих арқылы білеміз. Ал Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайырға қарсы бас көтерулеріне әкелген себеп ретінде қарақыпшақ Қобыландының арғын Ақжол бида жекпе­жекте өлтіруі, олардың ханнан жазалауға Қобыландыны сұрауы, елдің бас батырын Әбілхайырдың бepмeyi, елдің осыдан кейінгі бүлкуі дерек ретінде нанымды келтірілген. Белгілі жазушы және тарихшы Қойшығара Салғарин осыларға сүйене отырып, Қобыландыны аңыздың тұлға емес, нақты XV ғасырда өмip сүрген қайраткер деп дәлелдеп шықты. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Tүpiк, қырғыз, қазақ, һәм хандар шeжipeci» еңбегінің екенін бөліп — дәстүрлі рулар шежіресі. Әрине, еңбектің бұл бөлігінде рулар генеологиясымен бipгe толып жатқан қызықты аңыз­әңгімелер де берілген. Шәкәрім Құдайбердіұлының қазақ тарихына қатысты тұлғалар келтірілген, оқиғалар сипатталатын туындыларының қатарына оның эпикалық шығармалары да жатады. Олар бiз білетін «Қалқаман—Мамыр», «Еңлік— Кебек» поэмалары. Әдебиеттану ғылымында көркем әдебиеттегі тарихилық мәселесін зерттеу отандық ғылымда қалыптасқан. Көркем шығармадағы кездесетін философиялық толғаныстар мен мәдени құндылықтар философия мен мәдениеттанудың да зерттеу обьектісіне айналды. Сондықтан да қазақтың сөз өнеріндегі тарихи негізге ғылыми мәселе ретінде тарих ғылымының да назар аударып отырғаны абзал. Шәкәрім қажының осы еңбектерін және жоғарыда айтылған шежіресін зерделеп отыра, олардың бүгінгі тарих ғылымының қызықты және терең зерттеуді қажет ететін тарихи география сияқты саласына мол дерек бере алатын шығармалар ретінде қарауға әбден тұрады. Мәселен, қазақ руларының шығыс өмipгe әр тарихи кезеңде келіп орналасуының мәселелері шежіреде де, эпикалық шығармаларында да айтылады. Мысалы, XVIII ғасырдың 80­шi жылдары Epтic өңipiнe, Шыңғыстауға келіп қоныс тепкен Тобықты руының сол ғасырдың басында Сыр бойын, Қаратау өңіpiн мекен қылып жүргені белгілі. Атақты қазақ биі Әнет бабаның, Әнет Кішікұлының Қаратауда жерленгенін де айтқан Шәкәрім қажы. Шәкәрім қажының «Қалқаман—Мамыр» атты белгілі поэмасында айтылатын оқиғаның болған жері Қаратау өңipi, Сыр бойы екендігін көруге болады. Поэма Орта жүзде Сәмекенің билік ету кезіндегі қазақ­қалмақ арасындағы шиеленісіп тарих беттерінен де мағлұмат береді. Мәселен: Ол кезде жерге талас қазақ, қалмақ Атысып, ауыл шауып, жылқыны алмақ. Бip соғыста қалмақты қазақ жеңіп, Тобықтының бәpi де тойға бармақ. Той қылған Орта жүзде Сәмеке хан, Жиылды той болған соң бірталай жан,—деп баяндайды. Ел тағдыры қатты толғандырған Шәкәрім тарих тағылымына, әлеуметтік қақтығыстарына, әділеттік пен әділетсіздік, озбырлық пен адамгершілікке үңіледі де, одан өз заманының адамдарына қызмет етер, қажетіне жарар қасиеттер табады. Шәкәpiм көлемді жырларында өзi жырлап отырған кезеңнің шынайы шындығын көрсетуге тырысады. Ол өзінің идеясын ақындық нысанасын алып шығу барысында тарихи әділеттік, нақты деректерді көркемдік деталь ретінде пайдаланып, шынайы оқиға жүйесінен ауытқымай оны тарихи жыр дәрежесіне жеткізген. Сол кездегі қоғамдық­саяси жағдай, заманның шындығын шерте отырып, тарихи тақырыптың бүгінгілік менің актуальдық маңызын басты назарда ұстаған.

Читайте также:  В Алматы родителям школьников рекомендовано не проводить выпускные вечера

XV ғасырдың ортасынан бастап Орта Азияға және Қазақстан жеріне ойраттардың шапқыншылығының басталғаны белгілі, ал оны кейіннен осылардың тікелей мұрагерлері жоңғарлар жалғастырды. Соның нәтижесінде Қазақстанның шығысы, оңтүстік­шығысының үлкен белін жоңғарлардың иеліктеріне айналды. Соған байланысты қазақ ру­тайпаларының географиялық орналасуында үлкен өзгерістер болды. Кейіннен Сарыарқаны мекен қылған көптеген рулардың XVII­XVIII ғасырларда басқа өңірлерде, оның ішінде Оңтүстік Қазақстанда да жүргенін көреміз, соның бipi тобықтылар. Шәкәрім қажы арғын руларының ел басына түскен ауыр кезеңде қоныс іздеп әр түрлі жерлерде болғанын жазады. Шәкәрім қажының осы өлең жолдарының ішінен сол кездегі қазақ қоғамындағы белгілі тұлғалар Қараменде және Кеңгірбай сияқты билерде Мамай сияқты батырларды көреміз. Ақын қазақ ру­тайпаларының оңтүстік, орталық және солтүстік­батыс Қазақстаннан шығысқа қарай жылжып, Epтic өңіpiнe қоныстануын жоңғарлардың қолынан осы жерлерді қазақ сарбаздарының босатуымен түсіндіреді. Шәкәpiм араб­парсы, түрік, татар, орыс тілдерін жетік меңгерген. Ол бірнеше тілді білгендіктен әлемдік тарих пен мәдениеттен де мол хабардар болған. Көптеген халықтардың ғасырлар бойы жинаған рухани мұраларына еркін бойлап, терең игере білген. Бұған мысал «Крез патша» шығармасы. Шәкәрім 24 шумақты осы шығармасы арқылы Лидия патшасы Крездің тарихи­тұлғалық мәнін ашады. Ал Лидияға қарсы соғыс жүргізген парсы патшасы Кирдің одақтастары ежелгі сақтар да Шәкәрімге белгілі болған. Қорыта айтқанда, аздаған зерттеулерден Шәкәрім Құдайбердіұлының өз заманында қазақ тарихының үлкен білгірі болғанын байқауға болады. Оның негізгі тарихи туындысы және әдеби шығармалары аса бағалы дерек көзі ретінде маңызын еш уақытта жоймақ емес.

Оставить комментарий