Шәкәрімнің философиялық лирикасы

Шәкәрімнің философиялық лирикасы ғылымда проблема ретінде қойылып, арнайы қарастырылған емес. Оның бірнеше себептері бар. Heгiзгi себеп, отандық әдебиеттану да, жалпы ұлттық мәдени шығармашылық пен ғылымдар контексінде (философия, филология, мәдениеттану, өнертану, теология, т.б.) алып қарасаңыз да, қазақ философиялық, лирикасын жанрлық түр ретінде арнайы зерттеген еңбекті кездестірмейсіз. Соның нәтижесінде, қазақ философиялық лирикасы — тамырын тереңнен тартатын ұлттық шығармашылықтың (сақ­ ғұн­түркі­қазақ,) негізгі өзегі ретінде орны айқындалмады. Әдебиеттануда арнайы мәселе ретінде қойылмады, философиялық лирика табиғатын айқындайтын ғылыми жүйе қалыптаспады, сондықтан жалпы көркемдік­эстетикалық діни­танымдық бірліктің бөлшегі ретінде әр кезде аталып өтiп, жалпылай қарастырылатын. Ал, отандық философия, мәдениеттану және теологияда да философиялық лирика ең алдымен ұлттық сөз өнеріндегі жанрлық жүйе екендігі назарға алынбай келеді, әркім қажетінше өз керегіне жаратып жүр. Қарастыратын ceбeбi, қажетіне жарататын себебін философиялық лирика ұлттық дүниетанымның өнер, дін, философия сияқты тарихи қалыптасқан типтеріне тән қасиеттерді бойына жиған ерекше жүйе, сөз өнерінің ерекше жанры, яғни метажанр. Философиялық лирика ұғымы ғылыми айналымда бар болса, ұлттық сөз өнерінде де жанрлық түр, көркемдік жүйе ретінде бар болғаны. Ескерте кететін жайт, қазақ философиялық лирикасы шашыранды түрде болса да басқа мәселелер контексінде отандық әдебиеттануда қарастырылып келе жатқандығын терістемейміз. Филология ғылымы аясында А.Байтұрсынов, Абай шығармашылығы аясында М. Әуезов, Шәкәрім шығармашылығы аясында айтар болсақ 3. Ахметов, Р.Бердібай, М. Базарбаев, Ш. Елеукенов, Ш.К,. Сәтбаева, М. Мырзахметұлы, Т. Шапай, F. Доскенов арнайы зерттемегенмен философиялық лириканың қазақ сөз өнерінде барлығына әр кезде жанама түрде болса да тоқталып, атап өткен. Соның біразына шолу ретінде тоқталып өткеннің peтi санаймыз: «…Абай өлеңге …тор түгін, тақтан орын берген». (1,218), «Абай көп нәрсені білген, білген нәрселерін жазғанда, «мынау халыққа түсінуге ауыр болар, мынаның сыпайышылыққа кемшілгі болар» деп, таяқтан тартынбаған. Хақиқдтты хақиқат қалыбында, тереңді терең қалпында жазған. Хақиқатты тануға, тереңнен сөйлеуге, бойына біткен зеректіктің үстіне, Абай әр түрлі Европа білім иелерінің кітаптарын оқыған. Тәржіма халін жазушы Әлихан Бөкейхановтың айтуына қарағанда, Абай Спенсер, Луис Днепер деген Европаның терең пікірлі адамдарының кітаптарын оқыған». (1,220), «Сөз өнepi адам санасының үш негізіне тіреледі: 1) ақылға, 2) қиялға 3) көңілге. Ақыл ici — аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғыну, тану, ақылға салып ойлау; қиял ici — меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттегі ойлау; көңіл ici — түю, талғау». (2,343); «өзіндік философиялық системасы, жекеше философиялық еңбектері болмаса да, Абайдың барлық мұрасын алғанда (лирикасы, поэмалары, қара сөздері көп шығармаларында көpiнiп отыратын анық ойшылдық көзқарастар, терең толғаулар болады. Бұлар мiнe, қатты ескеріліп, анықтап зерттеліп отыруға керек. Және осындай ойшылдық белгілерін жеке философиясы деп атамасақ та, ақынның даналық философиялық көзқарастары (философские взгляды) деген түрде, мейлінше түгел қамтып, тeкcepiп, талдай білуіміз керек». (3,171)’, «Шәкәрімнің лирикалық шығармаларының басты бip ерекшелігі ойшыл, философ болуына байланысты». (4,31), «Шәкәрім лирикасында сыршылдықтан ойшылдық басым, философиялық, сарын күш». (4,31), «Шәкәрім қазақ поэзиясында философиялық лириканың бұрын өpic алмаған жаңа түрлерін қалыптастырып, бұл салада үлкен жаңалық тапты». (4,32), «Шәкәрім лирикасының түрлік, мазмұндық сан­сала жаңалығын сөз ету арнаулы зерттеулер сыбағасы болмақ». (5,41), «Абай дәстүріндегі поэзияның биік мәдениетің, алғырлығың, философиялық түйін­толғанысқа деген қабілетінің молдығын байқаймыз».(6,53). «Қазақ ақынының «таза ақыл», «ақ жүрек» дейтіні жай бip қысыр кеңес емес, оның адамгершілік философиясынан тарайды». (7,68).

«Шәкәрім Құдайбердиев табиғат, қоғам, адам туралы көп толғаныс­ тебіреністер, философиялық тұжырымдар жасаған». (8,77). «Сопылық поэзиядағы осы ұғым (Хаққа ғашықтық туралы), Шәкәрімнің философиялық лирикасында шартты ұғым ретінде берілетін». (9), «Абайдың лирикалық Тұлғасы — ақынның дара болмысының дербес сана, бүтін дүниетанымынан белгілі жарылмаған бірегей­тұтас құбылыс. … Шәкәpiм тұлғалаған «мен»… Абай сомдаған тұлғаның рухани тұрғыдағы тікелей жалғасы болып келбет алды». (10,179). Философиялық лирикаға отандық ғылымда алғашқы анықтама «Әдебиеттану терминдер сөздігінде» берілді: «Философиялық лирика — лирикалық тақырыптық табиғатына, мазмұндық­идеялық тұрғыда жіктелуіне байланысты туған ұғым. Философиялық лирика термині әдебиеттануда жиі ұшырасатындығына қарамастан, ол туралы дәйекті, тиянақты байлам жоқ. Ғалам сыры, тipшілік құпиясы, жазмыш жұмбағы — адамзат тарихының қай кезеңінде болмасын, ақындар мен философтарды бірдей ой азабына салған мәселелер. …Tәңipi нанымы мен исламның тоғысынан туындап, өзгеше сыңайда кемелденген халықтық философия аңғарындағы терең ойлы шығармаларға мейлінше бай қазақ поэзиясында қaзipгi түciнiктeгi философиялық лирика Абайдың өнер намысынан басталады. Шығыс пен батыс философиясын көп зерделеген Шәкәрімнің философиялық лирикасы, Мағжанның осы бағыттағы өлеңдері төл поэзиямызда философиялық лирика жазу үрдісінің біржола орныққанын әйгіледі (11,367­369). Kөpiнic тапқан мол мысалдағы ой­тұжырымнан шығатын қорытынды, ұлттық сөз өнерінде, жалпы қазақ поэзиясында, Абай, Шәкәpiм поэзиясында философиялық лириканың барлығы, оның орныққаны. Шәкәрім поэзиясында философиялық лириканың барлығын Зәки Ахметов, Мекемтас Мырзахметұлы және Ғалым Доскеновтердің атап айтқанын жоғарыдағы мысалдар айғақтайды. Бұл пікірлердің барлығында құнды пайымдар бар, дегенмен, мәселенің басы ашық қалып отыр. Сонымен философиялық лирика дегеніміз не? Tiптi кейіннен, Шәкәpiм лирикасында философиялық терең толғаныс бар дегенді жалқаудан басқаның бәpi айтты. Мәселені басқаша қою керек сияқты. Ол, бар нәрсені танудың жолы. Философиялық лириканы толықанды танудың, кешегі талдаудың жолдары қандай? Философиялық лириканың көркемдік құрылымының ерекшелігі қандай? Лириканың басқа түрлерінен ерекшелендіріп тұратын қасиеті қандай? Мәселе, оны түстеп тануда болып отыр. Философиялық лириканың табиғатын танытатын, сипатын айқындайтын ерекше көркемдік­эстетикалық діни­танымдық мәдени­әлеуметтік элементтер, факторлар, негіздер, белгілер қандай? Miнe, соған мән бepiп, назар аударғанымыз жөн болар. Осы бағытта ойланып көрейік. Біздің ойымызша, осы мәселеде әдебиет пен өнер теориясы, дін мен мәдениет теориясы және философия теориясы ортақ методологиялық принциптерді айқындап, өзара «келісім­ шартқа» отыруы керек сияқты. Әйтпесе, Шәкәрім шығармашылығын зерттеуде Шәкәрiм бip­ бip талын ұстап» анығы осы деп жүр. Шәкәрім өнерді де, дінің де, философияны да бip­бipiнe қарсы қоймаған, терістемеген. Таза ақылмен тануға ұмтылған. Шәкәрімді шектеп, өзіне тарту, басқаны тepicтey үpдici қазір де бар. Шәкәpiм — данышпан, оны зерттеуде береке­бірлік жүйелі зерттеу методологиясы керек. Философиялық лирика жайында әңгіменің жалпылама ғана айтылуы, оның көркемдік, эстетикалық, танымдық, жанрлық табиғатын өмірлікте қарастыратын, талдау жасауға мүмкіндік беретін ұғымдық­терминологиялық жүйенің бүгінде қалыптаспағанын көpceтiп отыр. Философиялық көркем сөз өнерін, онда көpiнic тапқан ұлттық­адамзаттық құндылықтарды контексте жүйелі тануға мүмкіншілік бepeтiн ғылыми модельдің жоқтығы, Шәкәрімнің философиялық шығармашылығына бетпе­бет келгенде айқын көpiнic тапты.

Читайте также:  АЙҚЫНДАУДЫҢ КӨШПЕНДІЛЕР ПОЭТИКАСЫНДА АЛАТЫН ОРНЫ

Мәселен, жоғарыдағы «философиялық толғаныс бар», «ойшылдық басым», «философиялық сарын», «философиялық түйін мол», «халықтық философия аңғарындағы терең ойлы шығармалар» деген пайымдар, әрине, жанрдың табиғатына берілген баға, жақсы баға. Бipaқ осы талдап тануда философиялық лирика табиғат лирикасынан, немесе басқа да лириканың жанрлық түрінен күшті, артық деген баға жасырынып тұрса, бұндай позициядағы талдау философиялық жанр табиғатын тануға жол ашпайды. Бұндай тұжырым лириканың басқа жанрлық түрлері философиялық лирикадан көркемдак­эстетикалық жағынан әу бастан төмен деген сияқты ойға жетелейді де, оның табиғатын тану жолынан адастырып әкетеді. Лириканың барлық жанрлық түрлері, сөз өнерінің басқа да жанрлары көркемдік­эстетикалық қуаты күшті болса, жанрлық ерекшелігіне карамай­ ақ, ұлттық­адамзаттық құндылыққа айналмақ. Оған мысал көп. Абайдың, Гетенің табиғат лирикасы т.с.с. Өнердегі көркемді­ философиялық үрдісті көркемді шеберлік, поэтика аясында ғана қарастырмай, дүниетанымдық мәнде, көркемдік ойлау мәдениетінің, қуаты ретінде де қарастырған абзал. Философиялық лирика тақырыптық мазмұндық жағынан, лирикалық поэзияның азаматтық лирика, көңіл­күй лирикасы, саяси лирика, табиғат лирикасы, махаббат лирикасы, әлеуметтік лирика деген сияқты дараланған жанрлық түpi екені айқын. Оны лириканың басқа жанрлық түрлерінен «сыршылдықтан ойшылдығы басым, философиялық сарыны қуатты » болуы мен «ғалам сыры, тipшілік құпиясы, жазмыш жұмбағын» тануға ұмтылысы дараландырып тұр. Яғни, ойшылдық басқаша айтсақ танымдық acпeктici дараланған, поэзияда осы танымдық бейнеленіп берілген. Шәкәpiмнің осы бағыттағы өлеңдерін қай ғылым саласы қарастырмасын жанрлық табиғаты жағынан философиялық лирика деп тануы шындыққа жанасымды. Философиялық лирика — көркем философия мен сопылық поэзияның және өнер философиясын да обьектісі Діннің де, философияның да, басқаның да бастауында сөз өнepi (миф, т.б.) тұрғаны туралы ғылымда неше мәрте айтылған. Философиялық лирика көпқабатты (көркемдік, эстетикалық, танымдық, діни acпeктici астасқан) жанр. Және Шәкәрімнің философиялық лирикасы жанр болғанда — сыр сез, хикмет, трактатқа тән сенім мен танымның негізін бойына жиған барлықты(болмысты) көркемдік шындық арқылы бейнелеп келе жатқан және ұлттық­адамзаттық құндылықтар жүйесіне негізделген қазақ сөз өнеріндегі метажанр. Мұнда танымға сенім үндескен. «Өзіңді өзің таны» дейтін антропологиялық философияның концепциясы мен «өзіңді өзің танысаң Жаратушыңды да танисың» Мұхаммед (с.г.с.) пайғамбар хадисінің шынайылығы, Құран Кәрімнен бастау алар Ислам санасы, iзгілiк жолы Шәкәрім шығармашылығында ерекше көpiнic тапкан. Жаратушының барлығы және дүниенің тұтастығы мен антропологизм, адамның тұлға ретіндегі құндылығы ақын Шәкәpiмнiң философиялық лирикасында кең өpicкe шыққан. Шәкәpiм шығармаларында автобиографиялық; жад аса қуатты, онда өткен өмip тiзбeктeлiп айтылмайды, одан ақиқатқа бастайтын даналық ой қорытылады. Ақыны «Мұтылғанның өмipi» деген автобиографиялық көркем шығармасын Ғарифолла Ғалымның «Мұтылған» философиясы деп қарастыруы кездейсоқтық емес (12,117­121). Шәкәрімнің философиялық лирикасына иек артқанда, философ, мәдениеттанушы, теолог, филолог барлығы, оны ең алдымен қазақтың ұлттық мінезін, барлығын (болмысын) контексте танитын ұлттық сөз өнерінің үлкен жанры, ерекше метажанры деп қарастырғаны ләзім. Философиялық лирика, көркем философия, жалпы сөз өнepi —ұлттық дүниетанымның, қазақ философиясының бастауында тұрғаны жайында қазір де нақтылы айтыла бастады. Мәселен, Ғарифолла Eciм «…халықтық ұлттық дүниетанымның табиғи­тарихи арналары қайсы дегенде, мен бұл мәселені халықтың сөз өнеріне қатысты қарастырмақпын…» (13,7), немесе «Ұлттық. дүниетанымның бастауы қайда? Бұл тұста мынаны айтса жөн: қазақта эпос, жыр, ертегі, айтыс, аңыз, өлең тағы басқалары жетілген халықтық өнер жүйесі бар». (13,8), немесе «Осының бәрінен ұлттық ойлау, дүниетанымы көpiнic береді. Соларды философияның объектісi eтiп жиынтықтап, саралай зерттей бастағанда, қазақ философиясына тән, қазақша ойлау үлгiciн сипаттайтын ұғымдаp айқындала бастайды». (13,9), — дейді.

Сол, қазақша ойлау үлгісін сипаттайтын ұғымдар, философиялық лириканың, Шәкәрімнің философиялық лирикасының табиғатын айқындайтын көркемдік­танымдық негізгі факторлар болып отыр. Оның ұлттық мәйегі аса қуатты. Шәкәрімнің философиялық лирикасындағы, жалпы көркем философиясындағы көркемдік­танымдық діни­теологиялық ұғымдар, Ахмет Байтұрсыновтың қазақ ұлттық мәдениетіне, өнер философиясына ренессанстық құбылыс болып келген ұғым­категорияларындай болашақта ықпал eтepi анық деп танимыз. Мәселен, Шәкәрімнің философиялық лирикасында танымның құрылымы, көп аспектілігі, гнесологияның, антропологиялық философияның категориялары, мәдениет категориялары— ұлттық ойлау үлгісінде бейнелетіп, қозғалыста, қарым­қатынаста берілген. Сондықтан олардың табиғаты ашыла түскен. Мәселен, ақиқат, адам, жан, тән, барлық (болмыс), анық ақыл, жүрек, көңіл, ынсап, сыр, нәпci тағы басқа ұғымдар жүздеген рет қайталанып келіп, түрлі контексте беріледі Теологиялық немесе сопылық поэзия категориялардың молдығы, олардың философиялық лирикадағы орнының ерекше екені көрсетеді Шәкәрімнің философиялық лирикасының жанрлық табиғатын ашатын тағы бip фактор, осы категориялардың поэзиялық «сюжетке» объекті болуында, және көбіне көп қарсылықты беруімен ерекшеленеді дүние мен өмір, анық пен танық, махаббат пен құмарлық, ашу мен ынсап, талап пен ақыл, жан мен тән, рух пен нәпсі, мақтау міндеу мен күндеу, қараңғы мен жарық, т.с.с. Сонымен, философиялық лирика танымдық пәні жағынан философияға жақын. Философияның пәні категория болса, соның табиғатын тану, сол арқылы дүниені, адамды тануға ұмтылса, философиялық лирика осы пәнді бейнелеп береді көркемдік жолмен таниды. Яғни, көркем философияға жол ашады. Алайда көп жылдар ұлттық мәдениетте «ақтаңдақтардың» болуы, кеңестік идеологияның зерттелуіне кepi әсерін тигізді. Бip қызығы, осы кезеңде eciп шыққан, уызға жарымаған, мәйектен ажыраған «мәнгүрт­маригиналдар» қазірде ұлт мәдениетін желе зерттеп, елдің алдына түcтi. Былық көбейді бұл да дерт. Дегенмен, ұлт мәдениетінің барлығы(болмысы) ұлттық дүниетаным мен философияға өз жолын анық ұлттық танымдағы философтардың ұлттық ойлау үлгіні сөз өнерінен тілеуі тегін емес. Бұл соншалықты үлкен жаңалық та емес, тарихта оған мысал көп. Философ В.Ф.Асмус бұл мәселе туралы былай дейді «Платон излагал свои философские и научные идеи в литературных произведениях. …греческие философы и ученые постоянно излагали свои воззрения в стихах» (14,6). Классикалық шығыс поэзиясы мен фалсафа, сопылық поэзия мен философия үлкен жолда талай «диалог», яғни сұхбат көрген. Алайда ұлттық әдеби туындыны қазір де әркім қажетінше өз кepeгiнe жаратып жүргенімен, оның тегінен жүру сияқты үрдіс те кейде қылаң бepiп қалады. «Бетсыңарғы білім мен тамыры келте танымның тici батпайтын Шәкәрім бабамыздың сыр сөздері — әдеби туынды ретінде ғана қарастыруды қанағат қылмайтын рухани мұра» (15, 309), — деген пiкip. Жалпы алғанда, А.Маралбектің мақаласы терең танымды, соны мақала екенін атап өткiмiз келеді тек, әдеби туынды деген ұғымға қатысты ойына пiкip айтпақпыз. Шәкәpiмнiң сыр сөздері (яғни өлeңдepi, поэзиялық шығармалары) рухани мұра екені рас. Алайда тегіне қарасақ, Шәкәрімнің философиялық лирикасы нағыз әдеби туынды, және көркемдік­эстетикалық діни­танымдық стилімен ерекшеленетін поэзия жанры екені тағы рас.

Читайте также:  САЛАХ МААТАНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІРБАЯНЫ

Сөз өнepi — қазақтың көрнек өнepi ғана емес, танымдық ойы мың басында тұрған рухани мұра. Шәкәрім өлеңдеріне ең алдымен әдеби туынды деп қараймыз. Ақынды ақын дейміз, өлеңін өлең дейміз. Ал оның қуаты адамзатқа рухани азық. Ғылымға жол. Поэзияның жанры, философиялық лирикада «Алланың өзi де рас, cөзi де рас» деп келетін абсалютті ақиқат туралы ceнiм де бар. «Шала дін мен қате мәннің соңынан ерме, шынға ер» деп келетін таным да бар. Біздің философиялық лириканы метажанр дейтініміз сондықтан. Енді, сол философиялық лириканың бipeyiнe тоқтай кетейік. Біздің пайымдауымызша, Шәкәрімнің кемел жайында жазған «Ойлаңыз, ақыл, білім қайда болмақ…» (16) не ген өлең философиялық лирикаға жатады. Шығармада 1 құнның тұтас поэзиясындағы поэтикалық контексте қайталанып келетін күретамыр тақырыбы — дүниетанымдық концепциясы көpiнic тапқан. Шәкәрімнің қазақ философиялық лирикасын мол білікке көтергенін байқататын өлең. Дейтін мән, әр өнер жанрының табиғатын айқындайтын I көркемдік­эстетикалық ерекшелік, стилі болады деді. Оны ескермеске болмайды. Өлеңнің Аристотельдің «Метафизикасы» сияқты еңбек танып, талдап кету сәті болар ма екен? Өйткені философиялық лириканың ең алдымен көркем шығарма екені естен шығармауымыз қажет. Ақын өлеңіне «Анық пен танық» деп тақырып қояды. Анық — Шәкәрімнің қазақ философиясына енгізген концепт категориясы. Ұғымды кең қарастырайық. Шәкәрім осы ұғымды алып өлең ғана жазбаған, ғылыми еңбек те жазған. Оған «Үш анық» философиялық трактаты дәлел. Онда философ Шәкәрім туралы айтсақ: «дүниенің Жаратушының жаратқандығы» — анық «адамның барлық рухани қасиеттері жаннан шығатыны, жанның ажалсыздығы, аса маңыздылығы» — анық, «адам жанының азаты, ұждан» — анық деген тұжырымдама жасаған. Бұл — философиялық трактат, яғни ғылыми еңбегіндегі тұжырым. Ғалым Б.Рақымжанов алғашқы боп өз зерттеуінде «бipiнші, екінші және үшінші анық деген жоқ, үш анық бар деп» осылай жүйеледі (17). Ал, Шәкәрімнің осы, басқа да категорияу ұғымдарды көркем шығармада алудағы мақсаты не? Мың жылдық тарихы бар сопылық поэзияның оқырманға (тыңдаушыға) ықпалын білетін суреткер танымдық ойын жеткізуге осы дәстүрдің жетекшілік атқаратынын білген. Лирикалық шығармасында Анықтың жанына Танық ұғымын қояды. Танық — көркем шығармадағы нeгiзгi ұғым­бейне Анықтың табиғатын ашу үшін қажет. «Есінен тану», «айтқанынан тану» деген ұғымдар бар, соған жақын алынған Танық ұғымы адамның бойындағы жағымсыз қасиеттердің жиынтық атауы — философиялық макрокатегория. Бұл жағдайда Анық пен Танық шендестіріле берілген метафоралық символ. Көркем шығармадағы философиялық таным. Мағжанның махаббат лирикасындағы «…нәзік талдай беліңнен, …тәтті балдай тіліңнен» (18, 83) дегендей әсем теңелмейді. Бұл махаббат лирикасының көркемдік­ эстетикалық қуаты. Бұл әлсіздік емес, махаббат лирикасының даралығы. Ал, философиялық лирикада Анык дегеніміз не? Соның мәнін структурасы талданып, бейнеленеді. Концепт ұғымның теңелмей шендестіріле бepілyi философиялық лириканың көркемдік­эстетикалық табиғатының көpiнici лирикада ұғым­бейненің категориялық біріктіру тәсілі. Философиялық лириканың өзегінде негізгі ұғымға қарама­қарсы ұғым берілу тән дедік, сол лирикалық сюжет құратын «оппозициялық» категория арқылы автор өз концепциясын, бірігуі ұғымның «көркемдік­танымдық» бейнесін ашуға ұмтылады. Кейде «тану» ұғымына етістіктің лексика­ грамматикалық категорияларының (­ма, ­ме, ­ба, ­бе, ­па, ­пе) қосымшасы қосылу арқылы болымдылық мәнге қарама­қайшы етicтiктiң болымсыздық (болымды­болымсыздық) категориясын жасайды да, мағына өзгереді. Жағымдылық реңк алады. Мәселен, «Танбаймын шәкіртімін Толстойдын» дегендегі танбау, «Танық» ұғымына қарама­қарсы келіп, «полярлы» мағынаға ие. Бұл философиялық лириканың грамматикалық аспектісіндегі көріністер. Шәкәpiмнiң философиялық лирикасындағы танымдық ұғымдар, «ойын­күлкі, «ғашықтық­ құмарлық», «ақыл­жүрек­қайрат» сияқты ұғымдарды жаңа сапаға көтерген Абай дәстүрінің epeжелі жалғасы. Философиялық лирикаға тән шығарма тақырыбында берілген автордың көз қарасы өлеңнің алғашқы шумағында айқын көрінген: «Ойлаңыз, ақыл, білім қайда болмақ, Денеде қандай орын, жайда болмақ? Білу, нану, ұнату — ақыл ici, Қайтсе зиян, қайткенде пайда болмақ?». өлеңнің алғашқы шумағындағы екi тармақ eкi сұрақ­сауал түрінде берілген.

Сұрақ­сауалдың мазмұны — ақыл, білмнің орны қайда, сол ақылдың ici қайтсе пайда, қайткенде зиян. Субстанциалды мазмұнға ие негізгі ұғымның мәнiн айқындауды басты мақсат екен философиялық өлең осындай ой­толғаммен басталады. Лирикалық кейіпкер, авторлық «Мен» шегініс жасап, бейтарап күйде қалған. Биографиялық сигналдарды ангор сапалы түрде алып тастаған. Ал, автордың концепциясы — осындай концепт ұғымдарды бipiктipe, рационалды айқындылықпен негізгі идея­ұғымға қарай ой желісінің жылжуынан байқалады. Келесі шумақтар ширап, ақын өзi магистралды арнаға қарай жылжып отырады. Екінші шумақтың өз мотивациясы бар: «Тән — сөзің құлақ — естiп, көзбен көрмек, Мұрын — иіс, тіл — дәмнен хабар бермек. Бесеуінен мидағы ой хабар алып, Жақсы, жаман әр icтi сол тексермек». Философиялық лирикада лирикалық кейіпкер мейлінше жасырыған. Философиялық лирикада автор ойының қозғалысы бәрінен «ұғым­бейненің» мәніне бағытталған. Субъектінің санасы дараланған, бipaқ национальды­психологиялық нақтылықта көpiнic таппайды. Ол өлеңінің синтаксистік конструкциясынан да байқалады. Сыртқы қалып пен iшкі мазмұнның гармониясы өлең мақсатын тануға жол ашқан. Мақсатты келер тақты құрылым (болмақ көрмек, тексермек, қозғалмақ, оңбақ, асылмақ, сатылмақ, атылмақ т.б.) лирикалық, тұлғаның мақсатынан хабар бepіп, адресатты айқындауға да қызмет етіп тұр. Лирикалық кейіпкер лирикалық тұлға деңгейіне көтерілген. Философиялық лирикада автор оқырманды сол ұғымдардың мәнiнe, адам денесінің бес ceзiмi арқылы білінген нәрсенің қайда барарына бағыттайды. Ақын Шәкәрімнің бейнелік ойы, философ Шәкәрімнің танымдық ойымен үндесетін, өзiнiң философиялық трактатындағы Анықтың мәніне, антропологиялық философия мәселесіне сәйкес келетін cәтi осы. Шәкәрім «Yш анық» философиялық трактатында: «Енді бip кесел; 1797 жылы туып, 1857 жылы өлген Огюст Конт деген адам: Физика жолымен анықталмаған, метафизика білем деп әуре болмайын. Дене сезімімен барлығы табылған нәрсені ғана шын деп білейін деген бip жол шығарып, оған «позивитивизм» деп ат қойған. Соған нанып қалып, сол жолға түciп, дененің бес сезімі арқылы білінбеген нәрсені бір жола жок деп қоятын болған. Сөйтіп жанның ең қасиеті — терең ой, ноқтадан сау ақылын арқандап қойып, жанын тани алмай қалған» (19), — деген. Яғни, бесеуінен мидағы ой хабар алып, жақсы, жаман екенін ақылға салып тексермек, билік жүректен шығарылмақ. Маңызды мәселелерді поэтикалық ойтолғаныстан өткізу Шәкәрімнің философиялық лирикасының стиль Ақылға салмай, ықтималмен, өлшеуге алмай, Нәпciнің ұнатқанымен жүргендігің қайда ұрындырарын Шәкәpiм өлеңде дәл бейнелеп берген: «Нысананы сығалап, дәлдеп атпай, көзін жұмып оқытқан қайбірі оңбақ». Философияда «Адам ақиқатты басқа оймен көрмейді, жүрек көзімен көреді» дейтін Шәкәрім ақылға салып, жүрекке өлшетпеген күйдің байлаусыздығын олеңінде көркемдік­эстетикалық таныммен ашады. Ақын ақылдан ойға, ойдан жүрекке ойысады. Ғылымда негізгі салмақ ақылға түссе, поэзияның нeгiзгi тipeгi жүрек болмақ. Ой талғамнан шешім шығармақ сәттегі ар мен ұяттың ұясы жүректің мәніне Шәкәрім үш мәрте тоқталады: «Дәл солай қалайын деп, ұнағанда, Әділетті жүрегің бip қозғалмақ», «Бар білік сол жүректен шығарылмақ», «Жүрегіңнің тілі жоқ, ымбалы сол, Ұғып ал да бола гөр соған көмек». Шәкәрім өлеңінің мәйек­ядросы жүрек болып, негізгі ой соған бағытталған. Абай «Он төртінші қара сөзінде» жүрекке қаратып: «Tipi адамның жүректен аяулы жеpi бар ма? … Рақымдылық, мейірбандылық, әр түрлі icтe адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар — жүрек ici. Асықтық та — жүректің ici. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады» (20) деген. Ал, он жетінші қара сөзінде де қайрат, ақыл, жүрек үшеуінің өнерлерін айтысып, таласып келгенде, ғылым «Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпында таза сақта, Құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы» (20), — дейді. Бұл философиялық трактаттағы тұжырым. Ислам дінінде, Құран Кәрімде жүрек — негізгі тipeк. Шәкәрімнің философиялық лирикасында да жүрек — негізгі макрокатегория. Шәкәрімнің ақиқатқа жетуге, хақиқатты тануға бағытталған философиялық трактат­еңбектері деп ой танымы, философиялық лирикасында бейнелік жолмен дами жалғасын тауып, үндесіп жатады: «Жасырып түр Жар өзiн, Бас көзімен қарама, Жүрегіңнің кезін аш, Жанның сырын арала», т.б., т.с.с. Абай қалыптастырған философиялық лириканың дәстүрін Шәкәрім дамыта жалғастырды дегенде, осы тақырыпта жазған шығармаларының мазмұндық сыры мен шыншылдық тұрпатынан да реминиценциялық өзгеше үндестік табамыз. Мәселен, «Ел бұзылса, құрады шайтан өрмек, Періште төменшіктеп, қайғы жемек» (21, Абай), «Арсыз, арам, асығыс, айлакерлік, Мұның бәpi шайтанның досы болмақ» (Шәкәрім). Осы өлеңде де Ар iлiмi, адал рухани таза жолмен жүрмеген пендені не күтіп тұрғаны соңғы түйін­сентенция шумақта шешімін табады. Абайда «Иттей қор боп, өзіне сөз келтірмек» болса, Шәкәрімдегі үкiм одан да қатал: «Құдай кешер, алла деп күнә қылмақ ар кeтipiп, ант iшiп, жан сатылмақ, Не жалғанда, немесе ақіретте, Оңалмастай өкпеден бip атылмақ». Лирикада қандай да бip сюжет болмайды дегенмен, философиялық лирикадағы берілген ұғым­категория өзегінде мазмұн бар. Философиялық лириканың өз «сюжеті» бар дейтініміз сондықтан. Философиялық лирикада категориялық ұғымның мәні анықтамалық жолмен берімегенінің бейнелік жолмен ашылады. Шәкәрімнің философиялық лирикасы тұтас көркемдік­эстетикалық діни­теологиялық әлеуметтік­тарихи құбылыс. Осы өлеңде суреткердің адамгершілік позициясы, әр iлімі көpiнic тапқан. Ақынның толғаныс пен ізденіс, қиялының поэтикалық қорытындысы дүниетанымдық мәнде, көркемдік ойлау — мәдениетінің қуаты. Сәттік толғаныстың жемісі емес, жүйелі көркемдік­эстетикалық танымның жемісі Шәкәрімнің философиялық лирикасы ұлттық рухқа ие. Қазақ ұлттық философиясының концептсферасы. Пәні — философиялық антропология. Шәкәрім философиялық ойын сөз өнepi формасымен берген. Философиялық лирика философияға пәни тану жағынан жақын келеді Жеке адам емес, әркімге, кез келгенге айтылатын ұғымды таныту, оның адамдық сапасы, адамзат мәселесі. Философиялық лирикада субъектінің санасы мәтінге сіңіп кеткен, кейіпкер ретінде (болыс,т.б.) объектіленбеген. Барша адамзатқа қаратылып айтылған. Философиялық лирикада анықталмақ концепт ұғымның мәні, дефинициясын айқындауда қарама­қарсылық гармония мен дисгармония маңызды рөл атқарады, онда уақыт — мәңгілік, кеңістік—шексіз. Шәкәрімнің философиялық лирикасының негізгі идеясы — адамдық сапасы, әр түрлі деген ойдамыз. Осы барлаушы­болжам оймен философиялық лирика туралы пiкip­талпынысымызды жеткізуге тырыстық.

Читайте также:  Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетикалық ынтымақтастық

Оставить комментарий