Шәкәрімтану тарихынан

Қасым Бейсембиев қазақ халқының революциядан бұрынғы қоғамдық ой­пiкipiн зерттеуде белсенді қызмет eтiп жүрген ғалым. Оның XIX ғасырдың екінші жартысындағы демократтық ағартушылық бағыттағы мәдениет қайраткерлерінің (Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев) қоғамдық, көз қарастары туралы көлемді зерттеуі кезінде ұнамды бағаланғаны мәлім. Таяуда ғана, Қ.Бейсембиев жолдастың «XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде Қазақстандағы идеялық­саяси бағыттар» атты жаңа кітабы жарық көрді. Бұл кiтaптa Октябрь революциясы алдындағы Қазақстандағы қоғамдық ой­пікірлер және әр түрлі идеялық ағымдар жайы сөз болды. Сондықтан да бұл Бейсембиевтің алдыңғы зерттеуінің заңды жалғасы болып табылады. Ең алдымен құптарлық нәрсе — автордың белгілі бip тақырыпты тұтас таңдап, біртіндеп игеруге жасаған талабы болса, eкiншi жағынан, ол осы тақырыпқа қатысы бар аса бай материалдар оқып, зерттегені. Бейсембиев жолдас сол дәуірдегі қоғамдық ой­пікірлер мен идеялық ағымдарға негіз болған әлеуметтік қарым­қатынастар жайына толық тоқтайды. Кітаптың алғашқы бөлімін ол тұтастай Қазақстанның Россияға қосылуымен байланысты қазақ пікірінде, оның экономикасында болған өзгерістер жайын көрсетуге арнайды. Капиталистік қарым­қатынастардың өcyi, қазақ аулындағы таптық жіктің айқындалуы, отаршылдықтың еңбекшіл халықтың eкi жақты қанау астындағы өмip кітабы, негізінен, дұрыс және ұстамды баяндалды. Патша үкіметінің кертартпа отаршылдық саясатына қарамастан, Қазақстанның Россияға қосылуы қазақ халқы үшін прoгpecтi оқиға болды. Мұны Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев тер1эдо алдыңғы қатарлы ой­пікірдің иелері дұрыс түсіне біледі. Олар патша үкіметінің ар жағында орыс халқы, оның прогресшіл мәдениет, озат қоғамдық ой­пікірлер тұрғанын байқап, екі халықты осы негізде жақындастырудың жаршылары кызметін атқарды. Бұл аталған адамдардың ұлы еңбегі еді. Алайда қазақ мәдениеті екендердің бәpi бірдей кезінде Қазақстанның Россияға қосылуының пpoгpecтiк маңызын дұрыс түсіне қойған жоқ. Ғасырлар бойы феодалдық оқшаулықта өмip cүpiп, ауыртпалық жайлаған елдің тұрмысы көптеген ақын, жазушылардың бұл тарихи құбылыстың заңдылығын түciнyiнe бөгет жасады. Сол себептен олар капиталистті қарым­қатынастың қазақ ауылының өмipiнe кipiп, бұрынғы феодалдық шаруашылықты ыдырата бастауын шошына қарсы алды. Мұның өзi әдебиетте (сол сияқты қоғамдық ой­пікірде) белгілі бip кертартпа ағым туғызды. Бұл ағымның басты өкілдері Шортанбай, Дулат, Мұрат, Әбубәкір Кердері, т.б. болды. Бейсембиев жолдас бiз рецензиялап отырған кітабында осы кертартпа ағымның тууы себептерін дұрыс түсіндіре келіп, олардың көзқарасына жеке­жеке тоқтайды. Демократтық әдебиет пен кертартпа феодалдық әдеби ағымның арасындағы белгілі мәселелер жеңілдеп қарама­қайшылықтарды ашып көрсетеді Дулат, Шортанбай кезінде қазақтың феодалдық тіршілігіне капиталисттік қарым­ қатынастың бұза­жара кipiп, жасаған өзгерістерін объектива түрде дұрыс суреттегенмен, көзқарасы жағынан ecкiліктi аңсаған ақындар болғанын зерттеуші орынды атап өтеді. Шынында да, байлар мен ел билеуші топтар психологиясындағы ұнамсыз өзгерістер, ауылдағы таптық жіктің күшейіп, дін адамдарының озбырлық әpeкeттepi Дулат, Шортанбай шығармаларында шыншылдықпен суреттеліп, қатты сыналады. Бipaқ олар бұл құбылыстардың негізгі ceбeбiн заманның бұзылуынан деп түciндipeдi. Қазақтың хандық дәуipiн аңсап, ескішілікке берілді. Шортанбай ескішілік қайта оралмайтынын сезген соң, жақсылықты ол дүниеден ғана іздеді, мистицизмге ал, Мұрат шығармалары, негізінен, қоныс аудару идеясынан тұрады. Зерттеуші Мұраттың ел басшыларына айтқан кейбір сындарының нeгiзi де феодалдық; кертартпалыққа байланысты екенін ашады.

Читайте также:  ҚАЗІРГІ ПОСТМОДЕРНИСТІК ПОЭЗИЯ

Осы аталған ақындар творчествосының XIX ғасырдың соңғы кезіндегі әдебиетте діни­мистикалық ағым туғызғаны сөз болды. XX ғасырдың бас кезіндегі қоғамдық өмірдегі eкi түрлі көзқарастардың негізін талдай отырып, Бейсембиев жолдас демократтық әдебиеттің екендері Сұлтанмахмұт Торайғыровтың, Мұхамеджан Сералиннің, Спандияр Көбеевтің, Сәбит Дөнентаевтың eciмiмeн байланысты ой­пікірлер барын атап өтеді. Аз айтса да, ол, әcipece, Сұлтанмахмұтқа әділ баға береді «Торайғыров материалистік көзқараста болды», «таптық күpecтi мойындады», «ғылыми социализм идеясымен таныс болды» деген тәрізді қорытындылар жасайды. Және мұның бәpiн ақынның еңбектерімен дәлелдейді. Нeгiзiнeн заңды және объективтілікпен жасалған бұл қорытындының ерекше маңызы бар. Өйткені Сұлтанмахмұттың көзқарасы мен әлеуметтік қызметінде жіберген қателіктері негізінде әpкiм әp түрлі жорамалдар айтатын, оны ұлтшылдыққа, ұсақ буржуазиялы идеологияға қарай итермелеушілік сарыны болатын еді. Сұлтанмахмұтты тануда Бейсембиев жолдастың бұл пікірлері еді ой екені даусыз. Кітаптың тұтас бip бөлімі қазақтың оқыған буржуазияшыл ұлтшыл интeллигeнттepiнiң ұйымы. Алашордаға және оның қоғамдық­идеялық саясатын ашуға арналады. XX ғасырдың бас кезіндегі баспасөзде көрінген eкi бағытты — «Айқап» журналы мен «Қазақ» газета арасындағы күpecтi, оның идеялық негізін тануға автор жетаалжта көңіл бөледі. Отырықшылдық, оқу­мәдениет мәселелері шаруашылықты игеру әдістері жайындағы екі баспа орны ұстанған eкi түрлі көзқарастарды салыстыра отырып Бейсембиев «Айқап» журналының революция алдындағы қоғамдық oй­пiкipді дамытуда тарихи қызмет атқарғанын атап көсетеді, ұлтшылдардың кертартпалық көзқарастарын әшкерелейді Автор «Алашорда» партиясының ұстаған жолымен жүргізген саясатын eкi дәуірге бөліп қарайды. Дәуірде, — дейді ол, — қазақ ұлтшылдары, ұлттық қозғалыстың басында болу ниетімен патша үкіметтерінің үлгі саясатына келіспеуі, белгілі дәрежеде оған наразылық көpceттi, жасқаншақтықпен болса да, кейбір бостандықтар бepyiн (сөз, баспасөз бостандығы) талап eттi. Екінші дәуірде ұлтшылдар буржуазиялық уақытша үкіметтің құрылуын құттықтады. Бұл үкіметтің icкe асырмақ шараларының өздерінің арман­мүддесін көрді. Сондықтан олардың саясатын барынша қолдап бақты. Сонымен бipгe олар жұмысшылар мен солдат депутаттарының Советтерін мойындамады. Tiптi оларды елегісі келмеді. Буржуазиялық үкіметі қолдай отырып, қазақ ұлтшылдары февраль революциясының жеңісінен кейін қоғамдық прогреске қарсы тұрған нағыз кертартпа қоғамдық күшке айналады. Олардың Октябрь Социалист революциясын асқан жаулықпен қарсы алғаны тегін емес. Сондықтан қазақ ұлтшылдары қызметінің eкiнші дәуірдің анық реакциялық сипатта болды. (249­бет). Сөйтіп бұл тарауда қазақтың қоғамдық ой­пiкipiндe болған кертартпа­буржуазиялық ағымның сыры ашылады. Бұл аталғандар — Бейсембиев кітабының ұнамды жақтары. Осымен бipгe бұл зерттеуде елеулі кемшіліктер барлығы байқалады. Ең алдымен, зерттеуші халық тарихында әлдеқашан ұмыт болған қайдағы бip діни молдалар мен кертартпа ақынсымақтардың кітаптарын жинап әкеліп, содан халықтың белгілі бip дәуірдегі қоғамдық ой­пікірдің тарихын жасауға құмарлығын аңғартады. Қазан, Уфа баспаларындағы діни адамдарды сағалап, өздepiнiң бастырған молдалардың «еңбектері» мен діни хиссаларын «зерттеу» арқылы Бейсембиев жолдас Қазақстанда лерикалдық діни, реакциялық бағыттағы ой­пікірлердің аса мол болғанын атап көpceткici келеді. Tiптi ол «Қазақстандағы қоғамдық ой­пікірдің тарихында Мұхамед Салим Кашимовтың, Юсуп Кепеевтің, Әубәкірдің, Ақылбек бен Сабалдың, Кашаруд Дин Бин Шахмарданның, Шәкәрімнің, тағы басқа көптеген авторлар кітаптарының өз орны бар» деп жазды (74­бет). Кітаптың 138­бетінде бұл автор тiптi атын ешкім білмейтін қайдағы бip діни адамдардың «шығармаларымен» толықтыра түседі. Олар — «Хиқаят Жағфар (Макашев), «Дүние үшін ғибрат нама», «Ахуал хиямат» (Батырғалиев), «Ғибрат өлең» (Иманбаев) тәpiзді кітаптар. Рас, Шәкәрім мен Мэшһүр Жүсіп eciмдepi де, шығармалары да халық арасына тараған және олардың көзқарасын танытатыны даусыз. Мәшһүр Жүсіптің еңбектерінен туатын ой­ пікірлерді талдау үстінде автор мұны орынды көрсетеді. Негізінен, оның Мәшһүр Жүсіпке берген бағасына да қосылуға болады.

Читайте также:  Демократиялық қоғамдарда адамдардың сезімдері

Ал, Қашар­уд­Дин бин Шахмардан, Мұхамед Салим Кашимов, Батырғалиев, Мақашев, Жаныбеков, Иманбаев дегендер кімдер? Қазақ халқының қоғамдық ой­пікірдің қай тарихында олардың аттары аталып, «шығармалары» сөз болады? Діни баспалармен байланысын пайдаланып, әр түрлі кітаптар бастырған қожа­молдалар қай елдің тарихында жоқ? Солардың қайсылары осындай «мұраларын» жинап, содан халықтың ой­пiкipiн іздеп жүр. Олардың көпшілігі сол кездің өзінде­ақ ұмытылып, халық тарихынан көріністі орын ала алмаған. Tiптi олардың кітаптары түгіл, есімдерінің өзi халық жадында сақталмаған. Сондықтан олардың әлдеқашан ұмыт болған кітапсымақтарын қайта көтеріп, одан халықтың белгілі бip дәуірдегі қоғамдық ой­пікірлерінің тарихын жасаймын деу орынды бола қояр ма екен? Жәңгіровтың Жүсіпбек Шаих­Исламовтың, Ақылбек бин­Сабалдың, Мақыш Қалтаевтың әрқайсысы­ақ кезінде осындай кітаптарды көптеп бастырған адамдар. Енді осылардың бәpiн жинап әкеліп, «халықтың асыл қазынасы еді» деп қарасақ, не болмаса халықтың ой­пікірін осылардан аздап қорытсақ тарихты мақтаған боламыз ба, даттаған боламыз ба? Осыны ойласу керек. Осы аталған дүниелердің барлығын халықтың мұрасы деп қарап, одан белглі бip әлеуметтік топтардың кертартпа көзқарасын іздеу арқылы Бейсембиев жолдас өзінің жап­ жақсы басталған еңбегінің құндылығын әлсіретіп алған. Tiптi осыдан барып, оның кітабында халық тарихының қоғамдық ой­пікірдің жарқын жақтары жeткiлiктi ашылмай қалған. Автор прогресшіл ой­пікірлерді шолумен қанағаттанады да, кертартпашылыққа жан­жақты тоқтап талдау жасайды. XX ғасырдың басындағы демократияшыл әдебиеттің өкілдерін зерттеуің кейінге қалдырып, неге екені белгісіз, ол сол дәуірдегі қоғамдық ой­пікірдің көлеңкелі жақтарына баса назар аударады. Революциядан бұрынғы әдебиеттің аса көрнекті екені Сұлтанмахұмұттың көзін шеттетіп тынады. Тарих — талғампаз қарт. Кез келген кітап бастырған молла оның төрінен орын ала бермейді. Сондықтан оларды — халықтың жыршылары, кітаптарының мазмұны халықтың көзқарасы, ой­пiкipi деу тым ұшқары болатынын ескерген жөн. Оның үстіне, халық тарихы тек кертартпа ой­пікірлерден құралмайтын және оларды жинаумен тарих жасауға да болмайтынын ұмытпау керек. Оның орнына, XX ғасыр әдебиетінде азды­көпті аты бар, творчестволық жолдары мен көзқарастарында белгілі 6ip әлеуметтік топқа қатысуына байланысты қайшылықтары да мол Омар Қарашевты, Нармамбет Орманбетовты, Нұржан Наушабаевты, тағы басқаларды сөз ету қажет. Зерттеушінің бip елеулі қатесі сол — ол әдебиетшілердің қоғамдық көзқарастарын зерттеуде оның әдеби еңбектеріне, басты шығармаларына сүйенбейді қосымша деректерге ғана сүйеніп, бip жақты қорытынды жасайды. Шәкәрім Құдайбердиев — халық арасына кезінде eciмi кең жайылған ақынның бipi. Халық оның «Еңлік — Кебек», «Қалқаман — Мамыр» атты реалистік поэмаларын сүйіп оқыған, Tiптi оларды көп ел осы күнге шейін жатқа айтады. Сол сияқты ақынның А.С.Пушкиннің«Дубровскиін» өлеңмен аударуы, Низамиден аударған «Ләйлі — Мәжнүн» поэмасы халық мәдениетіне қосылған eлeyлi үлес болып табылады.

Читайте также:  Адамның рухани айқындауының императивтері мен апориялары

Шәкіpiмнiң қоғамдық көзқарасы да осы еңбектерінен бip cыпыра танылады. Соған қарамастан, Бейсембиев жолдас Шәкәрімнің қоғамдық көзқарасын зерттеуде ақынның «Мұсылмандық шарттары», «Тіршілік туралы» тәрізді халық арасына кең жайылмаған публицистикалық кітаптарына ғана сүйенеді. Рас, бұл кітаптарында Шәкәрімнің қоғамдық көзқарасының бip cыпыра қайшылықтары барлығы көрінеді. Осыған бepiк табан тipeгeн автор Шәкәрімді «Қазақтың қоғамдық ой­пікіріндегі дiни мистикалық идеалистік бағыттың аса көрнектi екені» (196­бет) деп қорытынды жасайды. Ойласайық дейді Осы әділ ме? Ленин, Лев Толстойды «Орыс революциясының айнасы» деген. Оның жаңа құдай іздегенше қарап айтып па eді? Плеханов азамат Толстойдың көзқарасындағы қайшылықтарын сынай отырып, «орыс жерінің ұлы жазушысы» дегенді әрқашан қатар айтпайтын ба еді? Мүмкін Шәкәрімнің діни мистикасы өзімен бipгe кеткен шығар да, оның әдеби мұрасы тарихта қалған болар. Ақын­жазушылардың әдеби мұрасын жалаң тұрпайылықпен емес, сүйе құрметтей отырып зерттеу орынды емес пе? Шын Шәкәрімciз айтқандай болса, оны оқудың, зерттеудің кepeгi не? Жоқ Шәкәрімді бiз олай деп ұқпаймыз: оның қоғамдық көзқарасындағы қайшылығымен бipгe өмipдi көркемдікпен танудағы табыстары да сөз болуы керек дейміз. Зерттеудің мұндай әдісі, әcipece әдеби творчествоның жетістігін де, кемшілігін де аша білуге көмектеседі. Жасыратыны жоқ бұл жағы Бейсембиев жолдаста жетіспейді. Ғылым дегеннің өзi көктен түскен бip тамашаға емес, өзінен бұрынғы ой­пікірлердің жетістіктеріне сүйенеді ғой. Ендеше Бейсембиев жолдас өзi сөз етіп отырған дәуірді, оның әдебиеттегі өкілдерін зерттеген әдебиетті ғалымдардың еңбегіне неге сүйенбейді? Олардың пайдалы пікірлерін алып, дамытып, қателіктерін неге сынамайды? Ол Б.Кенжебаев жолдастың «XX ғасырдың басындағы қазақ халқының демократ жазушылары» деген кітабы мен Қазақ ССР тарихының осыған қатысы бар тарауын ғана оқығанын айтады (6­6). Ал, осы атаған дәуір әдебиетіне байланысты С. Сейфуллиннің, С.Мұқановтың, М.Әуезовтің, Қ.Жұмалиевтің, Е.Ысмаиловтың, Б.Шалабаевтың тағы басқа зерттеушілердің ғылыми еңбектері автордың назарын аудармайды. Бұл — ғылым жолы емес, ғылымға жарасымды әдет те емес. Miнe, осы аталған үш мәселені Бейсембиев жолдас еңбегінің елеулі кемшілігі деп санаймыз. Бұлар, сөзсіз еңбектің бағалылығын кемітеді. Алдағы зерттеушінің табысты шығуына тілектестік білдіре отырып, автордың осы аталған мәселелер жайында ойласқаны дұрыс болар eді дейміз. Сонда ғана нағыз халықтық көзқарасты танытатын зерттеу туатыны күмәнсіз.

Оставить комментарий