Маңғышлақ – республикамыздағы жас облыстардың бірі. Бұл облыстың өнеркәсібімен бірге ауыл шаруашылығы да дамып келеді. Облыс жері негізінен шөл және шөлейт, суы тапшы. Жер асты суларын барынша пайдалану қажет болып отыр. Ұсынылып отырған бұл кітапта Маңғышлақ облысының ғана емес, сонымен қатар Гурьев, Ақтөбе облыстарының да шөл жайылымдарындағы су қорлары, оны пайдалану жолдары жайында айтылады. Авторлар шөл және шөлейт алқаптарда су қорлары жинақталуының негізгі табиғи факторларына тоқталып, талдау жасайды. Жер бедеріне, ауа райына және топырағы мен өсімдіктеріне тоқталады. Кітап шаруашылық басшыларына, су шаруашылығы қызметкерлеріне арналған.
Оставить комментарий