Шалкиіз жырау туралы

Тіленшіұлы Шалкиіз жырау шамамен 1465 жылы Жайықтың сол жағалауында туып, 1560 жылы қайтыс болған. Үлкен қайраткерлік өмір кешкен. Оның әкесі, сірә дала феодалдарының бірі болса керек, ал шешесі кейін Кіші жүз қауымының негізіне айналған Сыртқы Жайық ордасының әмірі Мұсаның қызы екен. Үш айлығында шешесі қайтыс болып, нағашы әжесінің тәрбиесіне беріледі. Ел арасында батыр сарбаз, арынды ақын ретінде танылған Шалкиіз 25 жасында Үлкен Орда биі Темірдің ортасына кіреді. Бұл кезде ол Қырымды, Солтүстік Кавказды, Дон өңірін аралап, уақыттың саяси оқиғаларына белсене қатысады. Шығармаларынан аңғарылатынындай, ол Темір бидің жорықтарында, дипломатиялық миссияларында болып қана қоймай, онда үлкен рөл атқарған. Тіпті Темір бимен тіл табыспаған кездері болғанға ұқсайды. Бұл, әрине, Шалкиіздің өз ой­пікірін, көзқарасын аңғартады. ХҮ ғасырдың 40­ жылдарында руаралық күрестің салдарынан Мұса Әмірдің ұрпақтарымен айрылысып, Дәшті­-Қыпшақтың шығыс аймағына кетуге мәжбүр болады. Шалкиіз жыраудың шығармаларында «сегіз қиыр шартарап » деген философиялық тезис бар, яғни сегіз қырлы кеңістікті білдіреді. Бұл орхон жазуларында кездесетін әлемнің төрт қырлы моделінен бөлегірек. Жылдың төрт мезгілін аңғартатын тағы да төрт бұрыш қосылып отыр. Бұл сипат үнді­буддалық жүйеде кездеседі. Тіленшіұлы Шалкиіздің шығармаларында «жақсы » және «жаман » деген ұғымдар философиялық­этикалық тұрғыда талданады, олардың бір­бірімен үйлеспейтіні дәлелденеді. Жырау аз өмір сүрген кезеңге өзінің арман­тілегі, көзқарасы тұрғысынан баға береді. Әділдік ­ қасиеттілік, қоғам сол қағидатта құрылуға тиіс. Шалкиіздің жыр мұрасы сол тұстағы қазақ мемлекетінің сипаттамасы десек, оның жеке өмірінің бағасы да барынша құнды. Ортағасырлық жыраулардың батырлық жырлары жат жұрттың басқыншыларға қарсы күресті көрсетіп, ұлттық тарихымызды нақты мысалдармен байытты деуіміз керек. Тіленшіұлы Шалкиіз орта ғасырдың жырау ретінде нақты тарихи тұлғалардың, батырлар мен саяси қайраткерлердің жарқын бейнелерін жасады. Жырау шығармашылығы арнаулы зерттеулерге арқау болды, талай рет Орынбор, Қазан, Петерборда (1875 жылы) жарық көрді.

Читайте также:  Ағартушылық ұғымы

Оставить комментарий