Шамадан тыс органикалық ұғымы

Антропологтар арасында мәдениет шамадан тыс органикалық феномен екендігіне қатысты келісімге қол жеткен. Алайда шамадан тыс органикалық ең кем дегенде үш түрлі түсіндірілуі мүмкін екенін (және шындығында да түсіндірілгенін) ұмытпау керек. Көрсетілген терминді айналымға енгізген Г. Спенсердің айтуына сай, «шамадан тыс органикалық эволюция» негізгі өсіп шығатын процесс болып табылады. Атап айтқанда, ол «Егер бүл жерде Эволюцияға жол жоқ болса, біз, шамадан тыс органикалық деп анықтаған формасы басқадан емес, оның органикалық формаларынан, байқалмайтын өтпе арқылы пайда болуы тиісті. Оны көптеген жеке адамдардың іс­әрекеттерін өзара үйлестіруді көздейтін барлық процестер мен өнімдерді қамтитын деп анықтау тиімді болар еді». Спенсердің пікірінше, шамадан тыс органика ­ лық феномендердің әртүрлі топтары, атап айтқанда, аралар мен соналардың әлеуметтік ұйымы, құстар қоғамдастығы, топ болып жүретін хайуандар қоғамдары бар. Адамның шамадан тыс органикалық эволюциясы — тұтастай алғанда шектен тыс эволюцияның мейлінше күрделі формасы ғана. Соңғысы, тек адамға ғана тән сипат емес болса керек. Әлеуметтану, Спенсердің пікірі бойынша, қоғамның, оның құрылымдары, қызметтері және іс­әрекет нәтижелерінде көрініс табатын шамадан тыс органикалық феномендермен ғана айналысуы тиіс». Әрбір қоғамның шамадан тыс органикалық ортасы сол қоғам мен көршілес қоғамдар арасындағы іс ­әрекеттер және жауап іс­әрекеттерімен қалыптасады. Сондай­ақ біз әдетте жасанды деп ажырататын, бірақ, философиялық тұрғыдан алғанда, табиғилығы эволюцияның өзге өнімдерінен кем түспейтін шамадан тыс органикалық өнімдердің жинақталуы жүзеге асып отырады.» Бұл шамадан тыс органикалық өнімдерінің қатарына Спенсер материалдық бейімделулерді: тіл, ғылым, салт­дәстүр, заңдар, философиялық жүйелер, тұтастай алғандағы эстетикалық өнімдер мен өнер, оның ішінде музыка, драма мен әдебиетті жатқызады. «Шамадан тыс органикалық өнімдердің — әрқайсысы өз ішінде жаңа тектер мен түрлерді дамыта отырып біртұтас іріге ұлғаятын жөне әрқайсысы басқа жүйелерге эсер ете отырып олар тарапынан да жауап эсер алатын — бұл әртүрлі жүйелері (деп анықтайды Спенсер) бәрі біріге келе өте көлемді, өте қуатты әсер ету буынын жасады. Әлеуметтік эволюция барысында олар жеке адам мен қоғамды үнемі өзгеріске түсіреді және сонымен бірге соңғылардың күш ­ қажыры арқасында өздері де өзгеріске ұшырап отырады. Олар бірте­бірте біздер қоғамның өзінің жансыз бөлігі немесе оның екінші ортасы деп атауымызға болатын, уақыт өте келе біріншіден де маңызды орта болып шығатын мәнді қалыптастырады. Оның маңыздылығы сонша — әлеуметтік өмірді осындай органикалық емес және органикалық жағдайларда қолдап отыруға мүмкіндік туады, ал, мұндай жағдай бұрын мүлдем мүмкін емес­ті». Бұл ретте Спенсер үшін шамадан тыс органикалық — әлеуметтік үрдістер мен нәтижелердің адамдар қоғамына ғана емес, жануарлар қоғамына да тән ішкі құрамдасы екенін атап айту маңызды. Адамның шамадан тыс органикалық іс ­ әрекеті жануарлардың шамадан тыс органикалығынан типологиялық тұрғыдан айырмасы болатынымен және барынша күрделілігімен сипатталады. Спенсер шамадан тыс органикалығы бар феномендер саласын органикалық феномендер саласынан қатты бөліп тастамайды; шамадан тыс органикалық феномендер органикалыққа тікелей тәуелді және соңғыларға сай өзгеріп отырады. Әлеуметтік шамадан тыс органикалық Спенсер үшін органикалықтың шегінен шығатын әлдене емес, өзінің эволюциялық дамуының органикалық заңдылықтарына бағынатын әлдебір супер организм. Сондықтан да Спенсер қоғам туралы ол өзінше бір организм ретінде айтты. Шамадан тыс органикалық өнімдердің жиынтығынан жасалған екінші орта адамзат қоғамы мүшелерінің үйлестірілген қимыл ­ қарекетіне тәуелді болатындықтан да шамадан тыс органикалық болып шығады. Оның шектен тыс негізгілігі адамзат қоғамына тәуелділігіне емес, әлеуметтік тәуелділігіне байланысты. Екінші мағынасында — көптеген қоғамтанушылар қабылдаған мағынасында «шамадан тыс органикалық» деп яғни, мәдени эволюция адамның органикалық құрылымы аясымен шектелмейтінін тап деп түсінеді. Адамның мәдениеті туралы шамадан тыс органикалық деп психологиялық мағынасы тұрғысынан, яғни бұл ретте адамның жаңалық табуға және рәміздерге қабілеті мәдени өмірдің жаңа формаларын өзінің органикалық құрылымына соған қажет деген қандай да бір өзгеріссіз ­ ақ жасауға мүмкіндік беретіні айтылады. Шамадан тыс органикалықтың бүл түйінді сөзі мәдениет пен адамның психологиялық табиғатының арасындағы ішкі байланысты жоққа шығармайды, керісінше оны тікелей байланыс деп біледі. Басқаша айтқанда, психология деректері адамзат мәдениетінің көп түрлілігінің бәрін түсіндіруге жеткіліксіз болғанымен олар адамзат мәдениетінің кейбір универсалды сипаттарын, сондай­ақ ерекше мәдени феномендердің негізінде жатқан себептерді түсіну үшін қажет. Мұны айтпағанда, әңгіме мәдениет дегеніміз адамның психологиялық, шамадан тыс органикалық табиғатына тәуелділігі туралы болғандықтан мәдени феномендерді қоғамға да, жеке адамға да қаратылатыны арқылы түсіндіруге болатынын атап айту керек. Үшіншіден, A. JI. Кребердің «Шамадан тыс органикалық» мақаласындағы, бұл термин органикалық емес, яғни органикалық аясынан шыққанды белгілеу үшін пайдаланылады», Спенсердің терминін өзінің мәдениет теориясына бейімдей отыра Кребер, Спенсердің шамадан тыс органикалықты әлеуметтікпен пара ­ парланатынын дұрыс көрді. Алайда, ол қарастырылып отырған терминнің мағынасын адам қызметінің «шамадан тыс органикалық» саласымен шектеді. Бұған қоса Кребер Спенсердің эволюцияның үш деңгейін, атап айтқанда, органикалық емес, органикалық жөне әлеуметтік деңгейлерін өзара ажырататынын қабылдады, алайда онымен келіспейтін тұсы — әлеуметтік немесе шамадан тыс органикалық эволюцияны адам мәдениетіне немесе өркениетіне ғана тән жаңа спонтанды процесс деп қарастырды. Спенсердің пікірінше, шамадан тыс органикалық әлеуметтік саладағы органикалықтың жалғасы болып табылады және «көптеген жеке адамдардың өзара үйлестірілген іс­әрекетін қажет ететін сол процестер мен өнімдер» болып табылады, тап осыдан да келіп Спенсер тек адамның ғана емес, жәндіктер мен жануарлардың шамадан тыс органикалық қызметі туралы айтуға мүмкіндік алады. Ал, Кербер үшін шектен тыс органикалық дегеніміз — адамның мәдениеттің немесе өркениеттің саласын жасайтын әлеуметтік нәтижелері мен жетістіктері. Ол кезде Кербер, ең алдымен, органикалық саланы әлеуметтік саладан ажырату ниетінде болды, сондықтан да ол соңғысы біріншіден тәуелсіз дегенінде тұрды. Спенсер ұстанған жүре келе пайда болатын белгілерге ие болу доктринасына, сондай­ақ Лебон ұсынған нәсілдік мінез­құлық және халықтар психологиясы жақтаушылары Гальтон мен Пирсонға қарсы Кребер: тарихи, мәдени құбылыстар «аса психикалық» болып табылады, ал, олардың дамуы мен эволюциясы психо ­ биологиялық органикалық эволюцияға тәуелді емес деп сендірді. Бұл оның «коперниктік революциясы» еді. Бұл туралы Кребердің өзі былай деп жазды: «психикалық мұраның жалпы өркениетпен ешқандай да ортақтығы жоқ, өйткені, өркениет белсенділік емес, психикалық жұмыстар кешені немесе ағымы. Психикалық қызмет, биологтардың түсіндіруінше, оз табиғатында органикалық, демек, оның көрінісінің әлеуметтік оқиғаларға қатысы жоқ. Ментальдық дегеніміз — жеке нәрсе. Әлеуметтік немесе мәдени өз мәнінде жекелік емес. Өркениет жеке адамдық аяқталған тұста басталады; және де бүл деректі қандай да бір деңгейде болсын мойындағысы келмеген әрбір жан — ол қаншалықты дөрекі де топырақсыз көрінгенмен — өркениеттен ешбір мән көре алмайды және оның көзіне тарих оқиғалардың ретсіз тізбегі немесе өнерде жаттығулар жасау мүмкіндігі болып көрінеді». Ол тағы да былай деп жазады: «Эволюцияның бір­бірінен мүлдем басқа екі түрін: біз органикалық деп атайтын субстанцияның эволюциясын және біз әлеуметтік деп атайтын басқа субстанцияны мойындауға болады. Логикалық тұрғыдан алғанда, Спенсердің әлеуметтік пен шамадан тыс органикалығы шамадан тыс органикалық шамадан тыс психикалық пен теңдестірілетін креберлік ұстанымға сай емес. Еске сала кетейік, Спенсер алғашында әлеуметтік саланы шамадан тыс органикалықпен теңдестірді, өйткені ол үшін шамадан тыс органикалық әлеуметтік процестерден туатын белгі немесе сапа болды. Шамадан тыс органикалық құбылыстар, оның көзқарасынша, органикалық табиғатқа тікелей тәуелді болды және соңғының құрылымы мен қызметіне орай өзгеріп отырды. Кребер үшін болса, шамадан тыс органикалық феномендер органикалық және психологиялық деңгейлерден тәуелсіз; мәдениетке өзара қарым­қатынасқа түсетін жеке адамдардың «психикалық қызметі» енбейді, ол «психикалық жұмыс жиынтығы немесе ағынының өнімдерін, жеке адам психикасына байланысты емес идеялар ағынын қамтиды. Осы алғышарттардан алғанда, мәдениет — адам оның болмысының жасаушысы мен көзі емес, құралы мен алып. Бұл айқын тұжырымдар Кребер үшін мәдениет немесе өркениет жеке адамдарға да, қоғамдарға да тәуелсіз мән екенін анық танытады. Демек, мәдениет нақты өмірдің дербес деңгейі ретінде шамадан тыс органикалық және шамадан тыс психикалық болып қана емес, эволюциясы мен тарихы қоғамға тікелей байланысты болмағандықтан «шамадан тыс әлеуметтік» болып та атала алады. Осы алғышарттан қисын іздесек, әлеуметтік деңгейді мәдениеттегі деңгейден бөлектеу керек, өйткені, мәдени деңгей әлеуметтікке қарағанда «барынша жоғары» деңгейді құрайды. Алайда іс жүзінде Кребер, өз буынының антропологтары сияқты, мәдениет пен қоғам арасында айырмашылық жүргізу қажет, деуден тан бауына қарамастан, мәдени шамадан тыс органикалықты әлеуметтікпен теңдестірді. Өзінің көп жылдан кейін жазған «Әлеуметтік аталатын ғылым туралы» мақаласында ол, құбылыстардың төрт негізгі деңгейін, атап айтқанда, «органикалық емес, органикалық, психикалық және әлеуметтік мәдени», бөле­жара көрсетеді, осынысымен де ол әлеуметтік және мәдени салаларды әлі де теңдестіреді. Сонымен қатар ол, қоғам — мәдениеттің алып жүрушісі және ол әрқайсысының жеке психикасы бар адамдардан тұратынын мойындайды. Ең биік деңгейде мәдениетті жоғарғы қабат, ал, қоғамды — төменгі» деп көрсетуге болады. Ақыр соңында Кребер, кейіннен, түзетілген «Антропологиялар» және, әсіресе, «Мәдениет табиғаты» очерктер жинағында әлеуметтік және мәдениет категорияларын қатаң ажыратудың логикалық қажеттілігін мойындады.

Читайте также:  Тарихшылдық және оның мәселелері

Оставить комментарий