Шарттар туралы жаратылыстық заң туралы

Жаратылыстық заң адамдардың келісімі емес, парасаттың әмірі. 2. Негізгі жаратылыстық заң қол жетер болса, бейбітшілікті іздеуде, қол жеткізу мүмкін болмаса, қорғаныш іздеуде. 3. Жеке жаратылыстық заңдардың біріншісі: барлық нәрсеге құқықты сақтап қалу мүмкін емес. 4. Құқықтан бас тарту және оны көшіру дегеніміз не? 5. Құқықты көшіру үшін оны қабылдайтын адамның келісімі қажет. 6. Сөздермен құқық тек осы шақпен көшіріледі. 7. Болашақта қатысты сөздер, егер оларға еріктің басқа белгілері қосылатын болса ғана, құқықты көшіру күшіне ие. 8. Сыйға беру жағдайында құқық болашаққа қатысты сөздермен көшірілмейді. 9. Шарт пен келісім анықтамасы. 10. Келісім кезінде құқық болашаққа қатысты сөздер арқылы басқаға өтеді. 11. Өзара сенімге негізделген келісімдердің жаратылыстық ахуалда күші жоқ және жарамсыз; мемлекетте іс басқаша болады. 12. Егер кім де, хайуандармен, сондай­ақ егер аян берілмесе, құдаймен келісім жасай алмайды. 13.

Жаратылыстық ахуалда ешкім де құдайға ант бере алмайды. 14. Адам күш­жігерінің ең жоғарғы ықтимал шектеуінен шығару мүлдем дұрыс болмас еді. Мұның үстіне, адамдар өз бойына лайық деп білгенді басқалар істесе, соны айыптайды және, керісінше, жан­тәнімен жек көретін нәрсені жұрт алдында мақтайды; олар бір нәрсе жайында өзінің пайымынан гөрі, басқалардың пікіріне құлақ асу әдетіне байланысты пікір айтады; бүл орайда олар бірдеңемен парасатты сенімнен гөрі, көбінесе өшпенділік, қорқыныш, үміт, махаббат немесе жанның өзге де толқуы салдарынан келіседі. Сондықтан тұтас бір халықтар, аталған авторларға сәйкес, сөз жоқ, жаратылыстық заңмен сиыспайтын нәрсені зор ауызбірлікпен және табандылықпен жиі істейді. Бірақ, егер барша жұрт жөн парасатқа қайшы келмейтін нәрсені құқық бойынша болып жатқан нәрсе деп санауға келісетін болса (яғни, ақиқат негіздерден дұрыс ойланып­толғану жолымен шығарылған қандай да бір ақиқатқа қайшы келетін нәрсені), сол парасат қабылдамайтын нәрсені біз құқыққа кереғар болып жатқан деп санауымыз қажет.

Ал құқыққа кереғар болатын нәрсені біз қандай да бір заңға қайшы болып жатқан нәрсе деп санаймыз. Демек, заң дегеніміз қандай да бір жон парасат, ол сондай­ақ жаратылыстық (өйткені, оның адам табиғатына тәндігі кез­келген өзге қабілеттен немесе көңіл күйінен кем емес) заң деп те аталады. Демек, мен жаратылыстық заңды өмірді және денсаулықты неғұрлым ұзақ сақтау үшін не істеу қажеттігі және неден бас тарту керектігі жөніндегі жол парасаттың әмірі деп анықтар едім. 2. Бірінші және негізгі жаратылыстық заң былай дейді: бейбітшілікке жету мүмкін болатын барлық жерде соны іздеу қажет; ал бейбітшілікке жету мүмкін емес жерде, соғыс жүргізу үшін көмек іздеу қажет. Алдыңғы тараудың соңғы тармағында көрсеткенімдей, бұл ереже жөн парасаттың әмірі, ал жаңа ғана дәлелденгендей, жөн парасаттың әмірі дегеніміз жаратылыстық заңдар. Бұл заңның бірінші болуының себебі ­ қалған барлығы содан шығып, бейбітшілікке немесе қорғалуға жету жолдарын көрсетеді. 3.

Осынау негізгі жаратылыстық заңнан туындайтын заңдардың біріншісі бүй дейді: баршаның барлығына құқығын сақтап қалуы мүмкін емес, кейбір құқықтарды не басқаларға көшіру, не олардан бас тарту қажет. Өйткені егер әркім өзінің барлық нәрсеге құқығын өзінде ұстаса, онда бұдан қажетті түрде мынадай жәйт туындар еді: біреулер құқығы бойынша шабуыл жасар еді, ал екінші біреулер құқығы бойынша қорғанар еді (әркім жаратылыстық қажетіне қарай оз тәнін және оның берекесі үшін қажет нәрсені қорғауға талпынады ғой). Осыдан келіп соғыс туындар еді. Демек, егер кімде­кім өзінің барлық нәрсеге құқығынан бас тартпаса, бүл бейбітшілік әміріне, яғни жаратылыстық заңға кереғар болады. 4. Өз құқығынан бас тарту жайында әлдекім одан жай ғана бас тартқанда немесе оны басқаға көшірген кезде айтады. Бұрын ол оз құқығы бойынша істей алған қандай да бір қарекетті бұдан былай өзінің істеуіне жол берілмеу ниетін тиісті белгімен немесе белгілермен жариялайтын адам өз құқығынан жай ғана бас тартады. Өз құқығын басқаға бергісі келетін адам былай істейді: одан сол құқықты алғысы келетін адамға ол өзінің бірдеңе істеуіне бөгет жасалғанда қарсылық көрсетуіне жол берілмеуін (бұрын оның қарсылық көрсетуге хақысы болатын) қалайтынын белгімен немесе белгілермен хабарлайды.

Читайте также:  Қазіргі заман өнеріндегі "ғаламның ақыры"

Құқықты көшіру тек қарсылықтан бас тартудан ғана тұратыны мынадан шығады: құқық көшірілетін адамның осындай көшіруге дейін­ақ барлық нәрсеге құқығы болған; сондықтан оған жаңа құқық беруге болмайды, бірақ көшіру арқылы басқа адамның қарсылығының құлықтылығы жойылады, ал бұл құқық оның өзінде қала берсе, онда құқығын пайдалану мүмкіндігін сақтап қалады. Сондықтан кез­келген құқық алушы жаратылыстық ахуалда өзінің бастапқы құқығын асықпай­үсікпей және заңды кедергілерсіз пайдалануға ғана қол жеткізеді. Мысалы, егер әлдекім өз жерін басқа біреуге сатса немесе сыйға тартса, ол басқаларды емес, тек өзін ғана бүл жерге құқығынан айырады. 5. Алайда құқықты көшіру үшін берушінің ғана емес, оны алушының да келісімі қажет. Егер олардың біреуі осындай көшірумен келіспесе, құқық бұрынғы иесінде қалады. Өйткені егер мен өзімнің бірдеңемді оны қабылдағысы келмейтін адамға бергім келсе, онда осындай ниетке орай мен өз құқығымнан жай ғана бас тарта алмас та едім, оны басқаға көшіре алмас та едім. Өйткені өз нәрсемді басқа біреуге бергім келетін себеп жалғыз соған ғана байланысты және басқалар жөнінде дәл сондай болмайды. 6.

Алайда, егер құқықтан бас тарту немесе оны көшіру ниетінің сөзден басқа нышандары болмаса, мұндай сөздер осы шаққа немесе өткен шаққа қатысты болуға тиіс. Өйткені егер бүл сөздер келер шаққа қатысты болса, олар ештеңені де көшірмейді. Егер, мысалы, әлдекім келер шақта: «Мен саған ертең беремін» десе, мұндай адам сонысымен әлі бермегенін айқын көрсетеді. Демек, бүгін оның құқығы өзгермеген күйінде қала береді және ертең де, сол кезге дейін ол басқа біреуге іс жүзінде әлі беріліп қоймаса, сондай бола береді. Өйткені, маған тиесілі нәрсе мен одан бас тартқанға дейін менікі болып қала бермек. Егер мен осы шақта шамамен «бұны мен саған ертең не болуың үшін беремін (немесе бердім)» десем, онда мұндай сөздер менің бірдеңе беріп қойғанымды және оны ертең алу құқығын бүгінге көшіргенімді білдіреді. 7. Тек қана сөз ерікті білдірудің жеткілікті құралы болмағанымен, алайда егер оларға ерікті білдірудің басқа да нышандары үстемеленсе, ол келер шаққа қатысты бола тұра, осы шаққа қатысты, дәл сол мағынаға ие бола алады.

Читайте также:  КӘСІБИ МАМАН ДАЯРЛАУДАҒЫ КӨРКЕМ МӘДЕНИЕТТІҢ МАҢЫЗЫ

Егер, басқа нышандардың арқасында анық болғанындай, келер шақ туралы айтушы өзінің сөзі өзіне тиесілі құқықты толық көшіруді жүзеге асыру үшін мәнді болуға тиіс деп білсе, ол сөз осы мәнге не болуға тиіс, өйткені құқықты көшіру сөзге емес, осы тараудың 4­тармагында көрсетілгеніндей, ерікті білдіруге байланысты. 8. Егер әлдекім өзіне тиесілі қандай да бір құкықты басқа біреуге көшірсе және бұны айырбаспен алынған игілік үшін және келісімге орай істемесе, онда бүл түрдегі көшіру тарту немесе ерікті тарту деп аталады. Ерікті тарту кезінде тек осы шаққа және өткен шаққа қатысты сөздер ғана міндеттейді. Өйткені, келер шаққа қатысты болса, олар жоғарыдағы тармақта келтірілген негізге орай, сөздер сияқты міндеттемейді; демек, міндеттеме пайда болуы үшін ерік білдірудің басқа нышандары қажет. Өйткені ерікті түрде істелетін нәрсенің бәрі қандай да бір игілік үшін істелетіндіктен, осындай тартудың арқасында алынатын немесе болашақта алынуы қажет игіліктен өзге ештеңені тарту белгісі деп есептеуге болмайды. Бұл орайда мұндай игілік сатып алынбаған және оның алынуы туралы келісім жоқ деп есептеледі, өйткені басқаша болса, ерікті тарту жайында сөз ету мүмкін емес. Демек, қарама­қарсы жақтан күні бұрын жасалған келісімсіз игілік күту ғана қалады.

Бірақ әлдекім кері жақсылық есесін қайтаруға міндетті емес біреуге келер шаққа қатысты сөз айтып, өзінің сөзін әлгі адам оның өзіне міндеттеме жүктейтін сөз ретінде түсінуін қалайтынын байқататын белгі болуы мүмкін емес. Сондай­ақ, басқаларға оп­оңай жақсылық тілейтін адамдардың олардың көкейінде игі ниет пайда болғанын ғана айғақтайтын әлдебір уәделердің негізінде міндетті болып шығуы да парасаттылық емес. Бүл орайда мынаны мойындау керек: ондай уәде берген адам кейіннен қайта ойланып, өз ниетін өзгертуі мүмкін, сондай­ақ уәде берілген адамның да қадір­қасиеті ойлағандай болмай шығуы мүмкін. Ал екі ойлы адам осыған орай еркін болады және ол туралы ол тартуды жасап та қойды деуге болмайды. Ал жиі уәде беріп, оны сирек орындайтын адам өзінің жеңілтектігі үшін айыпталып, сый беруші емес, уәде беруші деп аталуы тиіс. 9. Шарт деп өз құқықтарын бір­біріне көшіретін екі немесе одан көп адамның қарекеті аталады.

Әрбір шарт жасалғанда не әркім қол жеткізілген уағдаластықты бірден орындайды, сондықтан уағдаласушылардың бірде бірі басқасына қарыздар боп қалмайды; не біреу өз міндеттемесін орындап, екіншісіне мұрсат береді; не, ақыр соңында, екеуі де уағдаластықты орындамайды. Уағдаласушылардың әрқайсысы шартты бірден орындаса, орындалған бойда шарт өз күшін жояды. Ал шарт жасаушылардың біріне немесе екеуіне де мұрсат берілсе, ондай адам шартты кейін орындауға уәде береді және мұндай уәде келісім (pactum) деп аталады. 10. Бірі міндеттемесін орындайтын, ал екіншісі мұрсат алатын келісім болғанда міндеттемені келешектегі орындау туралы уәде, тіпті ол сөз жүзінде берілсе де, бүл сөз осы шаққа немесе өткен шаққа қалай қатысты болса, дәл солай келер шаққа да қатысты өз күшін сақтайды. Міндеттеменің орындалуы оны орындаған адамның мұрсат берілген адамды ол өзінің уәдесін белгілі бір уақытта орындағысы келеді деп түсінгендігін барынша анық айғақтайды; осының арқасында екінші уағдаласушы оның сөзі нақ солай қабылданғанын түсінеді; ол өз сөзінің солай қабылдануын қалаған, өйткені ол мәселеге басқа түсіндірме бермеген. Демек, қандай да бір алынған игіліктің (ал оларға келісімдер де жатады) орнына берілетін барлық уәде еріктің белгісі болып табылады, яғни (алдыңғы тармақта дәлелденгендей) ол бірдеңені орындамау бостандығы жойылатын соңғы шешімнің нәтижесі; демек, бұл уәделер міндеттеуші болып табылады, өйткені бостандық біткен жерде міндеттеме басталады. 11.

Читайте также:  ШІЛДЕХАНАДА, ТҰСАУ КЕСЕРДЕ АЙТЫЛАТЫН БАТА

Екі жақ та бір­біріне өзара мұрсат беретін және уағдаласушылардың бірде­бірі уағданы орындамайтын шарт негізінде жасалған келісімдердің, егер тараптардың бірінде негізі бар күдік пайда болса, жаратылыстық ахуалда күші болмайды 1 . Өйткені міндеттемені бірінші болып орындаған адам, адамдардың дұрыс та, бұрыс та жолмен қара басының пайдасын көздейтін көп бөлігінің пиғылының бұзықтығы салдарынан шарт жасасқан адамның уысына түседі. Сондықтан біреудің бірінші болып міндеттеме орындауына, егер екіншісі де кейінірек өз міндетін орындайтынына сенім болмаса, парасатты негіз жоқ. Міндеттеменің орындалуына сену­сенбеуді сезік алған адам шешеді, мұны біз I тараудың 9­ тармағында көрсеткенбіз. Менің пікірімше, жаратылыстық ахуалда іс осылай болады. Бірақ мұның азаматтық ахуалға қатысы жоқ; онда екі тарапты да орындауға мәжбүрлеу мүмкіндігі бар; мұнда шартқа орай міндеттемені бірінші болып орындауға тиіс адам оны ертерек орындауға міндетті, өйткені екіншісі дәл солай орындауға мәжбүрлене алады; сондықтан бұл жерде бірінші адамның екінші адамның өз міндеттемесін орындамауы жөніндегі сезіктенуіне негіз жойылады. 12.

Әрбір тарту актысы және барлық келісімдер кезінде көшірілетін құқық қабылданған болуы тиіс деген қағидадан құқықты қабылдауға келісім бермейтін адаммен ешкім келісімге отыра алмайтыны келіп шығады. Сондықтан хайуандармен келісім жасауға болмайды және оларда тіл мен парасат жетіспейтіндіктен, оларға қандай болсын құқықты беру немесе олардан алу мүмкін емес. Ешкім де, сондай­ақ, Құдаймен келісім жасай алмайды немесе оның алдында ант арқылы өзіне қандай болсын міндеттеме қабылдай алмайды ­ бұл егер әлдекімдер Құдай өзінің орнына осы анттарды тыңдап, қабылдау, сөйтіп оның өкілдері ретінде келісім жасау билігін берген белгілі адамдар бар екенін Қасиетті кітаптан біле алса ғана, сәті түсетін іс болар.

Оставить комментарий