Нарықтық экономика жағдайында Қазақстан экономикасының ең негізгі мәселелерінің бірі бо- лып ұйымдар деңгейінде айналым қаражаттарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету табылады. Айналым қаражаттары (айналым капита- лы) – бұл ағымдағы қызметті қамтамасыз ету үшін жүйелі түрде қайтадан жаңарып отыратын, оларға салынған қаржы ең аз дегенде бір жыл ішінде немесе бір өндірістік кезеңде айналымға ұшырайтын ұйымның активтері. Ұйымның айналым қаражаттарына мыналар жатады: өндірістік босалқылар; ақша қаражаттары; қысқа мерзімді қаржылық салымдар; дебиторлық қарыздар; өзге де айналым активтері. Көптеген ұйымдардың айналым қаражаттарының жалпы сомасының ішінде дебиторлық қарыздардың үлес салмағы маңызды орын алады, сондықтан активтердің осы түрін басқаруға көңіл бөлу қажет. Ұйымда дебиторлық қарыздарды басқарудың тиімді жүйесін жасау үшін «дебиторлық қарыз» ұғымын анықтап алуымыз маңызды. Біздің пікіріміз бойынша, әдебиетте кездесетін дебиторлық қарыздар анықтамаларының сан алуандығы бұл түсініктің анықтамасын шартты түрде төрт негізгі көзқарас тұрғысынан қарастыруға болатындығын көрсетеді. Бірінші көзқарас, яғни «заңдық» деп атауға болады. Бұл көзқарас бойынша дебиторлық қарыздар үшінші тұлғаның қандай да бір ұйым алдындағы қарыз сомасы ретінде қарастырылады. Осы тәсілге К.Ш. Дүйсембаевпен берілген анықтаманы жатқызуға болады, ол дебиторлық қарыздарды заңды және жеке тұлғалардың осы шаруашылық жүргізуші субъектіге қарызы. Дебиторлық қарыздың мағынасы – бұл үшінші бір тұлғаның уақытша пайдалануында болып табыла- тын ұйымның қаражаттары деп түсіндіреді [1]. И.А. Бланк өзінің пікірі бойынша дебиторлық қарызды ұйымның пайдасына шешілетін заңды және жеке тұлғалармен ұсынылған қаржылық міндеттемелерінің қарыз сомалары ретінде си- паттайды [2]. В.В. Ковалев осыған ұқсас келесідей анықтама береді: дебиторлық қарыз – бұл заңды және жеке тұлғалардың осы шаруашылық жүргізуші субъектіге қарызы [3]. Е.О. Нұрсеитовтың пікірінше, дебиторлық қарыз – дайын өнімдер мен тауарлардың жөнелтілгендігін, жұмыстардың орындалғандығын, қызметтердің көрсетілгендігін, бірақ әлі сатып алушымен төленбегендігін немесе аванс ретінде алдын ала сатушы-ұйымға ақша аударылғандығын, бірақ дайын өнімдер мен тауарлар әлі алынбағандығын куәландырады [4]. В.Л. Назарованың анықтамасы бойынша дебиторлық қарыз – бұл сатып алушылар мен тап- сырыс берушілердің (бизнес контрагенттерінің) шаруашылық жүргізуші субъекті алдындағы сатылған тауарлары (жұмыстары, қызметтері) үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері [5]. Ал В.П. Астахов «қарыз» ұғымын «міндеттеме» заңды терминімен ауыстырады және дебиторлық қарыздардың анықтамасына оның пайда болу негіздерін кіргізеді. Оның пікірінше, дебиторлық қарыз – бұл заңды тұлғалар бо- лып табылатын басқа да кәсіпорындардың, ұйымдардың немесе жеке азаматтардың (жеке тұлғалардың) белгілі бір ұйым алдындағы міндеттемелері. Бұл міндеттемелер оларға өнімдерді немесе ақша қаражаттарын (займдар, есеп беруге тиісті тұлғалардың есебіне ақша беру түрінде), істелінген жұмыстар мен көрсетілген ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №6 (106). 2014 140 Шаруашылық жүргізуші субъектідегі дебиторлық қарыз түсінігін зерттеу қызметтердің орындалуларына байланысты пай- да болады [6]. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 268-бабына сәйкес міндеттеме ұғымына мынадай анықтама берілген «Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышқор) басқа адамның (не- сие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі бір әрекет жа- саудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын та- лап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті [7]. Біздің көзқарасымыз бойынша, В.П. Аста- ховпен берілген дебиторлық қарыздардың анықтамасының кемшіліктеріне келесілерді жатқызуға болады: дебиторлық қарыздардың пайда болу негіздерінің тізбесі толық көрсетілмеген, сонымен қатар үшінші тұлғамен ұйымға келтірілген залалдың нәтижесінде пайда болған дебиторлық қарыздар туралы ескерілмеген; ықтимал дебиторлардың тізімі толық көрсетілмеген. Дебиторлық қарыздардың анықтамасының екінші көзқарасын «экономика-құқықтық» ретінде анықтауға, яғни дебиторлық қарыздарды шаруашылық жүргізуші субъектінің активтерінің, мүліктерінің бөлігі ретінде қарастыруға болады [6]. К. Лебедовтың пікірінше, мүлік түсінігі жинақталған экономика-құқықтық катего- рия ретінде нақты ұйымда бар материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарынан тұрады немесе басқаша айтқанда құқығы бойынша ұйымға тиесілі болғанымен, бірақ басқа тұлғада болып табылатын мүліктер де болады [8]. Кредитор – ұйым мүліктерінің құрылымында дебиторлық қарыз коммерциялық айналымға тартылған басқа да қаражаттармен бірге (орналастырылған, инвестицияланған, салынған, берілген және т.б.) оның активтеріне жатқызылады. К. Лебедовтың анықтамасы бойынша, дебиторлық қарыз – бұл әртүрлі негіздерден құралатын оның құқықтық қатынаста борышкерлері болып табылатын ұйым мүлкінің құрамына кіретін оның басқа да тұлғаларға мүліктік талаптары. Осыған ұқсас анықтаманы П.С. Безруких былай деп ұсынады, экономикалық мазмұны бойынша дебиторлық қарыз – бұл ұйымның активтерінің құрамына кіретін, оның борышкерлері болып табылатын басқа да заңды және жеке тұлғаларға мүліктік талаптары [9]. Үшінші көзқарас «экономикалық» ретінде анықталуы мүмкін, бұл көзқарас бойынша дебиторлық қарызды шаруашылық жүргізуші субъектімен өзінің дебиторларына берілетін не- сие ретінде қарастыруға болады. М.Л. Пятов дебиторлық қарыз ұғымына деген көзқарасын бы- лай түсіндіреді. Сатушы тауарларын кейінгі төлеу шартымен сату кезінде тауарларды сату мезеті мен оларды сатып алушылардың төлеп беру мезетіне дейін бір жағынан алғанда, тауарларға деген өзінің құқықтық меншігін жоғалтады, ал басқа жағынан алғанда сатылатын мүліктің бағасын құрайтын ақшаларының болмауы әсер етеді. Дебиторлық қарыздардың есебінде көрсетілетін мөлшер ұйымның айналымынан алынған қаражаттардың көлемін нақты көрсетеді [10]. Тиісті қаражаттардың көлемі контрагент- борышкердің айналымында болады. Бұдан са- тып алушының қарызы нақты оған берілген несиенің көлемін көрсетеді. Болған дебиторлық қарыздардан алынған қаржылық нәтиже нақтылы ұйым қызметінің жағдайында ақша қаражаттарының уақытша құндылық факторын құрайтын пайда немесе залалдың пайызынан алынатын соманың арақатынасымен анықталады. Төртінші көзқарас дебиторлық қарыздардың анықтамасын «бухгалтерлік» тұрғыдан анықтауға мүмкіндік береді, яғни ол бухгалтерлік ұстанымға негізделеді. Бухгалтерлік есеп айқындамасы бойынша міндеттеме дегеніміз нақтылы болған шаруашылық операциялары, олар туралы алынған ақпараттар міндетті түрде бухгалтерлік есеп тіркелімдерінде көрсетілулері керек. В.В. Ковалевтың анықтамасы бойынша, міндеттемелердің мысалдары заңдық мағынада азаматтық құқықтық қатынасты білдіреді, яғни бір жақ (борышкер) басқа жақтың пайдасы- на (кредиторға) белгілі бір әрекет жасау керек (мүліктерді беру, жұмыстарды орындау және т.б.), ал кредитор борышкерден оның міндетінің орындалуын талап етуге құқығы бар [3]. М.Л. Пятов өз кезегінде дебиторлық қарызды осыған ұқсас көзқараста анықтайды. Оның пікірінше, дебиторлық қарыз – бұл есеп айыры- су шоттарында көрсетілген сатып алушылардың, жұмысшылардың, займ алушылардың, бюджеттің ұйым алдындағы міндеттемелері [10]. Біздің пікіріміз бойынша, дебиторлық қарыздардың анықтамасына қатысты жоғарыда көрсетілген көзқарастар өзара қайшылықтар тудырмайды, керісінше бірін-бірі толықтырады. Ғылыми әдебиеттерде мұндай көзқарастардың расталуы көптеген авторлар өздерінің анықтамаларында бір емес, бірнеше көзқарастарды қолданады. В.Б. Ивашкевич пен И.М. Семенованың пікірлері бойынша дебиторлық қарыз дегеніміз ISSN 1563-0358 kaznu Bulletin. Economics series. №6(106). 2014 М.Қ. Қалибаев 141 шаруашылық қатынастардың нәтижесінде заңды және жеке тұлғалардың ұйымға тиесілі қарыздарының сомасы болып табылады не- месе ұйымның айналымынан шығарылған қаражаттар және оларды басқа ұйымдар мен жеке тұлғалардың пайдалануы [11]. Б. Нидлз дебиторлық қарыздар (алынуға тиісті шоттар мен вексельдер) тауарларды несиеге сату кезінде пайда болатын қысқа мерзімді ликвидтік активтер болып табылады. Ондай несие көбінесе коммерциялық несие деп аталады [12]. А. Дудин дебиторлық қарыз – ұйымның контр- агенттер – дебиторлармен қаржы – шаруашылық қатынастарының нәтижесінде, олардың ұйымға тиесілі қарыздарының жиынтығынан тұрады [13]. Н.П. Кондраков дебиторлық қарыз деп белгілі ұйымға басқа ұйымдардың, жұмысшылар мен жеке тұлғалардың (сатып алушылардың са- тып алған өнімдері үшін, есеп беруге тиісті тұлғалардың олардың есбіне берілген ақша қаражаттары үшін қарыздары) қарыздары, яғни белгілі бір ұйымға қарыз заңды және жеке тұлғалар дебиторлар деп аталады [14]. В.Г. Гетьман дебиторлық қарыз заңды және жеке тұлғалармен есеп-айырысуға бағытталған ұйымның айналым активтерінің бөлігі болып табылады [15]. Т.М. Рогуленко дебиторлық қарыз – басқа ұйымдардың, жұмысшылардың және жеке тұлғалардың осы ұйымға қарыздары («бізге қарыздары»). Қарыз – ұйымдар мен қарыз – тұлғалар дебиторлар деп аталады [16]. А.М. Петров дебиторлық қарыз дегеніміз са- тып алушылар мен тапсырыс берушілердін алған өнімдері (істелінген жұмыстар, көрсетілген қызметтер) үшін ұйым алдындағы қарыздары бо- лып табылады [17]. А.А. Володинаның пікірі бойынша, дебиторлық қарыз – бұл сатудан түскен түсімнің алынбаған бөлігі, келісім шарттан пайда болатын міндеттемелердің жеке түрі, сонымен қатар зиян келтіру және басқа да негіздер салдарынан болған ұйымның айналым активтерінің түрлерінің бірі болып табылады. Ю.А. Бабаев пен А.М. Петров дебиторлық қарыз ұғымына келесідей анықтама береді: Дебиторлық қарыз кредитордың рөлін орында- ушы және борышкерлердің рөлін орындаушы басқа да заңды және жеке тұлғалармен, ұйым арасындағы келісім шарттардан пайда болады. Күшіне енген көрсетілген келісім негізінде борышкерлер кредитор-ұйымның пайдасына қандай да бір әрекет жасауға міндет алады. Мы- салы, мүліктерді беру, жұмыстарды орындау, ақша төлеу және т.б. [17]. Дебиторлық қарыз – бұл жабдықтаушылар мен мердігерлерден алынған несие, сатып алушы ұйым контрагенттерден тауарлар мен қызметтерді алған кезде кешіктірмей төлеуді талап етпейді. Дебиторлық қарыз ұғымының мәнін толық терең түсіну үшін бізге мыналарды білуіміз қажет: дебиторлық қарыздардың пайда болу негіздерінің тізбесін анықтау; ықтимал дебиторлардың тізбесін белгілеу. Шаруашылық жүргізуші субъект өзінің өндірістік-қаржылық қызметі барысында өзара қарым-қатынаста жұмыс істейтін контрагенттердің тізімін құрып, қадағалап отыруы ке- рек. Бұл дебиторлық қарыздардың пайда болу нәтижесін көрсетеді, яғни мұндай тәсіл көп жағдайда пікірсайысты тудырады [18]. Жалпы, дебиторлық қарыздардың пайда болуының көптеген негіздері бар. Оларды үш топқа бөліп көрсетуге болады: келісімшарт; заң; деликт (заң бұзушылық, құқық бұзушылық). Көрсетілген жағдайлардың әрқайсысы бойынша міндеттемелерді мойындау кезеңіне қатысты бухгалтерлік есепте арнайы ереже бар. Жалпы ереже бойынша, ұйыммен жасалған келісім шарттан шығатын міндеттеме бухгалтерлік есепте келісім шарттың екі жақтың бірімен орындалған кезінен бастап көрсетіледі. Бұл кезеңге дейінгі ұйымның келісім шарттары- нан шығатын әлі орындалмаған міндеттемелер бухгалтерлік есепте шартты сипатта болады, яғни есепте дебиторлық және кредиторлық қарыз ретінде қайта қарастырылмайды. Қатысушылардың құрылтайшылық келісім шарттарында көрсетілген салымдарын енгізу бой- ынша міндеттемелері бухгалтерлік есепте олар- мен қолдары қойылған құрылтайшылық келісім шарттары негізінде көрсетіледі. Міндеттемелер тікелей заң негізінде орындалады және орын- далу дәрежесіне тәуелсіз, олардың пайда болу кезеңінен бастап бухгалтерлік есепте көрсетіледі. Мұндай міндеттемелердің мысалы болып, мемлекеттің салық төлемдерін қайтаруы (зачет) бойынша ұйым алдындағы қарызы табылады [19]. Заңбұзушылықтан болған залалға жол бер- ген кінәлі тұлға табылып, оны қайтаруға келісім берген жағдайда ғана, деликт (заңбұзушылық) міндеттемелердің пайда болуының негізі болып табыла алады. Мұндай кезде, міндеттемелер сомасы залал мөлшерімен емес, қайтару мөлшерімен анықталады. Дебиторлық қарыздардың түсінігін анықтау мақсатында оларды белгілері бойынша мақсатты жіктеу керек: 1-суреттен көріп отырғанымыздай, дебиторлық қарыз шоттарды төлеу мерзіміне байланысты қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Ал, есеп-айырысу қатынастарына байланысты өзінің сипаты бойынша мерзімді және мерзімі өтіп кеткен болып бөлінеді. Қысқа мерзімді дебиторлық қарыз, жабу мерзімі 12 айдан аспайтын, яғни бір жылға дейінгі, ал ұзақ мерзімді дебиторлық қарыз, жабу мерзімі 12 айдан асатын, яғни бір жылдан жоғары. Дебиторлық қарыздарды қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді етіп бөлу қажеттілігі екі негізгі се- бептермен анықталады: мұндай жіктеу дебиторлық қарыздарды қаржыландыру көздерінің ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар үшін қаржыландыру көзі болып көбінесе қысқа мерзімді пассивтер та- былса, ал ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар үшін меншікті қаражаттар (жарғылық капи- тал, пайда) және ұзақ мерзімді пассивтер та- былады; дебиторлық қарыздардың мерзімі өскен сай- ын, оны қайтармау тәуекелдігі де өседі. Бұл оны жабуға қатысты қатаң саясатты жүргізуді талап етеді. Келісімшарт бойынша міндеттемелердің өз уақытында орындалуы тұрғысынан қарағанда дебиторлық қарыздарды былай бөлуге болады: мерзімді (мерзімі өтпеген); мерзімі өтіп кеткен; мерзімі кейінге қалдырылған. Мұндай жіктеу дебиторлық қарыздарды жабу мен қайтаруға бақылауды қамтамасыз ету, ұйымның төлем қабілеттілігі мен өтімділік деңгейіне талдау жасау үшін жүргізіледі. Мерзімі өтіп кеткен қарыз өз кезегінде та- лап етілетін және талап етілмейтін қарыздар болып екіге бөлінеді. Талап етілетін қарыз кезінде кредитор-ұйым қарыздың қайтарылуы бойынша барлық заңмен қарастырылған шара- ларды қолданады (талап ету туралы хаттарды жіберу, сотқа талап ету шағымын жіберу). Ал талап етілмейтін қарыз кезінде кредитор-ұйым қарыздардың қайтарылуы бойынша қажетті әрекеттер жасамайды. Бухгалтерлік есеп қағидаларына сәйкес дебиторлық қарыздарды бухгалтерлік баланста көрсету көзқарасынан алғанда олардың құрамынан келесідей топтарды бөліп көрсетуге болады: сатып алушылар мен тапсырыс берушілер, алынуға тиісті вексельдер, еншілес және тәуелді ұйымдардың қарыздары, қатысушылардың жарғылық қапиталға жарғылары бойынша қарыздары, берілген аванстар, өзге де дебиторлар. Экономикалық мазмұны бойынша дебиторлық қарыздарды осылай топтастыру дебиторлардың қарыздарын кредиторға қатысты олардың пай- да болу көздері, міндеттемелердің түрлері, қарыздардың сипаты бойынша жіктеуге мүмкіндік береді. Біздің көзқарасымыз бойынша, дебиторлық қарыздарды басқару саясатының ерекшелігі, бірінші кезекте, дебиторлық қарыздардың экономикалық мазмұнымен анықталады [20]. Қамтамасыз ету дәрежесі бойынша заңмен немесе келісім шартпен қарастырылған қарыздық міндеттемелерді төмендегідей бөлуге болады: банк сенімімен және басқа әдістермен кепілдендірілген және кепілдендірілмеген. Мұндай топта- стыру дебиторлық қарыздарды жаппау тәуекелдігі көзқарасы тұрғысынан оларға талдау жүргізу үшін қажет. Тәуекел деңгейін бағалаудың белгілері бо- лып өтімділік және берілген кепілдіктің құны, жауапкершілікті өз міндетіне алушының немесе кепілгердің қаржылық жағдайы табылады. Өндіріп алу мүмкіндігі бойынша дебиторлық қарыз үмітті, күмәнді және үмітсіз болып бөлінеді. Үмітті дебиторлық қарызға келісім шартпен белгіленген шектелген мерзімді, соны- мен қатар сеніммен, кепілдікпен немесе банктік кепілдікпен қаматамасыз етілген дебиторлық қарызды жатқызуға болады. Күмәнді қарыз дегеніміз мерзімінде өтелмеген және қамтамасыз етілмеген, бірақ соған қарамастан қарызды жабу мүмкіндігінің ықтималдығы сақталатын қарыз. Үмітсіз қарыз болып талаптың ескіріп, мерзімі өтіп кеткен, борышкердің форс-мажорлық жағдайларға тап болуы салдарынан, сонымен қатар дебитор-ұйымның таратылуына немесе оның күйреуге ұшырауына байланысты алынуы мүмкін емес қарыз саналады. Ұйым қызметінің қаржылық нәтижесіне дебиторлық қарыздардың әсерін қарастыру көзқарасы тұрғысынан алғанда, дебиторлық қарыздарды мүмкіндігінше өндіріп алу бойынша оларды жіктеу қажет. ұйымның шығыстары есептен шығарылған үмітсіз дебиторлық қарыздардың сомасына өседі; сатылған өнімдер, істелген жұмыстар және көрсетілген қызметтердің мерзімінде төленбеулеріне байланысты пайда болған қарыздар бойынша бухгалтерлік есепте күмәнді қарыздар бойынша резерв құрылуы мүмкін, әрине, мұндай жағдай оны есептен шығарғанға дейін мерзімі өтіп кеткен дебиторлық қарыздардың сомасына ұйымның пайдасын азайтады; салық есебінде салық төлеушілердің күмәнді қарыздар бойынша резерв құруға құқықтары бар, сонымен бірге бұл резерв пайдаға салынатын салық бойынша салық салу базасын азайтады; ұйымның табыстары дебиторлық қарыздардың сомасына есептелген пайыздардың сома- сына өседі. Яғни, ұйым қызметінің қаржылық нәтижесіне күмәнді қарыздар бойынша құрылған резервтер үлкен әсер етеді. Қорыта келе, дебиторлық қарыз ұғымын төмендегідей анықтадық, яғни дебиторлық қарыз дегеніміз: заңды және жеке тұлғалардың, сондай-ақ басқа да контрагенттердің шаруашылық жүргізуші субъекті алдындағы міндеттемелері; ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №6 (106). 2014 144 Шаруашылық жүргізуші субъектідегі дебиторлық қарыз түсінігін зерттеу ұйым активтерінің бөлігі; шаруашылық жүргізуші субъектінің айна- лымынан алынып тасталған және контрагент- ке несие есебінде берілген қаражат ретінде қарастырылады; есеп-айырысу шоттарында бухгалтерлік есеп тіркелімдерінде көрсетіледі; келісімшарт, заң немесе деликт негіздерінде пайда болады; ұйымның қызметінің нәтижесіне, оның қаржылық жағдайына әсер етеді; әртүрлі әдістермен бағалануы мүмкін және қарыздың мөлшері бағалаудың әдісіне байланысты болады.
Оставить комментарий