Шекараларды сапасы мен тұрпаты бойынша бағалау

Шекараларға талдап әзірлену дәлдігі (сапа) және сол тақылеттес көріністерін ескере отырып, туыс қатарларға (тұрпаттарға) қойылу қабілеті бойынша кез-келген баға берудің негізіне біз сандық және генетикалық алдын ала жұмысты алуға тиіспіз. Шекараның ұзындығы мен құрылымы, ол бастан өткеретін қысым және оны құрудағы еркіндік механикалық түрде орнатылуы, оның қалыптасуы барысында біз бағалы ойларымызды айтуға тәуекел еткенше объективті түрде анықталуы мүмкін, ал сапа мен тұрпаттарға баға берудің жетіле түскендігін қаперге ала отырып, біз мұны істеуіміз керек. Біз бұған дейін атап өткеніміздей, Вагнер мен Зигер механикалық негіздерді белгіледі… Мауль мен Дикс оларды одан әрі кеңейтті. Карталарды жай қарап шыққанның өзінде біздің көзімізге белгілі ақиқаттар бадырайып көрінді, оларға, тегінде, саяси есеп жетіспейтін. Мәселен, жапонның материктен жырақ жатқан, өте-мөте кескіленген Тынық мұхиттық жағалау шекарасы мен қашық, біркелкі жапон теңіз шекарасы (бұл екі шекараның ара қатынасы 4:1), айталық, Париж маңайында жасалған шарттардың нәтижесінде күшейген Германияға, немесе соғыстың алдында шекараларды авантюристік құру салдарынан Цислейтанияға2 жасаған ретсіз қысыммен салыстыруға лайық. Одақтың бір қатысушысы (яғни Цислейтания) бастан өткеріп отырған шекаралық қысым әдетте Германияда байқала бермейтінінің себебі мынаның салдары болатын: Габсбург монархиясы әрқашан тұтас бір дүние ретінде қарастырылып, оның екі бөліктен тұратыны, және кезі келгенде бірі екіншісін титықтатып барып қосып алатыны қаперге алынбайтын. Францияда бұл қатынастар қарсы тұруға саяси ырық пен өміршеңдікке баға бергенде неғұрлым мұқият ескерілетін. Демек, шекараға ашықтан-ашық қысым — егер мұны халық түсінбесе — тәрбиеші ретінде жеткіліксіз: басқаша болса Германия мен Австриядағы өсе түскен шекара қаупі жөнінде күдіктің мұндай болмауын табиғаттың өзі қорғап тұрған Жапониядағы нәзік шекара сезіміне қарсы қоюға болмас еді. Мысалы байырғы Бавария жерінде бүгінде оның шығыс шекаралары туралы келісім нәтижесінде оның Хоф — Нейштадт — Регенсбург — Дунай арнасы (ағыс бойынша жоғары қарай) -Донауэшинген — Шварцвальдтағы Нейштадт сызығынан шығыс пен оңтүстікке қарай орналасқан негізгі ланд — шафттарының еш шекаралық қорғанысы жоқ екендігін (бір кездергі Краков пен Перемышльдің (Пшемысль) ар жағындағы «гласис» қызметін атқарған Галиция секілді) әлі айқын түсіне қоймаса, Жапонияда шекаралық инстинкттің ертеде пайда болғандығының үлгілері бар, бұл 12-император тұсындағы бір аңызда ұлттық қасиетті дүниені — Күн храмын — Бардан Исэге ауыстырған кезеңнен бастау алады, яғни, ежелгі заманда — ақ қорғаныс құрылымдарына бейімділіктің пайда болғанын дәлелдейді. Демек, алдын ала жүргізілетін сандық жұмыс баға жетпейтін құндылықтарды (Imponderabilien) әрдайым қаперде ұстауға тиіс, онсыз пікір түю мүмкін емес. Аталмыш жағдайда географияның ең қиын есептерінің бірі бадырайып көрінеді, және бұл жағын, меніңше, математикалық есептерге тым көп ден қоятын Вагнер жеткілікті бағаламаған. «Бөлінбейтін қалдық қалады», — дейтін Челлен әділін айтады. Бірақ біз бұл жарақатты қозғауға тиіспіз, өйткені бұл арада біздің ұлт ретіндегі күшқуатымыздың қалыптасуы, аса шарықтаған замандарды да қоса алғанда, бүкіл тарихымыздың он бойында жазмыш секілді созылып келе жатқан немістің ұлттық адасуы айдын анық көрінеді. Тек көптеген мысалдардың арасынан Жапония тарихынан алына салынған осынау шекаралық инстинкт мысалымен қатар контраст ретінде V Карлдың: «Егер бір мезгілде түріктер Венаның, ал француздар Страсбургтың алдында тұрса, мен ойланбастан Страсбургке көмекке асығар едім» (бұл арада неміс жерінен қатерді алыстатқысы келіп, әлемдік ауқымда ойлаған императормен келіспеуге болмайды) деген пікірін келтіру қажет, бірақ есесіне «Мец пен Магд императордың биге шақыруын қабылдамады…» деген ойнақы, ақымақ әуенін де ұмытпау керек. Мец маңындағы сәтсіздік герман батыс шекарасының күйреуінің бейне бір бастапқы пункті болмағандай! Ғасырлар өткеннен соң да, мысалы, соғыстың аз ғана алдында Цаберн хақындағы мәселені үстірт қараған герман рейхстагының тәртібі және басқа көптеген нәрселер одан жақсы бола қойған жоқ. Неміс тарихы5 инстинктті нақ осы тақылеттес жоғалтуға толы. Бірде Ф. Эндрес римдік жазушылар шығармаларына сүйеніп, ертедегі тарихтан осының пайдасына дәлелдер келтіруден қаймыққан жоқ. Жапонияның тарихи даму процесінде қысылып-қымтырылмай-ақ инстинкттік қарекеттерден өз шекараларында өмірлік пошымдарды қорғауға қалай көшкенін салыстыру таң қалдырады, өйткені астананы 794 жылы Нарадан Киотоға (Хэйян) ауыстыру, 1874-1909 ж.ж. Кореядағы қарекеттер, Бонин, Рюкю (Нансей), Формоза (Тайвань) аралдарын басып алу және көптеген басқалар сондай қарекеттерге жатады. Біздің Екінші империямен бір мезгілде гүлденгеніне қарамастан, сол уақытқа дейін сондай қатерлерді бастан өткерген жапон әлемдік державасы енді жер кеңістігіндегі табиғи, жақсы қорғалған сыртқы бекіністерінің арқасында, ұлттық қасиетті орындарына нұқсан келтірместен, солардың бәріне билік жүргізіп отыр. Ал біз қалай сейілдедік? Страсбургтағы кафедралдық собор, Арадағы Сен-Трофим шіркеуінің империялық бүркіті, Данцигтегі (Гданьск) құдай анасы Марияның костелі, Познаньдағы император сарайы, Тирольдағы замок, Фогельвайдхоф, Прагадағы әулие Витт (готикалық) соборы, бір замандардағы империялық дәреже белгілері сақталған Карлштейн, Мархфельд және Прессбург (Братислава), Кронштадт, Ауэрсперг, Рункельштейн, Либенберг, Герхардс- Мер, Хохкенигсбург, Мюрбах… сондай-ақ Кайзерсбергтегі ғибадатхананың Гейлері… Марбург және көне герман қоңыраулары бар,халық билігіне шаттанған Гент — міне, мұның бәрі анық жоғалған шекаралық белгілер әрі бір жағынан халқымыздың тарихының қасиетті тәбәріктері! Демек, асқақ мұраттарды көксеген біз сандық даярлық жұмысын және даму барысының салыстырмалы зерттеуін жүргізсек қана, сонда ғана мәдени — географиялық, саяси және экономикалық — географиялық перифериялық функциялар бойынша сапалы типтендірудің жеткілікті негіздерін белгілей аламыз, және, әрине, сол арқылы жасампаздық үшін құнды іргетас қалаймыз. И. Зёльх, әсіресе ғылыми географияда табиғи шекараларды мұқият қарастыруымен белгілі, С. Б. Фосетт өзінің «Frontiers» кітабында frontier (шекара) мен (шеп) қатаң ажыратуымен, «frontier» ұғымының қызметін талдауымен және олардың эволюциясына өзінің көзқарасымен, меніңше, неғұрлым саналы да дәйекті түрдe Ратцель мен Зигерден ілгерлеп кетті. Мұндай тұрпаттауды, топтар мен қатарларға бөлуді төмендегідей саяси-географиялық көзқарастарға сәйкес жүзеге асыруға болар еді, ал олар, әрине, жүйелендіру хақындағы толып жатқан ықтимал ұсыныстардың тек біреуін ғана көрсетеді. Бірінші топты (I) айқын ілгері тұрған, әскери — географиялық тұрғыдан тірек органына айналған (Greiforgan) шабуылдау шекараларынан түзуге болар еді. Шекарадағы тірек пункттері (Wachstumsspitzen), коммуникациялар көмейі (Verkehrskopfe), Ратцель өзінің «Gesetzen des raumlien Wachstums der Staaten» («Мемлекеттердің кеңістіктегі ұлғаю заңдылықтары») кітабында оларды ғаламат суреттегендей, сондай шекараның көп нәрсені қамтитын тірлігіне Оңтүстік Қытайға қатысты Гонконг (Сянган) пен Коулун (зюлун), Шығыс Иранға қатысты Пешавар мен Кветта сондай; Мексика Рио-Гранде бойымен шекараны, ал қазіргі Германия — Страсбургты солай сезінеді. Бірінші топқа жоғары дәрежеде ұйымдастырылған, коммуникациялары мол, әрқашан ойдағыдай жылжытылатын, қамтылып отыратын шекара (II) жақын. Әскери — географиялық тұрғыдан оны сақадай сай шекара деп атауға болар еді. [Германияның] батыстағы мемлекеттік шекарасын, 1914 жылдың қарсаңында таза стратегиялық есеппен француздардың ақшасына салынған, темір жол жүйесі бар орыс шекарасын нақ сондай шекара, атап айтқанда, «Шарм араны» (trouee de Charmes) және поляк темір жол жүйесі сияқты әскери — географиялық тұзақ ретінде ойластырылған китұрқылары бар шекара деп қаншалықты кеңінен қарастыруға болар еді? Герман штабы әлі орыстардың ел ішіне қарай шегінуі және бүкіл осынау шекаралық ұйымды тағдырдың тәлкегіне қалдыруы мүмкіндігі бар деп санаған кезде, неміс әскерінің сол қанаты Лотарингиядағы шайқастан кейін Эпиналь мен Шарм арасына төтесінен тартқан кезде олар солай елестетіліп пе еді ? Ортаңғы, үшінші басқыш (III) — тепе-теңдік шекарасы, ол инстинкт тұрғысынан дұрыс немесе түсінілген өмірлік пошымдарды екі жақтан да бір мезгілде әрі бөліп тұратын, әрі біріктіретін кезде орын алады және тек өзара түсіністік болғанда ғана жасалатын ең берік шекаралық пошымдардың бірі. Кей-кейде оның екі жақты қауіпсіздігі — кондоминиум ахуалының арқасындағы беріктік нышаны, көп уақыт бойы Люксембург пен Мореснет үшін, әсіресе Люксембург голландықтардың қолында болған кезде, солай көрінген болатын, егер қарсы жақ оның артықшылығын сезінгенде, Эльзастағы, Оңтүстік Тирольдегі шекаралық ландшафттарға берілген кеңінен ойластырылған автономия шамамен сондай бола алар еді. Төртінші тұрпат — қорғаныс ахуалындағы бекітілген шекара (Schutz-grenze). Онда көбінекөп екі жағынан да ірі құралдармен нығайтылған күшті қорғаныстық құрылыстар бар, дұшпандық пиғылдағы өтпелі коммуникациялар мен қорғаныс аймақтарын көтермелеуге бейілділік болады. Кәнігі көз әскери-техникалық жағынан жоғары дамыған қорғаныстық шекараны сақадай сай шекарадан оп-оңай айыра алады. Бірінші жағдайда негіз қызыметін ұзақ мерзімге есептеліп, мықтап салынған бекіністер атқарады: қамалдар шеру жасамайды ғой! Мәселен, нақ Жоғарғы Рейн бекінісі немістердің дәл осы жерде шабуыл жасауды қаламайтынының нышаны. Демек, бұл бекініс Базельді қоздырудан гөрі, тыныштандыра алатын. Алға сұғына орнатылған рампалар, коммуникацияны дайындау, салынған темір жолдар (Пешавардағы, Мервтегі, Кветтадағы секілді) және бөтеннің ірі өзендеріне көпір салу үшін жеткізіп қойылған құралдар — шекарадан аттап өту пиғылының нышандары! Англияның Зебрюггеде (Бельгия) және Эсбьергте (Дания) пирстер құрылысын бастауы, десант түсіру үшін дайындап қойылған мүмкіндіктер, кәпір алдындағы бекіністер, көршілерде германдық Рейндегі секілді, қамалдарды зорлап бұздыру – әңгіменің тек қорғаныс пен қауіпсіздік туралы болып отырмағандығының мен мұндалап тұрған нышандары. Ақыр соңында, бесінші тұрпат (V) — қарусыздандырылған тағдыр тәлкегіне қалдырылған, кіріп алу, қопарылыс жасау, бой көрсету, бөтеннің тірек пункттері мен қатынас халықтарына басып кіру үшін ашық жатқан ыдырау үстіндегі шекара (Zersetzungsgrenze). Халқының ахуалы әрі-сәрі аралық өңірлер, шағын кеңістіктерге бөлшектелу (іріткі түсу) оны бірден танылатын етеді. Өз тарапынан ондай шекара қатынас орталықтары мен тірек пункттерінің арқасында нақ неғұрлым күшті, өсіп келе жатқан өмірлік пошымдар мен оның тұрғындарының рухани ахуалына ықпал етy нәтижесінде іріп-шіритін болады. Коммуникациялар жүйесінің тасымал қарқыны (темір жолдардағы қозғалыс қарқыны) бірдей болғанда қатынас құралдарының шабуылдың және қорғаныстық сипаты оңай таратылады. Үшінші тұрпаттың бір кіші түрі ретінде, тепе-теңдік шекарасының бір түрі ретінде қарастырған жон болатын тағы бip тұрпат — тыныш, анэйкумендікке жақын шекара. Шекаралар шикізат ресурстары бар және ел қоныстанған аймақтарды бір мезгілде неғұрлым көбірек көмкерсе, олар неғұрлым сенімді де қауіпсіз; басқаша айтқанда, шекаралық қарым-қатынас үшін ыңғайлы тыныш, инертті шекара ( hyigheitsgrenze) шекараның мүлде қызықтырмайтын, тұйық түрі сияқты ұзақ уақыт өзгеріссіз қала алады. Қарама-қарсы тарапта, әрине, қаттырақ қауіптену орын алады, онда жер бетінде немесе оның астында не бар екендігін білуге бой алдырады; жер бетіне шыққан қыртыс (тұз, калий, тас көмір, темір рудасы) нышандары өз ықпалын жасайды. Шекарадағы авантюристік қимылдар нақты пайда бола алады: кен қабаттарын байланыстырып жатқан өткелдер (Берхстесгаден — Халлейн), штольнялар Мюльхаузеннен солтүстікке қарай жатқан Жоғарғы Эльзастағы калий кендерінің арасындағы секілді әскери-техникалық тұрғыдан бөлініп тасталуы керек; және бұл арада, әлбетте, шама шегіне кімнің болсын қолы жетеді (Мюльхаузен мен Баден арасындағы калий тұздарының кені, Брие бассейні, Жоғарғы Силезияның тас көмірі, Амурдағы алтын кеніші). Осындай әзәзілдік қатынасқа Қытай мен Үндістан арасындағы ірі өзендердің меридиандық арналарының бөлгіштік қабілеті бүгінде ештеңені бөлмейтін ауған шекаралық тау өңірлерімен салыстырғанда қаншалықты күшті қарсы тұр десеңізші. Шекара орнатуда геология, ландшафт морфологиясы, климат, биогеография ықпалдасқан жерде, бізде ең жақсы шекаралар болады; бірақ бәрінен жақсы шекаралар адам бармайтын жерде — анэйкуменада!

Читайте также:  Ортағасыр мен ренессанстың халықтық мәдениеті

Оставить комментарий