ШЕТ ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕГІ АУДАРМАНЫҢ РӨЛІ

Тіл – қатынас құралы болғандықтан, мем- лекеттер арасындағы қарым-қатынастың маңыз- ды орынға ие болуы мен күшеюі нәтижесінде, шет тілін үйрету және аударма өнері (мәселесі) де айрықша көңіл бөлерлік мәселеге айналды. Сол себептен бүгінгі күні дүниеде шет тілін үйрету жолдары мен тәсілдері жайлы әр түрлі пікірлер айтылуда және шет тілін үйретуде де әр қилы әдістер қолданылуда. Бұл әдістердің ішін- де аударма, мәтін аударма және осы әдістер арқылы сөздік қорды байыту да жиі қолданы- латын негізгі тәсілдердің бірі болып табылады. Сонымен қатар аталмыш әдістер өте ерте заман- дардан бері шет тілін үйрену үдерісінде көп қолданылып келген басты әдістердің бірегейі болып саналады. Адамзат қоғамы ғасырлар бойы аударма ісі- мен айналысқан. Аударма дегеніміз – қандай да бір мәтінді бір тілден екінші бір тілге аудару кезінде, баламaлық тұрғыдан сапасын түсірмей, стилистикалық нормаларға сай, сөздік байлы- ғын сақтай отырып жеткізу екендігі баршаға мәлім. Ал аудармашы болса, бір елдің мәдение- тін, салт-дәстүрін, ой өрісін, өмірге, өнерге деген қөзқарасын т.б. ерекшеліктерін басқа бір елге танытушы, тасымалдаушы, түсіндіруші міндетін атқарушы маңызды тұлға болып табы- лады. Аудармашы – мәдениеттер мен мемле- кеттер арасындағы дәнекерші тұлға және өнер адамы. Аудармашы дайындау, не болмаса шет тілін үйрету үдерісінде аударма тәсілін қолдану- дың көптеген себептері бар. Бір тілді үйрену барысында ол тілді ауызша да, жазбаша да жақсы білу басты мақсат болып табылады. Аударма әдісінің негізінде шет тіл білімін екі жақты жетілдіру оңайға түседі. Бұл үшін үйреніп жатқан тіл туралы, ол тілдің грамматикасы жайында және сол тілде сөйлей- тін елдің мәдениеті, экономикасы, саясаты, жалпы көзқарасы жайлы да белгілі мәліметтерге ие болу қажет. Аударма әдісімен шет тілін үйрету кезінде, аударылатын мәтінде эквива- ленттік сәйкестік маңызды ма, әлде сөйлемнің құрылымы мен мағынасын дұрыс түсіну маңыз- ды ма? деген сұрақ туындар болса, дәріс үстін- дегі аударма кезінде, әлбетте, сөйлемнің құры- лымы мен мағынасын дұрыс ұғыну басты мақ- сат болып табылады. Коммуникативтік аударма- да болса, басты мақсат баламалылық, яғни шет тіліндегі мәтінді ана тілге аударып, оқырманға жеткізу. Шет тілді үйрету барысында ол тілдегі сөз- дерді, терминдерді дұрыс қолдана отырып сөй- лем құрау, ойын қиналмай жеткізе білу, шығар- ма жаза білу сияқты міндеттерге көңіл бөлінеді. Бұлардың бәріне шет тілінің тек қана граммати- касын үйрету арқылы жетудің мүмкін еместігі белгілі. Міне, осы кезде аударма мен мәтін ауда- рудың рөлінің маңыздылығына көз жеткізуге болады. Шет тілін үйренуші мәтінді аудару кезінде ол тілдің құрылымын, ерекшеліктерін, сөз бай- лығының мөлшерін көріп, танысу мүмкіндігіне ие болады. Себебі бұл шет тіліндегі мәтінді өз ана тіліне аудара отырып тексереді және түсі- неді. Уақыт өте келе, оқу барысында тікелей түсіну дағдысын, яғни автоматты түрде сөйлесу әдетін қалыптастырады. Мәтін аудару кезінде шет тілін үйренуші түрлі тақырыптарды қамтитын мәтіндермен жұ- мыс істейді. Бұл мәтіндерден шет тілінің мақал- мәтелдерімен, фразеологизмдерімен, сөз тіркес- терімен, сөйлеу мәдениетімен таныс болады. Ал бұлар болса, шет тілін нақты түсіну және жеткізе білу үшін маңызды элементтер болып табылады. Вестник КазНУ. Серия востоковедения. №2(55). 2011 89 Аударма – түсіну, ұғыну және түсінгенін қайтадан өз тілінің заңдылығына сай мағыналы түрде жеткізу болып табылады. Ал бұл үшін аудармашы өз ана тілін де жете білуге тиіс. Ана тілін жетік білмеген кісі шет тіліні де жеткілікті ұғынып, аударма ісін жүзеге асыра алмайтын- дығы шындық. Аударма ісіне ана тілі мен шет тілі арасындағы ұқсастықтар мен өзгешеліктерді айқындайтын бір құрал деп қарайтын болсақ, шет тілін үйренуде аударманың қаншалықты маңызды екеніне көз жеткізуге болады. Аудар- ма кезінде тіл үйренуші өз кемшіліктерін аңға- рып, бұл кемшіліктерді сол сәтте жоюға тыры- сады. Аударма ісі ауызша болатын болса, сыныптағы қарым-қатынас күшейеді. Нәтижеде тіл үйренушілердің білім дәрежелері жоғарылай отырып, мысалдар арқылы тіл туралы ұғымы және сөз байлығы арта түседі. Аударманың нәтижесінде шет тілінің ерекшеліктерін түсіну оңайға түседі. Мәтін аудару кезінде тіл үйрену- шілер, әсіресе ана тілінен шет тіліне аударуда қиыншылықтармен бетпе-бет келеді. Ал шет тілінен аудару кезінде, ана тілін білудің нәтиже- сінде оңай аудара алады. Бұл мәселенің ең басты кемшілігі шет тілде сөз байлығының жет- кіліксіздігі болып табылады. Аудару кезеңінде құрылысы жағынан бір- біріне ұқсас сөздер мен сөз тіркестері де кезде- сетіндіктен, үйренуші бұл ұқсастықтарды айыра біліп, мағынасын да тереңнен түсінуге мүмкін- дік таба алады. Шет тілін аудару әдісі арқылы үйренген тұлға грамматикалық, синтаксистік, семантика- лық тұрғыдан да білімін жетілдіре алады. Себебі, түсінбеген жақтарын сол сәтте түзету және ұғыну мүмкіндігіне ие болады. Мысалдар арқылы болғандықтан да үйренген білімдері ұмытылып кетпейді. Екі тілдің тілдік құрылы- сына салыстырмалы түрде қарап көз жеткізе алады. Ана тілінің қолданыстағы түрімен бетпе- бет келе отырып, өз тілінің ерекшеліктерін де терең үйренеді. Шет тілін үйренудегі аударма грамматикалық дерексіз ұғымдардың да үйрені- луін жеңілдетеді. Аударма мәтіндерін таңдауда да талғампаз- дық көрсету керек. «Қарым-қатынас үшін керек- ті, күнделікті қолданыста қолданылатын әр түрлі мысалдармен шет тілінің ерекшеліктермен таныстыратын мәтіндер таңдау қажет. Семанти- калық жағынан түрлі мағынағадағы сөз байлы- ғына ие мәтіндер арқылы шет тілін үйренуші кейбір сөздердің тура мағынасымен қатар, ауыс- палы мағыналарын да үйрене алады» /1, 59/. Кейбір сөздерді тура мағынасымен аудара оты- рып түсініспеушіліктермен бетпе-бет келетін оқушы, шет тілдегі ұғымның ана тіліндегі бала- масын да табуды үйренеді. Аударма үшін жұмыс істелінетін мәтіндерді іріктеу кезінде төмендегідей мәселелерге көңіл бөлу қажет: А) Объективті мәліметтер жайлы сөз болған, сөздері оңай ұғынылатын, түсінікті және қысқа мәтіндер. – Академиялық мақсаттағы мәтіндер; – Ғылыми технологиялық тілмен жазылған мәтіндер; Ә) Қысқа, нақты тіл бірліктері арқылы көп мағлұмат түсіндіруді мақсат еткен және әсерлі тіл қолданылған мәтіндер (жарнама мәтіндері). Б) Аударылатын мәтін түріндегі ерекшелік- тердің ана тіліндегі баламаларының табылуы және сол тілдегі қарым-қатынастың эквивалент- тілігін қамтамасыз етуді керек ететін пішінді, қарапайым мәтіндер (жұмыс, жалдау, сатып алу және сату келісім шарттары). В) Тілді ерекше қолдану мақсатында жазыл- ған, көпшілікке арналған, жолдауларға ие, өзіне тән шығармашылық қасиеті бар және аударыла- тын тілге жазушының да стилін жеткізуін талап ететін мәтіндер (көркем шығармалар). Жоғарыда айтылғандай мәтіндермен жұмыс істеген жағдайда, оқушы шет тілде қарым-қаты- нас үшін керекті көптеген мағлұматтарға ие бо- лып, шет тілін үйренуде жетістікке жетуі оңай болады. «Шет тілін білетін тұлға күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі жағдайларда, үйренген тілін- де еркін сөйлесіп, қарым-қатынас құра білуі керек» /2, 157/. Тілді меңгерудің негізгі төрт тәсілі бар: — оқығанын түсіну — тыңдағанын түсіну — сөйлесе алу — жаза білу. Аударма кезінде бұл тәсілдер негізінде оқы- ғанын түсіну және жазу қабілеті дамиды. Соны- мен қатар егер оқытушы мәтінді өзі дауыстап немесе технологиялық құралдар арқылы тыңда- ту мүмкіндігіне ие болса, оқушылардың тыңдап түсіну қабілеттерінің өрістеуіне де себепші бола алады. Түріктің ғалымы Демирел Өзжан бұл мәселе тұрғысынан төмендегідей тұжырым ай- тады: «оқушы тыңдау арқылы мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің сөйлеу мәнерімен де таны- са отырып, дұрыс және мәнерлі сөйлесу қабіле- тін дамыта түседі. Аудара отырып тілдің күнде- лікті қолданыстағы түрімен таныса алады. Аударма ауызша болған жағдайда шет тілде сөйлей алу қабілеті де дамиды. Аударма жасау арқылы оқушы сөздікті дұрыс қолдануды үйренеді» /3, 113/. Қорытындыда айта кететін жағдай, аударма әдісінің арқасында шет тілін үйренуші салыс- тыру әдісі арқылы екі тілдің ерекшеліктерімен, 90 ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2(55). 2011 грамматикасымен, құрылымымен, семантикасы- мен таныса отырып, шет тілін және аудару тәсілдерін жете меңгере алады. Сондықтан шет тілін үйренуде аударма пайдалы және қарым-қатынасқа негізделген лингвистикалық тәсіл болып табылады.

Читайте также:  Ғұн дәуірі (б.з.д. III ғ. б.з. V ғ.)

Оставить комментарий