ШІЛДЕХАНАДА, ТҰСАУ КЕСЕРДЕ АЙТЫЛАТЫН БАТА

Жас ұрпақ өмірлі болсын, Тұрмысы көңілді болсын. Ата­анаға мейірлі болсын, Ағайын­туысқа мейірлі болсын, Өнеге, білімге зейілді болсын. Тұла бойы тұнған өнер болсын, Он саусағы майысқан шебер болсын. Ел қорғайтын батыр болсын, Шындықты айтар ақын болсын, Халқым деген жүрегі болсын, Жұртының қамқор тіргегі болсын. Абыройы өрлесін, Ел алдында ерлесін. Бейнет істеп терлесін, Жаманшылық көрмесін.

Читайте также:  ЕУРАЗИЯ ҚҰРЛЫҒЫНДАҒЫ ТҮРКІЛЕРДІҢ ТІЛ МӘСЕЛЕСІ

Оставить комментарий